Айналым куралдар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Ноября 2011 в 10:41, курсовая работа

Краткое описание

Оларға: өндiрiске арналған үйлер, ғимараттар, өткiзгiш тетiктер, құрылыс машиналады, көлiк тасымалдау құралдары, әр түрлi станоктар, двигательдер, құрал-саймандар, өлшеуiш аспаптар және тағы басқалары жатады. Өндiрiстiк емес негiзгi құралдардың қатарына шаруашылықтың өндiрiстен басқа салаларында пайдаланатын Айналым құралдар жатады. Оларға тұрмыстық үй-жай шаруашылығында, денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру және мәдениет салаларында пайдаланатын Айналым құралдар жатады.

Содержание работы

Кіріспе
1 Қазақстан бухгалтерлік есеп стандарты бойынша айналым құралдар
туралы түсінік
1.1 Бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру жүйесін мемлекеттік реттеу
1.2 Айналым құралдардың жiктелуi
1.3 Айналым құралдарды есептеуді ұйымдастыру
2 Айналым құралдарды кіріске және есептен шағарудың есебі
2.1 Айналым құралдардың кіріске алудың құжаты
2.2 Айналымқұралдарды түгелдеу, қайта бағалай және есеп берудің мәнін ашу
2.3 Айналым құралдарды есептен шығару
2.4 Айналым құралдардың аналитикалық
және синтетикалық есебі
3 Практикалық бөлім
3.1 Мысал ретінде «Қазақтелемком» АҚ көрсетілген
3.2 №12 Журнал- ордер
Қорытынды
Қолданған әдебиеттердің тізімі

Содержимое работы - 1 файл

Айналым куралдар.doc

— 227.50 Кб (Скачать файл)

      а) үйлер (тұрғын үй, кеңсе үй, қойма  тағы басқалары)

      ә) ғимараттар (көрпiрлер, аспалы жолдар, жасанды су қоймалары, эстокадолар, скважиналар, тағы басқалары)

      б) өткiзгiш тетiктер (жұмыс машиналары, энергия бөлетiн тетiктер, құбырлар, тағы басқалары)

      в) машиналар (бумен жұмыс iстейтiн вигательдер, iштен жанатын двигательдер, электроаппараттық, трансформаторлар, эскаваторлар, грейдерлер, бульдозерлер, бетон араластырғаш машина, көтергiш крандар, жүк көтергiш шығарлар, су өлшегiш құралдар, мометрлер, таразырлар, кассалық аппараттар мен тағы да басқалары);

      г) тасымаплдау құралдары (жолаушылар және жүк таситын көлiктер, жеңiл  көлiктер, көлiкке тiркемелер (прицеп), тракторлар және тағы басқалары,

      ғ) құрал-саймандар мен жабдықтар (шкафтар, бақтар, контейнерлер тағы да басқа Айналым құралдар);

      д)шаруашылық құрал жабдықтары (жиһаздапр, креслолар, кiлемдер, сейфтар, тағы да басқалары;

      е) жұмыс және өнiм малдары);

      ж) көп жылдық өсiмдiктер мен көшеттер;

      з) жер (ұйымның сатып алған жер көлемiнiң құны);

      и) жердi жақсартуға (өндеуге) жұмсалған  күрделi шығын;

      к) басқа да Айналым құралдар (кiтапхана  қорлары тағы басқалары);

      Айналым құралдар кiмнiң меншiгiнде, иелегiнде  екендiгiне қарай меншiктiк, яғни кәсiпорынның өзiне тиiстi және уақытша жалға алынған болып екiәге бөлiнедi.Кәсiпорын уақытша жалға алған негiзгi құралдарды баланс сыртындағы»Жалға алынған Айналым құралдар» деп аталатын шотта есептейдi.

      Сонымен қатар пайдалану барысына қарай  Айналым құралдар жұмыс устейтін, жұмыс істемейтін және сақтауда түрған деп үш топқа бөлінеді.

      Жұмыс істейтіндерге өндіріс үдесіндегі, яғни қолданыстағы Айналым құралдар жатады.

      Жұмыс істемейтін негізгі құралдардың  қатарына тоқтатылып қойылған, белгілі  себептермен басқа да жаққа әзірге берілмеген басы артық жабдықтар жатады.

      Сақтауда  тұрған негізгі құралдардың қатарына келешекте, яғни алдыңғы уақытта  тозып немесе басқа да жағдайларға  байланысты істен шығатын негізгі  құралдардың орнына пайдалануға  арналған құрал- жабдықтар жатады.

      Материалдық активтер сатып алыну мақсатына  қарай былай бөлініп есептеледі:

      а) Айналым құралдар;

      ә) тауарлық- материалдық қорлар немесе

      б) қаржылық инвестициялар. 
 

      1.3 Айналым құралдарды  есептеуді ұйымдастыру 

      Айналым құралдардың есебі кәсіпорынның бухгалтериясында жүргізіледі. Олардың аналитикалық (талдамалық) есебі әрбір түгендеме объектісі бойынша бөлек жүргізіледі. Түгендеме (инвентарлық) объектісі деп өзінің құрамына кіретін, яғни өзіне тиісті керекті жабдықтармен, саймандармен сатылып алынған, орнатуды керек етпейтін жабдықтарды, салынып біткен жеке құрылыстарды (үйлері мен ғимараттарды), өздерінің құрылымы (конструкциясы) бойынша жекеленген немесе бірімен- бірі құрылымы бойынша біріктірілген, яғни қосылған, бір зат болып саналып, белгілі бір қызметті атқаратын бүйымдарды айтады.

      Кәсіпорындарда  негізгі құралдың есебін дұрыс жүргізу  үшін және олардың тиісті түрде сақталуын  қамтамасыз ету үшін әрбір негізгі  құралдарға түгендеме нөмері беріледі. Ол тұрақты түрде белгіленеді.

      Айналым құралдар тозуына, бұзылуына, басқа ұйымдар мен адамдарға берілуіне, сатылуына, тағы да басқа жағдайларға байланысты есептен шығарылғанда оның нөмірі ұйымның жаңадан кіріске алған негізгі құрылдарына берілмейді. Түгендеме нөмірі негізгі құралға бекітілген жетонға немесе құралдардың өзіне бояумен жазылады. Түгендеме объектілерді (заттарды) реттік сериялық жүйесімен нөмірлеу ұсынылады. Мұндай жағдайда әрбір жіктеу тобына кіретін негізгі құралдарға бөлек сериялық реттік нөмірлер белгіленеді, ол сериялық реттік неөмірді негізгі құралдардың қандай жіктелу тобына жататындығын көрсететіндей етіп тағайындаған дұрыс. Негізгі құралдарға бастапқыда берілген түгендеме нөмірі оның түгендеме карточкасында және бір жерден екінші жерге орын ауысуы үшін толтырылатын алғашқы құжаттарды көрсетілуі тиіс.

      Кәсіпорындардың бухгалтериясында Айналым құралдардың  әрбір объектісіне типтік ведомстволық түгендеу карточка ашылады. Егер жеке бірінсіз бірі қызмет ете алмайтын бірнеше бұйымдар, саймандар, аспаптар, тағы басқалары өосылып бір түгендеме объектіні құрайтын болса, онда оның түгендеу карточкасына сол объектінің құрамына кіретін барлық бұйымдардың тізімі жақылады. Егер ұйымның бір бөлімшесіне құралдың (инвентардың), аспаптың немесе басқа да негізгі құралдардың бір түрінің (аты, техникалық сипаттамасы, бағасы бірдей болатын) бірнешеуі бір уақытта келіп кіріске алынса, онда олар түгендеу карточкаларында тобы бойынша есептеледі. Бірақ бұл жоғарыда айтылғандарға қарамастан ол негізгі құралдардың әрқайсысына бөлек түгендлеме нөмірі беріледі. негізгі құралдардың барлық түрлерін, сондай- ақ ұйымға күнтізбелік (календарлық) бір ай ішінде пайдалануға берілген біртектес өндірістік- шаруашылық қызметінің бір түрін орындауға арналған жеке техникалық сипаттамасы мен бағасы бірдей негізгі құралдарды есептеуге үлгілі түрі НҚ-6 ведомство аралық түгендеу карточкасы қолданылады. Түгендеу карточкалар ұйымның бухгалтериясында тиісті топтары бойынша тіркеледі. 

      Негізгі көп емес шағын ұйымдар мен  бірлестіктер өздерінің негізгі  құралдарын есептеу үшін түгендеу карточкалардың орнына үлгілі НҚ- 11 санды түгендеу кітапшасын пайдалана алады. Бұл кітапша негізгі құралдардың есебін жүргізуге ыңғайлы болып келеді және онда Айналым құралдар жоғарыда айтылған топтары бойынша бөлек есептелінеді. Негізгі құралдарды түгендеу кітапшада есептеген жағдайда түгендеу тізімі жүргізілмейді.

      Кәсіпорындарда  түгендеу карточкалар немесе түгендеу кітапшалар қабылдау-тапсыру, ауыстыру актілері, техникалық паспорттар және басқа да негізгі құралдарды сатып  алу, сату, салу, орнату, бір жерден екінші жерге ауыстыру, есептен шығару актілері, тағы басқа осылар сияқты құжаттар негізінде толтырылады. Түгендеу карточкалар (жекелік немесе топтық) әдетте әрбір түгендеме объектіге бір данадан толтырылып, ұйымның бухгалтериясында сақталоады. Ол картотекада Айналым құралдар халық шаруышылығының саласына қарай жіктелген топтары бойынша орналастырылады. Әрбір топтың ішінде түгендеу карточкалар негізгі құралдардың тұрған жері, яғни жұмыс орны, олардың атқаратын қызметіне және түрлеріне қарай (үйлер мен ғимараттар, машиналар мен жабдықтар, көліктер тағы да басқалар) орналастырылады. Кәсіпорындарда шығыс етілген және өндіріс орны мен ұйымының ішінде бір жерден екінші жерге орны ауыстырған негізгі құралдардың түгендеу карточкалары есепті айдың соңына дейін картотекада бөлек сақталады. Сондай-ақ, келешекте пайдалану үшін сақтаулы түрған Айналым құралдар мен басы артық тоқталып қойылған негізгі құралдардың да түгендеу карточкалары бөлек қойылуы қажет.

      Түгендеу  карточкалар мен кітапшалар талдамалық (аналитикалық) есептің негізгі түрі болып саналады. Оларда негізгі құралдардың аталуы, түгендеу нөмірі, баланста көрсетілген бастапқы құны, амортизациялық аударым мөлшері, зауыттық нөмірі, келіп кіріске алынуына және істен (есептен) шығарылуына байланысты толтырылған актілердің уақыты (айы, күні, жылы) тағы да басқа шартты белгілері мен кректі мәліметтері жазылады. Толтырылған түгендеу карточкалар үлгілі түрі НҚ-10 санды ведомтство аралық негізгі құралдарды есептейтін түгендеу карточка тізімдемесіне тіркеліп жазылып отырылады. Бұл тізімдеме бухгалтерияда бір дана етіп толтырылып, түгендеу карточкалардың түгел сақталуын бақылау үшін пайдаланылады. Ұйымдар негізгі құралдарды жіктелуі,  яғни аралық шоттары бойынша тізімдемеген тіркейді.

      Негізгі құралдардың сақталып және жұмыс  істеп тұрған жер бойынша үлгілі түрі НҚ-13 санды түгендеу тізімі жасалады. Түгендеу карточкаларға қарағанда бұл тізімдеме келіп- түсіп, кіріске алынған объектілер бойынша те қана қысқаша мәліметтер, яғни объектінің аталуы, бастапқы құны, инвентарлық номері, түгендеу картчока немесе түгендеу еітапшаға жазылған нөмірі, басқа да мәліметтері жазылады.

      Ай  сайын алғашқы құжаттар негізінде  үлгілі түрі НҚ-13 түгендеу тізіміне кіріске  алынған және шығыс етілген Айналым  құралдар жайлы мәліметтер жазылып, бухгалтерлік есептің ақпараттарымен салыстырып, тексеріліп отырады. Бұл түгендеу тізіміне көрсетілген объектілер мен олардың құны бухгалтерлік есептің мәліметтеріне сәйкес келуі керек. Есеп құжаттарын қолмен өңдегенде аралық шоттар бойынша негізгі құралдардың қозғалысын, яғни кірісі мен шығысын есептеу үшін үлгілі түрі НҚ-12 санды карточка қолданылады.  

      Ол  карточка ұйымдарда негізгі құралдардың  тиісті шоттарының түгендеу карточкалары мәліметтерінің негізінде толтырылады. Бұл карточкада негізгі құралдың жіктелу топтары мен түрлеру есеп бетеретін айдың басындағы құны бойынша қалдығы, олардың кірісі мен шығысы көрсетіледі. Карточканың НҚ-12 санды үлгілі түрінің мәліметтері Айналым құралдар жайлы есеп беруге пайдаланады. Ұйым бойынша негізгі құралдардың кірісі мен шығыс етілуін есептейтін үлгілі түрі НҚ- 12 санды карточкадағы қалдығы ай сайын бас кітаптағы негізгі құралдардың мәліметтерімен салыстырып, тексеріліп отырады.

      Кәсіпорындарда  түгендеу карточкалар және түгендеу кітапшалармен қатар ірі машиналар  мен механизмдерге, жабдықтар мен көліктерге арнайы техникалық толқұжат толтырылады. Бұндай төлқұжаттарда негшізгі құралдардың техникалық сипаттамасы және іәстейтін жұмыстарының түрлері, тағы да басқа деректер жазылуы тиіс. 
 
 
 

      2 Айналым құралдарды  кіріске және есептен  шағарудың есебі 
 

      2.1 Айналым құралдардың  кіріске алудың  құжаты 

      Халық шаруашылығының қай салысында болмасын өндірістік өнімнің өсуі ондағы негізгі  құралдардың өсуі мен олардың  сапасына байланысты болады. Сондықтан  шаруашылық объектілері әрдайым  негізгі құралдарын жаңартып, оларды сапасы және өнімділігі жоғарыларымен ауыстырып отырғаны дұрыс.

      Кәсіпорындарға  Айналым құралдар сатып алу, салу, құрылтайшылардың үлес қосуы, басқа  ұйымдардың және адамдардың сыйға, яғни тегін беруі, сондай- ақ жорғарғы үкімет орындарының беруі, тағы да басқа жағдайлар арқылы келіп түседі. Бұл келіп түскен, кіріске алынған негізгі құралдарғак кәсіпорын үлгілі түрі НҚ-1 санды қабылдау- тапсыру актісін толтырады. Егер шаруашылықта пайдаланатын бір түрлі, құны бірдей құрал- саймандарының немесме жабдықтардың бірнешеуі бір уақытта келіп түссе, яғни кіріске алынса, оларға жоғарыда  аталған қабылдау- тапсыру актісінің бір данасын ғана толтыруға болады. Салынып біткен, яғни аяқталған құрылыстар үшін ол объектілерді қабылдап алуға тағайындалған комиссия алдымен оларды іске қосу- қабыладау актісін толтырады. қабылдау актісі бухгалтерлік алғашқы құжат болып саналады. Бұл актіде мынадай мәліметтер көрсетілуі тиіс:

      - объектінің аты;

      - объектіні қабылдап алушы мен  тапсырушы ұйымның аты;

      - салынып біткен құрылыстың қабылданған кездегі жағдайы;

      - құрылыстың салынып біткен уақыты;

      - амортизациялық аударым мөлшері;

      - бастапқы құны;

      - басқа да шартты белгілері.

      Айналым құралдардың салынып біткен аса  ірі объектілеріне ұйымдағы бас  механикалық бөлім төлқұжат толтырады. Негізгі құралдарға толқұжат толтыру олардың есебін дұрыс ұйымдарудың негізгі шарттарының  бірі болып табылады. Негізгі құралдарға толтырылатын төлқұжаттарда олардың пайдалануға берілген уақыты, техникалық сипаттамасы, (көлемі, материалдық өзгешелігі, егрегаттардлың қуат күші, тозу мөлшері, істен шығарылу себебі) тағы да басқа мәліметтероі жазылады. Осы төлқұжаттардың негізінде ұйымдар әрдайым өздеріндегі енегізгі құралдарға түгендеу жүргізіп және олардың іске жарамдылығын тексеріп отырады.

      Айналым құралдарға толтырылған қабылдау- тапсыру  актісі кейіннен ұйымның бухгалтериясына  тапсырылуы тиіс.  

      2.2 Айналым құралдарды  түгелдеу, қайта бағалай  және есеп берудің          мәнін ашу 

      Айналым құралдарды түгелдеу. Айналым құралдардың  нақты бар- жоғын анықтау және олардың сақталуына бақылау жасау мақсатында субъекті басшылары нормативтерді, заңдарды және басқа да актілерді, сондай-ақ есеп саясатын басшылыққа ала отырып оқтын- оқтын негізгі құралдарға мүліктік түгелдеу жүргізіп отырды.

      Бухгалтерлік есептің 24 «Бухгалтерлік қызметтің жұмысын ұйымдастыру» деп аталатын стандартына сәйкес әрбір шаруашылық жүргізуші субъекті өз бетінше жүйелі түрде түгелдеу жұмысын жүргізіп отыруды белгілейді.

      Айналым құралдарды мүліктік түгелдеу жылдық қаржылық есеп беру мен баланстарды жасау алдында, жылына ең аз дегенде 1 рет, қараша айында жүргізіледі. Үйлерді, ғимараттарды және басқа жылжымайтын объектілерді үш жылда 1 рет; өнім беретін және жұмысқа пайдаланатын малды тоқсан сайын және жылдық есепті жасау алдында (есепті жылдың 31 желтоқсанында) түгелдеу жүргізіледі.

      Мүліктік  түнелдеу міндетіне негізгі құралдардың  нақты ьарлығы, техникалық жағдайы  туралы дәл, толық мәліметтерді алумен қатар бухгалтерлік есепке алу, мәлеметтермен  салыстыру шаралары да жатады. Негізгі құралдардың нақты бар- жоғы және техникалық жағдайы туралы мәліметтер «Негізгі құрал- жабдықтарды мүліктік түгелдеу тізіміне» жазылып, мүліктік түгелдей біткеннен кейін субъектінің бухглатериясына өткізіледі.Тізімжеме объектілердің толық аты көрсетіліп, олардың техникалқ сипаттамалары берілуі тиіс. жалға берілген немесе алынған, сақтауға немесе уақытша пайдалануға берілген Айналым құралдар бойынша келісімдердің, басқа құжаттардың нақты бар- жоғы және заңдылығы тексеріледі. Мүліктік тізім төменде көрсетілген.

Информация о работе Айналым куралдар