Шығындар есебінің негізі және жалпы сипаттамасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Мая 2012 в 00:07, курсовая работа

Краткое описание

Бухгалтерлік есеп көптеген жылдар бойы басқа ғылымдар сияқты дамып, қоғамның экономикалық-әлеуметтік жағдайларына сай өзгерістерге ұшырап келе жатқан, сондай-ақ өмірде өзінің ерекшелігімен оқшауланатын ғылым болып табылады. Белгілі ғалым Б. Де Солозано осы ғылым туралы “Бухгалтерлік есеп барлық ғылымдар мен өнердің ең алдында тұрады, басқалары онсыз өмір сүре алмаса, бухгалтерлік есеп үшін олардың ешқайсысы қажет емес” – деген болса, оның әріптесі Р. А. Фаулки “Есеп – бұл барлық бизнестің тілі, яғни философиясы” – деп атаған.

Содержание работы

КІРІСПЕ………………………….………………….……………………...3
1. БУХГАЛТЕРЛІК БАЛАНСТЫҢ МӘНІ ЖӘНЕ ҚҰРАМЫ МЕН ҚҰРЫЛЫМЫ……………………………………………………………………..5
1.1 Бухгалтерлік баланс, оның мәні мен ерекшеліктері…………………..5
1.2 Баланстың теориялық негіздері, түсінігі және түрлері.........................6
1.3 Бухгалтерлік баланстың құрылымы......................................................12
2 БУХГАЛТЕРЛІК БАЛАНСТЫҢ ШАРУАШЫЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАРЫ……………………………………………………………..21
2.1 Шаруашылық операцияларына сәйкес баланс баптарының өзгеріске ұшырауы…………………………………………………………………………..21
2.2 Шаруашылық операцияларының түрлері және олардың бухгалтерлік баланстын тигізетің әсері.......................................................................................22
3. БУХГАЛТЕРЛІК БАЛАНСТЫҢ АКТИВТЕР ЖӘНЕ ПАССИВТЕР ҚҰРАМЫ.....................................................................................26
3.1 Бухгалтерлік баланстың активтер құрамы...........................................26
3.2 Бухгалтерлік баланстың пассивтер құрамы.........................................29
ҚОРЫТЫНДЫ………………….……………….………..........................35
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ………………………….………36

Содержимое работы - 1 файл

Бухгалтерлік баланыстын мәні..doc

— 383.50 Кб (Скачать файл)
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

МАЗМҰНЫ 

     КІРІСПЕ………………………….………………….……………………...3 

     1.  БУХГАЛТЕРЛІК БАЛАНСТЫҢ МӘНІ ЖӘНЕ ҚҰРАМЫ МЕН ҚҰРЫЛЫМЫ……………………………………………………………………..5

     1.1 Бухгалтерлік баланс, оның мәні  мен ерекшеліктері…………………..5

     1.2 Баланстың теориялық негіздері, түсінігі және түрлері.........................6

     1.3 Бухгалтерлік баланстың құрылымы......................................................12  

     2 БУХГАЛТЕРЛІК БАЛАНСТЫҢ ШАРУАШЫЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАРЫ……………………………………………………………..21

     2.1 Шаруашылық операцияларына сәйкес баланс баптарының өзгеріске ұшырауы…………………………………………………………………………..21

     2.2 Шаруашылық операцияларының түрлері және олардың бухгалтерлік баланстын тигізетің әсері.......................................................................................22 

     3. БУХГАЛТЕРЛІК БАЛАНСТЫҢ АКТИВТЕР ЖӘНЕ ПАССИВТЕР ҚҰРАМЫ.....................................................................................26

     3.1 Бухгалтерлік баланстың активтер  құрамы...........................................26

     3.2 Бухгалтерлік баланстың пассивтер құрамы.........................................29 

     ҚОРЫТЫНДЫ………………….……………….………..........................35 

     ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ………………………….………36 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

     КІРІСПЕ 

     Бухгалтерлік  есеп көптеген жылдар бойы басқа ғылымдар сияқты дамып, қоғамның экономикалық-әлеуметтік жағдайларына сай өзгерістерге ұшырап келе жатқан, сондай-ақ өмірде өзінің ерекшелігімен оқшауланатын ғылым болып табылады. Белгілі ғалым Б. Де Солозано осы ғылым туралы “Бухгалтерлік есеп барлық ғылымдар мен өнердің ең алдында тұрады, басқалары онсыз өмір сүре алмаса, бухгалтерлік есеп үшін олардың ешқайсысы қажет емес” – деген болса, оның әріптесі Р. А. Фаулки “Есеп – бұл барлық бизнестің тілі, яғни философиясы” – деп атаған. Бухгалтерлік есеп ұйымның қаржылық ақпаттарын өлшейтін, есептейтін және оны пайдаланушыларға жеткізіп отыратын жүйе болып табылады. Бухгалтерлік есеп басқару жүйесінде ең маңызды орындардың бірін иеленеді.

     Бұған дәлел ретінде Біріккен Ұлттар Ұйымының өткізген конференциясында “Есептей алмаған, басқара алмайды” – деген сөздің бекер айтылмағандығын атап өтуге болады. Жалпы, бухгалтерлік есеп ұйымға оның қаржылық жағдайын жоспарлау, бағалау, бақылау және талдау секілді функцияларды орындауы үшін қажет. Сонымен қатар бухгалтерлік есеп кәсіпорынның активтері мен міндеттемелері, капиталы және өндірілген өнімдері мен олардың сатылғандығы туралы ақпараттарды жинақтап көрсетеді. Тек қана бухгалтерлік есеп арқылы ұйымның табыстары мен шығындарын және шаруашылық қызметінің соңғы қаржылық нәтижесін анықтауға болады.

     Бухгалтерлік  есептің ақпараттық жүйесі қаржылық (сыртқы) және басқарушы (ішкі) есеп болып екіге бөлінеді. Басқарушы есеп кәсіпорынның қаржылық ақпараттарын ішкі пайдаланушыларға жеткізіп отыратын жүйе болса, ал қаржылық есеп жоғарыда айтылған қаржылық ақпараттарды ішкі пайдаланушылармен қатар сыртқы пайдаланушыларға жеткізіп отыратын жүйе. Яғни, басқарушы есептің мәліметін кәсіпорын басшылары қандай да бір шешім қабылдау үшін пайдаланса, қаржылық есептің мәліметін бұлармен қоса жабдықтаушы (мердігер) кәсіпорындар, банк мекемелері, салық органдары және тағы да басқалар пайдаланады. Кез келген ұйым үшін қаржылық есеп міндетті түрде жүргізілетін болса, басқарушы есептің жүргізілуі және оның тәртібі әрбір кәсіпорынның экономикалық саясатына байланысты.

       Бүгінгі таңда ел экономикасының  нарықтық жолға көшуіне байланысты  жаңа кәсіпкерлік қызметтердің  пайда бола бастауына сәйкес  бухгалтерлік есептің маңызы  мен рөлі арта түсуде. Осыған  орай бухгалтерлік есептің мазмұны  мен құрылымына өзгерістер енгізілді. Елімізде жүргізіліп отырған бухгалтерлік есеп толығымен халықаралық қаржылық есеп беру талаптарына сай орындалады. Міне осыларды ескере отырып бұрын есепші деп саналып келген бухгалтер маманы кәсіпорынның қаржылық жағдайын анықтап, бағалап, есептеп отырумен қатар кәсіпорынның алдағы уақыттағы экономикалық әл-ауқатын дамыту жолдарын жоспарлай білуі қажет. Сондықтан да кез келген елде бухгалтер мамандарын барынша білімді етіп даярлау сол елдегі ұйымдардың экономикалық жағынан тұрақты дамуына кепілдік береді.

     Стандарт  сөзі ағылшын тілінен аударғанда үлгі, норма деген мағынаны білдіреді. Ал бухгалтерлік есеп стандарттары дегеніміз  кәсіпорындағы есеп жұмысын дұрыс  жүргізудің және құжаттарды дұрыс толтырудың ережесі болып табылады. Әрбір  осындай ереже бухгалтерлік есептің әдістері мен тәсілдерін, мәні мен мағынасын және терминалогиясын анықтайды. Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беру стандарттарының қай-қайсысының болмасын өз мақсаты, қолданылу аясы (орны), анықтамасы, қолданысқа (күшіне) енген уақыты және мазмұны болады.

     Бухгалтерлік  есепке тән негізгі принциптердің  мәні мен маңызын түсінбей тұрып, ұйымдар қызметін басқару мен  ұйымдастыру жөнінде шешім қабылдау мүмкін емес. Сондықтан, экономикалық тұрғыдан тиімді шешім қабылдау үшін, бухгалтерлік есеп шоттарын жүргізу мен бұларды өз орындарына қарай дұрыс қолдану, бастапқы құжаттар айналысын заңды түрде ұйымдастыру, есеп жүйесінде қолданылатын әдістемелерді сабақтастықпен пайдалану жолдарын және халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттағы талаптарын білген жөн.

     Бухгалтерлік  есепті реформалауда жасалған тұжырымдама  міндетерінің бірі – ішкі ақпараттық жүйе арқылы кәсіпорынды басқаруды  жетілдіру болып табылады. Тиімді басқару принциптері мен есепті ұйымдастырудың жаңа амал – тәсілдерінің негізі ретінде Қазақстанда іс-әрекет етушіге неғұрлым жақын еуропалық құрылым алынды.

     Нарықтық  экокномика ресурстың барлық материалдық, еңбек және қаржылық түрлерін ұтымды пайдалануды көздейді, олар кәсіпкерлік  іс - әрекеттің күтілетін нәтижесін  қамтамасыз етуі тиіс. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

     1.  БУХГАЛТЕРЛІК БАЛАНСТЫҢ МӘНІ ЖӘНЕ ҚҰРАМЫ МЕН ҚҰРЫЛЫМЫ 

     1.1 Бухгалтерлік баланс, оның мәні мен ерекшеліктері 

     Баланс  сөзі латын тілінен аударылғанда теңдікті, теңдестікті немесе қандай да бір қызметтің тараптары арасындағы қатынастың сандық көрсеткішін білдіреді.

     Ақпараттарды  баланстық жинақтау есепте, қаржы-шаруашылық қызметті талдауда, басқару шешімдерін негіздеу мен қабылдау үшін, кәсіпорындардың, ұйымдардың нарық экономикасында бағыт  алуы үшін кеңінен қолданылады.

     Баланстың негізінде кәсіпорында бар қорлар, олардың жағдайы туралы, құрамы мен орналасуындағы өзгерістер, сондай-ақ олардың пайда болу көздері туралы мәліметтер алады. Бұл мәліметтер белгілі бір күнге жалпы ақшалай көрсеткіштермен берілген.

     Сонымен, бухгалтерлік баланс кәсіпорынның мүлкін ақшалай бағамен белгілі бір сәтке екі топпен: орналасуы мен пайдалануы бойынша және олардың пайда болу көздері бойынша жалпылай көрсетудің әдісі болып табылады.

     Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 3.03.94 ж. №10-4/1143 хатына сәйкес кәсіпорындар мен ұйымдар меншік нысаны мен қызметінің түрлеріне қарамастан тоқсан сайын есепті кезең аяқталған бойда 30 күннен кешіктірілмей бухгалтерлік балансты жасайды.

     Сыртқы  түрі бойынша бухгалтерлік баланс кесте  болып көрінеді де, оның сол жақ  бөлігінде мүліктер құрамы мен орналасуы бойынша, яғни баланс активі көрсетіледі. Оң жақ бөлігінде осы мүліктердің қалыптасу көздері, яғни баланс пасиві көрініс табады.

     Актив пен пассив жиынтықтарның арасында теңдік болуы тиіс. Мұның өзі баланстың  активі мен пассиві қорлардың сол бір ғана жиынтығын екі түрлі топтарда көрсетілетіндігімен түсіндіріледі.

     Баланстық бап бухгалтерлік баланстың негізгі  элементі болып табылады. Ол мүліктердің  қалыптасу көздеріне сәйкес келеді.

     Кәсіпорын мүлкінің жекелеген түрлерін, оның пайда болу көздерін, міндеттемелерін сипаттайтын баланс активі мен пассивінің көрсеткіші (жолы) бухгалтерлік баланстың бабы деп аталады. Бухгалтерлік балансты жасаған кезде бұл баптар топқа,  топтар - бөлімдерге бірігеді. Бірігу олардың экономикалық мағынасына орай жүзеге асырылады. Баптардың ерекшеліктері:

     - активтік баптар шаруашылық қорларын құрамы, орналасу және пайдаланылуы бойынша, ал пассивтік баптар олардың пайда болу көздері бойынша көрсетуге қызмет етеді;

     - активтік баптар барлық материалдық құндылықтарды, ақша ресурстарын, берешектерді, ал пассивтік баптар – меншікті капиталды, кәсіпорынның қарыздарын көрсетеді.

     Баланс-брутто және баланс-нетто деген бар. Қазіргі  кезде халықаралық бухгалтерлік стандарттардың талаптарына сәйкес белгіленген баланс нысаны пайдаланылады, мұның өзі баланс-неттоға сай келеді.

     Баланс-брутто түрлі ғылыми зерттеулер үшін пайдаланылады.

     Бухгалтерлік  баланс-неттоның активінде екі бөлім, пассивінде үш бөлім бар.

Актив:                                          Меншікті капитал мен міндеттемелер:

I. Ұзақ мерзімді активтер             I. Меншікті капитал (Акционерлік капитал)

II. Ағымдағы активтер                 II. Ұзақ мерзімді міндеттемелер

                                                   III. Ағымдағы міндеттемелер  

     Баланстың активі мен пассиві бойынша жиынтықтар баланс валютасы деп аталады. Баланс активі мен пассивінің аталып өткен әрбір бөлімінде тиісті баптар болады.

     Баланс-неттода  бірқатар баптар ашық түрде көрсетіледі. Мысалы, «Материалдық емес активтер», «Негізгі құралдар» баптары бойынша бастапқы құны, тозу және қалдық құн көрсетіледі.

     Баланс-неттоның актив валютасына материалдық емес активтердің, негізгі құралдардың  қалдық құндары ғана енгізіледі.  
 

     1.2 Баланстың теориялық негіздері, түсінігі және түрлері

      

     Бухгалтерлік есептің негізгі және басты міндетінің, атқаратын қызметі мен функциясының бірі - пайдаланушыларға кәсіпорынның мүлкі және қаржылық жағдайы туралы ақпараттық мәліметтерді дер кезінде, яғни уақтылы жеткізіп беріп отыру. Осындай акпараттык мәліметтің негізгі қайнар көзі болып - бухгалтерлік баланс табылады.

        Бухгалтерлiк есеп теориясында  баланс дегенiмiз қаржы есеп  жүйесін жүргізудің  негізгі әдiстерiнiң  бiрi болып саналады. Оның ерекшелiгi  сол арнайы баланс кестесi арқылы  кәсiпорындар мен фирмалардың мүлкiн және оның қаржылану қорларын экономикалық негiзiне сәйкес топтау арқылы көрсетуi.

     Ерте  кезде баланс- (баланс кестесi) бiрден бiр ғана есеп жүргiзу әдiсi болған. Барлық шаруашылық құбылыстар сол баланс кестесiне тiркелiп, есеп нәтижесi баланс арқылы қорытындыланып отырған. Оның есеп жүргiзуге қолайлы болғаны сөзсiз, әсiресе  қоғамдық өндiрiстiң дамуына байланысты баланстың жаңа, жетiлдiрiлген түрлерi пайдаланылып отырды.

     Кәсiпорынды  басқарудағы табыстылық нәтижесi негiзiнен  осы кәсiпорынның мүлкi мен оның қандай көздерден құралғандығын көрсететiн шынайы әрi толық мәлiметтерге байланысты екенi даусыз. Бұл мәлiметтердi салыстыруда аталған мәлiметтер жалпылай ақшалай көрсеткiштер түрiнде нақты бiр датада көрсетiлуi тиiс, бiрақ мүлiктiң құрамын, оның қандай көздерден құралғанын толықтай зерттеу үшiн мiндеттi түрде оларды топтастыру қажет. Бұл аталғандарды бухгалтерлiк баланстың көмегiмен алуға болады.

     Бухгалтерлiк  баланста шаруашылық құралдарын құрамы бойынша және өндiрiстiк шаруашылық қызметi барысындағы рөлiн ақшалай бағалайтын нақты топтастыру әдiсi бар. Баланс бойынша кәсiпорын үшiншi бiр тұлға алдында өз мiндеттемелерiн орындай ала ма, әлде оған қаржылық қиындықтар туындап отыр ма, осы жағын анықтай алады. Баланс арқылы кәсiпорынның есептiк кезең iшiндегi соңғы қаржылық қорытындысын анықтауға болады. Сол анықталғандар бойынша кәсiпорынның одан әрi қаржылық және материалдық қорларды сақтай алу және оны көбейту жолын жорамалдайды.

Баланстағы  берiлгендердiң негiзiнде кез келген кәсiпорынның оперативтi қаржылық жоспары құрылады, алынған кiрiске сәйкес ақшалай қаржылардың қозғалысына бақылау жасалады. Бухгалтерлiк балансты құрудың негізгі көзі

Информация о работе Шығындар есебінің негізі және жалпы сипаттамасы