Айналым куралдар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Ноября 2011 в 10:41, курсовая работа

Краткое описание

Оларға: өндiрiске арналған үйлер, ғимараттар, өткiзгiш тетiктер, құрылыс машиналады, көлiк тасымалдау құралдары, әр түрлi станоктар, двигательдер, құрал-саймандар, өлшеуiш аспаптар және тағы басқалары жатады. Өндiрiстiк емес негiзгi құралдардың қатарына шаруашылықтың өндiрiстен басқа салаларында пайдаланатын Айналым құралдар жатады. Оларға тұрмыстық үй-жай шаруашылығында, денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру және мәдениет салаларында пайдаланатын Айналым құралдар жатады.

Содержание работы

Кіріспе
1 Қазақстан бухгалтерлік есеп стандарты бойынша айналым құралдар
туралы түсінік
1.1 Бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру жүйесін мемлекеттік реттеу
1.2 Айналым құралдардың жiктелуi
1.3 Айналым құралдарды есептеуді ұйымдастыру
2 Айналым құралдарды кіріске және есептен шағарудың есебі
2.1 Айналым құралдардың кіріске алудың құжаты
2.2 Айналымқұралдарды түгелдеу, қайта бағалай және есеп берудің мәнін ашу
2.3 Айналым құралдарды есептен шығару
2.4 Айналым құралдардың аналитикалық
және синтетикалық есебі
3 Практикалық бөлім
3.1 Мысал ретінде «Қазақтелемком» АҚ көрсетілген
3.2 №12 Журнал- ордер
Қорытынды
Қолданған әдебиеттердің тізімі

Содержимое работы - 1 файл

Айналым куралдар.doc

— 227.50 Кб (Скачать файл)
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Мазмұны 
 

       Кіріспе

1     Қазақстан  бухгалтерлік есеп стандарты  бойынша айналым құралдар 

       туралы түсінік

1.1  Бухгалтерлік  есепке алу мен қаржылық есеп  беру жүйесін мемлекеттік реттеу

1.2  Айналым құралдардың жiктелуi

1.3  Айналым  құралдарды есептеуді ұйымдастыру

2     Айналым құралдарды кіріске және  есептен шағарудың есебі

2.1  Айналым  құралдардың кіріске алудың құжаты 

2.2  Айналымқұралдарды  түгелдеу, қайта бағалай және  есеп берудің мәнін ашу

2.3  Айналым құралдарды есептен шығару

2.4  Айналым  құралдардың аналитикалық     

       және синтетикалық  есебі

3     Практикалық  бөлім 

3.1  Мысал ретінде  «Қазақтелемком» АҚ көрсетілген 

3.2  №12 Журнал- ордер

       Қорытынды

       Қолданған әдебиеттердің тізімі  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Кіріспе 
 

      Барлық  «Айналым құралдар» өздерiнiң өндiрiске  қатысуына қарай өндiрiстiк және өндiрiстiк емес болып екi топқа  бөлiнедi. Өндiрiстiк Айналым құралдар деп өндiрiстеқызмет ететiн, яғни өнiм өндiру орындарында пайдаланатын негiзгi құралдарды айтады.

      Оларға: өндiрiске арналған үйлер, ғимараттар, өткiзгiш тетiктер, құрылыс машиналады, көлiк тасымалдау құралдары, әр түрлi станоктар, двигательдер, құрал-саймандар, өлшеуiш  аспаптар  және тағы басқалары  жатады. Өндiрiстiк емес негiзгi құралдардың қатарына шаруашылықтың өндiрiстен басқа салаларында пайдаланатын Айналым құралдар жатады. Оларға тұрмыстық үй-жай шаруашылығында, денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру және мәдениет салаларында пайдаланатын Айналым құралдар жатады.

      Халық шаруашылық салаларына және iстейтiн  қызметтерiнiң түрлерiне қарай барлық Айналым құралдар: өнеркәсiп, ауыл шаруашылығы, орман шаруашылығы, тасымалдау, байланыс, құрылыс, материадық – техникалық жабдықтау  және сату-өткiзу ұйымдары, қоғамдық тамақтандыру, басқару органдары, әлеуметтiк сақтандыру, ғылым және бiлiм беру, ғылыми көмек көрсету және тағы да басқа салалар ойынша топталады.

      Кәсіпорындардың бухгалтериясында Айналым құралдардың  әрбір объектісіне типтік ведомстволық түгендеу карточка ашылады. Егер жеке бірінсіз бірі қызмет ете алмайтын бірнеше бұйымдар, саймандар, аспаптар, тағы басқалары өосылып бір түгендеме объектіні құрайтын болса, онда оның түгендеу карточкасына сол объектінің құрамына кіретін барлық бұйымдардың тізімі жақылады.

      Егер  ұйымның бір бөлімшесіне құралдың (инвентардың), аспаптың немесе басқа  да негізгі құралдардың бір түрінің (аты, техникалық сипаттамасы, бағасы бірдей болатын) бірнешеуі бір уақытта  келіп кіріске алынса, онда олар түгендеу карточкаларында тобы бойынша есептеледі.

      Бірақ бұл жоғарыда айтылғандарға қарамастан ол негізгі құралдардың әрқайсысына  бөлек түгендлеме нөмірі беріледі. негізгі құралдардың барлық түрлерін, сондай- ақ ұйымға күнтізбелік (календарлық) бір ай ішінде пайдалануға берілген біртектес өндірістік- шаруашылық қызметінің бір түрін орындауға арналған жеке техникалық сипаттамасы мен бағасы бірдей негізгі құралдарды есептеуге үлгілі түрі НҚ-6 ведомство аралық түгендеу карточкасы қолданылады. Түгендеу карточкалар ұйымның бухгалтериясында тиісті топтары бойынша тіркеледі. 
 
 
 
 
 
 

      1  Қазақстан бухгалтерлік есеп стандарты бойынша айналым     құралдар   туралы түсінік  
 

      1.1  Бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру жүйесін          мемлекеттік реттеу 

     Есеп  беру деп кәсіпорынның өткен кезеңдегі қаржылық-шаруашылық қызметін кешенді түрде сипаттайтын барлық көрсеткіштер жүйесін айтамыз. Есеп беру процесін жасау есеп жұмысының соңғы сатысы болып табылады.

     Қаржылық  есеп берудің мақсаты өз пайдаланушыларына  заңды тұлғаның қаржылық жағдайы туралы сенімді, мәнді және пайдалы ақпараттарды беру болып табылады. Қаржылық есеп берудің пайдаланушыларының қатарына потенциалды инвесторлар, кредиторлар, жабдықтаушылар, сатып алушылар, еңбеккерлер, сондай-ақ мемлекеттік органдар, т.б. кіреді.

      Қаржылық  есеп беру басқарушы органдардың  жұмысын және субъектінің ресурстарын, міндеттемелерін және ақша қаражаттарының болашақтағы ағындарын бағалауға, несие беру бойынша шешімдерге және инвестициялық шешімдерді қабылдауға пайдалы ақпараттарды береді.

     Есеп беру мәліметтерін кәсіпорынның тиімділігін бағалау үшін, сондай-ақ шаруашылық қызметін талдау үшін сыртқы пайдаланушылар пайдаланады.

     Осымен  қоса, есеп беру кәсіпорынның шаруашылық қызметін жедел басқару үшін қажет  және ол болашақ кезеңдерді жоспарлау  мен болжау үшін басты база болып табылады.

     Есеп  беруге қойылатын негізгі талаптар: кәсіпорын қызметінің нәтижесін  анық және объективті көрсету, барлық көрсеткіштерді бір-бірімен қатаң  түрде үйлестіру, бухгалтерлік пен  жедел-статистикалық есеп берудің  сабақтастығын сақтау, әдістемелік және басқа да ережелерді сақтау болып табылады.

     Бұрмаланған есеп бергені үшін кәсіпорынның басшысы  мен бас бухгалтері Қазақстан  Республикасының әрекет етіп тұрған заңдарына сәйкес жауап береді.

     Қаржылық  есеп берудің негізгі қағидалары болып:

     Есептеу. Қаржылық есеп беру есептеу қағидасының  негізінде жасалады, соған сәйкес өнім жөнелтілген, жұмыс атқарылған кезінен бастап, олардың төлену нәтижесіне қарамастан табыс болып танылады, ал шығысы мен зияны орын алынған  кезден бастап танылады.

     Толассыздық. Субъект өз қызметін жақын арада  тоқтатпауды топшылайды және ондай  ниеттің көз жетерлік болашақта  пайда болуын да мақсат тұтпайды.

     Түсініктілік. Қаржылық есеп беруде берілген ақпарат  пайдаланушыларға түсінікті болуы  тиіс.

     Маңыздылық. Қаржылық есеп беруді пайдаланушылар ондағы мәліметтерге қанағаттануы тиіс; қаржылық, шаруашылық, жедел жағдайларын бағалаған кезде олардың қабылданған шешіміне алынған мәліметтер өз септігін тигізуі керек.

     Мәнділік. Қаржылық есеп беру негізінде қабылданған  экономикалық шешімдер олардың ұғымдарының дұрыстығына немесе дұрыс еместігіне әсер етуі мүмкін.

     Дұрыстық. Есеп беру негізінен анық мәліметтердің  көрсеткіштерінен құрылады, егер де онда мәнді қателер немесе күні бұрын  пішілген ойлар болмаса.

     Шын және алалықсыз ұсыну. Қаржылық есеп беру субъекттің ақша қаражатының қозғалысы, операцияның нәтижесі, қаржылық жағдайы туралы пайдаланушыларға шындық және алалықсыз мәліметтерді ұсынуы тиіс.

     Бейтараптылық. Қаржылық есеп беруде берілген ақпараттар күні бұрын ойластырылған мәліметтен алшақ болуы керек, яғни сенімді болжамы болғаны абзал.

     Сақтық. Кез келген шешімді қабылдаған кезде  сақтық деңгейін сақтаған жөн, белгісіз жағдайда активтер мен табыстың, сондай-ақ міндеттемелер мен шығыстың қайта  бағалануына барынша жол бермеу керек.

     Аяқтау  және салыстыру. Қаржылық есеп берудегі ақпараттардың анықтылығын қамтамасыз ету мақсатында ондағы мәліметтер толық  болуы тиіс. Ақпараттың пайдалылығы  мен мазмұндылығын арттыру үшін бір есептік кезеңі екінші бір  кезеңмен салыстырылуы тиіс.

     Жүйелілік. Пайдаланушы субъекттің қаржылық есеп беруін, оның әртүрлі есептік кезеңімен салыстыру мүмкіндігін қалыптастыру керек, өйткені оның көмегімен қаржылық жағдайдың тенденциялық өзгерістерін анықтай алады, демек қабылданатын шешімдердің жүйелілігін сақтау мүмкіндігі артады.

     Орындылық. Пайдаланушыға өткен, қазіргі және болашақ оқиғаларды бағалауға, өткен  бағалауды растауға немесе түзетуге көмектесіп, экономикалық шешімдерге ықпал ету.

     Ақпараттың  орындылығына оның сипаты мен елеулілігі маңызды ықпал жасайды. Ақпарат егер оны қалдыру немесе дұрыс ұсынбау пайдаланушының экономикалық шешіміне әсер ете алса, елеулі деп саналады.

     Сенімділік. Ақпаратта елеулі қателер мен  бұрмалаулар жоқ және пайдаланушылар оған шынайы деп сенуіне болады.

     Мәннің  формадан артықшылығы. Операциялар мен басқа оқиғаларды шынайы ұсыну үшін олар тек заңдық формамен ғана емес, оның мәні мен экономикалық шындығына сай есептеліп, ұсынылу қажет.

     Байқампаздық. Активтер мен кірістер кемітілмей, ал міндеттемелер мен шығыстар әдейі  арттырылмауы үшін белгісіздік жағдайларында талап етілетін, есептесулерге пікір қалыптастырған кезде сақтықтың белгілі бір деңгейін ұстау.

     Уақыттылылық. Ақпарат ұсынуда ақталуға келмейтін  тежеу болған жағдайда ол өзінің орындылығын  жоғалтуы мүмкін.

     Пайда мен шығын арасындағы баланс. Ақпараттан алынатын пайда оны алуға кететін шығыннан  түсуі тиіс. Пайда мен шығынды бағалау едәуір дәрежеде кәсіби пайымдаудың мәселесі болып табылады.

     Сапалық сипаттаулар арасындағы баланс. Қаржылық есеп беруге арналып қойылған негізгі  тағайындауды орындау үшін көбіне тепе-теңдік немесе сапалық сипаттамалар арасындағы ымыра болуы қажет. Қаржылық есепті жасаушылар кәсіби пайымдаудың көмегімен әр түрлі жағдайларда сипаттамалардың салыстырмалы маңызқдылығын айқындайды.   

     Есеп  беруге қойылатын ең басты талап оның тазалығы болып табылады, яғни акционерлер мен инвесторларға есеп берудің мәліметі түсінікті болуы тиіс. Есеп беру белгіленген мәліметтердің мерзімінде жасалған жөн. Кәсіпорынның есеп беруі бухгалтерлік, статистикалық және жедел (оперативтік) болып бөлінеді. Жедел-статистикалық есеп беру кәсіпорынның өндірістік және қаржылық қызметінің жекелеген жақтарын бухгалтерлік және жедел-статистикалық есепке алудың деректері бойынша жасалады. Бухгалтерлік есеп беру кәсіпорындардың өндірістік және қаржылық қызметін бастапқы құжаттармен расталып, жинақталған деректерден жасалады. Қандай кезең үшін берілгендігіне қарай есеп шұғыл және почта арқылы берілетін есептер болып бөлінеді.

     Балансты  және басқа да берілетін есептерді  уақытында, әрі сапалы жасау үшін бухгалтерия өндірістік бөлімшелеріндегі барлық мәліметтердің құжатталуын, белгіленген материалдық және басқа есептерін толық көлемде берілуін қамтамасыз ету керек.

     Бухгалтерлік  есептің ақпараттары балансқа дейін  қажет өңдеулерден өтеді. Бұл  өңдеу процесі төрт кезеңнен тұрады:

     Бірінші кезең. Әр түрлі шаруашылық фактілері  құжатталады (іскерлік мәміле жасалады).

     Екінші  кезең. Есеп мәліметтері есеп талабына байланысты жіктеледі, содан соң  бухгалтерлік есеп шоттарында көрсетіледі (есеп регистрлерінде ЖО, ведомость, Бас кітап).

     Үшінші  кезең. Есеп жиынтығы есеп беру нысандарына  көшіріледі (баланс, қаржылық-шаруашылық қызметі туралы есеп беру, ақша-қаражаттарының қозғалысы туралы есеп беру т.б.).

     Төртінші  кезең. Шаруашылық субъектінің қаржылық-шаруашылық қызметі талданады.

      Есеп  беру жөніндегі жұмыстарды мүлтіксіз  ұйымдастыру ісінде есепші қызметкерлердің  міндеттерін өзара дұрыс бөлудің  және есеп жұмыстарының кестесін белгілеудің  маңызы зор. Берілетін есеп тиісті жиынтық  құжаттарында, саралау парақтарында және белгіленген көлемдерде есептік тізімдемесінде жинақталады. Аталған деректердің негізінде талдау жасалынады.

     Жасалған  баланстық және басқа берілетін  есептердің көрсеткіштерінің дәлдігін қамтамасыз ету үшін арифметикалық  және логикалық тұрғыдан мұқият тексеру керек. Баланстың сабақтастығын есепті кезеңнің басындағы баланс баптарының деректерін ағымдағы кезеңнің осы баптағы деректерімен салыстырып, жыл соңындағы көрсеткіштердің әрбір жолы анықталады. Қаржы есебін беру тәртібі бухгалтерлік есептің стандарттарымен реттеледі.

Информация о работе Айналым куралдар