Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Ноября 2011 в 17:15, курсовая работа
Алайда бұл міндеттер едәуір шамада бірін-бірі өзара жоққа шығарып, болғызбайтын, өйткені меншік иесінің, әкімшіліктің, қызметкерлердің, бағынышты тұлғалардың, кредиторлар мен дебиторлардың мүдделері қарама-қайшы және осы қарама-қайшылықтар есепті регистрде міндетті түрде бейнеленеді.Сондықтан әрдайым кейбіреулердің бухгалтерлерге реніш білдіріп, риза болмауының себебі осында.
Кіріспе
БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕП
САЛЫҚ ЖӘНЕ САЛЫҚ САЛУ
3. АУДИТ
Қорытынды
Жоспар
Кіріспе
3.
АУДИТ
Қорытынды
КІРІСПЕ
Бухгалтерлік есеп (есеп жүргізу
ретінде) дүниежүзіндегі кез-
Қоғамның дамуы барысында бухгалтерлер үш міндетті шешеді:
1. есепті барынша ақпаратты, әрі дәл жасау;
2. оның қарапайым және арзан болуына қол жеткізу;
3. шаруашылық өміріндегі
Алайда бұл міндеттер едәуір шамада бірін-бірі өзара жоққа шығарып, болғызбайтын, өйткені меншік иесінің, әкімшіліктің, қызметкерлердің, бағынышты тұлғалардың, кредиторлар мен дебиторлардың мүдделері қарама-қайшы және осы қарама-қайшылықтар есепті регистрде міндетті түрде бейнеленеді.Сондықтан әрдайым кейбіреулердің бухгалтерлерге реніш білдіріп, риза болмауының себебі осында.
Есеп қашан пайда болғанын тура тауып айту мүмкін емес.Оның пайда болуының алғы шарты-адамдар арасындағы экономикалық қатынастардың дамуы.
Бухгалтерлік есептің пайда болып, қалыптасуын мынадай кезеңдерге бөлуге болады:
Нарықтық қатынастардың қазіргі жағдайларында бухгалтерлік есептің негізгі мақсаты әр түрлі деңгейіндегі басқару шешімдерін әзірлеу, негіздеу, қабылдауға бәсекелес-субьектіні айқындауға және тағы басқаларға қажет субьектінің шаруашылық және қаржылық қызметі туралы сапалы және дер кезіндегі ақпаратты қалыптастыру болып табылады.
Бухгалтерлік есеп көптеген жылдар бойы басқа ғылымдар сияқты дамып, қоғамның экономикалық-әлеуметтік жағдайларына сай өзгерістерге үшырап келе жатқан, сондай-ақ емірде өзінің ерекшелігімен оқшауланатын ғылым болып табылды.
Жалпы, бухгалтерлік есеп ұйымға оның қаржылық жағдайын жоспарлау, бағалау, бақылау және талдау секілді функцияларды орындауы үшін қажет. Сонымен қатар бухгалтерлік есеп кәсіпорынның активтері мен міндеттемелері, капиталы және өндірілген өнімдері мен олардың сатылғандығы туралы ақпараттарды жинақтап көрсетеді.
Бухгалтерлік есеп бүтіндей халық шаруашылығы есебінің ең басты негізгісі болып саналады. Бухгалтерлік есеп көптеген жүзжылдықтар бұрын пайда болып, бүгінгі күнге дейін дамып отыр.
Олай болса, кез келген ғылымның, соның ішінде бухгалтерлік есептің өз принципінің болуы заңдылық. Латын тілінен аударғандағы принцип сөзі мағынасы жағынан — бастамасы, негізі деген түсінікті білдіреді. Қаржылық есеп беру тұжырымдамасы (концепциясы) шаруашылық үдерістері барысында шешім қабылдау үшін бухгалтерлік ақпараттық мәліметтердің қажеттілігін анықтайды. Жалпы байқап қарасақ, бухгалтерлік есептің жиырмадан астам принципін кездестіруге болады.
Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп стаңдарттарында бухгалтерлік есептің мына төмендегідей принципі анықталған:
Түсініктік, маңыздылық, сенімділік және салыстырмалық деп аталатын төрт принцип — бухгалтерлік есептегі ақпараттық мәліметтерінің негізгі, сонымен қатар сапалы мінездемесі болып табылады.
· Түсініктілік принципі
Бухгалтерлік есептің ақпараттық мәліметтері оны пайдаланушыларға шешім қабылдауы барысында түсінікті болу керектігімен түсіндіріледі. Ол үшін бұл меліметтерді пайдаланушылар бухгалтерлік есеп жайында белгілі бір дәрежеде білімді болулары қажет. Дегенмен де түсініктілік принципі ақпараттық мәліметтерді жәй қарапайым адамдардың. кәсіпқой емес тұлғалардың пайдалануы үшін сапасын төмендету деген түсінікке сай емес.
Сонымен қатар осы мақсат үшін оны қаржылық есептен алып тастауға болмайды. Ақпаратты пайдаланушы тұлғалар бұл мәліметтерді түсіну үшін алдын ала кеңес алулары қажет.
· Маңыздылық принципі
Бухгалтерлік ақпараттық мәліметтердің, қаржылық есептің сыртқы пайдаланушыларға олардың шешім қабылдауы үшін қажет болуымен түсіндіріледі. Олар негізінен бухгалтерлік есеп мәліметтерін келесідей мақсаттарға пайдаланады:
- алдағы уақыттағы экономикалық жағдайды болжау үшін;
- бұрын жасалынған болжамдардың барысында алынған нәтиженің дұрыстығын анықтау үшін.
Бухгалтерлік ақпараттық мәліметтердің маңыздылық деңгейін өлшеу үшін үш түрлі сапалық аспектілер қолданылады.
· Сенімділік принципі.
Берілген ақпараттық мәліметтерде қате болмаса, сондай-ақ пайдаланушылар оған сенімді болса, онда бұл сенімді ақпарат болып табылады.
· Салыстырмалық принципі
Қандайда бір кезеңнің бухгалтерлік есеп мәліметтері (қаржылық есебі) өткен уақыттардағы мәліметтермен салыстырылып көрсетілген кезде ғана оның пайдалылығы мен мазмұндылығы арта түседі.
·Сақтық принципі
Бухгалтерлік есептің ақпараттық мәліметтеріңде жазылатын цифрлар кәсіпорынның экономикалық жағдайын суреттейді (бейнелейді) және пайдаланушылар осы мәлімет арқылы түрлі шешім қабылдайды. Соңдықтан да әрбір әріптің және цифрдың дұрыс жазылуы үшін сақ болу қажет.
· Есептеу принцип
Кәсіпорындағы кез келген операциялар (кірістер, шығыстар) есептеліп отырылуы қажет.
· Үздіксіз принцип
Ұйымның қызметі үздіксіз жалғаса береді деп болжам жасалынады.
· Мәнділік принципі
Ұйымның бухгалтерлік есеп ақпараттары пайдаланушылардың қажеттілігін қанағаттандыруы қажет. Сондай-ақ пайдаланушылардың кәсіпорын жұысына (қызметіне) баға беруіне көмектесуі керек.
· Бейтараптық принципі
Ақпарат сенімді болуы үшін алдын ала бір шешімді қабылдауға арналмаған болуы керек. Егер ақпарат өзінің іріктеліп дайыңдалуымен немесе ұсынылуымен белгілі бір шешім қабылдауға немесе ойды қорытындылауға жету мақсатымен қалыптастыруға әсер ететін болса онда ондай ақпараттар бейтарап болмайды. Алдын ала дайындалған ақпараттық мәліметтер болмаған жағдайда, негізделмеген, бір қорытындыға келтірілмеген ойды пайдалану бейтараптыққа сәйкес келеді.
- Әділетті әрі тура көрсету принципі
Кәсіпорынның қаржылық қорытынды есебі осы мәліметтерді пайдаланушыларды қаржы жағдайы және ақша қаражаттарының қозғалысы туралы нақты әрі әділетті ақпараттармен қамтамасыз етуі қажет.
· Толықтылық принципі
Үйымның қаржылық қорытынды есебіңдегі ақпараттық мәліметтер сенімді болу үшін толық болуды қажет етеді жоне шыққан шығынға қарай олар мәңді болуы қажет. Мәліметтің толық болмауы оны теріс немесе жалған етеді. Сондықтан да ол сенімсіз және маңызсыз болады.
· Дәйектілік принципі
Кәсіпорын
өзінің қызметі барысында таңдап
алған есеп жүргізу саясатын есепті
кезеңнің басынан соңына дсйін дәйекті
түрде қолдануы қажет.
1. БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕП
Өндіріс шығындарын есептеу үшін 90-«Негізгі өндіріс» бөлімшесінің шоттары қолданылады,олар түрлі мақсаттарға арналған.
Өндіріске жұмсалған барлық шығындарды қорытындылау(шолу) үшін 900-«Негізгі өндіріс» шоты арналған.Осы шоттың 901-«Материалдар»,902-Өндіріс жұмысшыларының еңбек ақысы,903-Еңбек ақыдан аударылған аударымдар,904-Үстеме шығыстары жинақталады,содан кейін жыл соңында 900-Негізгі өндіріс шотында қорытындыланады.
900-«Негізгі
өндіріс» шоты бойынша
Шикі заттар мен материалдар-өнімді әзірлеу негізінде пайда болатын немесе оны әзірлеуге қажетті компоненттер болып табылатын шикі зат пен негізгі материалдарға жұмсалған шығындар.Осы жерде табиғи шикі заттардың құны,арнайы мамандандырылған ұйымдардың жүргізетін жер құнарлығын арттырудың шаралары көрсетіледі.
Көмекші материалдар-тұрақты технологиялық процестерді қамтамасыз ету үшін негізгі материалдарды шығару кезінде пайдаланған көмекші материалдардың шығыны.Мұндай көмекші материалдың құны белгіленген шығыс нормасы бойынша өнімнің өзіндік құнына енеді.
Қайтарылған қалдықтар-бұл негізгі,көмекші және қосалқы өндірістердің қалдығы. Қайтарылған қалдықтар болып: материалдар, шикізқаттар, шалафабрикаттар және т.б материалдық ресурстары саналады. Бірақ олар өзінің сапасын, тұтыну қасиетін жоғалтуына байланысты тікелей өз арналымдары бойынша пайдаланбауы мүмкін.
Қайтарылған қалдықтар келесі тәртіпте бағаланады:
-
егер де қалдықтарды негізгі
өндіріс мұқтаждығы үшін,бірақ
өнім азайтылып шығарылса
-
егер де қалдықтар шартқа
Қайтымсыз қалдықтар бағалауға жатпайды. Қалдықтардың кіріске алынуын 206-шоттың дебеті және 900-шоттың кредиті бойынша көрсетіледі.
Технологиялық мақсатқа араналған энергия мен отындар. Өндіріс процесінде тікелей жұмсалатын энергиялар мен отындардың шығындары. Олардың шығысы есепте шикізаттар мен материалдардың шығысы сияқты көрініс табады. Технологиялық мақсатқа отын шығындарына кәсіпорынның өзі өндірген отындардың құны да және басқа жақтан сатып алынған отындардың құны да енгізіледі:домен пештерінде агрегаттарды балқыту үшін, престеу және басқа цехтарда қыздыру үшін, бұйымдарға технологиялық процесспен белгіленген байқау жұмыстарын жүргізу үшін. Өнімнің өзіндік құнына енгізілген материалдық шығындардан қайтымды қалдықтардың құны лаынып тасталынады. Өндірістің қайтымды қалдықтары деп өнім өндіру процесінде пайда болған,бастапқы ресурстың тұтыну сапасын толық немесе ішінара жоғалтқан және соның салдарынан көтерінкі шығындармен пайдаланылатын немесе пайдаланбайтын шикізаттар, материалдар, шалафабрикаттар және басқа да материалдық ресурстардың түрлерінің қалдықтарын айтамыз.
Информация о работе Бухгалтерлік есептің даму сатыларының түрлері