Еңбек ақы бойынша өндірістік шығындар есебі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Декабря 2011 в 11:35, курсовая работа

Краткое описание

Басқаруға қажетті ақпарат тек дәстүрлі міндеттерді шешуге жол ашып қана қоймай, мынадай жағдайлардың экономикалық салдарларын болжауға мүмкіндік береді:
өнімді ары қарай шығарудың мақсатқа сәйкестілігін;
өнімнің ең ұтымды, қолайлы бағаларын белгілеу;
шығарылатын өнімнің ассортиментін оңтайландыру;
жұмыс істеп тұрған технология мен станок паркын жаңартудың мақсатқа сәйкестілігін;

Содержание работы

КІРІСПЕ....................................................................................................................2-3
1 ӨНДІРІСТІК ШЫҒЫНДАР ЕСЕБІНІҢ ТҮСІНІГІ, ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ КАЛЬКУЛЯЦИЯЛАУ БІРЛІКТЕРІ МЕН ӘДІСТЕРІ ЖӘНЕ ӨНІМНІҢ ӨЗІНДІК ҚҰНЫН КАЛЬКУЛЯЦИЯЛАУ
1.1 Өндірістік шығындар есебінің түсінігі, түрлері және калькуляциялау бірліктері...................................................................................................................4-8
1.2 Өндірістік шығындар есебінің әдістері және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау.......................................................................................................8-18
2 КАЛЬКУЛЯЦИЯ БАПТАР БОЙЫНША ӨНДІРІСТІК ШЫҒЫНДАР ЕСЕБІ
2.1 Еңбек ақы бойынша өндірістік шығындар есебі.........................................19-21
2.2 Материалдық шығындар есебі......................................................................21-25
2.3 Үстеме шығындар есебі.................................................................................20-27
ҚОРЫТЫНДЫ......................................................................................................34-36 ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..........................................................37-38

Содержимое работы - 1 файл

курсовой по Мазбаева.doc

— 246.50 Кб (Скачать файл)

2.2 Материалдық шығындар  есебі

     Шикізаттар  мен материалдар — өнімді әзірлеу негізінде пайда болатын немесе осы әзірлеу кезінде қажетті компоненттер болып табылатын шикізат пен негізгі материалдарға жұмсалған шығындар. Осы жерде табиғи шикізаттардың құны, арнайы мамандандырылған ұйымдардың жүргізетін жер құнарлығын арттырудың шаралары көрсетіледі.

     Лимиттік-алу  карталары және талап-накладнойы жұмсалған шикізат пен негізгі материалдарды, сондай-ақ сатып алынған материалдарды өндірісте есептен шығару үшін негіз болып табылады. Осы құжаттардың деректері цехтар, калькуляция немесе есеп объектілері бойынша «Материалдардың шығыстарын тарату» деп аталатын талдамалық кестеге топтастырылады және «Цехтар бойынша шығындарының» ведомосы немесе осыған ұқсас есеп регистрлерына  жазылады.

     Көмекші материалдар  тұрақты технологиялық процестерді камтамасыз ету үшін негізгі материалдарды шығару кезінде пайдаланған көмекші материалдардың шығыны. Бұндай көмекші материалдардың құны белгіленген шығыс нормасы бойынша өнімнің өзіндік құнына енеді, ол үшін өнім бірлігіне есептелген сметалық мөлшерлемесі пайдаланылады. Шығыс нормасы мен бағасы өзгеретін болса, аталған мөлшерлеме қайта қаралуы мүмкін. Көмекші материалдардың нақты шығысы әрбір өнімнің өзіндік құнына, тауарлы өнімге және аяқталмаған өндіріске сметалық мөлшерлеме бойынша пропорциональды түрде таратылады [15].

     Қайтарылған қалдықтарбұл негізгі, көмекші және қосалқы өндірістердің қалдығы.

     Өнімнің өзіндік құнына кіретін материалдық  ресурстарының шығыстарына кайтарылған  өндіріс қалдықтарының құны қосылмайды.

     Қайтарылған қалдықтар болып: материалдар, шикізаттар, шалафабрикаттар, жылуды сақтайтын материалдар т.б. материалдық ресурстары-саналады, бірақ олар өзінің сапасын, тұтыну қасиетін жоғалтуына байланысты тікелей өз арналымдары бойынша пайдаланбауы мүмкін. Белгіленген технологияга сәйкес өнімнің басқа түрін өндіру үшін толық қанды материал ретінде берілген материалдық ресурстар калдыққа жатпайды. Сондай-ақ қалдыққа ілеспе өнімдері де жатпайды, олардың тізімі шығындарды есепке алу және өнімнің өзіндік құнын есептен шығару әдістерінде белгіленген.

     Қайтарылған қалдықтар келесі тәртіпте бағаланады:

- егер  де қалдықтарды негізгі өндіріс  мұқтаждығы үшін, бірақ өнім азайтылып  шығарылса немесе қосалқы өндіріс  мұқтаждығы үшін, сондай-ақ кеңінен  тұтынатын тауарларды дайындау  үшін пайдаланса, онда шикізат  пен материалдардың бастапқы  құнының төмендетілген бағасы бойынша;

-  қалдықтар  кайта өңдеуге немесе сыртқа  сатуға кетсе, олардың жинау  мен өңдеуге жұмсалған шығындарын  шегере отырып, қалдықтарға белгілеген  бағасы бойынша;

- егер  де қалдықтар шартқа сәйкес  шикізат немесе толыкқанды материалдар  ретінде пайдалану үшін сатылса, онда шикізаттар немесе материалдар бастапқы толық бағасы бойынша бағаланады [17].

     Қайтымсыз қалдықтар бағалауға жатпайды. Қалдықтарды  пайдалануды нормалау қажет, ал оларды кіріске алуға тиісінше бақылау  жасауды жолға қою керек.

     Сатып алынатын бұйымдар, шалафабрикаттар  және тараптық кәсіпорындар мен ұйымдардың өндірістік сипаттағы көрсететін қызметтеріне өнімді іріктеп жинақтауға пайдаланатын шалафабрикаттар мен сатып алынған  бұйымдарға немесе дайын өнім алу  үшін кәсіпорынның өзінде қосымша өңдеуге түсетіндерге кеткен шығындар; басқа жақтың кәсіпорындарының көрсеткен өндірістік сипаттағы кызметтеріне ақы төлеуге жұмсалатын шығындар сол өнімнің жекелеген түрлерінің өзіндік құнына тікелей жаткызылуы мүмкін, сондай-ақ материалдар мен шикізатты өңдеуге, өнімді дайындау бойынша жекелеген операцияларды орындауға және белгіленген технологиялық процестерді сақтау үшін бақылау жасауға, орталық қоймаға дейін запастарды жеткізіп беру бойынша сырт жақтың транспорттық кызметіне жұмсалатын шығындар жатады.

     Дайындау-көліктік шығыстарына шығынның келесі түрлері  жатады: жабдықтау-сату ұйымдарына төленетін  үстемелері; жүкті тасығаны үшін қосымша  кіре ақысы; субъектің қоймасына  материалдарды жеткізіп беру мен  түсіру шығыстары; дайындау орындарында  ұйымдастырылған агенттікті және қоймаларды, кеңселерді ұстау шығыстары; материалдарды тікелей дайындаумен байланысты іс-сапар шығыстары т.б.

     Технологиялық мақсатқа арналған энергия мен отындар. Өндіріс процесінде тікелей жұмсалатын энергиялар мен отындардың шығындары. Олардың шығысы есепте шикізаттар мен материалдардың шығысы сияқты көрініс табады.

     Технологиялық мақсатқа отын шығындарына кәсіпорынның өзі өндірген отындардың құны да және басқа жақтан сатып алынған отындардың құны да енгізіледі: мартен, домен пештерінде агрегаттарды балқыту үшін, металл-прокаттық, ұсталық-штампылау, престеу және басқа цехтарда қыздыру үшін, бұйымдарға технологиялық процесспен белгіленген байқау жұмыстарын жүргізу үшін т.б.

     Сондай-ақ кәсіпорынның технологиялық, двигательдік және басқа да өндірістік және шаруашылық мұқтаждарына жұмсалатын сатып алынған энергияның барлық түрлері. Кәсіпорынның өзі шығарған энергияның электрлік және басқа да түрлерін өндіруге, сондай-ақ сатып алынған энергияны оны тұтынатын жерге дейін трансформациялау мен беруге жұмсалатын шығындар тиісті шығын элементтеріне енгізіледі; табиғи кему нормалары шегінде материалдық игіліктердің кем шығуы мен бұлінуінен болған шығындар. Кәсіпорын көлігімен материалдық ресурстарды жеткізіп берумен байланысты шығындар өндіріс шығындарының тиісті элементтеріне, сондай-ақ материал ресурстарының құнына жеткізіп берушіден  материалдық ресурстармен бірге алынған ыдыстың құны оның бағасына енгізілген жағдайда жеткізіп берушілерден алынған материалдық ресурстардың ыдыстары мен бумаларын сатып алуға жұмсаған кәсіпорындардың шығындары да енгізіледі.

     Өнімнің өзіндік құнына енгізілген материалдық  шығындардан кайтымды қалдықтардың құны алынып тасталынады. Өндірістің қайтымды қалдықтары деп өнім өндіру процесінде пайда болған, бастапқы ресурстың тұтыну сапасын  толық немесе ішінара жоғалтқан және соның салдарынан көтеріңкі шығындармен пайдаланылатын немесе негізгі мақсатқа мүлдем пайдаланбайтын шикізаттар, материалдар, шалафабрикаттар, жылутаратқыштар және басқа да материалдық ресурстар түрлерінің қалдықтарын айтамыз. Өнімнің басқа түрлерін өндіру үшін толыққанды материал ретінде белгіленген технологияға сәйкес басқа цехтарға, бөлімшелерге берілетін материалдық ресурстар қалдықтары қайтарымды қалдықтарға жатпайды. Сондай-ақ, жолай алынатын өнім де қалдықтарға жатпайды, олардың тізбесі өнімнің өзіндік құнын жоспарлау, есепке алу және калькуляциялау мәселелері жөніндегі салалық әдістемелік ұсыныстарында белгіленеді [16]

2.3 Үстеме шығындар  есебі

     Үстеме  шығыстар - бұл өндірісті басқарумен және қызмет көрсетумен байланысты шығыстар, олар кешендік сипатқа ие болады, олардың кұрамында экономикалық элементтердің барлық шығындары көрініс табады.

     Бұл шығындар ай бойында белгіленген  номенклатуралық шығыс баптары  бойынша 8040 «Үстеме шығыстары» шотында көрініс табады. Әрбір цехтың өзінде дайындалған өнімге үстеме шығыстар қосылады.

Негізгі өндіріс шығындарының құрамына кіретін  үстеме шығыстарын таратқан кезде 8013 шоты дебеттеліп және 8040 шоты кредиттеледі.

     Шаруашылық  жүргізуші субъекттер өзінің есептік саясатында өндіріс ерекшеліктерін ескере отырып шығын баптарының номенклатурасына өзгерістер енгізуі мүмкін.

     Өндірісті дайындау және игеру шығыстары алғашқыда  шығыстың жалпы сомасынан алынған  өнім бірлігіне белгіленген норма  бойынша өтеледі.

     Егер  де кәсіпорында бірнеше өнім түрі өндірілетін болса, онда жаңа өндірісті игеру шығындары олардың арасына таратылады, ал тарату процесі, әдетте, негізгі өндіріс жұмысшыларының жалақысының сомасына және құрал-жабдықтарды пайдалану мен күтіп-ұстау шығыстарына пара-пар етіп жасалады. Жекелеген тапсырыстарды орындаған кезде ондірісті дайындаудың нақты шығындары сол бұйымдардың өзіндік құнына толығымен жатқызылады. Өндірістегі   барлық   шығындар   цехтардың   ведомостары   бойынша топтастырылады, онда әрбір цех үшін жеке парақтар ашылады.

     Кәсіпорынның  жұмысының тиімділігін қамтамасыз ету үшін онда көмекші өндірістер құрылған: жөндеу-механикалық; бу қазандық; автотранспорттық; олардың шығыны дайын  өнімнің өзіндік құнына келесі тәртіпте енгізіледі: жөндеу-механикалық цехының шығыны — жөндеу жұмысының түрлері бойынша; бу қазаны мен автотранспорт цехтарының шығындары — тұтынылған қызмет көлеміне сәйкес пропорционалды жолмен таратылады.

     Кәсіпорынның  есептік саясатында үстеме шығыстар құрал-жабдықты пайдалану мен күтіп-ұстау шығыстарына қатысты бөлігіне және тиесілі өнім бірлігін әзірлеу кезіндегі жұмыстың ұзақтылығына қарап таратылуы мүмкін. Жалпы үстеме шығысын тарату негізгі өндіріс жұмысшыларының жалақысының деңгейіне қарап жасалынады.

     Өндіріске кеткен шығындар цехтар бойынша «Цехтар шығындары» деп аталатын ведомоста есепке алынды, ал ол төменде келтірілген.

     Егер  де біртектес өнім шығарылатын болса, дайын өнімнің өзіндік құнының  бірлігін анықтау үшін жалпы шығын  деңгейін шығарылған өнімнің санына бөледі. Егер де кәсіпорын бірнеше өнім түрлерін шығаратын болса, онда өнім бірлігінің тікелей шығынын бастапқы құжаттардың мәліметін ескере отырып, кешендік шығыстарын таратып, содан соң өнім бірлігінің құны есептелінеді [18].

     Аяқ киім тігетін өнеркәсіп материалдардың әрбір партиясына пішу ведомосын жасайды, онда алынған күні, берілген материалдың атауы, оның сорты, терінің саны, модельдік нөмірі, сондай-ақ осы материалдың партиясынан кесіп пішілгенде шығатын, көлемі (брутто және нетто), норма уақыты және кесімді бағасы көрсетіледі.

     Брутто  көлемі — бұл терінің жалпы  көлемі, яғни жан-жағы кесілмеген көлемі. Нетто көлемі - бұл терінің таза іске жарайтын көлемі, яғни жан-жағы тегістелгеннен кейінгі қалған көлемі.

     Жинақ ведомосымен қатар материалдардың қозғалысы туралы айналым ведомосын жасайды, онда ай сайын материалдардың сорттары мен түрлері бойынша қабылданған есеп саясатының негізінде ақшалай түрінде көрсетілген нақты шығыстарды анықтайды. Материалдар шығысының жинақ және айналым ведомостары кесу және пішу цехтарының материалдықшығындарын есептеу үшін негіз болып табылады. Онда аяқ киімнің белгілі бір артикулы мен моделі бойынша жұмсалған материалдардың құны есептелінеді.

     Аяқ киімнің моделі мен артикулы бойынша  материалдардың жұмсалған нақты  саны туралы мәліметі және олардың  нормасы бойынша нақты шығысы, сондай-ақ негізгі материалдардың қозғалысын жинақтайтын ведомостан алынған пішілген жұптардың саны да өндірістік-калькуляциялық есеп беруіне енеді. Жұмсалған материалдардың құны нақты өзіндік құны бойынша анықталады және ол осы есеп беруге материалдардың қозғалысы туралы жасалған айналым ведомосынан көшіріліп жазылады. Одан әрі пішілген таза көлемнің 1дм2 құнын есептейді, содан соң модельдер бойынша пішілген құнын анықтайды, ал осы модельдің таза көлемін 1 дм2 құнына көбейту жолымен табады. Технологиялық мақсаттарға арналған көмекші материалдардың шығысы, мысалға: желім, фурнитура, химикаты, бояу, жіп т.б. әрбір аяқкиімнің өзіндік құнына жатқызылады. Егер де бұндай жатқызу тәсілі мүмкін болмаса, онда олар әрбір өнімнің түрі бойьшша олардың сметалық мөлшерлемесіне көмекші материалдарға белгіленген норма бойьшша пропорционалды түрде таратылады.

     Олар  ай сайын пішу картасының негізінде  жинақ ведомосын жасайды, онда жұмысшының өндірген өнімі кесімді бағасы бойынша  көрсетіледі. Материалдар мен жалақы шығындары барлық цехтар бойынша жинақталады. Алғашқы құжаттардың негізінде жинақталып анықталған материалдар мен жалақының шығындарын шығарылған өнім санына бөледі де, өнім бірлігінің деңгейін табады, содан соң осыған қосылмай қалған басқа да қосымша шығыстарын қосып, өнімнің өзіндік құнын анықтайды [18].

     Жалақыдан аударылатын аударымдар туралы жалпы  занда белгіленген тәртіп бойынша 21% мөлшерлемеде әлеуметтік салып есептелініп  шығарылады. Құрал-жабдықты пайдалану мен күтіп ұстау шығыстары сметалық мөлшерлеме бойынша таратылған. Үстеме шығыстар кұрал-жабдықтың сағаттық жұмысы мен жұмыстың ұзақтығынан алынады.

     Жалпы үстеме шығыстары және көмекші өндірістің көрсеткен қызметінің құны өндірілген өнім бірлігіне есептелініп, өндіріс  жұмысшыларының жалақысына пропорционалды етіп таратылады.

     Өндіріске жұмсалған шығындарды есепке алғанда, төмендегі екі әдістің бірін: не шалафабрикатты, не шалафабрикатсыз  вариантын пайдаланады.

     Шалафабрикатсыз нұсқа негізінен машина жасау өнеркәсібінде пайдаланылады. Оның ерекшелігі мынада: бір операциядан екінші операцияға, бір цехтан екіншісіне, цехаралық қоймаға берілген шалафабрикаттар бухгалтерлік есепте көрсетілмейді, оларды оперативті түрде есепке алады. Бұл нұсқада дайын өнімнің өзіндік құны дайын өнімге жатқызылған, осы өнімді өндіруге қатысты барлық цехтар бойынша есепке алынған шығындар сомасынан тұрады. Шалафабрикатсыз нұсқа кезінде есепке алуды ұйымдастыру схемасы келтіріледі.

     Өндіріске жұмсалған шығындар басы артық заттардың  шын мәнінде тұрған орны бойынша  емес, олардың туындаған орны бойынша есепке алынады.

     Өндіріске жұмсалған шығындарды есепке алудың шалафабрикаттық нұсқасы кезінде дайын өнімнің өзіндік құнын ғана есептеп коймайды, сонымен бірге өнделудің түрлі сатыларындағы шалафабрикаттардың өзіндік құны да есептелінеді. Шалафабрикаттардың цехтан цехқа немесе цехтан қоймаға берілуі бухгалтерлік есепте керсетіледі.

     Шалафабрикатсыз нұсқадан айырмашылығы мұнда шығындар басы артық заттар мен шалафабрикаттардың тұрған орны бойынша есепке алынады. Шалафабрикатты нұсқа кезінде есепке алуды ұйымдастыру біршама күрделі болғанымен, алайда мұндай жағдайда шалафабрикаттардың сақталуына бақылау жасау күшейтіледі.

Информация о работе Еңбек ақы бойынша өндірістік шығындар есебі