Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Мая 2012 в 00:07, курсовая работа
Бухгалтерлік есеп көптеген жылдар бойы басқа ғылымдар сияқты дамып, қоғамның экономикалық-әлеуметтік жағдайларына сай өзгерістерге ұшырап келе жатқан, сондай-ақ өмірде өзінің ерекшелігімен оқшауланатын ғылым болып табылады. Белгілі ғалым Б. Де Солозано осы ғылым туралы “Бухгалтерлік есеп барлық ғылымдар мен өнердің ең алдында тұрады, басқалары онсыз өмір сүре алмаса, бухгалтерлік есеп үшін олардың ешқайсысы қажет емес” – деген болса, оның әріптесі Р. А. Фаулки “Есеп – бұл барлық бизнестің тілі, яғни философиясы” – деп атаған.
КІРІСПЕ………………………….………………….……………………...3
1. БУХГАЛТЕРЛІК БАЛАНСТЫҢ МӘНІ ЖӘНЕ ҚҰРАМЫ МЕН ҚҰРЫЛЫМЫ……………………………………………………………………..5
1.1 Бухгалтерлік баланс, оның мәні мен ерекшеліктері…………………..5
1.2 Баланстың теориялық негіздері, түсінігі және түрлері.........................6
1.3 Бухгалтерлік баланстың құрылымы......................................................12
2 БУХГАЛТЕРЛІК БАЛАНСТЫҢ ШАРУАШЫЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАРЫ……………………………………………………………..21
2.1 Шаруашылық операцияларына сәйкес баланс баптарының өзгеріске ұшырауы…………………………………………………………………………..21
2.2 Шаруашылық операцияларының түрлері және олардың бухгалтерлік баланстын тигізетің әсері.......................................................................................22
3. БУХГАЛТЕРЛІК БАЛАНСТЫҢ АКТИВТЕР ЖӘНЕ ПАССИВТЕР ҚҰРАМЫ.....................................................................................26
3.1 Бухгалтерлік баланстың активтер құрамы...........................................26
3.2 Бухгалтерлік баланстың пассивтер құрамы.........................................29
ҚОРЫТЫНДЫ………………….……………….………..........................35
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ………………………….………36
«Ұзақ мерзімді дебиторлық берешек» бабы бойынша келесі шоттарда есепке алынатын пайда болған сәттен бастап бір жылдан асатын дебиторлық берешек туралы деректер көрсетіледі: 2110 «Сатып алушылар мен тапсырысшылардың ұзақ мерзімді берешегі», 2120 «Еншілес ұйымдардың ұзақ мерзімді дебиторлық берешегі», 2130 «Қауымдастырылған және бірлескен ұйымдардың ұзақ мерзімді дебиторлық берешегі», 2140 «Филиалдар мен құрылымдың бөлімшелердің ұзақ мерзімді дебиторлық берешегі», 2150 «Қызметкерлердің ұзақ мерзімді дебиторлық берешегі», 2160 «Жалдау бойынша ұзақ мерзімді дебтнорлық берешек», 2170 «Алуға арналған ұзақ мерзімді сыйақылар», 2180 «Өзге ұзақмерзімді дебиторлық берешек»
«Үлестік қатысу әдісімен есепке алынатын инвестициялар» бабы бойынша 2210 «Үлестік қатысу әдісімен есепке алынатын инвестициялар» шотында есепке алынған үлестік қатысу әдісімен есепке алынатын қауымдастырылған және тәуелді мекемелерге берілетін инвестиция туралы деректер көрсетіледі.
«Инвестициялық жылжымайтын мүліктер» бабы бойынша 2310 «Жылжымайтын мүлікке инвестициялар» шотында есепке алынған мүліктердің теңгерімдік (баланстық) құны көрсетілсді.
«Негізгі құралдар» бабы бойынша 2410 «Негізгі құралдар» шотында есепке алынған негізгі құралдар теңгерімдік (баланстық) құны бойынша көрсетіледі. Олардың теңгерімдік (баланстық) құны 16 «Негізгі құралдар» ІАS Халықаралық қаржы есептілігінің стандартына сәйкес бастапқы құны мен жиналған амортизаңия және құнсызданудан жинақталған залал сомаларының айырмасы ретінде анықталады.
«Биологиялық активтер» бабы бойынша 2510 «Өсімдіктер» және 2520 «Жануарлар» шоттарында есепке алынған ауыл шаруашылық қызметімен байланысты биологиялық активтер әділ құны бойынша көрсетіледі.
«Барлау және бағалау активтері» бабы бойынша 2610 «Барлау және бағалау активтері» шотында есепке алынған минералдық ресурстарды барлау мен бағалауға дейінгі қызмет барысында, сондай-ақ минералдық ресурстарды өндірудің техникалық жағынан жүзеге асушылығы және коммерциялық орындылығы айқын болғаннан кейін шеккен шығыстарды қоспағанда, минералдық ресурстарды барлау мен бағалауға арналған шығыстар көрсетіледі.
«Материалдық емес активтер» бабы бойынша 2710 «Гудвилл» және 2730 «Өзге материалдық емес активтер» шоттарында есепке алынған гудвилл және өзге де материалдық емес активтер теңгерімдік (баланстық) құны бойынша көрсетіледі. Олардың теңгерімдік (баланстық) құны 38 «Материалдық емес активтер» ІАS Халықаралық қаржы есептілігініц стандартына сәйкес бастапқы құны мен жиналған амортизация және құнсызданудан жиналған залал сомаларын шегергеннен қалған сома.
«Кейінге қалдырылған салықтық активтер» бабы бойынша 2810 «Корпорациялық табыс салығы бойынша кейінге қалдырылған салықтық активтер» шотында есепке алынған аталған салықтың қалдық сомасы көрсетіледі.
«Өзге ұзақ мерзімі активтер» бабы бойынша 2910 «Берілген ұзақ мерзімді аванстар», 2920 «Алдағы кезеңдердің шығыстары», 2930 «Аяқталмаған құрылыс», 2940 «Өзге ұзақ мерзімді активтер» шоттарында есепке алынған ұзақ мерзімді активтердің қалдықтар сомасы көрсетіледі.
II «Ұзақ мерзімді активтер» бөлімінің жалпы сомасы теңгерімнің (баланстың) осы бөлімінің барлық баптарының сомаларын қосып шығарылады да, бұл сомаға «Қысқа мерзімді активтер» бөлімінің жалпы сомасын қосып теңгерімнің (баланстың) активтерінің жалпы сомасын есептейді.
Теңгерімнің (баланстың) пассивінде мекеменің банктер, бюджет, жабдықтаушылар мен мердігерлер, әртүрлі қарыз берушілер, еңбекақы төлеу бойынша еңбек ұжымның мүшелері алдындағы міндеттемелер, алдағы кезеңдердің табыстары, жалдық міндеттемелер және т.б., сондай-ақ мекеменің қаржылық-шаруашылық қызметіне салынған меншікті капиталдың көлемі көрсетіледі. Осыған орай меншікті және тартылған (жұмылдырылған) қаржылар келесі үш белімге біріктірілген:
III Қысқа мерзімді міндеттемелер;
IV Ұзақ мерзімді міндеттемелер;
V Капитал.
Мекеменің міндетгемелері қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді болып бөлінуі оларды өтеу тығыздығының дәрежесіне байланысты, сондықтан олар теңгерімде (баланста) екі бөлімге топтастырылған.
III «Қысқа мерзімді міндеттемелер» бөлімінде мекеменің пайда болған күнінен бастап бір жылдың ішінде өтелуге тиісті кредиторлық берешектерін (міндеттемелерін) көрсетеді. Қысқа мерзімді міндеттемелер теңгерімнің (баланстың) келесі баппары бойынша көрсетіледі:
«Қысқа мерзімді қаржылық міндеттемелер» бабы бойынша келесі 3010 «Қысқа мерзімді банктік қарыздар», 3020 «Уәкілетті органның және (немесе) Ұлттық Банктің лицензиясынсыз банктік операцияларды жүзеге асыратын ұйымдардан алынатын қысқа мерзімді қарыздар», 3030 «Қатысушылардың дивидендтері және кірістері бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек», 3040 «Ұзақ мерзімді қаржы міндеттемелерінің ағымдағы бөлігі», 3050 «Өзге қысқа мерзімді қаржы міндеттемелері» шоттарында есепке алынған қысқа мерзімді кредиторлық берешекті алып тастағанда, бір жылға кейінгі мерзіммен алынған банктік қарыздар, уәкілеттік органнын және (немесе) Ұлттық Банктің лицензиясынсыз банктік операцияларды жүзеге асыратын ұйымдардан алынатын қысқа мерзімді қарыздар, жарғылық капиталда үлесі бар заңцы тұлға қатысушыларына акциялар бойынша есептелген дивидендтер және табыстар бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек, ұзақ мерзімді қаржы міндеттемелерінің ағымдағы бөлігі (мысалы, қаржылық жал, қарыздар бойынша міндеттемелер), өзге де қысқа мерзімді қаржы міндеттемелері көрсетіледі.
«Салықтар бойынша міндеттемелер» бабы бойынша келесі 3110 «Төлеуге тиісті корпорациялық табыс салығы», 3120 «Жеке табыс салығы», 3130 «Қосылған құн салығы», 3140 «Акциздер», 3150 «Әлеуметтік салық», 3160 «Жер салығы», 3170 «Көлік құралдары салығы», 3180 «Мүлік салығы», 3190 «Өзге салықтар» шоттарында есепке алынған төлеуге жататын корпорациялық табыс салығы, есептелген және төленетін қосылған құн салығы, акциздер, әлеуметтік салық, жер салығы, көлік құралдары салығы, мүлік салығы және өзге де салықтар көрсетіледі.
IV. «Ұзақ
мерзімді міндеттемелер» бөлімі мекеменің
бір
жылдан асатын мерзімде етеуге тиісті
кредиторлық берешектерін (міндеттемелерін)
көрсетеді. Бұл бөлімде ұзақ мерзімді
міндеттемелер теңгерімнің (баланстың)
келесі баптары бойынша
талдап көрсетіледі:
- ұзақ мерзімді қаржылық міндеттемелер;
- ұзақ мерзшді кредиторлық берешек;
- ұзақ мерзімді бағалау міндеттемелері;
- кейінге қалдырылыған салықтық міндеттемелер;
- өзге ұзақ мерзімді міндеттемелер.
«Ұзақ мерзімді қаржылық міндеттемелер» бабы бойынша келесі 4010 «Ұзақ мерзімді банктік қарыздар», 4020 «Уәкілетті органның және (немесе) Ұлттық Банктің лицензнясынсыз банктік операцияларды жүзеге асыратын ұйымдардан алынатын ұзақ мерзімді қарыздар», 4030 Өзге ұзақ мерзімді қаржылық міндеттемелер» шоттарында ұзақ мерзімді кредиторлық берешекті алып тастағанда, бір жылдан асатын мерзіммен алынған банктік қарыздар және уәкілетті органның және Ұлттық Банктің лицензиясынсыз банктік операцияларды жүзеге асыратын ұйымдардан алынатын ұзақ мерзімді қарыздар және өзге қаржылық міндеттемелер көрсетіледі.
«Ұзақ мерзімді кредиторлық берешек» бабы бойынша келесі 4110 «Жеткізушілер мен мердігерлерге берілетін ұзақ мерзімді берешек», 4120 «Еншілес ұйымдарға берілетін ұзақ мерзімді кредиторлық берешек», 4130 «Қауымдастырылған және бірлескен ұйымдарға берілетін ұзақ мерзімді кредиторлық берешек», 4149 «Филиалдар мен құрылымдық бөлімшелерге берілетін ұзақ мерзімді кредиторлық берешек», 4150 «Жалдау бойынша ұзақ мерзімді берешек», 4160 «Төлеуге арналған ұзақ мерзімді сыйақылар» шоттарында осы мекеменің жоғарыда аталған ұйымдарға бір жылдан асатын төлеу мерзімімен қорларды жеткізу немесе қайта өңдеу жөніндегі шығыстарды қоса алғанда сатып алынған активтерге және пайдаланылған қызметтерге жеткізушілермен және мердігерлермен есеп айырысу, бір жылдан астам қаржылық жалдау бойынша жалдау міндеттемелері, қарыздар, берілген вексельдер, эмиссияланған бағалы қағаздар және сенімгерлік басқару шарттары бойынша толеуге арналғаң есептелген сыйақылар, сондай-ақ өзге ұзақ мерзімді кредиторлық берешектер көрсетіледі.
V. «Капитал» бөлімінде мекеменің меншікті қаражаттарының колда бары мен орналастыру көздерін куәлайтын келесі баптар қарастырылған:
«Жарғылық капитал» бабы бойынша келесі 5010 «Артықшылықты акциялар», 5020 «Қарапайым акциялар», 5030 «Салымдар мен пайлар» шоттарында есепке алынған акционерлік қоғамның төленген, эмиссияланған, артықшылықты және қарапайым акциялардың жиынтық атаулы құны және серіктестіктердің капиталына салымдардың құны көрсетіледі.
«Төленбеген
капитал» бабы бойынша 5110 «Төленбеген
капитал» шотында эмиссиялық акцияларды
төлеу, мекемелердің жарғылық капиталына
салымдар (мүліктік жарналар) енгізу, сондай-ақ
жеке тұлғалардың және мекемелердің эмиссиялық
акцияларды төлеу жөніндегі берешегі
және кұрылтайшылардың мекемелердің жарғылық
капиталына салымдарды енгізу жөніндегі
берешектер көрсетіледі.
2.
БУХГАЛТЕРЛІК БАЛАНСТЫҢ
ШАРУАШЫЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАРЫ
2.1
Шаруашылық операцияларына
сәйкес баланс баптарының
өзгеріске ұшырауы
Кез келген кәсіпорынның мақсаты – пайда табу десек қателеспейміз. Ал пайда табу үшін кәсіпорында күнделікті жұмыс істеліп, қызмет атқарылып отыратындығы белгілі. Осы орындалатын жұмыстар мен атқарылатын қызметтердің, яғни операциялардың орындалуы кәсіпорынның бухгалтерлік балансының баптарына тікелей әсер етеді. Нақтырақ айтатын болсақ, ұйымдағы әрбір орындалатын операцияға сәйкес баланс баптарындағы сома өзгеріске ұшырап отырады. Бірақ бухгалтерлік баланстың актив және пассив баптарының теңдігі әрдайым сақталады. Сонымен қатар кәсіпорында әрбір орындалған операциядан кейін жаңадан баланс жасалмайтындығы белгілі және ол мүмкін емес. Себебі ұйымда бір күннің өзінде бірнеше жүздеген операциялардың орындалуы мүмкін. Тіпті әрбір операция түгіл, күн сайын кәсіпорынның бугалтерлік балансын жасап тұру үлкен күшті, көп уақытты қажет етеді. Сонымен қатар балансты күнделікті немесе әрбір орындалған операциядан кейін жасап тұру тиімсіз және қажет те емес. Міне осы себептен кәсіпорынның бугалтерлік балансы белгілі бір уақытқа, яғни есеп беретін кезеңге қарай (ай сайын,тоқсан сайын, жыл сайын) жасалып отырады. Жалпы бухгалтерлік есепте шаруашылық операцияларын баланс баптарының сомасына әсер етуіне қарай төрт түрге бөледі.
Бірінші түріне жатқызылатын шаруашылық операциялары бухгалтерлік баланстың тек қана актив бөліміне әсер етеді. Бұл жағдайда актив бөліміндегі бір бап қандай да бір сомаға азайса, екінші бір бап тура сол сомаға артып отырады. Ал активтің жалпы сомасы мен баланстың жиынтық сомасы ешқандай өзгермейді.
Мысалы, кәсіпорынның банктегі есеп айырысу шотынан жұмысшы-қызметкерлерге еңбекақы төлеу үшін кассаға 500 (бес жүз) мың теңге алынды.
Бұл жағдайда есеп айырысу шоты бабындағы сома 500 (бес жүз) мың теңгеге азайса, касса деп аталатын баптың сомасы 500 (бес жүз) мың теңгеге артады. Баланстың активі мен пассиві арасындағы теңдік өзгермейді.
Екінші түріне жатқызылатын шаруашылық операциялары бухгалтерлік баланстың тек қана пассив бөліміне әсер етеді. Актив бөлімінде өзгеріс болмайды. Бұл жағдайда пассив бөліміндегі бір бап қандай да бір сомаға азайып, екінші бап тура сондай сомаға артады. Ал пассивтің жалпы сомасы мен баланстың сомасы ешқандай өзгеріске ұшырамайды.
Мысалы, ұйым өзінің жабдықтаушы-мердігерлердің алдындағы 700 (жеті жүз) мың теңге қарызын банк мекемесіне алынған несие арқылы қайтарды делік.
Бұл уақытта кәсіпорынның бухгалтерлік балансындағы жабдықтаушы-мердігерлермен есеп айырысу деп аталатын бабындағы сома 700 (жеті жүз) мың теңгеге азайып, ал банк несиесі бабындағы сома 700 (жеті жүз) мың теңгеге артады. Ал баланстың активі мен пассиві арасындағы теңдік өзгермейді.
Үшінші түріне жатқызылатын операциялардың жоғарыда аталған екі түрден айырмашылығы, бұл операциялар барысында баланстың активі мен пассиві бірдей сомаға артады. Яғни бұл жағдайда операция әсерінен баланстың актив бөліміндегі бір баптың сомасы қандай да сомаға көбейсе, пассив бөліміндегі баптың да сомасы осындай сомаға артады.
Мысалы, жабдықтаушы-мердігерлерден кәсіпорынға 200 (екі жүз) мың теңгенің материалдары келіп түсті.
Бұл
уақытта ұйымның бухгалтерлік балансындағы
жабдықтаушы-мердігерлермен есеп айырысу
деп аталған бабындағы сома және
материалдар деп аталған
Баланс баптарының сомасына әсер ететін шаруашылық операцияларының төртінші түрі үшінші түріне жатқызылатын операцияларға ұқсас болып келеді. Бұл уақытта да баланстың актив және пассив жағындағы баптары бір уақытта бірдей сомаға өзгереді. Айырмашылығы – үшінші түрге жататын операциялар барысында баланстың жиынтық сомасы (актив және пассив бөлімдері) белгілі бір сомаға көбейсе (артса), төртінші түрге жататын операциялар әсерінен актив пен пассив бөлімдері, сондай-ақ баланстың жиынтық сомасы қандай да бір сомаға кемиді.
Информация о работе Шығындар есебінің негізі және жалпы сипаттамасы