Бухгалтерлік есептің даму сатыларының түрлері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Ноября 2011 в 17:15, курсовая работа

Краткое описание

Алайда бұл міндеттер едәуір шамада бірін-бірі өзара жоққа шығарып, болғызбайтын, өйткені меншік иесінің, әкімшіліктің, қызметкерлердің, бағынышты тұлғалардың, кредиторлар мен дебиторлардың мүдделері қарама-қайшы және осы қарама-қайшылықтар есепті регистрде міндетті түрде бейнеленеді.Сондықтан әрдайым кейбіреулердің бухгалтерлерге реніш білдіріп, риза болмауының себебі осында.

Содержание работы

Кіріспе
БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕП
САЛЫҚ ЖӘНЕ САЛЫҚ САЛУ
3. АУДИТ
Қорытынды

Содержимое работы - 1 файл

Бух.учет.doc

— 220.50 Кб (Скачать файл)

      Корпорациялық табыс салығынесептеу, төлеу тәртібі  мен мерзімдері.

Есептелген  корпорациялық табыс салығының  сомасы өз өндірісінің тауарларын корпорациялық  табыс салығы сомасының 30 пайызына азайтылады.

      Өз  өндірісінің сертификатталған тауарларын өткізуден түскен табыстар есептелген корпорациялық табыс саллығының сомасы менеджмент жүйелерінің Қажақстан  Республикасының заңнамалық актісінде  белгіленген тәртіппен енгізілген жылдан кейінгі бір салық кезеңі ішінде өз өндірісінің сертефикатталған тауарларына қатысты корпорациялық табыс салығы сомасының 50 пайызына азайтылады.

      Өз  өндірісінің сертификатталған тауарларына  қатысты корпорациялық табыс  салығының сомасы өз өндірісінің  тауарларын өткізуден алынуға жататын тбыстардың жылдық жиынтық табыстағы үлес салмағына негізделе отырып айқындалады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

3. АУДИТ 

   3.1 Кәсіпорынның есептік саясатының аудиті. 

      Аудиторлық  тексеруге кіріскенде ең алдымен  шаруашылқ жүргізуші субъектілердің басшылары өз принциптері мен  негіздеріне сәйкес қаржылық есептемелерді  ашу және бухгалтерлік есепті жүргізу үшін қабылданған тәсілдер жиынтығын білдіретін есептік саясат бойынша кәсіпорын басшысының бұйрығы шыққанын немесе шықпағанын анықтап алу керек.

      Есептік саясатты қалыптастырудың негізіне шаруашылық операцияларды, активтерді, меншік капиталды, міндеттемелерді бейнелеуде баламалы тәсәлдерге мүмкіндік беретін бухгалтерлік есеп стандарттары жатады. Есептік саясатты қалыптастыру әрбір стандартта берілетін тәсілдердің біреуін таңдауды, оны шаруашылық жүргізуші субъект қызметінің жағдайына қарай негіздеуді, бухгалтерлік есепті жүргізудің  және қаржылық есептемелерді ұсынудың негіздері ретінде қабылдауды білдіреді. Есепті саясатты қалыптастыру ісіне субъект басшысы жауапты. Кәсіпорынның есептік саясаты меғн танысу барысында аудитор қаржылық есептемелерді пайдаланушылардың шешім қабылдауы мен бағалауына елеулі әсері бар бухгалтерлік есептң жүргіжу тәсілінің есептік саясатын қалыптастыруда таңдалғаны толық ашылды ма, міне осыны анықтап алу керек. Қаржылық есептемелердің құрамында ашылуы тиіс және кәсіпорынның есептік саясатын қалыптастыру барысында қабылданған елеулі жүргізу тәсілдері бар бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес мыналар көрсетіледі:

  • материялдық емес активтер мен негізгі құралдар құндарының орнын толтыру тәсілі;
  • өндірістік қорларды аяқталмаған өндірісті, тауарларды және дайын өнімдерді бағалау;
  • өнімді өткізуден түскен табысты мойындау;

Жоғарыда  айтылғандарға орай кәсіпорынның есептік  саясаты бойынша бұйрықта көрініс  табуы керек:

  • өндірістік қорларды бағалау әдісі;

-    тауарлы-материялдық қорлардың есеп әдісі;

-     жанама шығындарды бөлу тәсілі;

-     өнімді өткізуге байланысты үстеме  шығындарды бөлу әдісі;

-     бухгалтерлік есеп шоттарының  жоспары мен формаларын таңдау;

      Осы келтірілген кәсіпорынның есептік  саясатының ықтимал элементтерінің тізбесі мынамен ғана шектеліп қоймайды. Кәсіпорын өз шаруашылығының жағдайына сәйкес келетін элементтерді есептік саясат бойынша бұрығына кіргізеді.

   Кәсіпорынның  есептік саясатындағы өзгерістер мынадай  жағдайларда орын алуы мүмкін:

  • меншік иелері ауысқанда;
  • кәсіпорынның қайта құрылуы;бухгалтерлік есептің нормативтерінде өзгерістер болғанда;
 

3.2 Аудиттің пайда болуы мен қалыптасуы 

     Ел  Президентінің Қазақстан халқына  «Қазақстан - 2030» барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігіжәне әл-ауқатының  артуы Жолдауында XX ғасырдың 90-ыншы жылдары республика экономикасында реформаларды  жүзеге асыру, КСРО-ның құлауы және қазақстандық экономиканың әлемдік шаруашылық қатынас жүйесіне енуі дағдарыстың болуына, өндіріс көлемі мен өнімдердің, жұмыс, қызметтің бәсекеге қабілеттілігін күрт төмендетуге активті жағдайлар тудырды.Бұл дәстүрлі нарықтың ығысуына, төлемге қабілетсіздік тудыруға, шектен тыс инфляцияға және көптеген шаруашылық жүргізуші субьектілер қызметінің тоқтауына әкеп соқтырды. Қалыптасқан жағдайда ескреу арқылы ұзақ мерзімді жеті артықшылықтың бірі ретінде жоғары шетелдік нвестиция мен ішкі жинақ ақша деңгейіндегі ашық нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсу анықталды. Экономикалық өсу қаржы тұрақтылығына, өндірісті әртараптандыруды қаматамасыз етуге, аса маңызды салаларға инвесторларды тартуға, шешуші бизнес салаларының іскерлігін арттыруға, белсенді өндіріс саясатын енгізуге және акценттерді шаруашылық жүргізудің макродан микро деңгейіне жылжытуға септігін тигізеді.

     Қазақстан Республикасында радикалдық реформалардың стратегиялық курсы нарықтың рөлі мен барлық тауар-ақша қатынас жүйесін күшейтуге бағытталған. Нарықтық экономиканың тиімділігін, оның ғылыми-техникалық жетістіктерді жылдам енгізетінін, адамның қажеттіліктерін жан-жақты қанағаттандыруға мақсаттылығын әлемдік тәжірибе көрсетіп берді. Нарықтық қатынасқа тауар өндірушілердің экономикалық тәуелсіздігі, субьектілердің шаруашылық қызметіне әкімшіліктің араласуын болдырмаушылық, өндіріс саласындағы еркін экономикалық байланыстар және қоғамдық өнім айналымы және оны тұтыну тән.

     Қазақстандық  экономиканың сәтті функциялау үшін оны ұйымдастырудың озық құралдарымен нақты тетіктерін, оның ішінде мақсатты-бағдарламалық  әдісті көптеген факторлар бойынша  талдауды, жүйелі бақылауды және оңтайлы  шешімдерді қабылдауды қолдану аса қажет. Барлық ресурс түрлерінің аса өткір сезілген тапшылық жағдайында ұлттық экономиканың қозғаушы күші – кәсіпкерлікке айрықша назар аудару керек. Мемлекеттік меншіктерді жекешелендіруді тездету, өндіріс тиімділігін арттыру, бәсекелестік ортаны дамыту, қаржылық бақылауды жақсарту және осы заманғы нарықтық инфрақұрылымды қалыптастыру сияқты факторлардың маңызы зор. Бір жағынан, шегі жоқ тұтынушылық, екінші жағынан, ресурстардың шектеулі болуы шаруашылық жүргізудің қажеттілігін тудырады. Шаруашылық ресурстардың жетіспеушілігін терең сезінбес үшін адамдар барлық іс - әрекетін жоспарға құратын болса, адамдар экономиканың көмегімен тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін өнім, қызмет түрлерін өндірудің барлық мекемелерімен әдістерін қамтиды. Шешім қабылдаушы, шаруашылық жоспарын дербес жасайтын әрі осыларға сәйкес әрекет ететін барлық экономика бірліктері шаруашылық жүргізуші субъектілер деп аталады.

Ұлттық  экономиканы реформалау бойынша  түбегейлі процестер шаруашылық қызметті басқаруда жаңа ұйымдық және бақылаушы – талдамалы құрылымның пайда болуының объективті қажеттілігімен шарттастырылған. Халық шаруашылығын басқару жүйеін қайта құрудың алғашқы жылдарында-ақ жоспарлы экономиканың дәстүрлі бақылау органдары өсу үстіндегі, яғни арта түскен қажеттіліктерді қанағаттандыру мен барлық мүдделі тұтынушыларды обьективті ақпаратпен қамтамасыз ету бойынша пайда болған проблемаларды кешенді шешуде өзінің қабілетсіздігін көрсетті.

     Әміршіл-әкімшілік  жүйеде төменгі басқару буынының жоғарыға қатаң бағынуы тек жоспарланған тапсырмалардың орындалуын, шаруашылық операциялардың заңдылығын сақтау, яғни оның заңға сәйкес болуы және мемлекет қарауындағы жалпы халықтық ресурстардың сақталуын тексеру бойынша тиісті ревизиялық қызметтерді ғана талап етті. Ал, нарықтық экономика жағдайында шаруашылық жүргізуші субьектілердің серіктестермен, инвесторлармен, кредит берушілермен, меншік иелерімен, акционерлермен және басқа да пайдаланушылар мен деңгейлес байланыстары бойынша шындыққа жанасымды ақпараттарға қажеттілік бірден артады. Бұл арада тек белгіленген параметрлердің сәйкесетіндігін тексеру ғана емес, сонымен қатар шаруашылық жүргізуші субьектілердің қызметтерін жақсарту бойынша ғылыми негізделген ұсынысын әзірлеуді, оларға кеңес беруді және басқадай да жоғары кәсіби деңгейде тиісті аудиторлық қызмет көрсетуді талап етеді.

Кәсіби  аудиттің пайда болуы мен қалыптасуы – бұл бүгінгі таңда да жалғасын тапқан айтарлықтай ұзақ процесс. Аудиттің қоғамдық ролін түсінуі үшін оны  ұйымдастырудың әдістемесін, теориялық негізін және мәнін ашу керек.

     Нарықтық  экономикаға өтпелі кезеңде шаруашылық жүргізуші субьектілер қызметін басқарудың маңызды құралдарының бірі қаржылық бақылау болды. ТМД елдеріндегі  нарықтық қатынастың дамуы өндіріс  саласындағы бизнестің жаңа қаржылық бақылау жүйесін түбегейлі қайта өзгерту, енгізу және тәуелсіз аудиттің посткеңестік өңірде «қарқынды» дамыту негізінде мына принциптер жатқызылды:

    • Меншік түрлері және қаржы көздері бойынша бақылау обьектілерін дәл оқшаулау;
    • Бақылау субьектілерін мемлекеттік, қоғамдық, аудиторлық, ведомствалық және іштей деп бөлу;
    • Бақылау мәселелерін шектеу, оның ішінде бюджеттің кірісі мен шығысын дұрыс қалыптастыру, есеп берулердің анықтығы, өндіріс әлеуетін пайдаланудың тиімділігін арттыратын резервтерді анықтау және бағалау;
    • Мемлекеттік, жергілікті, қоғамдық, ішкі шаруашылық, тәуелсіз аудиторлық ұйымдар мен жекелеген аудиторлардың әрекет ету салдарын анықтау.

     Аудит тарихы көрсеткендей, оның дамуы әкімшілік  пен инвесторлар арасындағы мүдделердің  бөлінуінен болды.

Американдық бухгалтерлер ассрциациясының зерттеуіне сәйкес аудитке қажеттілік мына негізгі шарттарды тудырды:

    • Ақпарат жасаушылардың және пайдаланушылардың мүдделерінің қабыспауы;
    • Обьективті емес ақпараттарға негізделген шаруашылық шешімдерді қабылдау жағымсыз экономикалық салдарды тудыруы ықтимал;
    • Алынған ақпараттың шындыққа жанасымдылығын бағалау немесе тексеру үшін фирманың пайдаланушыларында жоқ арнайы білім блоуы қажет;
    • Ақпаратты пайдаланушының оның сапасын тікелей бағалау үшін уақыты мен материалы әрдайым бола бермейді.

     Қажетті ақпаратты алу мен бағалаудағы  пайда болатын қиындықтар аудиторлық қызметтің аясын тарылтады. Оның негізгі міндеті – есеп берулерді  анық күмәнсіз ету; тұтынушыға ақпаратты  маманның пікірін араластырмай жеткізу. 

   3.3 Аудит пәні, мақсаттары мен міндеттері. 

     Аудит нарықтық экономика жағдайында барлық шаруашылық процесіне қатысушылардың қызметінде маңызды роль атқарады. Ол анық ақпаратпен қамтамасыз етеді, серіктестер арасындағы сенімділікті қалыптастыруға септігін тигізеді. Сондай-ақ өаржылық жағдайды тұрақтандыруға, щаруашылық жүргізуші субъектілер қызметінің тиімділігін прттыруға және тұтастай қоғамның әлеуметтік-экономикалық жағдаын жақсартуға ықпал етеді.

     Аудитті қаржылық, экономикалық, техникалық салаларында  жүргізуге болады. Аудиттің ең негізгі мақсаттарының бірі – шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылық есеп берулерінің нақты екендігін анықтау болып табылады..

     Бұл арада клиенттің нормативті-құқықтық актілердегі талаптарды сақтауын бағалауда үлкен мән береді. Америкалық бухгалтер ассоциациясы аудиттің мазмұнын барынша қамтып жинақтаған анықтамасында былай деген: «Аудит – бұл экономикалық әрекеттер мен оқиғалар, олардың белгіленген деңгейінің нақты нақты өлшемдерге қаншалықты сәйкесетіндігі туралы ақпаратты алу мен бағалаудың және нәтижелерді мүдделік танытқан пайдаланушыларға беретін жүйелі процесс»

     ҚР  «Аудиторлық қызмет туралы» Заңында  мынандай анықтама берілген: «Аудит Қазақстан  Республикасының заңында белгіленген талаптарға сәйкес қаржылық есептіліктің дұрыс және объективті жалғаны туралы тәуелсіз пікір білдіру мақсатында заңды тұлғалардың қаржылық есептілігін тексеру болып табылады» Жалпы аудит мазмұны алға қойылған мақсаттар мен бақылау объектілерін басқару арқылы нақтылануы мүмкін.

     Егер  аудиттң объектісіне кәсіпорындағы  бухгалтерлік есептің жағдайы кіретін болса, онда аудиттің мақсатына, оның қолданыстағы заңның талаптарына, шаруашылық жүргізуші субъектілердің өз ішінде қабылданған есептік саясатпен және мемлекет белгілеген жалпы нормаларға, стандарттарға және ережелерге қаншалықты сәйкестігін тексеру жатады.

     Аудит мақсатының консалтингтік қызмет жүзегеасыру  барысында клиенттің комерциялық  қызметін жақсартатын жоғары сапалы кеңес беру қызметі болады, сонымен  қатар аудиттің беделі мен табысы қоса өседі.

     Осы алға қойылған аудит мақсаттарына қол жеткізу үшін нақты міндеттерді шешеіп алу қажет. Олардың ішінен мыналарды ерекшнлеуге болады:

  • Кәсіпорынның қаржылық есептемесінің шындылықа жангасымдылығын қамтамасыз ету және осы есеп беруді пайдаланушылар үшін ақпараттық тәуекелді қолайлы деңгейге дейін азайту;
  • Шешім қабылдаудың логикалық тұрғыдан негізделген базасынқұру үшін жеткілікті дәрежеде құзыретті мағлұматтарды алып бағалау;
  • Кәсіпорын қызметі және оның жарғысының бір-біріне сәйкестігін, жасалған бизнес-жоспардың және басқа да тапсырмалар мен нормативтердің орнықтылығын тексеру;
  • Заңды белгілейтін бастапқы құжаттар мен олардың шынайы мазмұнына шаруашылық операцияларының қаншалықты сәйкес келетіндігін тексеру;
  • Клиенттің меншігін бекітіп беруге, оның бизнесінің тиімділігін арттыруға және кемшіліктерді жоюға ықпал ету.

Информация о работе Бухгалтерлік есептің даму сатыларының түрлері