Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Апреля 2012 в 20:40, курсовая работа
Қай саладағы кәсіпорындар мен ұйымдар болмасын өз қызметі барысында басқа заңды және жеке тұлғалармен қарым-қатынас жасайтындығы белгілі. Сол уақыттардағы операциялардың барлығы дерлік ақшамен есеп айырысу арқылы жүргізіледі десек қателеспейміз. Ал ақша арқылы есеп айырысу белгілі бір заңға сәйкес жүргізілуді қажет етеді. Біздің елімізде қызмет ететін кәсіпорындар мен ұйымдар ақшалармен есеп айырысу операцияларын. ҚР Ұлттық банкі Басқармасының 1993 жылғы 23 шілдедегі №24 хаттамасымен бекітілген «ҚР х/ш касса операцияларын жүргізудің уақытша тәртібіне» сәйкес жүзеге асырылады.
КІРІСПЕ................................................................................................................3
І - бөлім. КӘСІПОРЫНДАР МЕН ҰЙЫМДАРДЫҢ КАССАЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАРЫНЫҢ ЕСЕБІ......................................................................4
1.1 Касса операцияларының есебі.......................................................................4
1.2 Кассалық операцияларды тексеру.................................................................10
ІІ - бөлім. КАССАНЫ ЖӘНЕ КАССАЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАРДЫ ТЕКСЕРУ............................................................................................................11
2.1 Кассаны және кассалық операцияларды тексеру.......................................11
2.2 Ақшалардың қозғалысының ішкі аудиті.....................................................15
ІІІ - бөлім. АҚША ҚАРАЖАТТАРЫ ҚОЗҒАЛЫСЫНА ЕСЕП БЕРУДІ ТАЛДАУ..............................................................................................................17
3.1 «Молшылық» компаниясының ақша қаражаттары қозғалысының есебіне талдау.....................................................................................................................17
ҚОРЫТЫНДЫ......................................................................................................24
ҚОСЫМША..........................................................................................................25
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.................................................................28
Комиссия төрағасы бас бұхгалтер_____________________
Комиссия мүшелері: шару.меңг. ______________________Иванова В.И.
Актіде көрсетілген ақша, ақшалай қаражат сенің жауапты сақтауымда тұрғанын растаймын.
Материалды жауапты адам:_________________________
«15» 07 2008 ж.
Артық немесе кем шығу себептерін түсіндру______________________
______________________________
Материалды жауапты адам__________________________
Ұйым басшысының шешімі________________________
______________________________
______________________
Қолы
«15» 07 2008ж.
Комиссия төрағасы ______________ _________ ________________
Комиссия мүшелері:
Акт ұйым кассасында тұрған ақшалай құжаттардың, ақшаның бар-жоғын түгендеу нәтижелерін еөрсету үшін қолданылады. Комиссия ұйым кассасындағы тұрған ақшалай құжаттарды, барлық ақшаны түгел қайтадан есептеу жолымен ақшаның бар болуын тексереді. Акт екі дана болып жасалады және түгендеу, комиссиясы мен материалдарға жауапты адам қол қояды. Бір данасы ұйым бұхгалтериясына беріледі, екіншісі материалдық жауапкершілікті адамда қалады. Түгендеу басталғанға дейін ақша , ақшалай қаражаттардың сақталуы үшін жауап беретін материалдарға жауапты адамнан қолхат алынады. Қолхат форманың тақырыптық бөлігіне кірген. Материалдарға жауапкер адам құжаттарды тапсырған материалдарға жауапты (қолма-қол ақшаны, ақшалай қаражаттарды тапсырған материалдарға жауапты адамға, ақшаны, ақшалай қаражаттарды қабылдаған материалдарға жауапты адамға және бұхгалтерияға).
Түгендеуді өткізгенде мыналарды тексеру қажет: кассирмен толық материалдық жауапкершілік туралы шарт жасалды ма немесе одан «Кассирдің міндеттемесі» алынды ма, кассаеың жарақтандырылуы сейф кілтінің көшірмелері сақталатын талаптарға сай ма?
Мысалы. Кассаны түгендегенде 150 теңге артық шығу табылды, бұл жағдайда кірістік кассалық ордер жазылады және олар мынадай жазбалармен рәсімделеді.
1111 «Кассадағы ақша қаражаты» шот дебеті
4127 «Негізгі емес қызметтен басқа табыстар» шот кредиті 150 теңге.
Егер кассаны түгендеу кезінде 5000 теңге кем шығу табылса, мұндай жағдайда:
- анықталған кем шығу сомасына шығындық кассалық ордер жазылады
1129 «Басқа да дебиторлық берешек»
1010 «Кассадағы ақша қаражаты» шот кредиті 5000 теңге. кем шығу кассир есебіне қойылды.
2.2 Ақшалардың қозғалысының ішкі аудиті
Кәсіпорындар мен ұйымдардағы ақшалардың қозғалысын ішкі бақылаудың қажеттілігі:
а) активтердің түгелдігін бақылау үшін;
ә) кәсіпорынның қаржылық саясатпен сәйкестігін қамтамасыз ету үшін;
б) бұхгалтерлік есепте көрсетілген деректердің сенімділігін қамтамасыз ету үшін және тағы да басқа жағдайларға байланысты.
Ақшалар және басқа да өтімділігі жоғары активтерге ішкі бақылау жасаудың қатал жүйесі қаржылық есепті ұйымдастырушылар үшін ақшалармен олардың баламаларына (эквиваленттеріне) жүргізілген бақылаулар дәл және сенімді ақпарат болып табылатындығына сенімділіктерін арттырады (ұлғайтады). Ақшалардың сақталуын қамтамасыз ету, яғни оны қорғау көптеген кәсіпорындар мен ұйымдардың ең маңызды мәселесі болып табылады. Ақшаларды жасыру немесе оны ұрлау өте оңай, өйткені олардың белгілі бір белгілеріжоқ және тез айырбасталады (конвертизацияланады). Кәсіпорындар мен ұйымдарда ақшаларға ішкі бақылау жасау мынадай функцияларды жүзеге асыруы, яғни атқаруы қажет:
- ақшалардың жеке есебін жүргізу мен бөлек сақталуын бақылау;
- қолма-қол есеп айырысу негізінде жүргізілген операциялардың есебін бақылау;
- кассада тек қана күнделікті қажетті мөлшерде ақша сақтау;
- касса қалдығын белгіленген мерзімде уақтылы тексеру;
- табыс әкелмейтін ақшалардың қайтарылуын қамтамасыз ету;
- ақшалардың сақталуына жеке тұлғаның жауап беруі;
Ақшалардың келіп түсуін бақылау кез келген кәсіпорындар мен ұйымдарда түрлі операцияларды орындауға және пайдалануға байланысты жүргізіледі. Есеп айырысуды қолма-қол жүргізу, орындалған операцияларды тіркеп жазып отыру және оны ақша қалдығымен салыстыру, сондай-ақ ақшамен есеп айырысуды белгілі бір адамға міндеттеу ақшалардың ұрлануын, орындалған операциялар үшін толтыратын құжаттардың толтырылуында қателіктердің жіберілуін болдырмайды. Ұрлықтар мен қателіктер болғанның өзінде олардың саны азаяды. Ақшалардың үздіксіз және тұрақты банк шоттарына келіп түсуін басынан бастап бақылау мақсатымен есептеу және тіркеп жазу жұмысы үшін жауапты адам тағайындау мыналарды қажет етеді:
-кешіктірмей уақытында есептеу;
- кешіктірмей уақытында жазу;
- алынған ақшаларды дер кезінде депоненттеу.
Ақшаларды басқару функциялары мен оны тиісті құжаттарға тіркеп жазу функцияларының жүзеге асырылуына үздіксіз бақылау жасау ұйымның кассалық операцияларына күнделікті қабылданатын және касса арқылы төлемдер жүргізілетіндігі туралы есепті құрайды.
Кәсіпорындар мен ұйымдар өздерінің ақшаларының жұмсалуын бақылау мақсатымен басқа заңды және жеке тұлғаларға ақша төлеу барысында арнайы үлгідегі құжаттар белгілі тәртіп бойынша толтырылған жағдайда ғана төлем жүргізуге болатындығын белгілейді. Кәсіпорындар мен ұйымдар өзінің ақшаларын банк мекемесінде сақтауға тиіс екендігін бұның алдында айтып кеткен болатынбыз. Бұл бір жағынан кәсіпорындар мен ұйымдар үшін ақшаларының қозғалысын бақылаудың маңызды әдісі болып табылады және оның мынадай артықшылықтыры да бар:
-Ақшаларының түгелдігіне, сақталуына банк мекемесі толығымен жауап береді.
-Банк мекемесінің тарапынан ақшалардың жеке есебі жүргізіледі.
-Бұл жерде сақталатын ақшалардың ұрлану қаупі (мүмкіндігі) кәсіпорындар мен ұйымдардың өзінде сақталатын ақшаға қарағанда төмен.
ІІІ - бөлім.АҚША ҚАРАЖАТТАРЫ ҚОЗҒАЛЫСЫНА ЕСЕП
БЕРУДІ ТАЛДАУ
3.1 «Молшылық» компаниясының ақша қаражаттары қозғалысының есебіне талдау
«Молшылық» компаниясының реквизиттері
СТН № 582000027863. Астана қаласындағы «Центркредит» банкіде №002609819 есеп айырысу шоты бар. Кәсіпорының мекен-жайы: Астана қаласы Абай көшесі №50 үй.
Директордың аты-жөні –Утегенова Р.К.:
Бас бухгалтердің аты-жөні – Нақипова А.С.
Кәсіпорын сауда және коммерциялық-делдалдық қызметпен айналлысады. 2006 жылы ұйымдастырылып өзінің жұмысын бастады.
І.Кәсіпорын 2006 жылы ұйымдастырылып жұмыстың бастағанынан жылдың 1 қаңтарына кіріспе баланс 2000000 тенге болады.
ІІ.2006-2009 жылдары компанияда қаржылық және шаруашылық операциялар жасалды:
А) «Молшылық» компаниясының белгілі бір жағдайдағы міндеттерді шешу жолдары:
31.12.09 ж. «Молшылық» компаниясының бухгалтерлік балансы
Бап атауы | Есептік кезеңнің басында | Есептік кезеңнің соңында |
1 | 2 | 3 |
Активтер |
|
|
Ағымдық активтер |
|
|
Ақшалай қаражат | 48000 | 80000 |
Қысқа мерзімді инвестициялар | 150000 | 138000 |
Алу шоты | 78000 | 70000 |
Тауарлы-материалдық қорлар | 133000 | 167000 |
Алдағы кезең шығыстары | 28000 | 24000 |
Ағымдық активтердің қорытындысы | 437000 | 479000 |
Ұзақ мерзімді активтер |
|
|
1 | 2 | 3 |
Негізгі құрал-жабдықтар | 528000 | 766000 |
Тозу(жинақталған амортизация) | 91000 | 125000 |
Ұзақ мерзімді активтердің қорытындысы | 437000 | 641000 |
Барлық активтер | 874000 | 1120000 |
Міндеттемелер |
|
|
Ағымдағы міндеттемелер |
|
|
Төлеу шоты | 30000 | 73000 |
Төлемге арналған ағымдағы табыс салығы | 28000 | 26000 |
Есептелген шығыстар | 32000 | 35000 |
Ағымдағы міндеттемелердің қорытындысы | 90000 | 134000 |
Ұзақ мерзімді міндеттемелер |
|
|
Төлем облигациялары | 268000 | 318000 |
Ұзақ мерзімді міндеттемелердің қорытындысы | 268000 | 318000 |
Міндеттемелердің қорытындысы | 358000 | 452000 |
Меншікті капитал |
|
|
Жай акциялар | 223000 | 323000 |
Қосымша төленген капитал | 138000 | 138000 |
Бөлінбеген табыс | 155000 | 207000 |
Қорытындысы | 516000 | 668000 |
Барлық міндеттемелер мен меншікті капитал | 874000 | 1120000 |
«Молшылық» компаниясының 1.01.09 –інен бастап 31.12.09 ж. аралығындағы кезеңде кірістер мен шығыстар туралы есеп беру түрі
Тауарларды (жұмыс, қызмет) сатудан түскен табыс | 800000 |
Өткізілген тауарлардың (жұмыс, қызмет) өзіндік құны | 500000 |
Жалпы табыс | 300000 |
Өткізу бойынша шығыстар және жалпы әкімшілік шығыстары, барлығы | 170000 |
оның ішінде негізгі құрал-жабдықтардың амортизациясы бойынша шығыстар | 36000 |
Сыйақы төлеу бойынша шығыстар | 46000 |
Сыйақы түріндегі табыс | 20000 |
Құнды қағаздарды сатудан түскен табыс | 18000 |
Негізгі құрал-жабдықтарды өткізуден түскен табыс | 5000 |
Салық салынғанға дейінгі таза табыс | 127000 |
Табыс салығы байынша шығыстар | 20000 |
Салық салынғаннан кейінгі таза табыс | 107000 |