«Директ костинг» жүйесі бойынша өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау және кәсіпорынның зиянсыздығын талдау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Ноября 2011 в 18:21, курсовая работа

Краткое описание

Алғаш рет шығындарды тұрақты және айнымалы деп неміс ғалымдары Т:Е.Клипштейн, О.Шманбах және Г.Гесс бөлді. Бірақ олар бұл классификацияның шарттарын нақты құра алған жоқ. Шығындарды өндірістің көлемінің өзгеруіне байланысты тұрақты және айнамалыға бөліп нақты құрған 1923 жылы Дж. Кларк болды. Ол өндірістің жиынтық шығындарды тұрақты және айнымалыға бөлу қажеттігіе негіздеді. Тұрақты шығындарға ол негізгі капитал амортизациясын, әкімшілік және техникалық персоналға кететін шығындарды жатқызады. Дж. Кларктың айтуынша айнымалы шығындар - бұл өндірістік өнім көлеміне тәуелді материалдар мен шикізаттар бағасы, электроэнергия, жұмыс күші құралдар эксплуатациясы.

Содержимое работы - 1 файл

Директ-костинг 1-2 болим.docx

— 84.10 Кб (Скачать файл)

    200000+300q=350000+225q

    300q-225q=350000-200000

    75q=150000;

    q= 2000 бірлік. 

    Қабылданатын  шешім өнім көлеміне тәуелді. Жоспарланған өнім көлемі 2000 бірліктен аз болса, онда германиялық құралға инвестиция салу керек. Көлем 2000 бірліктен көп болса, онда голландиялық құралды сатып алуға болады.

        
 
 
 
 
 

    2 «Директ костинг» жүйесі бойынша  өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау  және кәсіпорынның зиянсыздығын  талдау  

    2.1 «Директ костинг» жүйесі бойынша  өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау 

    Өнімнің өзіндік құны – бұл кәсіпорынның өнім өндіруге жұмсалған ағымдағы шығыны. Өнімнің өзіндік құнына өнім өндіруге кеткен еңбек материалдары, еңбек  күші және заттарының құны кірістіріледі.

    Калькуляциялау  – өнімнің өзіндік құныны есептеу  немесе өзінің бір өлшемінің өзінідік құныны есептеу болып табылады. Калькуляцияның объектісі – кәсіпорында калькуляцияланатын өнімнің, қызметтің және жұмыстардың  түрлері. Калькуляциялық бірліктер  – тиісті өнімнің техникалық, стандарттық  құжаттарда белгіленген бірліктері. Олар: натуралды, ірілендірілген, шартты натуралды, еңбек бірлігі орындалған жұмыс бірлігі, пайдалы нәтиже бірлігі.

    «Директ костинг» жүйесі бойынша өнімнің  өзіндік құнын калькуляциялау үшін  Қазақстанда орналасқан сыра өндіретін  кәсіпорындар және олардың өндіретін  өнімдері мысал ретінде келтірілген. Қазақстандағы сыра өндірісінің  көрсеткіштері туралы мәліметтер 5-кестеде  көрсетілген. 

    5-кесте 

    2000-2010 жылдар аралығындағы Қазақстандағы сыра өндірісі 

    Жылдар      Мың дал     Жылдар      Мың дал
    2000     31330     2006     6933
    2001     23011     2007     8503
    2002     16922     2008     8244
    2003     12907     2009     13568
    2004     8121     2010     16924
    2005     6360            
 

    Еліміздің ең ірі сыра өндіретін кәсіпорындардың  бірі Шымкент сыра заводы, оның өндірістік күші 1 жылда 7,2 млн. дал сыра. Бірақ бұл күшті қолдануы әлсіз, оны жылдық  өнім көлемінен көруге болады.  Келесі ірі кәсіпорын Алматы №1 сыра заводы. Ал Қарағанды сыра заводы 1958 жылы құрылған, оның күші жылына 1,5 млн. сыра.

          Осы кәсіпорындардағы өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау және шығындар есебін ұйымдастыруды қарастырамыз. Шығын есебін және өзіндік құнды калькуляциялауды ұйымдастыруға бірнеше факторлар қатар әсер етеді: кәсіпорынның қызмет түрі, оның көлемі, басқару құрылымы, құқықтық формалар. Бұл факторларға тәуелділігіне қарай өндіріс шығындарының есебінің объектілері, кәсіпорынның ресурстарын қолдануды бақылау әдісі және есептер нұсқалары жасалады.

          Кәсіпорындарда сыра өндіріс процесін 4-суретте көрсетілген өндірістік цехтарда ұйымдастыруға болады.  

      

    Сурет 4. Сыра өндірісіндегі өндірістік цехтар 

    Еліміздегі  сыра өндіретін кәсіпорындар бухгалтерлік есепті ХҚЕС және бухгалтерлік есептің бас шоттар жоспарына сәйкес жүргізіледі. Зерттеліп отырған кәсіпорындарда бухгалтерияны қаржылық және басқару деп  нақты бөлу жоқ. АҚ «Алматы №1 сыра заводында» өндірістік есеп жеке бөлім болып  келмейді, оның қаржылық бухгалтерия және  өндірістік жоспар бөлімі арасында бөлінген. ЖАҚ  «Шымкент сырада» да осындай жағдай. Ал «ЭФЕС Қарағанды сыра өндіретін заводында»  өндірістік бухгалтерияны өзіндік құн бухгалтері, ал  қаржылық – бухгалтерия  басшысы және қаржылық бөлімінің басшысы жүргізеді.

          Қаржылық бухгалтерия  Бас шоттар жоспарының 1 және 8 бөлімдерге кіретін барлық шоттарын  жүргізеді. Басты кітапты, баланс және барлық қаржылық есеп берудің формаларын құрады.

    Басқару өндірістік бухгалтерия Бас шоттар жоспарының 8бөліміндегі барлық шоттарды жүргізеді. Ол өндіріске шығындар, өзіндік құнды калькуляциялау туралы ақпаратты қамтып ,өндіріске  шығарылған шығынның нормасын жасайды және олардың орындалуын қадағалайды, өндірістегі жартылай фабрикаттың қозғалыс есебін ұйымдастырады. Басқару бухгалтериясы жабық түрде болады.

          Өндірісте шығын  есебі 8010 «Негізгі өндіріс», 8030 «Көмекші өндіріс», 8040 «Үстеме шығын» бөлімдеріне  кіретін  комплекстік шоттар жүйесін қолданады. 

          Сыраның өзіндік  құнына келесідей шығын баптары  кіреді:

  • шикізат пен  негізгі материалдар;
  • ақтарымды қалдық;
  • технологиялық мақсатқа қосалқы материалдар;
  • технологиялық мақсатқа суық;
  • өндірісітк жұмыскерлердің еңбекақысы;
  • әлеуметтік салықтар;
  • үстеме салықтар;

    Калькуляциялау  процесіне  өнімнің бірлігіне  кететін тікелей және үстеме шығынның саласын есептеу кіреді. Тікелей  шығындар шығындар есебінің  объектісі  өнім түрлері брйынша ұйымдастырылады. Ал үстеме шығындар тұрақты шығындар ұйымдастыратын шығындар есебінің объектісі  немесе өнімнің түрі бойынша таратылады.

          Үстеме шығындарды тарату әдісі өндірістің спецификасына тәуелді және оны кәсіпорын өз қалауына қарай таңдап алады.  Мысалы, Шымкенттік сыра заводында  үстеме шығындар өндірістік жұмыскердің негізгі жалақысына пропорционалды таратылады. Үстеме шығындарды есепке алудағы типтік операциялардың шоттар кореспонденциясы 6-кестеде берілген.  

    6-кесте 

    Үстеме  шығындарды есепке алудағы типтік операциялардың шоттар кореспонденциясы 

Шаруашылық  операциялардың мазмұны  Дт Кт
1 Үстеме шығындарды негізгі, көмекші және өз өндірісіндегі  шалафабрикаттар өндірістері арасында бөліп тарату 8010

8020

8030

8040
2 Негізгі және көмекші  өндірістер цехтарының жалпыцехтық  мұқтаждықтарына босатылған материалдар  8040 1310
3 Цех қызметкерлерінің еңбекақысы есептелінді  8040 3350
4 Сыртқы ұйымдардың көмегімен негізгі құралдарды жөндеумен  байланысты шығындар есептен шығарылды. 8040 3310

3340

3390

5 Өндірістік  айналымдағы негізгі құралдар бойынша  тозу сомасы есептелінді 8040 2420
6 Негізгі құралдардың  ағымдағы жалға берілген жал ақының сомасы көрсетілді, ағымдағы кезеңге  қатысты  8040 3360
7 Өндірістегі МЕА  бойынша амортизация есептелінді  8040 2740
 

          Кәсіпорын нарықтың қазіргі шарттарына үйрену үшін  тұрақты өзіндік құн және айнымалы өзіндік құн туралы жан-жақты ақпарат керек. “Директ-костинг” жүйесіне түрлері бойынша шығын есебі, пайда болу орны және тасмалдаушылар бойынша , өндірістік қызмет нәтежелер есебі, сонымен қатар  шығындар ме нәтежені талдау және басқару шешімін қабылдау кіреді. Енді сыра өндірісіндегі “директ-костинг” элементтерін келтірілген пунктер бойынша қолдану мүмкіндігін қарастырамыз.

          Батыс мамандарының айтуынша, орны бойынша шығындар  соңғы шарттар бойынша, біріншіден,  жалпы шығындарды тұрақты және айнымалыға бөлу арқылы, екіншіден, нормативтік  есеп және олардың фактілерден ауытқумен  ұйымдастырылуы керек. Шығындардың  пайда болу орны бойынша есептің  проблемаларының бірі -  белгілі  бір уақыт аралығында көлемнің өзгеруіне  байланысты, ал өндіріс көлемінің  көрсеткіштерінің мағынасында өсуіне байланысты “ секіріс тәрізді” шығынның болуы.

          Бұл  проблеманы   шығындарды 3 топқа бөлу арқылы шешуге болады:

  • Өндіріс көлемі өзгеруімен бірге пропорционалды өзгеретін  абсолютті айнымалы шығындар;
  • Салыстырмалы айнымалы (немесе салыстырмалы тұрақты)  -  секіріс тәрізді шығындар;
  • өндіріс көлемінің өзгеруінен тәуелсіз  абсолютті тұрақты шығындар;

    Сыра  өндіретін заводтың өндірістік есебіне  «директ-костинг» элементтерін тиімді енгізу үшін қаржылық бөлім үстеме шығынның өндіріс көлеміне тәуелділігін зерттейді. Бұл мысалы үшін осы тәуелділіктің  гипотизалық мәліметтерін аламыз. Үстеме шығындар үшін тәуелділіктің келесі көрсеткіштерін аламыз: өндірістік құралдар амортизациясы 25%-ке айнымалы, құралдарды жөндеу шығындары 30%, құрам бойынша  және құралдардың эксплуатациясы 30%, еңбекақы қосқандағы цех персоналының құрамы 35%,  салық бойынша шығындар және МЕА амортизациясы толығымен  тұрақты, лаборатория құрамы бойынша  шығындар 40%-ке айнымалы. Есеп беру уақыт  аралығындағы пайда болу орны бойынша  шығын түрлері  В қосымшасында көрсетілген.

    Жалпы шаруашылық шығындар тұрақты түрде  болады, есеп берудің ұзақтығына тәуелді  және ХҚЕС-қа сәйкес калькуляциялау объектілері арасындағы жанама әдіспен таратылмауы мүмкін, тікелей 5610 «Жиынтық табыс» шотына жіберіледі. Бұндай тәсіл «директ-костинг»  жүйесінің басты ерекшелігі болып табылады.

          Шымкент сыра өндіретін  заводының есеп саясатында 7210 «Жалпы және әкімшілік шығындар» шоты 2 субшотқа бөлінеді. Өндірістік үстеме шығындарға келетін болсақ, бұл жерде «директ-костингті» пайдаланудың 2 жағдайын айтуға болады:

              Бірінші жағдай тек шектелген  өзіндік құнды калькуляциялаумен  байланысты, бөлімшелер бойынша  есеп  және пайда болу орны  бойынша  шығын арасында тек  айнымалы үстеме шығындар таратылады. Тұрақты шығындар таратылмайды, ол жалпы сома нәтежесінің  дебет шотына жазылады. Бұндай  жағдай өндірістік үстеме шығындар  есебі үшін 2 шоттың жүргізілу  қажеттілігін туғызады: «Тұрақты  өндірістік үстеме шығындар»  және «Айнымалы өндірістік үстеме  шығындар».

    Екінші  жағдай сыра өндіретін заводқа тиімдірек  болып табылады, себебі толық өзіндік  құн есебінде өндірістік үстеме шығынды  тұрақты (айнымалы) шығынға бөлу принципін  қолданудан тұрады. Бұл жағдайда тұрақты  да, айнымалы да шығындар өндірістік үстеме шығынның өндірісітк шотына жабылады. Тұрақты шығындар көлемі  бөлімнің қызметінің көлеміне сәйкес кәсіпорынның өндірістік күштерінің нормалды жүктеуіне бағытталған смета бойынша қалыптасады.

          «Директ-костинг» жүйесі бойынша шығындар мен нәтежелер  есебінің келесі элементі – бұл  тасымалдаушылар бойынша шығындар есеп                                (бұйымның бірлігінің өзіндік құнын калькуляциялау).  Тасымалдаушылар бойынша есеп 7-кестеде көрсетілген.

       

    7-кесте                              

    Тасымалдаушылар бойынша есеп 

Шығын түрлері Сыра  сорттары
«Жигулевское» «Казахстанское» «Алатау»
Қалдықты  есептеуге шикізат 69,2 80,3 118,74
Қосалқы материалдар 21,78 45,35 4,11
Суық 6,19 6,19 6,19
Жылуэнергиясы 9,29 9,30 9,31
Электроэнергия 2 2 2
Еңбекақы 36,16 36,16 36,16
Әлеуметтік салық 6,6 6,6 6,6
Айнымалы  үстеме шығындар 12,45 12,45 12,45
-қайнату  цехында 0,66 0,66 0,66
-ашыту  цехында 0,86 155,2 90,9
-лагерлеуде 0,86 155,06 90,82
МРЦ 1,03 185,91 108,89
өткізу  және басқару бойынша 9,05 1638,34 959,74
Айнымалы  өзіндік құн 163,64 198,48 195,79
Тұрақты үстеме шығындар 36,74 36,74 36,74
Толық өзіндік құн 200,38 235,22 232,53

Информация о работе «Директ костинг» жүйесі бойынша өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау және кәсіпорынның зиянсыздығын талдау