Орталық Азиядағы араб және түркі халықтары мәдениетінің өзара ықпалдастығы (VIII-XII ғ)

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2012 в 21:43, дипломная работа

Краткое описание

Ислам діні барша түріктердің біртұтас дініне айналды, олардың біртұтас ұлт болып қалыптасуына ұйытқы болды, өзара қырғын соғыстарды тоқтатты, тілдің біркелкілігін сақтады. Түркілер исламның жауынгері және жаршысы сипатында тарихта аса маңызды орынға ие болды.

Содержание работы

Кіріспе..........................................................................................................................3-9
1 8 –12 ғасырлардағы Орта Азияға арабтардың келуі және қала мен дала мәдениеті
1.1 Ерте орта ғасырлардағы Арабтар мен түркілердің орта Азиядағы саяси тарихы.........................................................................................................................10-20
1.2 Арабтардың түркілер арасында ислам дінінің орнығуы үшін күресі...........................................................................................................................21-32
2 Араб және түркі мәдениеттерінің өзара ықпалдастығы
2.1 Араб мәдениетінің Орта Азиядағы сәулет - құрылыс, қала құрылымына тигізген әсері...............................................................................................................33-41
2.2 Мұсылман ренессансына өзіндік үлесін қосқан түркі оқымыстылары.........................................................................................................42-52
2.3 Түркілік дүниетаным мен ислам діні ортақтықтары......................................53-60
Қорытынды.............................................................................................................
Пайдаланылған деректер мен әдебиеттер тізімі.................................................

Содержимое работы - 1 файл

диплом.doc

— 501.00 Кб (Скачать файл)

Үлкен қалаларда моншалар ондап саналған. Шығыс қаласында монша қоғамдық құрылыстар қатарында көрнекті орын алды. Қазба жұмыстары кезінде Отырардың рабадынан XI-XII ғасырлардағы екі монша аршылды. Нашар сақталғанына қарамастан, солтүстік рабад аумағындағы моншаның жоспарлануы жалпы белгілері жағынан аңықталды. Монша балшық қабаты төселіп, тегістелген алаңға салынған. Оның көлемі солтүстіктен оңтүстік бағыты бойынша 11,5 м, ал шығыстан батыс бағыты бойынша 16,5 м, әлем елдеріне қаратып бағдарланған. Жоспарланған негізі крест сияқты етіп алынған. Ортадағы жай жанасатын тұсынан басқа төрт бөлмемен қосылған. Моншаның ішінде шешінетін, тынығатын кең бөлмелер, шомылатын залдар, пештің оттығының үстіне орналастырылған шабынатын бөлмелер болған. Нақ әлгі төрт бөлме сол міндеттерді атқарған. Моншаның шығыс жағына оттық және су құятын бөшкелері бар бөлме орналасқан. Осы жерден моншаны сумен жабдықтаған құдықтың орны қазып алынды, оның қабырғалары күйген кірпішпен қапталған. Сарқынды су моншадан құбыр жолы арқылы үйдің сыртындағы су сіңіргіш шұңқырға ағызылған. Моншаны қыздыру үшін еденнің астындағы жылу өткізгіш каналдар жүйесі колданылған. Моншаның жоспарлануы Орта Азияның, Кавказдың, Таяу және Орта Шығыстың моншаларымен ұқсас[7].

Моншаның оңтүстік жақ жанында тағы бір құрылыс орналасқан, сірә, оны кір жуатын орын деп санауға болар. Ол тікбұрышты, екі бөлмелі, көлемді 4x14,5 м. Бір бөлмесінде тандыр пеш орналасқан, қатарынан екі кеспек, бөлме ортасына тагор қойылған. Екінші бөлмеде, солтүстік жақтағы бұрышында су сақтайтын орын болған.

Отырардың екінші моншасы оңтүстік рабад аумағында, кіре берістен 200 м жерде, бөген жағасына орналасқан және ішінара қазып тазартылды. Оттық және ыстық суға арналған бөшкелер жүйесі аршылды. Қыздыратын ыдыс тікбұрышты етіп жоспарланған бөшке болып табылады, оның қабырғалары мен түбі күйдірілген кірпіштен қаланып, су өткізбейтін бірнеше қабат алебастр-сырмен сыланған. Оның ортасына темір қазан орнатылған, оның аузы бөшкенің түбімен деңгейлес, ал түбі мен бүйірлері оттыққа түсірілген. Монша ХІ-ХІІ ғасырларда салынған деп саналады.

Таразда екі монша қазылды. Көлемі 13,4x12,4 м болатын біріншісінің әр түрлі мақсатта пайдаланылатын жеті бөлмесі болған. Монша ыстық өткізетін каналдар жүйесімен жылытылған. Ішкі көрінісінің қалдықтары: сәкілер, орындықтар, астаулар, науалар, кертпелер, полихромдық әшекейлер - Тараз моншасының іші бай безендірілгенін дәлелдейді. Ол XI ғасырда салынған деп саналады. Екінші моншаның орны бірінішісіне жақын жерден ашылды. Оның жоспарлануы анықталған жоқ - шағын жері ғана тазартылды. Монша біріншісі сияқты ыстық өткізетін каналдар жүйесімен жылытылған.

Шығыс қалаларында моншаның қоғамдық құрылыстар қатарында көрнекті орын алғаны мәлім. Қала тұрғындары өмірінде ол бірінші кезектегі рөлдердің бірін атқарды. Монша мешіттен кейінгі адам ең көп баратын орын болды. Белгілі шығыстанушы И. А. Орбели «Монша және XII ғасырдың сайқымазағы» деген мақаласында моншаны былай сипаттайды: «... бүкіл Шығыстағы сияқты, Кавказда да монша - кала бастығы да, цехтық ұйымдар да, өзі үшін және өз достары үшін монша салған жеке бай кісілер де ерекше қамқорлыққа лайық. Өйткені монша жуыну үшін ғана емес, сонымен қатар күш-қуатты толыстыру, бұзылған көңіл күйін, көтеру үшін, демалу үшін, достармен кездесіп, достық әнгіме-дүкен құру үшін, сатып алу мен сату туралы, сауда мәмілесі туралы кездесіп, әңгімелесу үшін және шахматтан немесе нардтан шеберлік көрсету үшін қызмет етеді» [8]. Моншалар өзінше бір емдеу орындары да болған. IX-X ғасырлардағы дәрігер Закария ар-Рази моншаның ағзаға ықпалын суреттей келіп, моншаларды жақсы кескіндемелермен безендіруді ұсыңды, ол уайымнан арылтып, каумалаған калың ойдан сергітеді, өйткені жуыну хайуандық, рухани және табиғи залалды куаттарды әлсіретеді деген[9]. Моншалар, зерттеушілердің топшылауынша, Орта Азияға Жерорта теңізі аудандарынан келіп, сірә, ерте дегенде VIII ғасырда пайда болса керек. Моншалардың басқа ортадан, атап айтқанда, ертедегі шығыстан шыққаны туралы да ойлар айтылады.

Сәндік-қолданбалы өнер орта ғасырлар кезінде көбінесе ыдысты өрнектеу ісінде, металда, әсіресе, кұрылыста көрінді. Үйлердің сәулетін безендіру құрылыс материалдарымен және оның құрылымымен етене байланысты болған. Ол көбінесе құрылыс тұрғызылған материалдың өзімен орындалды. Сары топырақты балшық пен ганч сондай құрылыс материалы болған. Шеберлер тегіс қабырғаны көбінесе кірпішті «қырынан» қалау арқылы жандандырып, белгілі бір суреттер жасаған. Бейнелі қалау осылайша туып, ол кейіннен күйдірілген кірпішке көшірілді. Кірпіштерді тігінен, жалпағынан орналастыру немесе жалпы катардан жылжытып қалау арқылы суретшілер алуан түрлі өрнекті және жарық әсемдігіне қол жеткізген. Сонымен бірге кірпішті «қырынан» калау жер сілкінісіне қарсы тәсіл де болған. XI ғасырдан бастап оюлы және жылтыратылған кірпіштер кеңінен енгізілді, ол XI-XII ғасырлар шебінде кеңінен колданылған сәулеттік терракотаның бастапқы үлгісі болатын.

Сәулетгік декордың басқа ешбір саласы ганчқа ойып, әшекейлеу сияқты халықтық қолөнерге мейлінше жақын болған емес. Орындалуы көп
еңбекті қажет етпейтін ол фактурасының ақ түсі мен әшекейлеп ойылуы
жөнінен әсер қалдыратын. Әр түрлі тұрғыдан орыңдалған ойып-өрнектеу
күн сәулесі түскенде жарық пен көлеңкенің көркем құбылуын туғызған.
Бірақ ганч жаңбыр мен желден тез бұзылған, сондықтан сыртқы жақты
қаптауға декордың жаңа түрі - оюлы терракота қолданыла бастады.
Құрғатылған балшыққа ою-өрнек салып, оны кейіннен күйдіретін ежелгі
заманнан белгілі оймыштау тәсілдері сәндік-қолданбалы өнердің осы
түрінің дамуына негіз болды.             

Қолданбалы өнерде керамикаға, терракотаға, оймыштау мен әшекейлеуге жануарлардың әсем бейнелерін салу жалғастырыла берді. Сүйір арқалармен қоршалып, артқы аяқтарымен тұрған жануарлардың схемалық бейнесі бар оюлы ганч тақтайшалар, аузына бұтақша тістеп, оң жаққа қарай адымдап бара жатқан арыстан бедерлеп басылған терракоталық тақталар[10] ерекше әсер қалдырады, олар X-XII ғасырлардағы Қызылөзен үйлерінен табылды.

Жетісудың христиан (сириялық, несториандық) кауымдарының ең көп таралған ескерткіштері ХІІ-ХІV ғасырлардағы қабір үстіне орнатылған қайрақтар болып табылады, олардың кейбіреулері - каллиграфияның және тас қашау өнерінің үлгілері. Олардан Таяу Шығыстың христиаңдық дәстүрі және сириялық христиандар, түріктер, ортаазиялық иран тілдес тайпалар мен халықтар мәдениеттерінін өзара байланыстары айқын көрінеді.    

Орта ғасырлардағы Қазақстан халқының материалдық мәдениетінің, көркем шығармашылығының ескерткіштерін қарастырған кезде қазақ халқы ата-бабаларының қолданбалы өнерде, құрылыс пен сәулет өнерінде айқын көрінетін материалдық және рухани мәдениетінің құрамдас бөліктерін байқауға болады.

Мұсылмандың табынушылыққа өте-мөте құлай берілгендер Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанды 766 жылы жаулап алып, онда саяси билігін жүргізіп тұрған қарлұқтар болды. Олар мұсылман дінін, тіпті сонау Мехди халиф (775—785) кезінде қабылдады деген пікір де бар[11]. Алайда, бұл олардың бәрін бірдей қамтымаған тәрізді, өйткені қарлұқтарға қарайтын Таразды Исмаил ибн Ахмед 893 жылы басып алып, «осы қаланың бас шіркеуін ме-шітке айналдырды» [12].

Сондай-ақ, ислам дінінің XI-XII ғасырларда қыпшақтар арасына да тарағаны жөнінде деректер бар[13]. Археологтар тапқан IX-XIII ғасырлардың қазба ескерткіштері осы өлкеде қалалық мұсылмандық мәдениет қалыптасқанын дәлелдей түседі. Тараз бен Меркедегі шіркеулер мешіттерге айналған. Ислам дінін ұстаушылар қатары көбейе түсуіне қарай қалаларда алқалық ғибадат мешіттері салына бастайды[14]. Кедерде салынған солардың біреуі жөнінде ал-Макдиси хабарлайды[15]. Мұндай мешіт қалдықтары Кедермен тең саналатын ескі Құйрықтөбе қаласы жұртын қазғанда табылды. Мешіт қаланың орталық көшелері қиылысында болған.

Жетісудың аса ірі қалаларының бірі - Баласағұндағы мешіт құрылысы X-XI ғасырларға жатады. Мешіттің жұлынтұтасы сақталмағанымен, оның минарет мұнарасы осы күнге дейін қала жұрты үйінділерінен сорайып шығьш тұр.

Өлікті жерлеу, рәсімі IX ғасырдың екінші жартысы мен X ғасырда өзгерді. Ол мұсылманға тән сипатта және белгілі бір қағидаларға сәйкес жүргізілді: өлік жерден қазылған шұңқырларға, шикі кірпіштен қаланған сағаналарға қойылды. Өлік басын солтүстік-батысқа беріп, бетін оңтүстікке бұрып жатты. Қабірлерде құрал-саймандар жоқ. Ең ертеректегі мұсылман мазарларының кешендері Отырар алқабынан табылды, олар IX-X ға-сырларға жатады. Соның бірі - X ғасырлық ескі Боран қаласындағы  мазарлар  кешені.

XI-ХІІ ғасырлардағы  зираттар  кешендерінде зәулім де сәулетті мазарлар құрылысы бой көтерді. Мұсылман мазарларының ертеректегі бір тобы ескі  Боран  қаласы жұртынан  аршылды.

Сырдарияның төменгі ағысындағы Сырлытам мазары - XII ғасырдың мовзолей. Оның күйдіріліп, оймышталған сары саз таңталармен безендірілген биік қасбеті бар,  XI—XII  ғасырларда  салынған.

Жылтыр сыр жалатылып, ою тәрізді араб әріптерімен әшекейленген ыдыстардың көпшілігі қыштан жасалған. Мұндай жазулардың бір бөлігі жазу деуден гөрі әшекейге көп келеді, оқылмайды, дегенмен бірқатарында әр-алуан діни мазмұнды оң тілектестіктер мен өсиет сөздер жазылған.

Сәндік үлгілердің таратушысына айналған мыстан, қоладан жасалған металл бұйымдарға да әлгіндей тілектестік және діни мазмұнды сөздер жазылып, әшекейленген. Түркістан алқабы VIII ғасырда Шавғар өлкесі атауымен белгілі болған. Астанасы басында өзіне аттас шаһар екен, ал кейінірек аты XII ғасырдан белгілі Яссы қаласы болғаны мәлім. Орта ғасырлардың аяқ шенінде Яссы  - Түркістан Оңтүстік Қазақстанның едәуір бөлігін және Талас аймағындағы Алатау бөктерін, Сырдарияның орта белі мен Қаратау баурайын түгел қамтитын үлкен айқаптың орталығына айналған. Алқапқа қарасты Икан, Қарашық, Ұйыңқы, (Иыңқы), Сури қалаларының ішінде ол әрдайым ең бастысы болып келген.

Қазіргі Түркістан қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 8 шақырым жерде орналасқан Шүйтөбе атты бұзылған көне қала сол бұрынғы Шавғар шаһары деген болжам бар. Біздің ойымызша ол Түркістанның өз территориясында жатқан Күлтөбе атты көне қала қалдығының орнында қоныстанған. XIII ғасырдың онжылдығының басында Қазақстанның оңтүстігін иемдеп алған хорезмшах Мұхаммед ибн Текеш дәл осы жерде ақша соққызған. Ақшаның нақ осы Яссада соғы-лып шығарылуының саяси, идеологиялық әртүрлі себептері  бар  болуы  әбден  айғақ.

Ясы - Түркістан ірі сауда орталығы болған. Рузби-хан бұл жерде қыр-даланың, Орта Азияның, Қытайдың сауда жолдары түйіскен деп мәлімдеген. Солтүстік жағындағы өзбек (қазақ) жерлерінен Андижанға жүретін жолдарменен Қытайдың шекарасына дейін. Иасыға заттар мен сирек бұйымдар (нафаис) жеткізіледі. Мұнда саудаға түседі. Бұл саудагерлері мен жолаушыларының аялдайтын жері Түркістан үлкен диқаншылық аймақтың да орталығы болған; құқықтық куәліктерде Ходжа-Тұмасы құдығы, Мир-Қа-ра-Су, Шорнақ, Қарабұлақ, Садай-бұлақ, Ақ-тепе, Ұржар, Мыш, Ақ-Зұлқия және т. б. арықтар айналасындағы   суармалы   жерлер   аталған.

Қаланың топографиялық ерекшеліктерін баяндайтын суреттемелер сақталып келген. Мысалы, П. Рычковтың айтуы бойынша қала Қарасу өзенінің жағасында орналасқан, «ондағы көшелер қисық және тым тар келген, кей-кезде тіпті бір сажыннан да кем. Ондағы үйлер сол жақтың дәстүрімен салынған, бірақ ташкенттегілерден нашарырақ, мың шамасында. Қала сыртында тұрақты бекініс жоқ, тек үйлердің сыртын айналдыра саздан қабырға құйылған және оның сыртынан суы бар кішігірім ор қазылған. Мұнда үш мешіт бар, олардың бірі ерте заманғы және жақсы жасалған, ішінде көптеген әртүрлі бөлмелері бар. Бұл қалада ешқандай базарлар жоқ. Далаларында бидай, арпа, тары, мақта, өседі» [24, 45-б].

Бұл деректер Тобол саудагері Тауыш Мергеннің XVII ғасырдың аяқ шенінде жазылған естеліктеріндегі мәліметтерге сай келеді  - «Түркістан қаласы күйдірілмеген кірпіштен қаланған, кей жерлерде күйдірілген кірпіш те бар, қаланың биіктігі 3 сажын, жалпақтығы екі аршын сажын, ал шеңбері 500 сажын шамасында; қабырғаларында зеңбірек ататын тесіктер жасалынған, қаланың мұнарасы да бар, қақпасы төртеу, қаладағы қазақтар 1000-ға жуық» [19, 56-б]. Түркістанның қақпалары Есек-кақпа, Мұсалы-қақпа (немесе Баб-араб, Ходжа Ах-медтің көрнекті оқушыларының бірі атынан), Ысты-ата-қақпа  және   Дарбаза  қақпа[33, 12-б].

Бұл  қаланың  қалдықтары  қазіргі  Түркістанның территориясында   жатыр. Көне қала жобасы жазбаша деректермен ұласа келе қала топографиясын былайша сипаттауға мүмкіндік береді. Қожаа Ахмед Яссауи бейіті тұрған мешіт қаланың солтүстік-батыс жағында орналасқан. Жобасында бұл бесбұрыш төбе, оның оңтүстік-шығыс жағы -13 м, солтүстік-шығысы - 80 м., солтүстігі - 90 м., солтүстік-батысы - 130   м.,   оңтүстік-батысы - 200   м[33, 25-б].

Мешітті қоршай шикі кірпіштен мұнаралары бар бекініс қабырға салынған: Жақсы сақталып қалған қаланың тек батыс қабырғасы; оның ұзындығы 350 м., мешіттің ортасына дейінгі қашықтығы да дәл осындай. XVIII ғасырдың бас шеніндегі сурет бойынша қаланың шығыс бағытындағы ұзындығы батыс жағына қарағанда екі есе артық және қабырғадан 700 м қашық. Қайта жасау жобасы бойынша көне қаланың алып отырған орны 35 га-дан кем емес. Қақпалардың санына келсек, суретте олар төртеу болған. Қаланы төрт қақпаны қосатын 3 негізгі көше кесіп өткен. Оңтүстік бөлігінде керуен-сарай орналасқан және оның қасында қала қабырғасының сырт жағында - базар. Бұзылған ескі қала өзінің орта ғасырлардың аяқ кезіндегі өлшемдерімен моңғол басқыншыларына дейінгі Яссы қаласының өлшемдерін қайталайтын тәрізді. Қала орнының барлық жерінде IX— XII ғасырлардың материалдарының табылуы оған айғақ. Қазба жұмыстарының көрсетуі бойынша қаланың өзі XIX ғасырға дейін өмір сүрген.

Түркістан алқабында өзінің атауын әлі күнге дейін сақтап келген Иқан қаласы болған. Түркістанға қарасты жер ретінде Иқан Хафиз Таныштың шығармасында Абдолла ханның 1582 жылғы Түркістанға жорығы туралы   жазған   жерінде   аталған. Қазіргі селоның ортасында көне қала Қара-Иқан жатыр. Жобасында оның түрі трапеция тәріздес, биіктігі 6 - 7 метрлік төбе. Қаланың солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай ұзындығы 300 м, солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай -225 м. Мешіттің орны - оңтүстік-шығыс бөлігінде жатқан кенересі 50x50 м төмпешік Рабад кейінгі салынған үйлердің астында калған. Қала IX-XII ғасырларда өмір сүрген. Ол Түркістаннан 18 шақырым жерде орналасқан.

Қарнақ қаласы Түркістандағы Ахмед Яссауи бейіті үшін қазан құйылып шығарылған жер ретінде әйгілі болған. Оған Түркістаннан солтүстік-шығысқа қарай 25 шақырым жерде жатқан Атабай селосындағы Ишқан атты бұзылған ескі қала сәйкес. Бұл село жақын уақытқа дейін ортағасырлық қаланың атауын сақтап, бұрынғыша   Қарнақ   деп   аталып   келген[32, 145-б].

Информация о работе Орталық Азиядағы араб және түркі халықтары мәдениетінің өзара ықпалдастығы (VIII-XII ғ)