Айналым куралдар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Ноября 2011 в 10:41, курсовая работа

Краткое описание

Оларға: өндiрiске арналған үйлер, ғимараттар, өткiзгiш тетiктер, құрылыс машиналады, көлiк тасымалдау құралдары, әр түрлi станоктар, двигательдер, құрал-саймандар, өлшеуiш аспаптар және тағы басқалары жатады. Өндiрiстiк емес негiзгi құралдардың қатарына шаруашылықтың өндiрiстен басқа салаларында пайдаланатын Айналым құралдар жатады. Оларға тұрмыстық үй-жай шаруашылығында, денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру және мәдениет салаларында пайдаланатын Айналым құралдар жатады.

Содержание работы

Кіріспе
1 Қазақстан бухгалтерлік есеп стандарты бойынша айналым құралдар
туралы түсінік
1.1 Бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру жүйесін мемлекеттік реттеу
1.2 Айналым құралдардың жiктелуi
1.3 Айналым құралдарды есептеуді ұйымдастыру
2 Айналым құралдарды кіріске және есептен шағарудың есебі
2.1 Айналым құралдардың кіріске алудың құжаты
2.2 Айналымқұралдарды түгелдеу, қайта бағалай және есеп берудің мәнін ашу
2.3 Айналым құралдарды есептен шығару
2.4 Айналым құралдардың аналитикалық
және синтетикалық есебі
3 Практикалық бөлім
3.1 Мысал ретінде «Қазақтелемком» АҚ көрсетілген
3.2 №12 Журнал- ордер
Қорытынды
Қолданған әдебиеттердің тізімі

Содержимое работы - 1 файл

Айналым куралдар.doc

— 227.50 Кб (Скачать файл)

      Мүліктік  түгелдеу тізімдерін жасамастан бұрын  мүліктік карточкалардың мүліктік түгелдей бар- жоғын және олардың қандай күйде  екенін; техникалық паспорттар мен  басқа техникалық құжаттардың бар- жоғын және оларда қандай күйде екендігін; жалға немесе сақтауға берілген немесе алынған негізгі құралдардың құжаттарын тексеру қажет. Егер де құжаттары жоқ болса, оларды алдыртуды және дайындауды қолға алған жөн. Бухгалтерлік есепке алу үшін регистрлердің және техникалық құжаттардың бір- бірімен сәйкестігін тексереді.

      Айналым құралдарды мүліктік түгелдеу кезінде  комиссия міндетті түрде объектілерді тексеріп, олардың толық атын, міндетін, мүліктік түгелдеу тізімін, ретін және негізгі техникалық және пайдалану  көрсеткіштерін мүліктік тізімдеріне  енгізуі тиіс. Үйлерді, ғимараттарды және басқа дасжылжамайтын мүліктік түгелдеу кезінде көрсетілген объектілердің субъектіге тиісті екендігін растайтын құжаттардың бар- жоғын тексереді. 
 

      2.3  Айналым қралдарды  есептен шығару 

      Шаруашылықты  жүргізуші субъект қолданылып жүрген заңдарға сәйкес, өзіне тиісті үйлерді, ғимараттарды, құрал- жабдықтарды, көлік құралдары мен құрал- саймандарды басқа субъектілерге беруге, айырбастауға, жалға беруге, уақытша тегін пайдалануға беруге, сондай- ақ баланстан шығарып тастауына болады.

      Айналым құрал- жабдықтарды есептен шығару: табиғи және моральдық (сапалық) тозуына  байланысты жою қажет болғанда; құрылыс  жүргізгенде; кәсіпорында, цехтарда немесе басқа объектілерді техникалық жағынан  қайта жабдықтағанда; кеңеткенде; негізгі  табыннан малдарды жарамсыз деп тапқанда; табиғи қиыншылықтар мен апаттардың нәтижесінде, пайдаланудың қалыпты жағдайлары өзгергенде; баланстан тегін бергенде; сыйлағанда; шаруашылықаралық және басқа кәсіпорындарға, қоғамдық ұйымдарға бергенде (сатқанда), өткізгенде және айырбастағанда жүзеге асады.

      Объектілер  толық немесе ішінара (объектіні  қайта жабдықтау және жаңалау  кезінде) жойылады. Субъектінің балансынан жою тәртәбәне сәйкес, пайдалану  мерзімі біткен, табиғи зіл- залалының  және апаттардың нәтижесінде өзінің өндірістік мәнін жойған, қайта қалыпқа келтіру экономикалық дағынан тиімсіз немесе мүмкін болмаған жағдайда және оларды іске асыруға немесе басқа шаруашылық жүргізуші субъектіге беруге болмайтын тозығы жеткен ғимараттар, құрылыстар, құрал- жабдықтар, сондай- ақ басқа да тозығы жеткен мүліктер шығарылып тасталынады.

      Айналым құрал- жабдықтардың жарамсыздығын  анықтау үшін, сондай- ақ қажетті  құжаттарды дайындау үшін (құрылтайщылардың немесе уәкілдіктердің жиналысында  құбылданған шешімімен) ьасшының бұйрығымен комиссия құрамы тағайындалады, оның құрамында бас инженер немесе субъект жетекшісінің орынбасары, бас бухгалтер немесе оның орынбасары, материалдық жаупкершілігі бар тұлғалар, меншік иесінің өкілі, мемлекеттік көлік инспекциясының өкілі (автокөліктерді есептен шығарғанда) бар тұрақты жұмыс істейтін комиссиялар құрылады. Негізгі құрал- жабдықтардың кейбір түрлерін баланстан шығарғанда комиссияға арнайы салалық мамандар қатыстырылады. Айталық, инженер- механиктер, инженер- энергетиктер, инженер- гидрологтар, инженер- жылу техниктер, инженер- технологтар, мал дәрігерлері, мал шаруашылығы мамандары және т.б мамандар.

      Тұрақты жұмыс істейтін комиссиялар есептен  шығарылатын қажетті объектілермен  тікелей танысып, оларды қайта қалыпқа  келтіру немесе одан әрі пайдалануға жарамсыздығын; есептен шығару себептерін, қажетті жағдайда объектілердің уақытынан бұрын есептен шығаруға кінәлілі түлғаларын; кейбір тораптарлың, тетіктер мен материалдың пайдаланылу мүмкіндіктерін және олардың бағасын анықтайды; негізгі құрал- жабдықтардың есептен шығару актілерін жасайды. Комиссия актілерді дайындағанда төл құжаттарын, этаптық жоспарларын, ақау белгілерінің тізімін, машиналардың апатқа ұшырауы жөніндегі актілерін және тағы басқа қолда бар құжаттарды пайдаланады.

      Үйлер мен ғимараттар негізгі құрастырушы бөлшектері тозғанда, қайта қалпына келтіріп жөндеу мүмкін болмаған жағдайда немесе тиімсіз болғанда,ғ тракторлар, автомобльдер, өздігінен жүретін машиналар- тек негізгі тетіктері, тораптары мен агрегаттарының көпшілігі істен шыққанда; көп жылғы ағаштар- биологиялық өсіп- өнуі біткенде, өндірістік мәнін толығымен жоғалтқанда, сондай- ақ оларды пайдаланудың экономикалық тиімсіздігіне көз жеткізгенде есептен шығарылады. Бұл кезде субъектілер үйлерді, ғимараттарды, машиналарды, құрал- жабдықтарды, көлік құралдарын және басқа мүлікті қалыптық (нормативті) пайдалану мерзімі біткенге дейін ұстайды, апаттар мен табиғи зіл- заланың нәтижесінде жарамсыз болған жағдайда ғана есептен шығарады.

      Айналым құрал- жыбдықтарды (автокөлік құралдарынан басқа) толық және ішінара есептен шығару пайдаланылатын Айналым құралдар- жабдықтарды жою туралы Акт арқылы жүзеге асады. Актіні субъектінің басшысы тағайындаған комиссия немесе соған уәкілетті адам екі дана етіп дайындайды. Актінің 1-ші данасы бухгалтерияға беріледі де, екіншісі негізгі құрал- жабдықтардың сақталуына жауапты тұлғада болады және ол есептен шығарғаннен кейін қалған қосалқы бөлшектерді, материалдарды, металл сынықтарын және тағы басқаларын қоймаға өткізуге негіз табылады.

      Есептен шығаруға жұмсалған, сондай- ақ жоюдан үйлерді, ғимараттарды бұзғаннан, құрал- жабдықтарды бөлшектегеннен түскен материалдық құндылықтардың бағасы актінің (Объектіні есептен шығару нәтижелерінің есебі! деген ьбөлімінде қарастырылады.

      Баланстан автокөлік құралдарының барлық түрін есептен шығару «Автокөлік құралдарын есептен шығару актісінде! көрсетіледі. Атіні комиссия акі дана етіп дайындап, субъектінің басшысы немесе өкілетті уәкілі бекітеді. Бір данасы бухгалтерияға берілсе, екіншісі негізгі құрал- жабдықтардың сақталуына жауапты тұлғаға беріледі де, ол автокөлік техникасын есептен шығарудан кейін қалған материалдық құндылықтар мен металл сынықтарын қоймаға тапсыруға негіз болып табылады.

      Автөклік  құралдарын жоюдан және бөлшектеуден түскен материалдық құндлылықтар бағасы «Автомобильді (тіркемені, жартыдай тіркемені) есептен шығару нәтижесінің есебі» деген бөлімшесінде көрсетіледі.

      Объектіні есептен шығарған кезде, оған қысқаша  сипаттама беріледі, және оынң есептен  шығару себептері, негізгі запас  бөлшектерінің жағдайы көрсетіледі және олардың жөндеуге жарамдылығы да айтылады. Егер де объект табиғат апаттарының, аварияның және тағы басқа да күтпеген жағдайдың салдарынан есептен шығарылатын болса, онда актіге қоса тиісті құжаттары да бірге тіркеледі. Актіні кәсіпорын басшысы бекітеді. Тек бекігеннен кейін объектіні жоюға кіріседі. Жоюдан алынған запас бөлшектері пайдалануы мүмкін болатын бағасы бойынша құндылықтар тиісті шоттар бойынша кірістеледі.

      Айналым құралдарды есептен шығарудың қабылданған  тәртібін бұзған жағдайда жою нәтижесінде алынған материалдық құндылықтарға жауапсыздықпен қарау (жойып немесе өртеп жіберу) анықталса, онда оған кінәлі лауазымды адамдар белгіленге тәртіпте жауапқа тартылады.

      Басы  артық, пайдаланбайтын құрал- жабдықтар, көлік құралдарын, приборларды, құрал- саймандарды, мүлікті, жұмысқа пайдаланатын және өнім алатын малдарды заңды немесе жеке тұлғаларға сатуға болады.

      Айналым ұрал- жабдықтарды бір кәсіпорыннан екінші бір кәсіпорынға беру кезінде  екі дана етіп акт дайындалады. Акт  негізінде мүліктік түгендеу карточкалары мен негізгі құрал-жабдықтардың мүліктік түгендеу тізіміне негізгі құрал- жабдықтардың кәсіпорын балансынан  шығарылғаны туралы белгі соғады.

      Айналым құралдар субъектінің өз ішінде (цехтан цехқа) орын ауыстыруы кезінде, орын ауыстыру актісімен рәсімделеді. Оның негізінде негізгі құрал- жабдықтардың бір орыннан екінші орынға көшуі туралы объектілердің тұған деріндегі мүліктік түгендеу тізімдеріне және мүліктік түгендеу карточкаларына белгі соғылады. Айналым құралдар шаруашылық ішінде орын ауыстырғанда 12 «Негзгі құралдар» бөлімшесі шоттарының дебеті мен кредиті бойынша бухгалтерлік жазулар жазылады.

      Айналым құрал- жабдықтарды жою туралы дайындалған  актілер бухгалтерияға түседі де талдамалық есеп тізімдемесіне жазылады. 
 

      2.4 Айналым құралдардыңаналитикалық және синтетикалық  есебі  

      Айналым құралдардың аналитикалық есебі  бухгалтериядағы инвентардық картачкаларда  сепке алынады, олар әрбір инвентарлық  объект бойынша ашылады.

      Айналым құралдарға арналған бірыңғай типтік инвентарлық картачкалар бар. Оларды негізгі құралдардың акті бойынша томпырады. Толтырылған инвентарлық карточкалар негізгі құралдардың есебі бойынша инвентарлық карточкалар тізімдемесінде тіркемді. Олар бухгалтерияда 1 далада рәсімделеді.

      Айналым құралдың есебі активті инвентарлық (шотында) 2400  (Айналым құралдар» шотында жүргізімді. 

1Кесте  - Айналым құралдардың операциялары

Операциялар мазмұны Дт Кт
айналым құралдардың сатып алынған объектілері

- берілген  есептегі сомма шотына

- еншілес  және заңды тұлғаларда 

- заңды және жеке тұлғаларда

 
2410

2410

2410

 
2150

2120,2130

3310,3390

4110,4170

Келіп түсетін айналым құралдардың  қатысушылар жарғылық капиталына жатқызылуы 2410 5010,5020
Заңды тұлғалдардан өтеусіз келіп түсетін  Айналым құралдар 2410 6220

6230

Түргендеу кезіндегі кіріспе алынған НҚ-р 2410 6280
 

      Бұл карточкада бухгалтерияға келіп  түскен Айналым құралдардың актілері, техникалық төиқұжаттары және басқа  құжаттар негізінде тоитырылады. Карточкада объектілердің және олардың жекеленген құрылымдық әлементтерінің қысқаша техникалық сипаттамасы беріледі, бірақ сол техникалық құжаттамадағы мәліметтері қайталанбайды. Негізгі құралды басқа субъектіге тапсыру (беру) кезінде негізгі құралдардың шығуы туралы белгі соғыға, сондай-ақ Айналым құралдар объектілерінің субъект ішінде орын ауыстыру кезінде «Негізгі құралдарды қабылдау- тапсыру (орын ауыстыру) актісі», ескіру және тозу салдарынан негізгі құралдардың, объектілерін есептен шығаруға «Айналым құралдар объектілерін есептен шығару актісі» негізінде бола алады. Құрылысы салынып біткен, жабдықтаулары орнатылған, жөндеу жұмыстары біткен объектілер туралы «Жөнделгнен, қайта құрылған және жаңаланған объектілерді қабылдау- тапсыру актілерінде» жазылады. «Объектілердің қысқаша жеке сипаттамасы» бөлімінде негізгі объектінің тек негізгі сапалық және сандық көрсеткіштері, сондай- ақ объектінің техникалық құжаттамасында бар мәліметтерді қайталамай, осы объект үшін неғұрлым маңызды екі- үш сапалық көрсеткіштермен шектеліп, оған қатысты маңызы қосымша құрылыстар, бейімдегіштер мен тиісілі заттар жазылады. Негізгі құралдардың топтама есебі жайынла қысқаша жеке сипаттаманы әр объектіге жке бермей-ақ мүліктік карточкада есептелген объектілерінің тобына тұтастай береді. 

2 Кесте-  Айналым құралдардың синтетикалық  есебі

  Шаруашылық  операцияның мазмұны Сома, теңге Шоттар  корреспонденциясы
дебет кредит 
А.айналым  құралдардың барлық түрін жою      
Айналым  құралдарды есептен шығару актісінің  негізінде өндліріс құрал- жабдықтары есептен шығарылады:

   - объектісінің пайдалану кезіндегі есептелген соммасына

   - объектінің баланстық құнына

 
 
 
 
349 860 

5 140

 
 
 
 
24020 

7410

 
 
 
 
2410 

2410

Жиынтығы 355000    
Объектіні бөлшектеу үшін еңбек ақымен қоса аударымдар бірге есептелінеді:

   - есептелген еңбек ақы соммасы

   - аударған әлеуметтік салық пен зейнетақы қорына

 
 
 
13700 

2570

 
 
 
7410 

7410

 
 
 
3350 

3150

Жойылған  объектіні тасымалдағы үшін авто шаруашылығының шоты келісілді  
5550
 
740
 
3310
Айналым  құрал- жабдықтар объектісін жоюдан түскен материалдар кіріске алынды  
 
18000
 
 
1310
 
 
6210
Жыл аяғында кіріс пен шығыс «Жиынтық табыс» шотына жатқызылды:

  - негізгі құрал- жабдықтарды жою шығындары

  - негізгі құрал- жабдықтарды жоюдан түскен табысы

 
 
 
26930 
 

10000

 
 
 
5410 
 

6210

 
 
 
7410 
 

5410

Ә. айналым құрал- жабдықты сату      
Құрал- жабдықты сату кезінде жинақталған  соммасына 16000 2420 2410
Сатылатын құрал- жабдықтың баланстық құны 234000 7410 2410
Жиынтығы 250000    

Информация о работе Айналым куралдар