Шығындар есебінің негізі және жалпы сипаттамасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Мая 2012 в 00:07, курсовая работа

Краткое описание

Бухгалтерлік есеп көптеген жылдар бойы басқа ғылымдар сияқты дамып, қоғамның экономикалық-әлеуметтік жағдайларына сай өзгерістерге ұшырап келе жатқан, сондай-ақ өмірде өзінің ерекшелігімен оқшауланатын ғылым болып табылады. Белгілі ғалым Б. Де Солозано осы ғылым туралы “Бухгалтерлік есеп барлық ғылымдар мен өнердің ең алдында тұрады, басқалары онсыз өмір сүре алмаса, бухгалтерлік есеп үшін олардың ешқайсысы қажет емес” – деген болса, оның әріптесі Р. А. Фаулки “Есеп – бұл барлық бизнестің тілі, яғни философиясы” – деп атаған.

Содержание работы

КІРІСПЕ………………………….………………….……………………...3
1. БУХГАЛТЕРЛІК БАЛАНСТЫҢ МӘНІ ЖӘНЕ ҚҰРАМЫ МЕН ҚҰРЫЛЫМЫ……………………………………………………………………..5
1.1 Бухгалтерлік баланс, оның мәні мен ерекшеліктері…………………..5
1.2 Баланстың теориялық негіздері, түсінігі және түрлері.........................6
1.3 Бухгалтерлік баланстың құрылымы......................................................12
2 БУХГАЛТЕРЛІК БАЛАНСТЫҢ ШАРУАШЫЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАРЫ……………………………………………………………..21
2.1 Шаруашылық операцияларына сәйкес баланс баптарының өзгеріске ұшырауы…………………………………………………………………………..21
2.2 Шаруашылық операцияларының түрлері және олардың бухгалтерлік баланстын тигізетің әсері.......................................................................................22
3. БУХГАЛТЕРЛІК БАЛАНСТЫҢ АКТИВТЕР ЖӘНЕ ПАССИВТЕР ҚҰРАМЫ.....................................................................................26
3.1 Бухгалтерлік баланстың активтер құрамы...........................................26
3.2 Бухгалтерлік баланстың пассивтер құрамы.........................................29
ҚОРЫТЫНДЫ………………….……………….………..........................35
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ………………………….………36

Содержимое работы - 1 файл

Бухгалтерлік баланыстын мәні..doc

— 383.50 Кб (Скачать файл)

     Активтер  - бұл дара кәсіпкер немесе мекеме өткен оқиғалар нәтижесінде бақылап отырған, болашақта экономикалық пайда алу күтілетін ресурстар. Активте жасалған болашақ экономикалық пайда - бұл мекемеге ақша қаражатының және олардың баламасының түсуіне тікелей немесе жанама ықпал ету мүмкіндігі. Ақшалай қаражатгың мұндай түсімдері активтерді пайдалану немесе сату салдарынан болуы мүмкін. Бұл түсім мекеменің негізгі қызметінің бөлігі ретінде көрсетіледі.

     Мекеменің активтері оларды сатып алу немесе жасау және басқа өткен    оқиғалардың    нәтижесінде,    сондай-ақ   ақысыз түсудің нәтижесінде пайда облады. Көп активтердің экономикалық (физикалық) нысаны (негізгі құралдар, тауарлық материалдық қорлар және т.б.)   бар болуы мүмкін, бірақ физикалық нысан активті анықтамайды. Мысалы, материалдық емес активтер (патенттер, тауарлық белгілер және т.б.), сондай-ақ дебиторлық қарыздар да активтер болып табылады, егер мекеме келешекте олардан экономикалық пайданың құйылуын күтсе және олар оның бақылауына алынса.

     Активтердің болуын айқыңдаған кезде меншік құқығы міндетті болып табылмайды. Мысалы, жалдау құқығында иеленген мүлік, егер мекеме осы мүліктен түседі деп күтілетін пайданы бақылайтын жағдайда актыв болып саналады.

     Активтерге, сондай-ақ қаржылық инвестициялар, ақшалай қаражатгар және т.б жатады. Активтер өнімді (жұмысты, тауарды, қызметті өткізуге) өндіру және өткізу үшін, өндірісті басқаруға және басқа да мақсаттарға пайдаланылады.

     Міндеттемелер - бұл дара кәсіпкердің немесе мекеменің өткен оқиғалардан туындайтын мойнында тұрған міндеттері, оны реттеу экономикалық пайданы қамтитын ресурстардың шығып қалуына әкеп соғады. Мысалы, негізгі құралдарды, тауарлық-материалдық қорларды сатып алу және қызметтерді қабылдау ақысы төленуге тиісті есеп айырысу шоттарының пайда болуын тудырады (егер тек олардың ақысы алдын-ала төленбесе немесе төленуі белгіленіп қойылмаса ғана), қарыздар (кредиітер) алу оларды қайтару міндеттемесін тудырады.

     Міндеттемелердің ажырамас сипаттамасы мекемеде нені болмасын, қандай да болмасын белгілі бір түрде әрекет ететін немесе қолданатын міндеттемелердің бар болуы болып табылады. Міндеттемелер қандай да болмасын заңды тұлғадан шыққан, сол сияқты тәжірибеден (практикадан) алынған болуы мүмкін. Занды міндеттемелер міндетті шарттан немесе заңдамалық шарттан шығады және мәжбүрлі тәртіппен орындалуы мүмкін. Тәжірибеден (практикадан) шығатын міндеттемелер мынандай жағдайларда мекеменің іс-әрекетінен туындайтын міндеттемелер:

  • саясат немесе жеткілікті түрде нақтылы ағымдағы өтініш деп жарияланған өткен қызметтіц орныққан тәжірибесінде (практикасында) мекеме басқа тараптарға ол өзіне белгілі бір міндеттерді қабылдайтындығын көрсетсе;
  • нәтижесінде мекеме осы тараптарда өзіне қабылдаған міндеттерді орындайтындығына қатысты негізделген күтулер жасаса.

     Қолданыстағы  міндеттемелердің өтелуі, әдетте, басқа  тараптың шағымдарын қанағаттандыру үшін мекеменің экономикалық пайдаларды бейнелерін өзіне тартып отырады.

     Міндеттемелерді өтеу әртүрлі тәсілдермен:

  • ақысын төлеу;
  • өзге активтерді беру;
  • қызмет көрсету;
  • бұл міндеттерді басқа міндеттемелермен ауыстыру;
  • міндеттемелерді жеке капиталға ауыстыру арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.

     Міндеттемелер, сондай-ақ қарыз (кредит) берушінің  өзінің құқықтарынан ерекше немесе мәжбүрлі бас тартуы сияқты басқа да құралдармен өтелуі мүмкін.

     Капитал - бұл танылған міндеттемелерді танылған активтердің құнынан шегеру нәтижесінде пайда болған қалдық. Бухгалтерлік есепте және  теңгерімде (баланста) «Капитал» бөлімі кіші сыныпшаларға бөлінуі мүмкін. Мысалы, акционерлік қоғамда капитал мынандай сыныпшалар бойынша көрсетіледі: жарғылық капитал, төленбеген капитал, сатып алынған меншікті үлес құралдары, эмиссиялық кіріс, резервтік капитал, бөлінбеген пайда, қорытынды пайда.

     Бухгалтерлік теңгерімдегі (баланстағы) капиталдың мөлшері активтер  мен міндеітемелердің құнын бағалауға байланысты болады және мекеменің қаржылық тұрақтылығын көрсетеді.

     Әдеттегіндей,     капиталдың    жалпы     көлемі     қоғамның акцияларының жалпы нарықтық құнына немесе сомасына сирек тура келеді, соңғы таза активтерді бөлшектеп немесе қолданыстағы мүліктік кешенді барлық мекеме ретінде сатудан алынуы мүмкін.

     Бухгалтерлік  теңгерімде (баланста)   активтер мен міндеттемелер қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді болып сыныпталады. Мекеме жоғарыда аталған Халықаралық қаржы есепті лігінің стандартына сәйкес тікелей теңгерімдегі (баланстағы) жеке бөлімдер ретінде, қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді активтер мен қысқы мерзімді және ұзақ мерзімді міндеттемелерді ұсынуға міндетті, бұған өтімділік негізінде бөлу сенімді әрі неғұрлым мәнді болып табылатын осындай ақпарат бсру реттері кірмейді. Осы ерекшілік қолданылған кезде барлық активтер мен міндеттемелер міндетгі түрде тұтас алғанда олардың өтімділігіне қарай ұсынылуға тиіс.

     Қабылданған ұсынуқа қарамастан, өтелуі немесе орнын толтыру теңгерім (баланс) күнінен кейін он екі айдаң аспайтын және теңгерім (баланс) күнінен кейін он екі айдаң асатын мерзімнің ішінде күтіліп отырған соманы біріктіретің активтер мен міндеттемелердің осындай әрбір желілік бабы бойынша мекеме өтелуі немесе орнын толтыру он екі айдан астам мерзім өткеннен кейін күтіліп отырған соманы ашып көрсетуге міндетті.

     Активтер  мен міндеттемелерді өткізудің  күтіліп отырған мерзімдері туралы ақпарат мекеменің өтімділігі мен төлем қабілетін бағалау үшін пайдалы. 32 - «Қаржы құралдары -ақпаратты ашу және беру» ІАS Халықаралық қаржы есептілігінің стандарты қаржы активтері мен қаржы міндеттемелерін өтеу күндері туралы ақпараттың ашып көрсетілуін талап етеді. Қаржы активтері сауда және  басқа да дебиторлық берешекті қамтиды, ал қаржы міндеттемелері сауда және басқа да кредиторлық берешекті қамтиды. Босалқылар мен бағалау міндеттемелері сияқты ақшалай емес активтер мен міндеттемелердің орнын толтырудың және өтеудің есептеу күндері туралы ақпаратта, активтер мен міндеттемелер қысқа мерзімді және  ұзақ мерзімді болып бөліну-бөлінбеуіне қарамастан, пайдалы.

     Теңгерімде   (баланста)   жеке   жолмен   көрсетілген   және ақшалай шаққандағы активтердің, капитал мен міндеттемелердің әрбір элементі (түрі) теңгерімнің (баланстың) баптары деп аталады. Теңгерімнің (баланстың) актив пен пассивтің баптары мекеменің  теңгерім   (баланс)   жасау   күніне   иелігінде   болған.

     Мүліктердің жеке түрлері мен олардың қалыптасу көздерінің күйін көрсетеді.

     Бухгалтерлік  теңгерім (баланс) және  қаржылық есептіліктің басқа нысандарын толтыру үшін негіздеме болып Бас кітап немесе «Бас кітап» машинограммадан алынған жинақтамалы шоттардың дебеті және  кредиті бойынша есепті кезеңнің басындағы және  соңындағы қалдықтар (сальдо) және  оралымдары есептеліп шығарылады.

     Теңгерімнің (баланстың) активтері мен пассивтерінің  баптарының құрылымы белгілі қағидаттарға (принциптерге) бағынышты. Активтердің баптары өтімділік дәрежесіне қарай өтімділіксізден (негізігі құралдар, материалдық емес активтер, және  т.б.) анағүрлым өтімділігі бар (тауарлық-материалдық қорлар, ақшалай қаражаттары және  т.б.) қарай орналасқан. Өтімділік дәрежесі теңгерімнің (баланстың) активтерінің ақшалай қаражаттарға айналдыру жылдамдығын сипаттайды. Аталған қағидатқа (принципке) сәйкес теңгерім (баланс) активтерінің баптары екі бөлімге біріктірілген:

     1. «Қысқа мерзімді активтер»

     2. «Ұзақ мерзімді активтер»

     Қысқа мерзімді активтер. Актив, егер мынадай өлшемдердің кез-келгенін қанағаттандырса, міндетті түрде айналымдық актив ретінде сыныпталуға тиіс:

  • оны өткізу көзделсе, не ол кәсіпорынның әдеттегі операциялық кезеңінің барысында сатуға немесе пайдалануға арналса;
  • ол негізінен сауда мақсаттарына арналса;
  • оны есепті күннен кейін он екі ай ішінде сату ұйғарылса;
  • ол ақшалай қаражаттар немесе ақшалай қаражаттардың баламалары нысанында болса, бұған есепті күннен кейін, ең болмағанда, он екі айдың   ішінде қандай   да болсын міндеттеменің орнын толтыру үшін оны айырбастауға немесе пайдалапуға тыйым  салынған реттер кірмейді.

     Қалған  активтердің барлығы міндетті түрде ұзақ мерзімді активтер ретінде сыныпталуға тиіс.

     1. «Қысқа мерзімді активтер» бөлімі мекеменің ағымдағы қаржылық - шаруашылық қызметін жүргізу үшін арналған өзі өтімді (тауарлық-материалдық қорлар, дайын өнім және т.б.) және жоғары өтімді қаражаттарды (алдағы кезеңдердің шығындары, дебиторлық берешек, қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар және ақшалай каражаттар) біріктіреді.

     «Ақшалай қаражаттар» бабы бойынша келесі шоттарда есепке алынған ақшалай қаражаттары қалдықтарының жалпы сомасы көрсетіледі: 1010 «Кассадағы ақша қаражаты», 1020 «Жолдағы ақша қаражаты», 1030 «Ағымдағы банктік шоттардағы ақша қаражатыр, 1040 «Карт-шоттардағы ақша қаражаты», 1050 «Жинақ шоттарындағы ақша қаражаты», 1060 «Өзге ақша қаражаты».

     «Қысқа мерзімді қаржылық инвестщиялар» бабы бойынша мекеменің басқа мекеменің құнды қағаздарын (акциялар мен облигацияларын сатып алу); мемлекеттік және жергілікті   органдардың   облигацияларын;   бірлескен   қызмет туралы келісім-шарт бойынша салымдар ретінде еңгізілген ақшалай қаражаттар мен мүліктер; басқа мекемелерге берілген қарыздары көрсетіледі. Жаңа жылдың 1 каңтарына жай-күйі бойынша теңгерімнің (баланстың) осы бабы түгендеудің нәтижелерімен расталуы керек. Қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар бухгалтерлік есептің келесі шоттарында есепке алынады: 1110 «Қысқа мерзімді ұсынылған қарыздар», 1120 «Саудаға анралған қысқа мерзімді қаржы активтері», 1130 «Өтеуге дейін ұсталынатын қысқа мерзімді инвестициялар», 1140 «Сату үшін қолда бар қысқа мерзімді қаржы инвестициялары», 1150 «Өзге қысқа мерзімді қаржы инвестициялары».

     «Қысқа мерзімді дебиторлық берешек» бабы бойынша келесі шоттарда есепке алынған мекемеге берешегінің жалпы сомасы көрсетіледі: 1210 «Сатып алушылар мен тапсырысшылардың қысқа мерзімді дебиторлық берешегі», 1220 «Еншілес ұйымдардың қысқа мерзімді дебиторлық берешегі», 1230 «Қауымдастырылған және бірлескен ұйымдардың қысқа мерзімді дебиторлық берешегі», 1240 «Филиалдар мен құрылымдың бөлімшелердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі», 1250 «Қызметкерлердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі» 1260 «Жалдау бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек», 1270 «Алуға арналған қысқа мерзімді сыйақылар», 1280 «Өзге қысқа мерзімді дебиторлық берешек».

     «Қорлар» бабы бойынша келесі шоттардағы материалдық құндылықтардың қалдыктарының нақты өзіндік құны көрсетіледі: 1310 Шикізат және материалдар», 1320 «Дайын өнім», 1330 «Тауарлар», 1340 «Аяқталмаған өндіріс», 1350 «Өзге қорлар».

     «Ағымдағы салық активтері» бабы бойынша келесі шоттарда есепке алынған салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер көрсетіледі: 1410 «Корпорациялық табыс салығы», 1420 «Қосылған құн салығы», 1430 «Өзге салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер»

     «Сатуға арналған үзақ мерзімді активтер» бабы бойынша келесі шоттарда есепке алынған сатуға арналған ұзақ мерзімді акгивтердің қалдықтары көрсетіледі: 1510 «Сатуға арналған ұзақ мерзімді активтер», 1520 «Сатуға арналған істен шығатын топ».

      «Өзге қысқа мерзімді активтер» бабы бойынша келесі шоттарда есепке алынған берілген қысқа мерзімді аванстардың қалдығы, мекеменің осы есепті жылда жасаған, бірақ келесі жылға жатқызылатын шығыстары және басқа да қысқа мерзімді активтердің қалдықтары көрсетіледі: 1610 «Берілген қысқа мерзімді аванстар», 1620 «Алдағы кезеңдердің шығыстары», 1630 «Өзге қысқа мерзімді активтер»

     I «Қысқа мерзімді активтер» бөлімінің барлық баптары толтырылғаннан кейін бөлімнің жиынтық сомасы есептеледі.

     II «Ұзақ мерзімді активтер» бөлімінде мекеменің ұзақ уақыт қарамағында болған және ұзақ мерзім бойында пайдаланған келесі мүліктер, мүліктік және жеке мүліктік емес игіліктер мен құқықтар көрсетіледі:

  • ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар;
  • ұзақ мерзімді дебиторлық берешек;
  • үлестік қатысу әдісімеп есепке алынатын инвестициялар;
  • инвестициялық жылжымайтын мүліктер;
  • негізгі құралдар;
  • биологиялық активтер;
  • барлау және бағалау активтері;
  • материалдық емес активтер;
  • кейінге қалдырылған салықтық активтер;
  • басқа да ұзақ мерзімді активтер.

     «Ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар» бабы бойынша келесі шоттарда есепке алынған мекеменің басқа мекемелердің бағалы қағаздары мен акцияларына салынған ұзақ мерзімді қаржылар туралы деректер көрсетіледі: 2010 «Ұзақ мерзімді берілген қарыздар», 2020 «Өтеуге дейін ұсталатын ұзақ мерзімді инвестициялар», 2030 «Сату үшін қолда бар ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар», 2040 «Өзге ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар».

Информация о работе Шығындар есебінің негізі және жалпы сипаттамасы