Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2013 в 21:33, курсовая работа
Қазіргі таңда дүние жүзінде жүріп жатқан заманына өзгерістерінен келер ғасырдың өмір сипаттарын аңғармау тіптіде мүмкін емес. Өйткені жер бетіндгі сан – алуан халықтардың өз ара ой олғаныстары мен қол созған үміттері осыны байқатады. Адамзат қоғамы ізінен қай кездегісінен әлде қайда есейгендігін ерекше аңғартып отыр. Осынау таңғажайып тамаша өзгерістердің қозғаушы күшіне айналып отырған Отанымыздың келбеті бүкіл жер шарындағы күллі халықтардың алдына мерейі өсіп адамзат қауымының жаңаша ойлау жүйесінің қалыптастыруда елеулі үлес қосуда. Осының бірден – бір айғағындай бүкіл елімізді сан алуан халықтарды да өзінің өткен тарихы мен ұлттық мәдениеттерін шындық таразысынан өткізіп қана қоймай шын мәніндегі ұлтаралық теңдік әр республиканың егеменді дербестіктерін жаңа қалыптастыруға бет бұрып отыр.
Кіріспе......................................................................................................3
1 Бейнелеу өнерінің саласы кескіндеме өнері туралы
1.1 Кескіндеме өнерінің шығу және даму тарихы, түрлері.............6
1.2 Кескіндеме өнерінен жазылған табиғат көріністері..................13
1.3 Майлы бояумен жұмыстар орындау, құрал-саймандар,
материалдар және жазу технологиясы........................................17
1.4 Кескіндмедегі түстер, колориттер және жұмыстың
орындалу барысы.........................................................................22
2 Мектептегі бейнелеу өнері оқыту әдістемесі
2.1 Бейнелеу өнерін мектепте оқятудың маңызы мен міндеті......30
2.2 Тақырыптық сурет салу сабақтарын жүргізу әдістемесі.........32
2.3 Сабақтан тыс кескіндемеден үйірме жұмыстарын
ұйымдастыру және сабақ жоспарын құру .............................34
2.4 Бейнелеу өнері сабағында затқа қарап сурет
салудың маңызы мен орны..........................................................36
Қорытынды..........................................................................................41
Пайдаланылған әдебиеттер..............................................................42
Қашықтаған кезде заттардың түсі де өзгереді, өйткені олардың шағылысқан түстік сәулелер ауа ортасы арқылы түрліше енеді, ол салқын түстер – көгілдір, көк-күшті шашырауға ұшырайды (атап айтқанда, аспанның көгілдір түсінде осымен түсіндіруге болады).
Ұзақ бақылаулар тәжірибесі алыста тұрған қара қошқыл түсті заттар көгілдір сияқты болып көрінетінін, өйткені жарықты өте аз шағылыстыратынын, сондықтан да олардың бояуы көп дәржеде атмосфераға әрдайым шашырап кететін өңі салқын анықталатынын көрсетіп берді. Алайда ақшыл заттар – көп жарық шағылыстыратын таудың қар жамылған шаңы немесе бұлт, керісінше, бізге жылы қызғылт сияқты болып көрінеді. Өйткені олардан шағылысқан сәулелер жолай бізге жеткенше өзінің неғұрлым тез тарайтын салқын түстерін сақтап қалатын. Атмосфераға шашырай тараған салқын сәулелер бұл жағдайда өзінің салыстырмалы әлсіздігінен көп нәрсе жасай алмайды.
Ауа ортасының
әсерінен түстерді қабылдау салыстырмалы
түрде алғанда шағын
Бұл жалпы
заңдылықтар, бірақ табиғат бізге
былайша айтқанда, осы заңдылықтар,
өте таза, мүлдем айшықты сақталған
картиналардан әрдайым ұсына
бермейді. Кейде жалпы жұмсақ салынған
картинаның ішінде бейне бір күн
сәулесінің қармауына түскендей
нақ осы алыс планда күшті жарық
түскен, ал алдынғы план бейне бір
төніп келген бұлт көленкесінде қалғандай
жұмсақ күнгірт болған жайыттар ұшыраса
береді. Мұндай мотив қаншалықты қиын
болғанымен, егер оған бажайлап қарайтын
болсақ, олда айтылған заңдылықтарға
бағынған болып шығады. Нақ осындай
«құйрыртқы» мотивті И.Левитан
«Кешкі ырғақ» атты картинасында ғажайып
шеберлікпен бейнелеп берген еді. Алыс
пландардағы монастырь мен
Ауа перспективасы суретшіге полотно жазықтығында алысқа сүңгіп бара жатқан көз жетпес қиырды, ауаға толды орасан зор кеңістікті беруге мүмкіндік жасайды. Осынау бір «ауаны» беру – пейзажистің басты міндеттерінің бірі. Әйгілі орыс суретшісі А.Саврасов: «Ауасыз пейзаж жоқ, қанша қайынды немесе шыршаны отырғызсаң да, не ойлап тапсаң да, егер ауаны бере алмасаң – демек, пейзаж дегенің құр далбаса» деген болатын.
Таңданарлық сияқты болғанымен айта кетелік, өзіне қарап тұрып пейзаждың суретін салу жаңа бастаған суретші үшін – натюрморттың, тіпті адамның суретін салуға қарағанда неғұрлым қиын міндет. Бірінші ерекшелік күн мезгілі мен ауа райына байланысты өзгеріп отыратын күшті табиғи жарық. Тіпті бір мезгілдің өзінде белгілі бір заттың суретші оған қай жағынан – солтүстіктен, оңтүстіктен, шығыстан немесе батыстан қарағанына байланысты біз тіпті басқаша қабылдаймыз. Сондықтан суреттемелерді күн мезгілін және суретші назарының бағытын (солтүстік, оңтүстік және т.б.) жазып қоюға әдеттенген жақсы болады.
Мұндай жазбалар жарықтың өзіне тән ерекшеліктерін тез игеруге жәрдемдеседі.
Кез келген
пейзажды басты элементтері жер,
аспан, су, ағаштар болып табылады.
Пейзажды жақсы сала білу үшін ең алдымен
осы элементтерді, әсіресе ағаштарды
сала білуге үйрену керек. Әйтпесе пейзаждың
суреті оңсыз деклорациясының
Пейзажда көз ұшына кетіп жатқан кеңестік сезілуге тиіс, ал әрбір зат, әрбір ағаш өзіне тән белгілерін көрінуге тиіс. Бейне бір ағаштың жеке-дара портретін – діңгегін, бұтақтарын ағаштардың ұшар басының, жапырақтардың және жапырақ топтарының сипатын беру керек.
Ағаш
бұтақтар мен жапырақтардың кездейсоқ
үйінділері емес, осы элементтердің
өте сымбатты жүйесі. Егер суретші
мұны сезінбесе, онда суретті аяқтай
отырып, ол бейнеленген ағаштың белгілі
бір бөлігі үшін модел қызметін атқарған
бұтақтарды және жапырақ топтарының
қайда тұрғанын білмейтін болады.
Жақсы суреттерде басты бұтақтармен
жапырақ топтарының мөлшері мен
өзара орналасуы дәл берілуі
тиіс. Мұның үстіне суретші силуэтті
ғана емес сонымен ғана ағаштың көлемін
де беруге ұмтылады. Әрине ағаштың
суретін дәл салу туралы айтқанда,
біз әрбір жапырақшаны
Жердің суретін салған кезде оны көрермен горизонтал және көрерменнен қиырға кетіп бара жатқан жазықтық ретінде қабылдауын қадағалау керек. Оған жазықтықтың картина төріне қарай кетуін бастап көрсететін көлденең бөлшектер жәрдемдеседі. Пейзажды игеруге «микропейзаждардың», яғни кіші табиғи формалардың – тастардың, жер қыртыстары бөліктерінің, бұтақтардың суретін салуға көмектеседі. Бірінші пландағы мұндай бөлшектер пейзажға жан бітіреді.
Шалғайдағы тауларда өзіне тән сыртқы тұрпаты бар жайдақ емес. Суретші олардың, формаларын, жарықпен бөлінетін классикасын ажырата алуға тиіс.
Пейзажда
судың үлкен маңызы бар. Айнадай
жылтыр судағы шағылыстарды құру жөнінде
«перспектива» тарауында
Толқынның формасы қатаң заңдылықтарға бағынады, сондықтан оны, ағаштың формасы секілді зерттеу керек. Әсіресе жағаға ұмтылған толқындардың құрылымын мұқият ұғып алу керек. Мұнда олар алдынғы толқынның кейін тепкен сумен кездесе отырып үшкір көбікті жотасы бар шыр көбелек дөңгеленген иірімге айналып, оның бір бөлігі желмен толқынның артқы бетінде жоғалады да оны өрнекті көбікпен әшекелейді.
Бұлттардың
формасы мен табиғатын да ұғыну
керек. Бұлттар тік жазықтықта тұрмайды,
олар жердің дөңгелек бетіне параллелъ
кеңістікте бейне бір ілініп тұрғандай
болады. Сондықтан ең үлкен бұлттар
– жоғарғы бұлттар (яғни бізге
ең жақын бұлттар) ал енді кіші бұлттар
төмен бұлттар (яғни кеңістікте бізден
мейлінше алыс тұрған бұлттар). Пейзаждың
суретін салған кезде ең алдымен
бейнеленетін көріністің шегін анықтап
алу керек. Сурет салуды жаңа бастаған
суретші алғашқы кезде
Әдетте
көкжиек төмен деңгейде болғанда
суреттің төменгі шетін мүмкіндігінше
жоғарырақ жылжытуға ұмтылады. Көкжиек
жоғары болған кезде (суретші мысалы,
таудан қарап тұрғанда), төменгі
шетті мүмкіндігінше төменірек
алуға деген тілек пайда
2 Бейнелеу өнері мектепте оқытудың маңызы мен міндеті
2.1 Бейнелеу өнері мектепте оқыту
Қай заманда болсын адамзатты өркениетте қоғамға бастап баратын бірден-бір даңғыл жол – білім болып келген. Қазақстан өз тәуелсіздігін алған кезден бастап-ақ еліміздің экономикасы, мәдениеті мен бірге білім беру саласы да көптеген реформаларды бастан кешіріп келеді. Содан бергі аралықта білім беру жүйесі жетіліп, біршама табысқа жетті десек те болады. Қазіргі кезенде жалпы білім беретін мектептерде бейнелеу өнерінің ролі ерекше. Оған 213 – оқу сағаты бөлінген. Олардың 98 сағаты натураға қарап сурет салуға, 39 сағаты сәнді сурет салуға және 55 сағаты тақырыптық сурет салуға, 21 сағаты бейнелеу өнерімен әңгіме сабағына арналған.
Бірінші сынып оқушылары жылдың соңында түс атауларын (қызыл, жасыл, көк, ақ, сары, қара, сұр т.б.), сурет материалдарының қадр қасиеттерін сипаттауды (қарындаш, акварель, гаушь), акварельмен, гуашьпен жұмыс істеу туралы білу керек. Мысалы: қызыл мен көк түстің күлгін түсі, көк пен сары, жасыл түсті, акварель сумен бірге жаңа құрамдар алатынын (яғни, ақшыл қызыл, ақшыл көк) білу керек. Сонымен қатар, бірінші сынып оқушылары жыл соңында партаға дұрыс отыруды, парақ, қағаз, қарындашты дұрыс ұстауды білуі керек.
Ал, екінші сынып оқушылары суреттің әсемдігіне, әсерлігіне және түсі мен формасына мән бере алуы және өз бетінше суреттерді өзгерте, көркейте алу керек. Яғни, жай суретті күрделі суретке дейін өзгерте алуы, қылқаламмен сурет сала алуы керек.
Ал, үшінші және төртінші сыныптарында затқа форма, түс, көлеңке, жартылай көлеңке, жылт, рефлекс және штрих бере алуы керек. Натураға қарап құмыра, шәйнек секілді заттар салып, оларды салуға аз уақыт жұмсауға дағдалануы керек.
Бейнелеу өнері ең алдымен балалардың эстетикасын қалыптастыруды. Қызығушылықты арттыруды. Сана сезімді жетілдіреді. Сонымен қатар, бейнелеу өнері бастауыш мектептерде мынандай мақсаттарды көздейді: оқушының көру, сезіну, қабылдау, түсіну қабілетінің қалыптасуы және әсемдікті өздері жасай алатындай үйретуге баулиды. Бейнелеу өнері негізінен ұлттық өнерге деген оқушының көркемдік талғамын қалыптастырады және эстетикалық тәрбие береді.
Оқушыларда бейнелеу өнері этетикалық білім мен тәрбие беруді көздейді. Бұл мақсатта жету үшін мынадай міндеттер шешілуі тиіс:
Мектепке дейінгі кезенде бейнелеу өнері баланың жеке басының жан-жақты дамуына айналадағы дүниені таныуна алған әсерін сурет салуда таныуна, алған әсеріне сурет салуда мүсіндеуде пайдалан білу қабілетін жетілдіруге жәрдемдеседі. Егер де тәрбиеші ойыңды зеректілікпен ұйымдастырса, ол балаларға өнеріне баулуда дидактикалық ойындарды пайдаланған жөн. Ол арқылы оқушы әсемдік пен әдемілікке деген сүйіспешіліктігін арттырады, жақсыға сүйсіне білуге, жаманға жек көре қарауға өнердің алуан түрін көріп тыңдау арқылы әсемдік атаулыны тану қабілетін қалыптастырады, рухани жан дүниесін байытып, қиялын өрістетеді, Өмірдегі, өнердегі сұлулық туралы түсініктерді жетілдіріп әсем табиғатымен өз халқының әдет-ғұрпымен ұлттық өнерін сүйіп кең түрде танысуға жол ашады.
2.2 Үйірме жұмыстарында тақырыптық сурет салу сабағының әдістемесі
«Тақырыптық сурет салу» сабағы әдеби шығармалардан сурет салу, бақылаған суреттерін салу, натурадан сызба сызу, көңілін аударған заттарды салуды өз шығармашылығына қосады. Натура болмаған жағдайда тақырыптық суретке қолданылатын көрнекіліктерді суреттермен, фотосуреттермен, кестелермен ауыстыруға болады. Тақырыптық сурет салуда балаларды бейненің пропорциясы туралы, салу негізінде құрастырушылық, ауданы, кеңістіктегі орны туралы, жарықтың, түстер туралы алған білімдері толықтыра түседі. Осымен қатар мұғалім балалардың өзінің жұмыс істеуіне, ашық беруіне, композицияның шынайылығына көңіл бөлуі керек. Тақырыпқа сурет салу қиялды, шығармашылықты қажет етеді. Сонымен қатар тақырыптық сурет салудың өзі балалардың шығармашлық қиялының дамуына әсер етеді.
Тақырыптық сурет салудағы балаларға керекті методикалық әдістер мыналар болып табылады.
Бірақ оны оқушылар көшіріп алмауы керек. Өз ойымен салсын.
Берілетін жаттығулар мынадай тақырыптық суреттерді келтіруге болады:
а) тақырыптағы сурет, «Қаладағы күз», «Ауылдағы күз», «Саяхаттағы балалар», «Таудан сырғанау», «Қала көшелерінде», «Ауыл көшелерінде», «Мейрамдағы көшелер», «Трактордағы жұмыс», «Гаражда», «Аэродромда», «Балық аулағанда» т.б.