Кассалық операциялар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Апреля 2012 в 20:40, курсовая работа

Краткое описание

Қай саладағы кәсіпорындар мен ұйымдар болмасын өз қызметі барысында басқа заңды және жеке тұлғалармен қарым-қатынас жасайтындығы белгілі. Сол уақыттардағы операциялардың барлығы дерлік ақшамен есеп айырысу арқылы жүргізіледі десек қателеспейміз. Ал ақша арқылы есеп айырысу белгілі бір заңға сәйкес жүргізілуді қажет етеді. Біздің елімізде қызмет ететін кәсіпорындар мен ұйымдар ақшалармен есеп айырысу операцияларын. ҚР Ұлттық банкі Басқармасының 1993 жылғы 23 шілдедегі №24 хаттамасымен бекітілген «ҚР х/ш касса операцияларын жүргізудің уақытша тәртібіне» сәйкес жүзеге асырылады.

Содержание работы

КІРІСПЕ................................................................................................................3
І - бөлім. КӘСІПОРЫНДАР МЕН ҰЙЫМДАРДЫҢ КАССАЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАРЫНЫҢ ЕСЕБІ......................................................................4
1.1 Касса операцияларының есебі.......................................................................4
1.2 Кассалық операцияларды тексеру.................................................................10
ІІ - бөлім. КАССАНЫ ЖӘНЕ КАССАЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАРДЫ ТЕКСЕРУ............................................................................................................11
2.1 Кассаны және кассалық операцияларды тексеру.......................................11
2.2 Ақшалардың қозғалысының ішкі аудиті.....................................................15
ІІІ - бөлім. АҚША ҚАРАЖАТТАРЫ ҚОЗҒАЛЫСЫНА ЕСЕП БЕРУДІ ТАЛДАУ..............................................................................................................17
3.1 «Молшылық» компаниясының ақша қаражаттары қозғалысының есебіне талдау.....................................................................................................................17
ҚОРЫТЫНДЫ......................................................................................................24
ҚОСЫМША..........................................................................................................25
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.................................................................28

Содержимое работы - 1 файл

КАССА ОПЕРАЦИЯЛАРЫНЫ.doc

— 325.50 Кб (Скачать файл)


.

 

Жоспар:

 

КІРІСПЕ................................................................................................................3

 

І - бөлім. КӘСІПОРЫНДАР МЕН ҰЙЫМДАРДЫҢ КАССАЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАРЫНЫҢ ЕСЕБІ......................................................................4

1.1 Касса операцияларының есебі.......................................................................4

1.2 Кассалық операцияларды тексеру.................................................................10

 

ІІ - бөлім. КАССАНЫ ЖӘНЕ КАССАЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАРДЫ ТЕКСЕРУ............................................................................................................11

2.1 Кассаны және кассалық операцияларды тексеру.......................................11

2.2 Ақшалардың қозғалысының ішкі аудиті.....................................................15

 

ІІІ - бөлім. АҚША ҚАРАЖАТТАРЫ ҚОЗҒАЛЫСЫНА ЕСЕП БЕРУДІ ТАЛДАУ..............................................................................................................17

3.1 «Молшылық» компаниясының  ақша қаражаттары қозғалысының есебіне талдау.....................................................................................................................17

 

ҚОРЫТЫНДЫ......................................................................................................24

ҚОСЫМША..........................................................................................................25

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.................................................................28

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                     КІРІСПЕ

 

                Қай саладағы кәсіпорындар мен ұйымдар болмасын өз қызметі барысында басқа заңды және жеке тұлғалармен қарым-қатынас жасайтындығы белгілі. Сол уақыттардағы операциялардың барлығы дерлік ақшамен есеп айырысу арқылы жүргізіледі десек қателеспейміз. Ал ақша арқылы есеп айырысу белгілі бір заңға сәйкес жүргізілуді қажет етеді. Біздің елімізде қызмет ететін кәсіпорындар мен ұйымдар ақшалармен есеп айырысу операцияларын. ҚР Ұлттық банкі Басқармасының 1993 жылғы 23 шілдедегі №24 хаттамасымен бекітілген «ҚР х/ш касса операцияларын жүргізудің уақытша тәртібіне» сәйкес жүзеге асырылады.

Кәсіпорындар мен ұйымдарда ақшалар арқылы есеп айырысу операцияларының есебін жүргізгенде мыналарды басшылыққа алу керек:

-         ақшалар арқылы есеп айырысу операцияларын толық және уақтылы дер кезінде есептеу;

-         кәсіпорындар мен ұйымдардағы ақшалардың түгелділігін және олардың тиімді пайдаланылуын бақылау;

-         есеп айырысу, төлеу тәртібін бақылау, кәсіпорын ақшаларының кіріске алынуы мен шығыс етілуін дұрыс есептеу.

Тақырыптың өзектілігі: қазіргі кезде ақшалар қозғалысын басқару қаржы нарығының күрделілігіне байланысты маңызды мәселе болып саналып отыр. Кәсіпорындар мен ұйымдардың ақшалары олардың кассасындағы, есеп айырысу және валюталық шоттарындағы ақшаларынан, аккредитивіндегі ақшаларынан, чектеріндегі ақшаларынан, банктегі арнаулы шоттарындағы ақшаларынан, сондай-ақ аударылған жолдағы ақшаларынан құралады. Кәсіпорындар мен ұйымдардың бухгалтерлік балансындағы ақшаларының қалдығы деп аталатын бабында осы жоғарыда аталған ақшалар шоттарындағы ақшалардың барлық қалдығының жиынтық сомасы жазылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І - бөлім. КӘСІПОРЫНДАР МЕН ҰЙЫМДАРДЫҢ КАССАЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАРЫНЫҢ ЕСЕБІ

 

1.1 Касса операцияларының есебі.

 

Әрбір кәсіпорындар мен ұйымдардың, шаруашылық субъектілерінің қолда бар нақты ақшалай қаражаттарын сақтайтын өздерінің кассасы болуы керек. Касса арнайы жабдықталған, яғни едені мен төбесінен ешқандай адам кіре алмайтындай етіп жабылған, терезесі мен есігіне темірден тор қойылған және дыбыстық белгі беретін қондырғылар орнатылған, өрттен  сақталатындай түрлі материалдармен қапталып жасалған бөлмеде орналастыруды қажет етеді. Кассадағы нақты ақша қаражаттары кассирдің мөрі сургуч арқылы басылып жабылатын сейфте немесе темір шкафта сақталынуы тиіс. Бұл сейфтің кілті мен сургуч басатын мөр кассирде, ал кілттің екінші данасы белгіленген ыдысқа салынып, аузы жабылып, кассирдің мөрі басылып,  кәсіпорын, яғни субъектінің басшысында сақталады. Кассир жұмыс күнінің соңында кассаның тиісті жерлеріне (есігіне) мөр таңбасын басып, күзетшіге тапсыруы тиіс. Кассадағы ақшаның түгелділігіне жұмысқа деген немқұрайдылық пен салақтық салдарынан кәсіпорынның, субъектінің шеккен зардабына, әдейі қастандықпен немесе арам ниетпен істелген әрекет негізінде кәсіпорынға, ұйымға келтірілген шығындарға касса қызметкері, яғни кассир толық жауап береді. Кәсіпорындар мен ұйымдарда, субъектілерде кассирлік жұмысқа қызметкердің тағайындалғаны, орналасқаны жайлы бұйрық шыққаннан кейін касса қызметкерін касса операцияларымен таныстырып, кәсіпорын яғни шаруашылық субъектімен кассир арасында жеке материалдық жауапкершілікке келісім-шарт жасалуы керек.

Кәсіпорын, мекеме немесе ұйым өздерінің есеп айырысу шотынан нақты ақшаны сол есеп айырысу шоты ашылған банк мекемесі берген чек кітапшасы арқылы ғана ала алады. Банк мекемесінен нақты ақша алу үшін кәсіпорынның, ұйымның, яғни субъектінің касса қызметкері чек кітапшасындағы парақты толтырады. Бұл чек парағын толтыру барысында чекке алынғалы отырған, яғни кәсіпорынның, ұйымның, суъектінің жұмсауға тиісті нақты ақша қаражаттарының сомасы және бұл соманың қандай мақсатқа жұмсалатындығы жазылып көрсетілуі тиіс. Толтырылған чекке кәсіпорынның, ұйымның, яғни субъектінің бас бұхгалтері және басшысы қол қойып, осы субъектінің мөрі басылады. Барлық толтыруға тиісті ақпараттар толтырылмағанша, чекке қол қоюға болмайды. Сонымен қатар чекке лауазымды адамдардың, яғни қол қоюға тиісті адамдардың қолы қойылмаса (біреуінің қолы қойылмаған жағдайда), мөр басуға рұқсат етілмейді. Кәсіпорынның, ұйымның яғни қандай да болмасын шаруашылық субъектінің касса қызметкері банк мекемесінен нақты ақша аларда банк бақылаушысының қатысуымен ақшаны санап алуы тиіс. Сонымен қатар банк мекемесінен алынған нақты ақша сол алынған күні кәсіпорынның, субъектінің кассасына кіріске алынуы ерек. Ол үшін кәсіпорынның, субъектінің касса қызметкері, яғни кассир кассалық кіріс ету ордерін толтырып, содан соң оны кассалық кітапқа жазуы керек. Жалпы касса операцияларының есебі  1010-«Кассадағы ақша қаражаты»   онда кассадағы ұлттық және шетел валюталарымен ақша қаражатының қозғалысы есепке алынады. Кәсіпорындар мен ұйымдардың, яғни шаруашылық субъектілердің кассадағы ұлттық валюта  түріндегі нақты ақша қаражаттарының кірісі мен шығысының (қозғалысының) есебі Қазақстан Республикасы Ұлттық банк мекемесі бекіткен кассалық операциялар есебін жүргізудің тәртібіне сәйкес жүргізілуі тиіс. Кәсіпорынның, субъектінің  кассасына  қолма-қол нақты ақшаны кіріске алу, қабылдау үшін бас бұхгалтердің немесе ол сенім білдірген адамның кассалық кіріс ету ордеріне қол қоюы керек және де ақша төлеген адамға осы толтырылған кассалық кіріс ету ордерінің квитанциясы беріледі. Осы нақты ақшаны кассаға қабылдау барысында  толтырылатын кассалық кіріс ету ордеріне кәсіпорынның, ұйымның, субъектінің аты, ақша төлеуші адамның немесе субектінің аты-жөні қандай мақсатқа  және не үшін ақша төлеп жатқандығы, сол төленген уақыты (күні, айы, жылы) жазылып, кассир мен бас бұхгалтердің қолдары қойылуы қажет. Кәсіпорынның, ұйымның, яғни субъектінің кассасынан нақты ақша кассалық шығыс ету ордері немесе тиісті үлгілі түрде дайындалған басқа да ақша төлеу ведомостары, сондай-ақ кәсіпорынның, ұйымның бас бұхгалтері мен басшысының  қолдары қойылған ақша алу үшін жазылған өтініштер, шоттар және тағы басқа құжаттар бойынша беріледі. Бұл  құжаттарға  кассалық ордердің реквизиті көрсетілген штамп басылуы керек. Егер кассалық шығыс ету ордеріне қоса тіркелген құжаттарда шаруашылық субъектінің басшысының «рұқсат етемін» деген жазуы және қолы қойылған болса,  онда кассалық шығыс ету ордеріне оның қол қоюы аса қажет болып саналмайды. Субъектінің кассасынан адамдарға кассалық шығыс ету ордері бойынша ақша берген  кезде касса қызметкері нақты ақша алушы адамның төл құжатын немесе өзін куәландыратын басқа да құжаттарын көрсетуді талап етеді. Сонымен қатар касса қызметкері осы көрсетілген құжаттарда берілген, яғни жазылған деректерді нақты  ақша алушы адамның аты-жөнін, құжатының номерін және ол құжатты кім бергендігін, қай уақытта берілгендігін  кассалық шығыс ету ордеріне жазуы керек. Кассадан нақты  ақша алушы адамдар кассалық шығыс ету ордеріне алып  жатқан соманың теңгедегі бөлігін жазумен, ал тиынын сандармен көрсетеді. Кассалық кіріс ету ордері және оның квитанциясы, сондай-ақ кассалық шығыс ету ордері  және оның орнына жүретін немесе оған қосымша тіркелетін құжаттарды, кәсіпорынның, яғни субъектінің бухгалтерия  қызметкерлері сиямен немесе шарикті қаламсаппен анық етіп толтырулары керек. Бұл құжаттарды өзгернтуге олардағы сандармен әріптерді түзетуге, өшіруге ешқандай рұқсат етілмейді. Кассалық кіріс ету және кассалық шығыс ету ордерлерін немесе олардың орнына жүретін құжаттарды кассаға берместен бұрын бұхгалтерия қызметкерлері  тіркеу журналына тіркеп жазады. Кәсіпорындар мен ұйымдарда  жұмысшы-қызметкерлерге жәрдемақы, сыйақы, еңбекақы  төлеу үшін төлеу едомостары қолданылады. Бұл ведомостар тіркеу журналына еңбекақы, жәрдемақы және сыйақыларды төлеп, үлестіріп болғаннан кейін ғана тіркеледі. Кассалық кіріс ету немесе кассалық шығыс ету ордерлері, сондай-ақ олардың орнына жүретін құжаттар бойынша кассаға немесе кассадан нақты ақшаны қабылдау немесе кассадан ақша төлеу барысында (кассир) касса қызметкері кассалық кіріс ету және кссалық шығыс ету ордерлерінің дұрыс толтырылғандығын бұл құжаттарда кәсіпорын басшысы мен кәсіпорын бас бұхгалтерінің қолдары болуын және ордерлерде көрсетілген қосымша құжаттардың түгелдігіне тексеру жүргізуге, яғни қадағалауға міндетті. Бұл операциялар орындалғаннан кейін құжаттардың тиісті жеріне касса қызметкері өз қолын қоюы керек. Касса операцияларының есебі кассалық кітапқа тіркеліп отыруы тиіс. Бұл кітапты касса қызметкері жүргізеді. Кассалық кітаптың беттері (парақтары) номерленіп және оған жіп өткізіліп, кәсіпорын басшысы мен бас бұхгалтері қолдарын қойып, куәландыруы керек. Кәсіпорынның, ұйымның кассасына келіп түскен, екіріс етілген  немесе кәсіпорынның, ұйымның кассасынан төленген, яғни шығыс етілген ақша қаражаттарының кімнен келіп түскендігін білу үшін ол операцияларға толтырылған құжаттардың номері және бұхгалтерлік жазулар, сонымен қатар кіріске алынған немесе шығыс етілген сомалар кассалық кітапқа жазылуы тиіс. Күн сайын кәсіпорынның, ұйымның касса қызметкері кассадағы нақты ақша қаражаттарының қалдығын жұмыс күнінің соңында санап және оның сомасын кассалық кітапқа жазады. Бұл кассалық  кітаптағы деректерге өзгеріс енгізуге, өшіруге, түзетуге жол берілмейді және де касса операциялары мен ондағы жүргізілетін, толтырылатын құжаттардың дұрыстығына  субъектінің бас бұхгалтері бақылау жасап отыруы керек. Кәсіпорынның, ұйымның немесе мекемелердің кассадағы шетелдік валюта түріндегі нақты ақшаларының есебі үшін өз алдына бөлек кассалық кітап ашылады. Сонымен қатар бұл жағдайда кассалық операциялар бойынша толтырылатын барлық құжаттарда кіріске алынған яғни келіп түскен және де шығыс  етілген, кассадан төленген ақша қаражаттарының сомасы шетел валютасымен де және сол күнгі баға (курс) бойынша ұлттық валютаға (теңгеге) айналдырылып та жазылады.

Мысалы: кәсіпорындардың сатып алушысы болып табылатын заңды тұлға 2008 жылдың 25 тамзында алған тауарлары үшін 5000 (бес мың) АҚШ доллары көлемінде кәсіпорынның кассасына ақша төлеген (сол күнгі доллардың теңгеге шаққандағы бағамдық айырмашылығы 119-ға тең) деп алатын болсақ бұхгалтерлік есепте мынадай жазу жазылады:

Д-т: Касса                                                        $5000  (595000 тг)

К-т: Тауарларды сатудан алынған табыс     $5000  (595000тг)

Мұндағы 595000 тг = 119 х 5000.

1010 «Кассадағы ақша қаражаты»  деп аталатын шот бойынша жүргізілетін операциялардың есебі: кредиті бойынша номері бірінші журнал-ордерде, ал дебеті бойынша осы журнал-ордерлердің ведомосында жүргізіледі. Яғни кассаның кірісі бойынша операциялар №1 санды журнал-ордердің ведомосында, ал шығысы бойынша операциялар №1 санды журнал-ордердері есептелініп жүргізіледі.

 

Кассалық кіріс ету ордерінің үлгісі:

 

ККК фирмасы

Ұйымның аты-жөні.

№55 кассалық кіріс ету ордері

25 03 2008ж.

Күні, айы, жылы

 

ККК фирмасы

Ұйымның аты-жөні

№55 кассалық кіріс ету ордеріне квитанция

25 03 2008ж.

Күні, айы, жылы

Кімнен қабылданды:

Алматы сауда қаржы банкісінен

Қандай мақсатқа: іс сапар шығын-дары үшін

сомасы жазумен: бір миллион теңге 00 тиын.

Бас бұхгалтердің қолы:                  Д.Нұрхан

Касса қызметкерінің қолы:            А.Актуова

25.03.2008жыл.

Мөртаңба орны

Коррес

понден-

циялау-

шы шот

Талда-

малық

есеп

коды

Төле-

нетін

сома

Мақ-

саттық

коды

1010

 

77

1000000

7

Кімнен қабылданды:

Алматы сауда қаржы банкісінен

сомасы жазумен: бір миллион теңге 00 тиын

Бас бұхгалтердің қолы:         Д.Нұрхан

Касса қызметкері қолы:      А.Актуова

ККК фирмасы

Ұйымның аты-жөні

№60 кассалық шығыс ету ордері

25 03 2008ж.

Күні, айы, жылы

Корреспонденциялаушы шот

Талдамалық есеп коды

Төленетін сома

Мақсаттық коды

1250

77

10000

7

Берілсін: Аманкелдиев Қанатқа

Қандай мақсатқа: іссапары үшін аванс ретінде

Сомасы (жазумен) он мың теңге 00 тиын.

Ұйым басшысының қолы:                                                   А.Алипбаев

Бас бұхгалтердің қолы:                                                         Г.Сагымбекова

Алдым: Он мың теңге 00 тиын. 25.03.2009ж.                  К.Аманкелдиев

Құжат: 1999 жылы 5 тамызда ҚР ІІМ берген жеке куәлік.

Касса қызметкерінің қолы:                                                    А.Актуова

 

 

 

Касса кітабының үлгісі.                                        Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің

                                                                                                      2004 ж 19 наурыздағы №128 бұйрығымен бекітілді

_______________________                                                          №КО-4 типтік формасы

                  ұйым 

промпоровлрво

 

 

 

 

 

КАССАЛЫҚ КІТАП

_____________2008ж.

Бұл кітапта _______ бет нөмірленген, жіппен қайымдалып, мөрленген.

М.О.                                           Ұйым басшысы ______________________

                                                                                               қызметі

                                                      ________________   _________________

                                                                                   қолы                                       қолды анықтау

                                                                        Бас бұхгалтер   ______________________

                                                                                               қызметі

                                                      ________________   _________________

                                                                                   қолы                                       қолды анықтау

Информация о работе Кассалық операциялар