Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Декабря 2011 в 11:35, курсовая работа
Басқаруға қажетті ақпарат тек дәстүрлі міндеттерді шешуге жол ашып қана қоймай, мынадай жағдайлардың экономикалық салдарларын болжауға мүмкіндік береді:
өнімді ары қарай шығарудың мақсатқа сәйкестілігін;
өнімнің ең ұтымды, қолайлы бағаларын белгілеу;
шығарылатын өнімнің ассортиментін оңтайландыру;
жұмыс істеп тұрған технология мен станок паркын жаңартудың мақсатқа сәйкестілігін;
КІРІСПЕ....................................................................................................................2-3
1 ӨНДІРІСТІК ШЫҒЫНДАР ЕСЕБІНІҢ ТҮСІНІГІ, ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ КАЛЬКУЛЯЦИЯЛАУ БІРЛІКТЕРІ МЕН ӘДІСТЕРІ ЖӘНЕ ӨНІМНІҢ ӨЗІНДІК ҚҰНЫН КАЛЬКУЛЯЦИЯЛАУ
1.1 Өндірістік шығындар есебінің түсінігі, түрлері және калькуляциялау бірліктері...................................................................................................................4-8
1.2 Өндірістік шығындар есебінің әдістері және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау.......................................................................................................8-18
2 КАЛЬКУЛЯЦИЯ БАПТАР БОЙЫНША ӨНДІРІСТІК ШЫҒЫНДАР ЕСЕБІ
2.1 Еңбек ақы бойынша өндірістік шығындар есебі.........................................19-21
2.2 Материалдық шығындар есебі......................................................................21-25
2.3 Үстеме шығындар есебі.................................................................................20-27
ҚОРЫТЫНДЫ......................................................................................................34-36 ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..........................................................37-38
Жекелеген
цехтардың аяқталған өнімі
Шалафабрикаттар талдамалық есепте прейскуранттық бағалар бойынша, ал олар болмаған жағдайда-іс жүзіндегі құнының прейскуранты немесе есеп айырысу бағалары бойынша есепке алынуы мүмкін, ал олардың ауытқулары (+,-) жеке талдамалық шоттарда бөліп көрсетіледі [19].
Аяқталмаған өндірісті бағалау және есептеу. Өндеудің барлық түрінен өтпеген және техникалық бөлім де, тапсырыс беруші де қабылдап алмаған аяқталмаған жұмыстар аяқталмаған өндіріске жатқызылады, ал олар бойынша жұмсалған шығындар аяқталмаған өндіріске жұмсалған шығындарды құрайды. Аяқталмаған өндірістегі шалафабрикаттың қозғалысы бойынша сандық жедел есебін диспетчерлік-жоспарлау бөлімі, ал оның ақшалай түріндегі есебін кәсіпорынның бухгалтериясы жүргізеді.
Бұл есеп аяқталмаған өндірісте тұрған материалдардың, тораптар мен бөлшектердің жұмыстарын қадағалау және сақталу жағдайын, дайын өнім мен аяқталмаған өндіріс арасындағы шығындардың аражігін дұрыс ашуды; шалафабрикаттардың белгіленген жиынтықта болуына бакылау жасауды; аяқталмаған өндірістің кем шығуы мен артық шығуын, ақау мен өнімнің бөлімшелерде бұлінуін анықтауға және тиісті шотқа жататынына байланысты оларды есептен шығарып тастауға арналған.
Өндірісте детальдарды есепке алу бөлшектік-операциялық және бөлшек деп аталатын екі кағида бойынша бөлінеді.
Жеке өндірісте цехтардағы бөлшектердің жылжуы және олардың бір цехтан екінші цехқа берілуі есепке алу операциялары бойынша жүргізіледі. Бұл мақсат үшін маршруттық парақтар мен арнаулы карточкалар пайдаланылады, Жаппай өнім шығаратын және ірі сериялық өнімдер шығаратын өндірістерде цехтар бойынша аяқталмаған өндірістің қозғалысын егжей-тегжейлі есепке алу жүйесі қолданылады. Бұл үшін карточкалар немесе ведомостар ашылады, онда өндірісте бұйымдардың шығарылғаны, бұйымдардың ақауы, жоғалуы және бұлінуі туралы мәліметтер болады. Дайындау цехтарында өндірісте жатқан бөлшектердің саны өнімді есепке алу деректері бойынша анықталады.
Бөлшектердің қозғалысын есепке алуды жеңілдету мақсатымен олардың цехтан екінші цехқа берілуін бір айлық карталар арқылы жүзеге асырады, ал бөлшектерді құрастыруға босату үшін — жинақтаушы ведомостар бойынша рәсімдеуге болады; жаппай өнім шығаратын өндірістерде бір ай ішінде құжаттарсыз-ақ ай соңында жедел есептеу мәліметтерінің негізінде жинауға босатылған бөлшектерді кадағалауға болады.
Аяқталмаған өндірістегі қалдықтар былай бағаланады:
- шығындарды
толығымен дайын өнімге
- дайындық дәрежесін ескере отырып, тікелей шығындардың барлық баптары бойынша шығыс нормаларын негізгі ала отырып, қосымша және жалпы әкімшілік шығындар қабылданған базалық пайызы бойынша таратудың арқасында анықтайды.
Тоқыма
өнеркәсібінде аяқталмаған
Жеке-дара
өндірістегі аяқталмаған
Кесте-3 ҚБЕС негізінде өнім өндірісіне шыққан шығындар есебінің шоттар корреспонденциялары
№ | Операциялардың мазмұны |
дебет | кредит | |
1 | 2 | 3 | 4 | |
1 | Негізгі өндіріске
материалдар босатылды. |
8011 | 1310-1315,1317 | |
2 | Негізгі өндірістік жұмысшыларға еңбекақы есептелінді. | 8012 | 3350 | |
3 | Өндірістік жұмысшылардың еңбегін өтеу қорынан ақша аударылды. | 8013 | 3150 | |
4 | Негізгі өндіріс шығындарына қосымша шығыстар кіргізілді. | 8014 | 8040 | |
5 | Негізгі өндіріс шығындары жинақталып, қорытылады. | 8010 | 8011,8012,8013,
8014 | |
6 | Ай басындағы бітпеген өндірістің шығындары негізгі өндірістің шығындарына кіргізілді. | 8010 | 1340 | |
7 | Ай соңындағы бітпеген өндірістің шығындары негізгі өндірістің шығындарынан шығарылды. | 1340 | 8010 | |
8 | Дайын өнім өндірістен шығып, қоймаға тапсырылды (өндірістік өзіндік құнмен). | 1340 | 8010 | |
Қосымша шығыстар есебі. | ||||
9 | Материалдар босатылды. | 8041 | 1310-1315,1317 | |
10 | Негізгі өндірістік жұмысшыларға еңбекақы есептелінді. | 8042 | 3350 | |
11 | Өндіріс жұмысшыларының еңбегін өтеу қорынан ақша аударылды. | 8043 | 3150 | |
12 | Негізгі құрал-жабдықтарды жөндеу шығындары. | 8044 | 3220,1310,
1315,1317,3430, 3150 | |
13 | Материалдық емес активтердің амортизациясы. | 8045 | 2740,2421-2428 | |
14 | Коммуналдық қызмет сомасына . | 8046 | 3310 | |
15 | Жал төлемі есептелді. | 8047 | 3210 | |
16 | Басқадай қосымша шығыстар жасалды. | 8048 | Әр түрлі | |
17 | Қосымша шығыстардың өзіндік құны есептелді. | 8040 | 841-8048 |
Кесте-4 ХҚЕС негізінде өнім өндірісіне шыққан шығындар есебінің шоттар корреспонденциялары
№ | Операциялардың мазмұны |
дебет | кредит |
1 | 2 | 3 | 4 |
1 | Жұмысшы-қызметкерлерге
еңбекақы, сыйақы және басқа да төлемдер
есептелінді:
|
8013 8032 8042 7440 7110 8040 |
3350 3350 3350 3350 3350 3350 |
2 | Жұмысшыларға
кезекті демалыс ақысын есептеу:
|
8040 3350 |
3350 3140 |
3 | Жұмысшы-қызметкерлерге есептелген зейнетақы қорына ұсталынатын сомаға | 3350 | 3190 |
4 | Жеке тұлғаларға есептелген еңбекқыдан ұсталынатын табыс салығы сомасына | 3350 | 3190 |
5 | Жұмысшылардың еңбекақысынан, сот органдарының шешіміне сәйкес орындалатын құжат бойынша ұсталынған сомаға | 3350 | 3390 |
6 | Жұмысшылардың еңбекақысынан олардың есеп беруі бойынша ұсталынатын сомаларына | 3350 | 1250 |
7 | Бұлінген материалдық- |
3350 | 6280 |
8 | Есептелген, бірақ белгіленген мерзімде таратылмаған, депоненттелген еңбекақы (алушының келмеуіне байланысты) | 3350 | 3440 |
9 | Жұмысшы-қызметкерлерге кассадан төленген еңбекақы, сыйақы, жәрдемақы және зейнетақы сомасына | 3350 | 1010 |
10 | Лауазымды тұлға болып саналатын жұмысшылар мен қызметкерлерге есептелген төлемдер | 7210 | 3350 |
11 | Лауазымды тұлғаларға есептелген еңбекақыдан ұсталған табыс салығы сомасы | 3350 | 3230 |
12 | Лауазымды тұлғаларға есептелген еңбекақы сомасы кассадан төленді | 3350 | 1010 |
13 | Жұмысшылардың алдағы уақыттардағы демалыс ақылары үшін есептелген резерв сомасына | 8013,8023,
8033,7210 |
3350 |
14 | Есептелген әлеуметтік салық сомасы | 7210,8012, | 3140 |
Қайнар көзі: В.Л. Назарова, М.С. Жапбарханова, Д.А. Фурсов, С.Д. Фурсова Басқару есебі, Алматы: Экономика,- 2005.- 112-114б. |
ҚОРЫТЫНДЫ
Өндірістің
шығын есебі мен калькуляциясы
басқару есебі жүйесінің
Өнімдік өзіндік құнына қандай шығындар кіретініне байланысты Қазақстанда әдетте оның мына түрлерін атап көрсетеді:
Өнім (жұмыс, қызмет) бірліктерінің өзіндік құнының есеп жүйесі калькуляциялау деп аталады.
Калькуляциялау объектісіне (шығын шығарушы) - өткізуге арналған кәсіпорынның өнім (жұмыс, қызмет) түрлері жатады. Оның іріктемесі калькуляциялау процесінің алдында жүреді.
Кез келген ұйымда калькуляциялау белгілі бір принциптерге сәйкес жүзеге асырылады:
Шығын есебі объект бойынша калькуляциялаудың тапсырыстық әдісін, қайта бөлу әдісін, процестік әдісін бөліп көрсетеді.
Шығын есебінің және калькуляциялаудың тапсырыстық әдісі өзгеше өнімді өндіргенде немесе өнімге тапсырыс бойынша өндірісте қолданылады. Ол, әдетте, өндірісті бір тұрпатпен ұйымдастыратын кәсіпорындарда, сондай-ақ ұсақ сериялы кәсіпорындарда, қүрылыста және қызмет көрсету саласында қолданылады.
Өнім өндіру мен калькуляциялау шығын есебінің басқа бір нұсқасы - өзіндік құндардың толық емес есебі. Нақты қандай шығындар өзіндік құнға кіретіні туралы бірыңғай тәсілдеме жоқ. Өзіндік құнға тікелей шығындар да, өзгермелі шығындар да, өндірістік шығындар да кіруі мүмкін. Алайда, өзіндік құнға әр түрлі шығындар түрліше толық боп кіруіне қарамастан, жалпы алғанда, ағымдағы шығындардың бір бөлігі ескерілмейді және калькуляцияланбайды, ол залалсыздық нүктесіне жеткенге шейін ұдайы шығынды білдіретін, ал жеткеннен кейін салық салынғанға дейінгі пайда (операциялық пайда) деп саналатын маржиналдық табыс есебінен орны толтырылады.
Тура осындай шығын «директ-костинг» жүйесінің негізіне жатады. Бұл жүйенің мәні-өзгермелі шығын дайын өнім түрлері бойынша қорытындыланады, ал үдайы шығын жеке шотқа жиналып, ол (ұдайы шығын) пайда болған есептік кезеңнің жалпы қаржылық нәтижесінің есебінен есептен шығарылады.
Толық емес өзіндік құн есеп жүйесінің артықшылығы - баға белгілеудің тиімді саясатын жүргізуге болады және есеп, жоспарлау, мөлшерлеу процестерін, сондай-ақ шығындар мен нәтижелерді бақылау мен бағалауды ықшамдауға (оңайлатуға) болады.
Шығындарды
басқарудың нормативті жүйесі өндіріске
материалдарды босату, нормалау, жоспарлау,
ішкі есеп беруді жасау, калькуляциялау,
шығын нормасы негізінде
"Стандарт-кост" жүйесі - шетелде XX ғасырдың басында қалыптасса да, біздегі отандық есептің жаңа әдісі. Бұл жүйенің мэні мынада: норма негізінде шығынды жоспарлау; норма мен нормативтерге негізделген шығындардың кұжатталуы; норма және одан ауытқу бойынша бухгалтерлік есеп шоттарында шығындарды көрсету; басқарудың әр деңгейінде ауытқуларды анықтау. Жоспарлау мен есеп объектісіне өндірістің заттай негізін кұрайтын өнім жатады.
"Стандарт-кост" жүйесін пайдалану артықшылығы - есептік жазбаларды жүргізуді үнемдеу, сондай-ақ нормативтерді ұзақ кезеңге созылатын пайдаланудағы уақыты. Бұл арада әрбір аптадағы немесе бір ай ішіндегі нақты шығындар туралы деректер арқылы өнім бірлігінің құнын есептеудің қажеттілігі жойылады. Нәтижесінде ұтымды да маңызды басқарушылық шешімді қабылдау мүмкіндігі туады.
Нақты қол жеткен нәтижені талдау нақты және жоспарлы немесе нормативті деректерді салыстыру арқылы болады. Ұйым қызметін бағалаудағы бірінші қадам ұйым қызметінің тиімділігін бақылауға көмектесетін ауытқуды анықтаудан басталады.
Ауытқу тікелей еңбек шығыны; жалпы өндіріс шығыны деп айрықшаланады.
Тікелей материал шығыны бойынша жалпы ауытқу нақты және нормативті шығындар арасындағы айырмашылык ретінде анықталады. Мұнда жалпы ауытку баға бойынша ауытқуға және сан бойынша ауытқуға жіктелуі мүмкін.
Жалпы
өндірістік шығындардың ауытқуын талдау
күрделілік деңгейіне қарай ерекшеленеді.
Алдымен өзгермелі және тұрақты жалпы
өндіріс шығындарының коэффициенттерін
пайдаланумен өндірілген өнімге салынған
нақты жалпы өндірістік шығындар мен нормативтер
арасындағы айырмашылық ретінде анықталатын
жалпы өндірістік шығындардың жалпы ауытқуы
есептеледі. Содан соң жалпы ауытқу бақылауға
алынуға және көлем бойынша ауытқуға бөлінеді.
Информация о работе Еңбек ақы бойынша өндірістік шығындар есебі