Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2013 в 21:33, курсовая работа
Қазіргі таңда дүние жүзінде жүріп жатқан заманына өзгерістерінен келер ғасырдың өмір сипаттарын аңғармау тіптіде мүмкін емес. Өйткені жер бетіндгі сан – алуан халықтардың өз ара ой олғаныстары мен қол созған үміттері осыны байқатады. Адамзат қоғамы ізінен қай кездегісінен әлде қайда есейгендігін ерекше аңғартып отыр. Осынау таңғажайып тамаша өзгерістердің қозғаушы күшіне айналып отырған Отанымыздың келбеті бүкіл жер шарындағы күллі халықтардың алдына мерейі өсіп адамзат қауымының жаңаша ойлау жүйесінің қалыптастыруда елеулі үлес қосуда. Осының бірден – бір айғағындай бүкіл елімізді сан алуан халықтарды да өзінің өткен тарихы мен ұлттық мәдениеттерін шындық таразысынан өткізіп қана қоймай шын мәніндегі ұлтаралық теңдік әр республиканың егеменді дербестіктерін жаңа қалыптастыруға бет бұрып отыр.
Кіріспе......................................................................................................3
1 Бейнелеу өнерінің саласы кескіндеме өнері туралы
1.1 Кескіндеме өнерінің шығу және даму тарихы, түрлері.............6
1.2 Кескіндеме өнерінен жазылған табиғат көріністері..................13
1.3 Майлы бояумен жұмыстар орындау, құрал-саймандар,
материалдар және жазу технологиясы........................................17
1.4 Кескіндмедегі түстер, колориттер және жұмыстың
орындалу барысы.........................................................................22
2 Мектептегі бейнелеу өнері оқыту әдістемесі
2.1 Бейнелеу өнерін мектепте оқятудың маңызы мен міндеті......30
2.2 Тақырыптық сурет салу сабақтарын жүргізу әдістемесі.........32
2.3 Сабақтан тыс кескіндемеден үйірме жұмыстарын
ұйымдастыру және сабақ жоспарын құру .............................34
2.4 Бейнелеу өнері сабағында затқа қарап сурет
салудың маңызы мен орны..........................................................36
Қорытынды..........................................................................................41
Пайдаланылған әдебиеттер..............................................................42
Мазмұны
Кіріспе.......................
1 Бейнелеу өнерінің саласы кескіндеме өнері туралы
1.1 Кескіндеме
өнерінің шығу және даму
1.2 Кескіндеме
өнерінен жазылған табиғат
1.3 Майлы бояумен жұмыстар орындау, құрал-саймандар,
материалдар және
жазу технологиясы.............
1.4 Кескіндмедегі түстер, колориттер және жұмыстың
орындалу
барысы........................
2 Мектептегі бейнелеу өнері оқыту әдістемесі
2.1 Бейнелеу
өнерін мектепте оқятудың
2.2 Тақырыптық сурет салу сабақтарын жүргізу әдістемесі.........32
2.3 Сабақтан тыс кескіндемеден үйірме жұмыстарын
ұйымдастыру және сабақ жоспарын құру
.............................
2.4 Бейнелеу өнері сабағында затқа қарап сурет
салудың маңызы мен орны..........................
Қорытынды.....................
Пайдаланылған әдебиеттер....................
Кіріспе
Қазіргі таңда дүние жүзінде жүріп жатқан заманына өзгерістерінен келер ғасырдың өмір сипаттарын аңғармау тіптіде мүмкін емес. Өйткені жер бетіндгі сан – алуан халықтардың өз ара ой олғаныстары мен қол созған үміттері осыны байқатады. Адамзат қоғамы ізінен қай кездегісінен әлде қайда есейгендігін ерекше аңғартып отыр. Осынау таңғажайып тамаша өзгерістердің қозғаушы күшіне айналып отырған Отанымыздың келбеті бүкіл жер шарындағы күллі халықтардың алдына мерейі өсіп адамзат қауымының жаңаша ойлау жүйесінің қалыптастыруда елеулі үлес қосуда. Осының бірден – бір айғағындай бүкіл елімізді сан алуан халықтарды да өзінің өткен тарихы мен ұлттық мәдениеттерін шындық таразысынан өткізіп қана қоймай шын мәніндегі ұлтаралық теңдік әр республиканың егеменді дербестіктерін жаңа қалыптастыруға бет бұрып отыр.
Қазіргі кезде егеменді алған еліміз өздерінің өмір тіршіліктеріне үстемділік пен танылған құбылыстарды жойып жаңаша ойлаудың құдіреті мен ондаған жылдар бойы бұзылған ата-дәстүрлерімен халықтық педогикасын қалпына келтіруге бет бұрды.
Менің жұмысымның негізгі мақсаты, өсіп келе жатқан жас ұрпақтың бойына өнер шығармалары арқылы өз туған жеріне деген сүйіспеншілігін, өнерге деген қызығушылығын арттыру, патриоттық сезімін ояту, оқушылардың ой-өрісін дамыту, эстетикалық тәрбие беру болып табылады.
Әлем көркін бейнелеу жемісінде әр кезеңнің қайталанбас келбеті қашанда өз дәуірінің өзекті ағындарымен, негізгі даму бағдарларымен мейлінше тығыз байланыста ашылған. Ағарту дәуірі табиғатқа құштарлық қатынасын жаңа қырынан дамытып, қайтадан жасандырып дүние заңдылықтарына сай өмір сүретін «Жаратылыс адамы» теориясын қалыптастырды.
Қоғам өмірінің келесі, кезек оқиғаларымен сабақтас пейзаж өнерінің даму белсенділерін қарастырғанда, оларды қашанда жалпы азаматтық ортақ мәдениет өрісінде алатын орны тұрғысынан ғана саралап бағалай білген жөн. Бұл арада тек табиғатты рухани игерудің өзіндік ерекшелік үлгілерін ескере отыру керек - ақ.
Дипломдық жұмыстың нысаны Үйірме жұмыстарында кескіндеме өнерінің әдістемесін оқыту үрдісі.
Дипломдық жұмыстың пәнi: Үйірме жұмыстарында кескіндеме өнерінің әдістемесін оқыту
Дипломдық жұмыстың
Дипломдық жұмыстың идеясы: мектеп оқушыларына бейнелеу өнерiн оқытуды үйірме жұмыстарында кескіндеме өнерінің көркемдiк бiлiмiн ұлттық өнер негiзiнде жетiлдiру нәтижесінде жалпы адамзаттық өнер дәстүрлерін меңгерген, қазіргі заман талабына сай жеке тұлғаны қалыптастыруға ықпал етеді.
Дипломдық жұмыстың құрылымы: кiрiспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тiзiмiнен, қосымша және суреттерден тұрады.
1 Кескіндеме өнерінің шығу және даму тарихы
Кескіндеме - өнер әлемдегі орасан зор, өзіне еліктірліп әкететін, сиқырлы аймақ. Ол адамзат дамуының таң шапағында, біздің тарихтан бұрынғы ата-бабаларымыздың үңгірлерінде дүниеге келген. Сан ғасырлар бойына суретшілердің басшылыққа алған идеялары, олардың ұмтылыстары өзгеріп отырды, бір стилдің орнын екінші стилъ басар, бәрі бір кескіндеме жасап, дами берді.
Басқа өнерлердің арасында
Ал ең ғажабы бұл емес. Бар ықыласымен берілген суретші шапшаң, батыл да нәзік қимылмен кенеп бетіне қылқаламмен бояу жағады – міне енді одан сендерге тірі адам көз тастайды. Суретші оның жүзіндегі көзге малына қоймайтын ой нышандары мен құмтарлықтарын таңғажайып қырағылықпен кенеп бетіне түсірген және бір мезгілде сендерге оның жан дүниесін ашып берген...
Кескіндеменің ұлы мәні мынада: ол сансыз жүректерді бір мәнде ойда, бір күшті сезімде бірге соғуға мәжбүр етеді. Ол шапшаң, бірден әсер етеді, оның тілі халықаралық тіл. Оған аудармашылар қажет емес. Оның алдында уақыттың өзі шегінеді.
Кескіндеме – бұл майлы бояулармен жасалған және багет рамаға салынған, біз музейлерде қызықтайтын картиналар ғана емес. Кескіндеме ұғымы кең әрі мейлінше сан алуан техниканы қамтиды, мысалы түрлі сулы бояулармен – темперамен, гуашьпен, акварельмен салынған кескіндеме болады. Тіпті аздап боялған суретке пастелъ ауысатын кескіндеме бар, жартылай гравюра – кескіндеме (монотипия ) бар.
Мұның бәрі станоктік, яғни станокта (мольберт) жасалатын кескіндеме. Монументтік кескіндеме де болады. Оның үлгілерін біз ғимараттардың қабырғаларынан көреміз. Мұнда кескіндеме арнайы техникада әк «сүтіне» араластырылған бояулармен жаңа сылақ бетінде жиі жасалады (фреска). Мүлдем бояусыз – ақ істелетін өзінше ерекшелігі бар монументтік кескіндеме де бар. Бейне түрлі материалдардың алуан түсті кесектерінен жасалады (мозайка).
Сондай-ақ «жарықтанатын» кескіндеме – шыныдан жасалған картинадан өтіп түрлі-түсті жарық түсіретін кескіндеме де болады (витраж).
Кескіндеме
шеберлері әр заманда әр түрлі
әдіс қолданған. Ол көбіне- көп қандай
тәсіл, қандай бояудың пайдалануына
тікелей байланысты. Мәселен, қайта
өрлеу дәуірінің шеберлері
Кейін суретшілер қылқаламның ізін жасырмауды әдетке айналдырды. Біреу кенепке бояуды қылқаламның ұшын тиер-тигізбес қып жұқалап жағады. Екіншілері бояуды баттитып–баттитып батыл жағады да, өзіне керек реңді бірте-бірте сатылап емес, бірден табады. Мұндай әдіс бейнелеп отырған нәрсенің түрі мен көлемін дәл жеткізуге көп септік жасайды.
М. Врубелъдің «Раушан гүл» натюморты акварелі мүлдем басқаша. Жалғыз тал әсем гүл мөлдір стаканға малынып тұр, оның айналасында ештеңенің суреті салынбаған – суретші тек осы раушан гүлін ғана қызықтайды, қалғанның бәрі оған маңызды емес. Бейне бір нәзік фарфордан құйылғандай болып көрінетін осынау бір жалғыз ілікті раушан гүлі суретшінің сұлулық жайындағы арманын кейіптейді. Осылайша натюрморттарда автордың өмірді қабылдауын білдіретін өлі табиғаттың мүлдем алуан түрлі образдардан берілуі мүмкін.
Пейзаж
(‘Pausade’ деген француз
Пейзаж – қайсы бір жерлерде жай айнытпай бейнелей салу емес. Онда суретшінің сезімдері мен ойларын берудің үлкен мүмкіндіктері жатыр. Адам өмірімен салыстырып қарағанда табиғат өмірі мәңгілік сияқты болып көрінеді. Бұлт торлаған аспан, теңіз толқындары, ормандар мен таулар жүздеген, мыңдаған жылдар бұрын қандай болса, сондай күйінде қалады. Бірақ, осы бір өзгермейтін табиғатты алуан дәуір суретшілері түрліше көріп, түрліше бейнелейді. ХVІІ ғасырдағы голланд суретшілерінің картиналарында теңіз үнемі дерлік романтикалық сарынсыз болып келеді. Олар табиғат сұлулығын іңкәрлікпен қызықтауға бейім емес. Олар үшін теңіз – сауда мен жұмыс орны, тіршілік әрекетін іздестіретін кеңістік.
Теңіз көріністерін салуды сүйетін суретшілерді латынның «marinus» - теңіз деген сөзінен шығарып маринистер деп атайды. Орыс маринистерінің ең көрнектісі И.К. Айвазовский болды. Бұл өмір бақи бірде бұлқан-талқан тулап, бірде моп-момақан тыныш жататын теңіз жазирасын бейнелеп өтті.
Бір табиғи мотивтің өзі суретшінің қылқаламынан мүлде басқа толысуға, басқаша түске ие бола отырып шебердің талғамын, көзқарастарынан, көңіл күйін береді.
Оның үстіне, «мәңгілік» табиғат тіршілігіне уақыт өтуімен бірге жаңа әуендер енеді, табиғат адамның әсерімен өзгеріп отырады. Темір жолдар, автомобилъ жолдары, жоғары вольтты электр желілерінің сорайған діңгектерімен сымдары, аспанда ұшқан реактивтік самолеттың будақтаған ізі – осының бәрі бүгінгі күннің көрінісі. Мұны қазіргі заманғы суретші аңғармай тұра алмайды. Пейзаж және натюрморт әлбетте, тақырыптық картинаның құрамдас бөліктері де болуы мүмкін. Бұл жерде олар көркем образды жасауда белсенді қосалқы рол атқарады.
Портрет. Бұл жанр басқалардан бұрын пайда болды. 3 мың жылдан астам уақыт бұрын жасалған скулъптуралық Египет портреттері 2 мың бұрынғы мозайкалар Рим және темпиралық фасан портреттері белгілі. Адамдар әрдайым өз бейнесін көргісі келеді, ал ежелгі египеттіктер қайтыс болған адамның жаны портретке көшеді деп есептеді.
Үлкен шебердің шабытты қолымен жазылған әрбір портрет шынында да рухтанғандай болады, портретке түсірілген бет- әлпетте ой-қайғы, күйініш, қуаныш, күрделі және кейде қиын бүкіл өмір жолының көрінісі жатады.
Портреттің бірінші және қажетті сапасы – оның түп нұсқауымен ұқсастығы. Бірақ бұл математиктер айтатындай, қажетті, бірақ жеткіліксіз шарт. Адамның сыртқы белгілерінің арғы жағынан біз бейнелеушінің ой- арманын, қуаныш-күйінішін, ішкі жан дүниесін тап басып, сезінуге тиіспіз. Тек осылардың бәрі ғана бейнені портрет етеді. Осылай ғана бейнеленген адамдар тіпті бізге мүлдем бейтаныс болғанның өзінде бізді көз салуға ойға шомуға және тебіренуге мәжбүр етеді.
Кез келген суретші, біреудің бейнесін жасағанда тек оның бет әлпетін ғана емес, ішкі жан дүниесін де жеткізуге ұмтылады. Совет суретшісі Н.М. Нестеров, И. Павлов портретінде жасының егделігіне қарамастан күш пен жігерге толы, өмірге құштар ғалымның қайсар шабытын бейнелеуге тырысқан.
Мүсін мен сурет өнерінде адам дидарын бейнелеу ешқашан назардан қалып көрген жоқ. Алайда портрет жанрының ерекше етек жайған тұстары болған. Ескі Рим мен Қайта өрлеу дәуірі – голланд Рембрандт Харменс Ван Рейн мен Франс Галъс, фламанд Антонис Ван Дейк пен испан Диего де Силъва Веласкес сынды ұлы шеберлер өмір сүрген. (ХVІІ ғасыр)
Портреттер өзінің сипаты жағынын алуан түрлі болады. Бір портреттер адамды дәріптеу, оны барынша әсемдікпен сәндікке көрсету үшін жазылады. Бұл ХVІІІ ғасырда орыс өнерінде мейлінше кең тараған парадтық портреттер. Ф. Рокотов, Д. Левицкий, В. Боровиковский атақты ақсүйектердің нәзікте әсем, тамаша портреттерін жасады. Екінші портреттер адамды әдеттегі, күнделікті кейіпте көрсетеді. Бұл интимдік, психологиялық портеттер деп аталады. Портреттік жанрдың ерекше түрі топтық портрет болып табылады. (Рембрандтың «Синдиктер», «Түнгі күзет», И. Репиннің «Құдіретті топ композиторлары» полотно картиналары).
ХІХ ғасырдың орыс суретшілері тегі арқылы емес, ел алдындағы еңбегі, таланты арқылы даңқы шыққан адамдардың портреттерін туғызды. Оларда адамдардың сырт ажары емес, күрделі ішкі жан дүниесіне, рухани әлпетіне көбірек назар аударылған. И. Репин, В. Серовтар не тамаша портрерттерін қалдырды. Оларда өз замандастарының өшпес бейнесі жасалған.
Портрерт бейне бір портрет – картина сияқты болып, өз композициясына портрерттеліп отырған адамнан басқа, пейзажды, алуан түрлі аксесуарларды және тіпті, мысалы, К.Брюловтың «Салт алты қызды» немесе А.Герасимовтың «Ленин мінбеде» сияқты әйгілі және басқада сан түрлі картинадағыдай алыс пыландағы басқа адамдардың бейнесін енгізуі мүмкін. Мұндай жұмыстар портрет пен тақырыптық картина арасындағы өтпелі жағдайға ие болады.
Бірақ станоктық тақырыптық картина яғни (архитектурамен байланысты емес картина) тек Ренесанс дәуірінде ғана пайда болып, кең өріс алды. Тақырыптық картина даму үстіндегі әрекетті көрсетеді: оған көз тастай отырып, бейнелеген сәтке дейін не болғанын және одан кейін не болатынын көрермен ойша сараптай алады немесе И. Крамской айтқандай – бір холысты түсіндіру үшін екіншісінің қажеті жоқ.