Бухгалтерлік есептің даму сатыларының түрлері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Ноября 2011 в 17:15, курсовая работа

Краткое описание

Алайда бұл міндеттер едәуір шамада бірін-бірі өзара жоққа шығарып, болғызбайтын, өйткені меншік иесінің, әкімшіліктің, қызметкерлердің, бағынышты тұлғалардың, кредиторлар мен дебиторлардың мүдделері қарама-қайшы және осы қарама-қайшылықтар есепті регистрде міндетті түрде бейнеленеді.Сондықтан әрдайым кейбіреулердің бухгалтерлерге реніш білдіріп, риза болмауының себебі осында.

Содержание работы

Кіріспе
БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕП
САЛЫҚ ЖӘНЕ САЛЫҚ САЛУ
3. АУДИТ
Қорытынды

Содержимое работы - 1 файл

Бух.учет.doc

— 220.50 Кб (Скачать файл)

-Банктер жасаған провизиялардың мөлшерін азайтудан түсетін табыстар.

Борышкер  банктің және банк операцияларының  жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның талабын орындаған кезде, бұрын шегерімге жатқызылған провизиялар сомалар-жасалған провизиялардың мөлшерін азайтудан түсетін табыстар деп аталады.Бұл жерде, борышкер орындаған талап сомасына барабар мөлшердегі провизиялар сомасы табысқа енгізіледі.

-Ортақ үлестік меншіктен түсетін табысты бөлу кезінде алынатын табыстар.

Қатысу  үлесі – жеке және заңды тұлғалардың  бірлесіп құрайтын  ұйымдарға, консорциумдарға, акционерлік қоғамдарды қоспағанда, мүлкімен қатысу үлесі.

-Бұрын жасалған шегерімдер бойынша алынған өтемдер

Бұрын жасалған шегерімдер бойынша алынған  өтем түрінде алынғанкірістерге:

  • бұрын шегерімдерге жатқызылған және кейінгі салық кезеңдерінде өтелген күмәнді деп танылған талаптардың сомалары;
  • мемлекеттік бюджет қаражатынан шығындарды жабуға арнап алынған сомалар;
  • бұрын шегерімдерге жатқызылған шығыстарды (залалдарды) өтеу бойынша алынған басқа да өтемдер жатады.

-Дивиденд.

   Дивидендттер  – акциялар бойынша төленуге тиісті табыс:заңды тұлға өз қатысушылары мен құрыттайшылары арасында бөлетін таза табыстың бір бөлігі; заңды тұлғаны тарату кезінде, сондай-ақ құрылтайшының заңды тұлғаға қатысу үлесін алып қойған кезде, құрылтайшының жарғылық капиталға салым ретінде енгізген мүлкін қоспағанда, мүлікті бөлуден түсетін табыстар.

-Сыйақы.

   Сыйақы  – несиелер үшін: қаржы лизингі бойынша немесе сенімгерлік басқаруға берілген мүлік үшін; депозиттер бойынша;борыштық бағалы қағаздар бойынша төлемдер – дисконт не купон.

-Ұтыстар.

   Ұтыстар – жарыстарда, фестивальдарда, лоторея бойынша, салымдар мен  борыштық бағалы қағаздар бойынша ойындарды қоса алғанда, ұтыс ойындары бойынша салық төлеушілер алатын заттай және ақшалай түрдегі табыстардың кез келген түрі.

-Роялти.

     Роялти  – мынадай құқықтар үшін төленеді:

  • пайдалы қазбаларды өндіру және техногендік құрылымдарды қйта өңдеу процесінде жер құқығын пайдалану құқығы үшін;
  • авторлық құқықтарды, бағдарламалық қамтамасыз етуді, патенттерді, сызбаларды, тауар белгілерін пайдалану құқығы үшін төленетін төлем.

    Салық төлеушінің жылдық жиынтық табыс  алуымен байланысты шығыстары салық салынатын табысты анықтау кезінде шегеріледі және бұл шегерімдер – деп аталады.

    Шегерімдерді  жылдық жиынтық табысты алуға  байланысты шығыстарды растайтын құжаттары  болған кезде салық төлеуші жүргізеді.Бұл  шығыстар болашақтағы кезеңдердің  шығыстарын қоспағанда, олар нақты жүргізілген салық кезеңінде шегерілуге жатады.

      Егер  шығыстардың бірнеше бабтарында белгілі бір шығындар көзделсе, салық  салынатын кірісті есептеу кезінде  көрсетілген шығындар тек ьір  рет шегеріледі.

      Мемлекеттік бюджетке енгізілуге тиістілерін қоспағанда, жылдық жиынтық табыс табуға байланысты салынған немесе танылған айыппұлдар, өсімпұлдар шегеріп тасталады.

Шегерімге жататындар:

      - Қызмет бабындағы іссапарлар кезіндегі және өкілдік шығыстар бойынша өтемдер сомаларын  шегеру.

Қызметтік іссапарлар кезіндегі шегерімге жататын өтемдерге:

  • Қазақстан Республикасының шегінде Іссапарда болған уақытында тәулігіне екі айлық көрсеткіштен аспайтын мөлшерде төленетін тәуліктік ақы.
  • Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде іссапарда болған кезде Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген нормалар шегінде төленетін тәуліктік ақы жатады.
  • бронь үшін шығыстар ақысын қоса алғанда, іссапарға баратын жерге жетуге және қайтуға шыққан нақты шығыстар.

- Сыйақы  бойынша шегерімдер.

    Сыйақылар бойынша шегерімдерге мыналар жатады:

  • Құрылысқа алынған және құрылыс кезеңінде төленетін несиелер бойынша сыйақыны қоспағанда, алынған несиелер бойынша, оның ішіндегі қаржы лизингі түріндегі сыйақы;
  • борыштық бағалы қағаздар иесіне оларды шығару және орналастыру шарттарына сәйкес эмитент төлейтін дисконт не купон;
  • Төленген күмәнді міндеттемелер бойынша шегерімдер.

    Егер  салық төлеуші бұрын табыс  деп ьанылған күмәнді міндеттемелерді  несие берушіге төлеген жағдайда, жүргізілген төлемнің шамасында  шегерім жасауға жол береді. Мұндай шегерім төлем жасалған салық кезеңінде табыстарға жатқызылған шама шегінде жүргізіледі.

Жөндеуге  жұмсалған шығыстар бойынша шегерімдердің  негізгі құралдары:

      Қызмет  етудің нормативтік мерзімін ұлғайтпайтын және негізгі құралдардың өндірістік қуатын арттырмайтын, негізгі құралдарды жөндеуге арналған  іс жүзіндегі шығыстар сомасы топтың салық кезеңінің соңындағы құн балансынан белгіленген мынадай шекте әрбір топ бойынша шегеріледі: 

      Негізгі  топтарды  жөндеуге арналған шығындар сомасы.

    Топ  №

    Топтың атауы

    Шекті нормасы
    1. Үйлер, құрылыстар (мұнай, газ және құрылғыларды қоспағанда) 15
    2. Мұнай-газ өндіру машиналары мен жаьдықтарын қоспағанда 25
    3. Кеңсе машиналары мен компьютерлер. 15
    4. Басқа топтарға қосылмаған тіркелген активтер. 15

 

    Түзетілген жиынтық жылдық табыстан шегерімдердің асып түсуі кәсіпкерлік қызметтен шегетін залал - деп аталады.

Бағалы  қағаздарды өткізуден шегетін залалдар:

  • борыштық бағалы қағаздарды қоспағанда, бағалы қағаздар бойыншаөткізу құны мен иемденіп алу құны арасындағы теріс айырма;
  • борыштық бағалы қағаздар бойынша - өткізген күнгі дисконт амортизациясымен силық ақы есептегендегі өткізу құны мен иемденіп алу құны аасындағы теріс айырма.

Залалдарды  ауыстыру.

      Кәсіпкерлік қызметтен шегетін залалдар, кәсіпкерлік  қызметіне пайдаланған үйлерді, құрылыстарды ғимараттарды өткізуден шнккен залалдар кейінгі салық кезеңдерінің салық салынатын табысы есебінен өтеу үшін үш жылға дейінгі мерзімге, үшінші жылы қоса есептеліп ауыстырылады.

        Салық төлеуші салық кезеңінде  кестеге сәйкес есептеп шығарылған амортизалық аударымды шегерімдерге жатқызу нәтижесінде шеккен залалдарға осы бабтың ережелері қолданылмайды.

      Төлем кезінен ұсталатын салық.

Корпорациялық табыс салығы бойынша екінші салық  салу объетісі – төлем көзінен  салық салынытын табыс.

      Төлем көзінен салық салынатын табыстарға жататындар:

  • Дивидендтер;
  • Ұтыстар;
  • Резидент емес тұлғалардың Қазақстан Республикасындағы көздерден алған, осындай резидент еместердің тұрақты мекемесімен байланысы жоқ табыстар;
  • Резидент – банктерге төленетін сыйақыны қоспағанда, эмитент борыштық бағалы қағаздар бойынша шығару шарттарына төлейтін купон түріндегі сыйақы;

    Корпорациялық табыс салығы бойынша үшінші салық  салу объектісі – Қазақстан Республикасында  қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаның тазатабысы болып табылады.

      Қазақстан Республикасында қызметін тұрақтымекеме  арқылы жүзеге асыраиын резидент емес заңды тұлғаның таза табысы, корпорациялық  табыс салығы бойынша салық салу объектілері болып табылады корпорациялық  табыс салығының үстіне 15 пайыздық ставка бойынша салық төленеді. 

2.2  Корпорациялық  табыс салығын есептеп шығару  тәртібі.

      Сақтанушылармен қайта сақтанушылардан салық  кезеңі ішінде сақтандыру шарттары бойынша  алуға жатқызылған сақтандыру сыйақыларының  қайта сақтандыру шарты бойынша төленген сақтандыру сыйақыларына азайтылған сомасы түріндегі табысы сақтандыру ұйымдарына олардың сақтандыру және қайта сақтандыру қызметін жүзеге асыратын бөлігінде корпорациялық табыс салығын салу объектісі болып табылады.

      Сақтандыру ұйымның өзге қызмет бойынша шегерімге жатқызуға жататын шегерімдер сомасы, шығыстардың жалпы сомасында қайта сақтандыру шарттары бойынша төленген сақтандыру сыйақыларын қоспағанда, сақтандыру ұйымның жалпы кірістер сомасындағы өзге қызметтен алуға жататын кірістердің үлес салмағы негізге алына отырып, барабар әдіспен белгіленеді.

Сақтандыру  ұйымдарының табыстары  мен шығыстарының есебі:

     Сақтандыру  ұйымдары салық салу мақсатында сақтандыру сыйақыларын орналастыру қызметін қоса алғанда, сақтандыру және қайта сақтандыру жүзеге алынудан алынатын табыстары бойынша жәнеаталмаған өзге де қызметтердің табыстары, шығыстары бойынша бөлек есеп жүргізуге міндетті.

Корпорациялық табыс салығының  ставкалары.

      Сақтандыру  ұйымы сақтандыру шарттары бойынша  тіркелген аударымдар түрінде корпорациялық табыс салығын мынадай мөлшерде төлейді:

    • жинақтаушы емес сақтандыру бойынша – алынуға жататын сыйақылар сомасынан 4 пайыз:
    • жинақтаушы сақтандыру бойынша – алынуға жататын сақтандыру сыйақыларынан 2 пайыз.

Сақтандыру  ұйымдары салық кезеңі ішінде алуға жататын табыстарынан 30 пайыздық ставка  бойынша корпорациялық табыс салығы салынуға тиіс.

Корпорациялық табыс салығын  төлеу мерзімдері.

      Сақтандыру  ұйымдары сақтандыру шарттары негізінде  сақтанушылар мен қайта сақтанушылардан  алынуға жататын сақтандыру сыйақылары түрлеріндегі табыстар бойынша корпорациялықтабыс салығын есепті айдан кейінгі айдың 15-іне дейін төлейді.

Комерциялық емес ұйымдарға салық  салу.

      Акционерлік қоғамдар, мекемелер мен тұтыну кооперативтерінен  басқа, Қазақстан Республикасының азаматтық заңадарына сәйкес комерциялық емес ұйымдар мәртебесі бар, өз қызметін қоғамдық мүддені көздеп жүзеге асыратын және мынадай шарттарға сай келетін:

  • осындай қызметіне қарай табыс алу мақсаты жоқ;
  • алынған таза табысты немесе мүлікті қатысушылар арасында бөлмейтін ұйым комерциялық емес ұйым деп аталады.

     Комерциялық емес ұйымның сыйақы, грант, кіру және мүшелік жарналар, қайырымдылық көмек, өтеусіз негіздегі аударымдар мен  қайырмалық түрінде алған табыстарына  жоғарыда аталған шарттар сақталған жағдайда, салық салынбайды. Егер жоғарыда аталған шарттар сақталмаса, комерциялық ұйым  атбыстарына жалпыға бірдей белгіленген салық салынады.

Өз  өндірісінің, соның  ішінде сертификатталған, қосылған құны жоғары тауарларын өткізетін  ұйымдарға салық салу.

      Қосылған  құн мөлшері:

  • материялдық, әлеуметтік ұйымдар мен материялдық пайданы қоспағанда, салық кезең ішінде жұмыскерлерге есептелген табыстар;

- Қазақстан  Ресбликасының бухгалтерлік есепке  алу және қаржылық есептілік  туралы заңнамасына сәйкес салық кезеңінде есептелген амортизациялық аударымдар сомасы;

Информация о работе Бухгалтерлік есептің даму сатыларының түрлері