Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Ноября 2011 в 18:21, курсовая работа
Алғаш рет шығындарды тұрақты және айнымалы деп неміс ғалымдары Т:Е.Клипштейн, О.Шманбах және Г.Гесс бөлді. Бірақ олар бұл классификацияның шарттарын нақты құра алған жоқ. Шығындарды өндірістің көлемінің өзгеруіне байланысты тұрақты және айнамалыға бөліп нақты құрған 1923 жылы Дж. Кларк болды. Ол өндірістің жиынтық шығындарды тұрақты және айнымалыға бөлу қажеттігіе негіздеді. Тұрақты шығындарға ол негізгі капитал амортизациясын, әкімшілік және техникалық персоналға кететін шығындарды жатқызады. Дж. Кларктың айтуынша айнымалы шығындар - бұл өндірістік өнім көлеміне тәуелді материалдар мен шикізаттар бағасы, электроэнергия, жұмыс күші құралдар эксплуатациясы.
-
« Өндіру немесе сатып алу» мәселесінің
шешімін таңдау. «Директ-костинг» жүйесін
қажетті шикізат, бөлшек, басқа да компоненттерді
сатыа алу немесе өзінде өндіру мәселесін
шешуге қолданады. Мысалы, құралдарды
жөндеу үшін қажетті бөлшек керек. Оларды
өздерінде өндіргенде өнімнің бірлігінің
айнымалы шығыны 240 теңге, жылдық тұрақты
шығындар 20000 теңге. Ал осы керек бөлшекті
сырттан шексіз көлемде 250 теңгеден алуға
болады. Қай шешім тиімдірек: өзінде өндіру
немесе сыртқы жабдықтаушыдан сатып алу?
Дұрыс шешім қабылдау үшін зиянсыздықты
талдау әдісін қолдану қажет. Бөлшекті
сатып алу тең:
CT=p*q
Өзінде
бөлшекті жасаудың толық өзіндік
құнына тұрақты және айнымалы шығындар
кіреді. Жоғарыдағы формуланы қолдана
отырып, бөлшекті өзінде өндіру немесе
сатып алу қажеттілігін анықтаймыз.
p*q=C+v*q
250q=20000+240q
10q=20000
q=200
Есеп жылдық қажеттілік 200 бірлік болса, бөлшекті өндіру өзіндік құнға сәйкес келетінін көрсетеді. 200 –ден көп бөлшек керек болса, өзінде өндірген тиімді, ал аз болса – сатып алған жөн. Соңғы шешім қабылдау үшін өндірістік күш, өнім сапасы, көлем т.б. факторларды ескеру керек.
- Ресурстар шектеулі болған жағдайда өнім ассортиментін анықтау. Қысқа мерзімдік жоспарда өнімге деген сұраныс өндірістік күштен асып кетеді. Бұл жағдайда өнім көлемін ұлғайтуға қандай ресурс кедергі болатынын табу керек. Оларға материалдар, еңбек және қаржы ресурстары жатады. Бұл факторлар шектеулі болып табылады. Өнім ассортиментін қалыптастыру үшін ресурстар жетіспейтін өнімнің бірлігі беретін маржиналды табысты анықтау қажет. Әртүрлі сорттың өндірісінде қолданылатын еңбек ресурстары және құралдар бойынша негізгі қызметтен табыс көлемін максималдау шарты қамтамасыз етіледі. Бірақ бұл жағдайда маржиналды табысты адам-сағат , машина-сағатқа есептеу керек.
-
Қысқа мерзімді капитал салымдарын жасау
шешімін қабылдау. «Директ-костинг»
жүйесінде айнымалы және тұрақты деп бөлінетін
шығындар туралы ақпаратты қолдану нәтежесінде
қысқа мерзімді инвестиция жасауды таңдауға
болады. Қысқа мерзімді инвестиция тек
қысқа мерзімде жүзеге асырылады. Мысалы,
кәсіаорын жетекшісі жаңа құралдар сатып
алуды шешті. Қандай құрал германиялық
немесе голландиялық па деген сұрақ ашық
қалады. Германиялық құралды сатып
алғанда есеп беру кезеңінде тұрақты шығындар
200 мың тг және өнім бірлігіне 300 тг айнымалы
шығыннан келсе, голландиялық құралдан
тұрақты шығындар – 350 мың тг, айнамалы
– 225 тг бірлік үшін. Зиянсыздықты талдау
әдісі арқылы өндірістің критикалық
нүктесін табамыз.
200000+300q=350000+225q
300q-225q=350000-200000
75q=150000;
q=
2000 бірлік.
Қабылданатын шешім өнім көлеміне тәуелді. Жоспарланған өнім көлемі 2000 бірліктен аз болса, онда германиялық құралға инвестиция салу керек. Көлем 2000 бірліктен көп болса, онда голландиялық құралды сатып алуға болады.