Орталық Азиядағы араб және түркі халықтары мәдениетінің өзара ықпалдастығы (VIII-XII ғ)

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2012 в 21:43, дипломная работа

Краткое описание

Ислам діні барша түріктердің біртұтас дініне айналды, олардың біртұтас ұлт болып қалыптасуына ұйытқы болды, өзара қырғын соғыстарды тоқтатты, тілдің біркелкілігін сақтады. Түркілер исламның жауынгері және жаршысы сипатында тарихта аса маңызды орынға ие болды.

Содержание работы

Кіріспе..........................................................................................................................3-9
1 8 –12 ғасырлардағы Орта Азияға арабтардың келуі және қала мен дала мәдениеті
1.1 Ерте орта ғасырлардағы Арабтар мен түркілердің орта Азиядағы саяси тарихы.........................................................................................................................10-20
1.2 Арабтардың түркілер арасында ислам дінінің орнығуы үшін күресі...........................................................................................................................21-32
2 Араб және түркі мәдениеттерінің өзара ықпалдастығы
2.1 Араб мәдениетінің Орта Азиядағы сәулет - құрылыс, қала құрылымына тигізген әсері...............................................................................................................33-41
2.2 Мұсылман ренессансына өзіндік үлесін қосқан түркі оқымыстылары.........................................................................................................42-52
2.3 Түркілік дүниетаным мен ислам діні ортақтықтары......................................53-60
Қорытынды.............................................................................................................
Пайдаланылған деректер мен әдебиеттер тізімі.................................................

Содержимое работы - 1 файл

диплом.doc

— 501.00 Кб (Скачать файл)

Жазба деректерге қарағанда, Сырдария аймағында қойға табыну салты өріс алғандығы аңғарылады. Ал оғыздар мен түрікмендерде қойға табыну кең тараған. Оғыздар өздерінің шыққан тегін қоймен байланыстырып, қорғаушысы ретінде оған табынатын болған. Тәңірге жалбарынудың белгісі ретінде қабір үстіне қойтастар орнатқан. Сондай-ақ діни нанымдардан шығу тегін белгілі бір аңмен байланыстыратын тотемге табыну белгілерін де кезіктіруге болады. Ортағасырлық қалаларда отқа табыну әдеті де кең таралды. Мысалы, Құйрықтөбе және Отырар қалаларын қазған кезде ХІ-ХІІ ғасырлардағы үйлердің ошақтары ерекше безендірілгені байқалған. Ғалымдар бұл көріністі отқа табынудың белгісі деп тұжырым жасайды. Отқа табыну түрік тілдес халықтарда кең тарағанын біз ерте орта ғасырлардан білеміз. Қырғыз халқында отқа табынуды "қасиетті Ұмай анамен" байланыстыру бар. Ал қазақ халқында отқа қасиетті дүние ретінде табынады. Оған байланысты "отқа түкірмеу", "от жанған жерді баспау", "отты аттамау", "түнде от жаркылдатпау" сияқты әр түрлі ырымдар бар. Жас келін түскенде отқа май тамызу рәсімі жасалған. Мұның бәрі сол бұрыннан қалыптасып келе жатқан әдет-ғұрыптар. Ғылыми зерттеулерге қарағанда, ертедегі діни наным дәстүрлері Жетісу аймағында кең тараған. Бұл жерде исламның таралуына қарамастан, зороастризм, несториандық түсініктегі христиан діні, буддизм сияқты діндердің салт-дәстүрлері де сақталған. Мысалы, Ақтөбе қала жұртын қазғанда шарап              Қышқұтылар. ашытатын орыннан табылған кірпіштерде христиандык крестің таңбасы салынған.

Ислам діні Орта Азия мен Қазақстанға арабтардың жаулап алуынан бастап ене бастады. Бір орталықтандырылған мемлекет кұрылып, ислам діні калыптасқаннан кейін арабтар 633 жылдан "дін үшін соғыс" деген ұранмен көрші елдерді жаулап ала бастайды. Арабтар аз уақытта Иран, Сирия, Палестина, Египет, Ирак жерлерін басып алып, Орта Азияның оңтүстік аумағына енеді. Араб қолбасшысы Кутейба ибн Муслим 709 жылы Бұхараны соғыссыз алады, 714 жылы Шашты басып алып, Испиджабқа жорық жасайды. Насыр ибн Сейяр 737-748 жылдары Орта Азияның біркатар аймақтары мен Қазақстанның Оңтүстігіне басып кіреді. 751 жылы Атлах қаласы түбінде болған ұрыста қарлұқтар арабтармен бірлесіп кытай әскерлерін жеңіп шығады. Арабтардың келуімен бірге Орта Азия мен Қазақстан аумағында ислам діні кеңінен тарай бастайды.

X-XI ғасырлар арасындағы қала мәдениетінің дамуында ислам маңызды рөл атқарды. X ғасырдың басында Қарахандар әулетінің ңегізін қалаушы Сатұқ хан ислам дінін қабылдады. Ал оның баласы Боғра хан 960 жылы исламды Қарахан мемлекетінің мемлекеттік діні деп жариялайды. Алғашқы кезде ислам діні калаларда тарай бастайды. Жазба деректердің хабарына қарағанда, Отырар аймағында мұсылман дініндегі адамдардың мешіттерге баратыны айтылады. Ал екінші бір деректерде Фараб, Шаш аралығында мұсылман түріктердің көшіп-қонып жүргендері хабарланған.

Әл-Макдиси Оңтүстік Қазақстан мен Жетісудың X ғасырдағы қалаларында мешіттердің көптеп салына бастағандығы туралы жазады. Бұл деректерді археологиялық қазба жұмыстары толығымен дәлелдеді. Оған басты мысал, Құйрықтөбе, Баласағүн, Тараз, Отырар қалаларындағы мешіт орындарының аршылуы. Мешіттер тек ірі қалаларда ғана емес, қыстақ-кенттерде де салына бастаған. Мәселен, Отырар қаласының оңтүстік жағында 4 км жерде Байылдыр қыстағының жанындағы Жұма мешітінің орны зерттелген. Ислам дінінің орныға бастағанын осы кездегі тұрғындардың жерлеу салтынан да байқауға болады. Мысалы, Құйрықтөбе қала жұртының жанындағы зираттарды зерттегенде адамдардың мұсылманша жерленгендері анықталған. Мұсылманша жерлеу салты бойынша, адамның басы құбылаға қаратылып, жанына ешбір зат бірге қойылмай жерленеді. Ал бұрын жерленген адамдардың жанына оның тірі кезіндегі заттары бірге қойылатын. Ислам діні орын теуіп, өзінің күшіне ене бастағанда мұндай әдет-ғұрыптарға тыйым салынған. Ислам дінінің нығаюы қазақ жерінде ғылым мен білім салаларының дамуына да ықпал етті. Мұның бір дәлелі - тасаттық беру тәсілі. «Құрбан» және «тасаттық» терминдері араб тілінен ауысқан. Алайда бұл рәсімнің нақтылы мазмұнында ататектік сенім-нанымдар терең орын алған. Құран бойынша Ибрайым пайғамбар Алла жолына адамның орнына көк қошқарды құрбан шалған. Яғни, тасаттық салты қауымдық кек алудың (талионның) қиратушы әсерін әлсіретуге бағытталған. Өйткені «қанға-қан, жанға-жан» принципі қауымды оқшауландырып, оның қарым-қатынастық мүмкіндігін азайтады. Яғни бұл салттық рәсімге айналып кетеді. Қанды кек мәдени алмастырушылыққа үшы-рап, салт-дәстүрлі жоралғы болды. Құрбандық шалу салты жоғары ұйымдасу рәсімі бойынша қатысушыларды белгілі бір рәміз төңірегінде біріктіру мақсаты үшін атқарылды. Яғни, ол таңбалық (символикалық) сипаттағы қоғамдық әрекет еді, оның түбегейлі мағынасын білуші және жүзеге асырушы бақсы болды. Бақсылық жүйенің исламмен қарым-қатынасы біркелкі болмады. Пұтқа табынушылыққа қарсы күрес нәтижесінде қалыптасқан ислам генотеистік сенім-нанымдарға күдіктене қарады және мүмкіндігінше айыптады.

Алайда, халықты өз дүниетанымына иландыру үшін исламға сол халықтың рухани өзегі мен ділін де қабылдауы керек еді. Бұл процесс екіжақты болды. Тәңірі мен киелі аруақтар мұсылмандық мазмұнға ие бола бастады (Көк Тәңірі Аллаға, аруақтар пірлерге, машайықтарға, құдайдың көмекшілеріне, ескі демондар (албасты, жезтырнақ, обыр т.б.) ислам түсінігіндегі жын-шайтандарға айналды. Бұл - өте бір күрделі және жан-жақты мәдени құбылыс. Өтпелі мәдени кейіпкерлердің (генотеистік және исламдық қасиеттері аралас) рухани мәдениетте басым типтік күш ретінде бейнеленгенінің талай деректерін діни текстерден және фольклордан келтіруге болады. Тіпті бақсылықтың өзі қазақ мәдениетінің кеңістігінде исламның элементі болып кетті. Бақсының зікір салуы сопылык әрекеттен алынған; салттық рәсімді атқарудан бұрын бақсы дәретін алатын болған, өз сөзін бақсы Аллаға, Мұхаммед пен оның халифтеріне құлшылық етуден бастаған. Қолына асатаяғын ұстаған, басына аққудың мамығымен көмкерілген үшкір қалпақ киген диуана халық санасыңда бақсымен ұқсас есептелген. Қазақ мөдениетінде төлтума ата-тектікдіндерден мұсылмандық діни типке ауысу көптеген ғасырларды қамтиды және бірін-бірі терістеу қалпында емескерісінше бі-бірінбайланыста, тұтастану бітімінде өтті. 

Исламның табысты түрде түркілер арасына тарап, орнығуының бірнеше себептері болды. Түркілердің ислам дінін қабылдауына игі әсер еткен факгорларға, біріншіден түркілер қабылдаған басқа наным-сенімдердің жеткіліксіздігін жатқызуға болар еді. Түркілердің Ислам дінін қабыддауыңда, олар ұстанған басқа діндердін рухани-материалдық жағын:шадамдардьіқшагаттанд>ірудажеткшксізболғаюгі, примнитивті нанымдар мен аңыз – ертегілерге негізделген сенімдер ислам мен жарыса алмауы маңызды фактор болды. Ұзақ жылдар бойы әкімшілік - әміршілік жүйенің қыспағы мен асыра сілтеулер салдарынан ұмыт бола жаздаған ұлттық болмысымызды, тілімізді, дінімізді, тарихымызды білуге еліміз егемендік алғаннан кейін ғана жол ашылды. Соңғы жылдары қазақ халқының тарихы, дүниетанымы мен діни нанымдары, еліміздін тарихы мен діни сенімдері туралы жаңаша көзқарастағы ғылыми зерттеулер жарыққа шыға бастады. Сол себепті, түркілердің қай заманда, қай жағдайда ислам дінін қабылдап, оның бірте-бірте жалпы ойлаудың бір желісіне айналып, діл мен руханиятгың қалыптасуына игі әсер етуі мәселесі маңызды орын алуда Мұсылмандық Орта Азияға, оның ішінде қазақ даласына біздің дәуіріміздің VIII ғасырында ене бастады. 751 жылы Талас бойында қарақытайлар мен мұсылмандар арасындағы шешуші шайқаста мұсылмандардың жеңісі бүкіл Орта Азиялық аймаққа Ислам дінін ғана емес, сондай-ақ оның мәдениетінің де еркін таралуына жол ашты Қасиетті Құран Кәріммен бірге қазақ даласына үлкен Ислам өркениеті келді. Ислам діні қысқа уақыттың ішінде түркі халықтарының дүниетанымы, өмір салты, мәдениеті мен тәлім-тәрбиесінің бағыт-бағдарын анықтайтын серпінді күшке айналды[1, 3-5б.]. Исламият алып елдердің, мәселен Әмәуи, Аббаси, Селжұқ, Қарахан патшалықтары секілді әлемдік мемлекеттердің ресми діні болған дәуірде, азат етілген немесе олжаланған өңірлердің тұрғындарын жаппай дінге енгізу яки мұсылман болуға зорлау уақиғалары байкалмайды. Әуелі, мұсылман еместерді мұсылмандандыру туралы қажеттілік һәм мемлекеттік саясат болмаған секілді. Бодандар мен вассалдыққа алынған елдерге толық еркіндік берілген. Ислам билігіндегі иудей. несториан, православ, католик, будда діндерінің өкілдері шат-шадыман өмір сүрген. Олардың өз дінін. тілін, әліппесін һәм ежелгі салт дәстүрін емін-еркін сақтап келгені айқын.

Бұл елдерде Ислам дінінің жайылуы ғасырларға созылған табиғи процестерден кейін, яғни қабылдаушы адамдардың өз ықтиярымен болғаны байқалады. Мұсылман билеушілердің әділдігін көріп, осы діннің өкілдерінің таң қаларлық сипаттарымен танысқан басқа дін уәкілдері аралас-құралас мұсылман қоғамдарын қалыптастырған. 1372 ж. қайтыс болған ибни Кәсирдің "әл-Бидая уән-Нихая" атты кітабында айтуына қарағанда, Мұса ибн Нусайр Солтүстік Африка аймақтарын мұсылман билігіне қосқаннан соң, жергілікті халықтар еркінше иман келтірген. Түркістан өңіріне Ислам билігін әкелген басшылардың аса даңқтысы, ақылгөйі һәм әскербасы Ғазы Қүтайба ибн Мүслім еді. Аталмыш кітапта ибни Кәсир былай дейді: "Қүтайба Мүслімұлының еңбегімен шексіз көп адам мұсылман болды, олардың дәл санын Аллаһ Тагала ғана біледі" [2, 294-295 б.].

Әсіресе, X ғасырда мұсылманшылықтың толқын-толқын таралғаны байқалады, Сол кездегі Орта Азия мен Қазақстан тұрғындарының лек-лек болып Исламға қосылғаны тарихи әдебиеттерде баяндалады. Маселен, 960 ж. 200 мың шатыр (үй/түтін) түркі халқы Ислам дінін қабылдаған. Ұзақ саны 2 миллионға жететін осы көпшіліктің мұсылмандыққа кіруі адамзат және түркі халықтарының тарихындағы аса ірі уақиға. 1232 ж. қайтыс болған көрнекті тарихшы ибн әл-Әсир осы уақиғаны қысқа һәм нұсқа қылып келтірген; "Түріктерден екі жүз мың шатыр адам мұсылман болды", - дейді.

Шындығына келгенде, Әмәуи дәуірінде басталып, Аббаси дәуірінде кемеліне жеткен түрік қуаты, түрік факторы 10 ғасырдан астам уақыт Ислам дінінің кызметшісі һәм қылышы болған. Ғалым В,В. Бартольд бұл туралы былай ден жазған: "Турки на востоке, как берберы на западе, вообще выступали в роли защитников религии в тех странах, где представители религии вели борьбу с правительством" [3, 65-б.]. Ислам дінінің осы күнгі жағырапияларға таралуында, ғылым-білім, техника, өнер салаларындағы теңдессіз туындыларда түркі халықтарының үлесі аса зор.

Мұхаммед пайғамбардың замандас түрік қағандығы және түріктер туралы хабардар болғаны, тіпті түріктер хақында хадисге айтқаны көптеген әдебиеггерде келтіріледі. "Түріктер сендерге тиіспесе, сендер де оларға тиіспендер", секілді хадистер осының айғағы. Ұзак ғасырлар бойы Ислам әлемінің дүние жүзілік саясатгағы уәкілшілігін түркілер жасағаны мәлім. Негізінен б.з.д. ғасырларда белгілі мөлшерде отырықшы болған, кейін көбінесе көшпелі өмір салтын ұстанған түркі халықтары ұлан-ғайыр аумаққа тарап, әр түрлі бөтен ұлттармен бірге өмір сүріп, олардың мәдениетінің, діні мен тілінің әсеріне ұшыраған. Мәдени ықпалданудың қаншалықты дәрежеге жеткені Орхон тастарында, түрік қағанаты құлап бара жатқан шақтың өзінде ел билеуші ханзадалардың, бекзаттардың, ақсүйекгердің табғачтарға (қытайларға) еліктегені, ат пен атақтарын қытайшалағаны суреттелгені ашына мысал етіледі.

Атақты түрік билеушісі Білге қаған буддизмді түрік мемлекетінің ресми дініне айналдыру туралы ұсыныс жасағанды. Ол, "Қытай патша әулетінің ресми, мемлекеттік діні бар, түрік мемлекетінің де ұлттык, діні болу керек" деп, осындай сйға келеді. Алайда, қытай елінде оқып, тәлім-тәрбие алған Тонікөк (644/646-731) уәзір, қағанға будда дінінің түріктердің жауынгерлік рухына сәйкес келмейтінін, мемлекеттік билікке кері ықпал тигізетінін айтып, әрең-зорға дегенде райынан қайтарады [4, 210-б.].

Ислам діні барша түріктердің біртұтас дініне айналды, олардың біртұтас ұлт болып қалыптасуына ұйытқы болды, өзара қырғын соғыстарды тоқтатты, тілдің біркелкілігін сақтады. Түркілер исламның жауынгері һәм жаршысы сипатында тарихта аса маңызды орынға ие болды. Еуропалықтар үшін түрік және мұсылман атаулары мағына жағынан тым жақын сөздерге айналды, тіпті синоним болып кетгі десек жаңылмаспыз. Түркілер Африка құрлығының ішкі аймақтарында, Еуропаның орталық елдерінде, Азия құрлығының көптеген түкпірлерінде исламдық құрылымдар мен ұғымдарды апарған орналастырған, әділеттіліктің белгісіне айналған мұсылман халқы болды. Түріктер бұрынғы діндердің ешқайсысына осындай берік болып, құрбандыққа жанын қиған емес еді.

Ислам діні түркілердің ұлггық қасиеттерін қорғап қана қалмай, одан әрі дамытқан фактор болды. Бұл шындық тек түркілер үшін емес, Ислам дінін қабылдаған басқа ұлттардың барлығы үшін де жарамды. Ислам дінін қабылдаған түркі халықтарының ешқайсысы да арабтанбаған Керісінше, арабтар, парсылар және монғолдар түріктеніп кетті, Мұны академик В.В. Бартольдтің сөздері дәлелдейді: "Түріктердің араб-парсы мәдениетіне толықтай берілуі ешқайда болған емес, түрікгердің өз тілін жоғалтуы да ешқайда кездескен емес" [3,382-б.|. Исламият дәуірінде түркі тілдерінің зерттелуіне, үйретілуіне. жоғары оқу орындарында (медреселер) сабақ ретінде оқытылуына мумкіндік жасалды. Мұның бәрі де мұсылмандардың түрік тілін зерттеуге һәм үйретуге қатты назар бөлгенін дәлелдейді. Осы діни-рухани негізде бұрынғы Түрік қағанатынан қалған түркілік империялық пиғыл жаңа, Исламдық сипат алды. Тәңірі қолдауына ие түркі мемлекеті, түркі халқына қоса енді түркі тілінің, мәдениетінің даңқы дәріптелді. М. Қашқари бұл тұрғыда: "Егер сіз түрік жебесінен құтылғыңыз келсе онда олардың тілін үйреніңіз!" [5, 196-197 б.] ден шын мәнісінде осы кезде дәрежесі төмендеп, ассимиляциялық үрдіске іліне бастаған турік тілін көтермелегісі келді. Ал басқа дінге енген түркі тектес халықтардың тілден жене ұлттық қасиетгерден айырылғаны байқалады: бұлғарлар (Дунайлық) мен мажарлар осының дәлелі.

Ислам діні біріктіруші, бірлестіруші дін. Өзінің аясына кірген барлық халықтарды, ұлтгар мен ұлыстарды өңіне, санына, байлығына қарамастан біріктірген, бір күмбездің астында араластырған дін [6, 343-344 б.]. Сонау Балқан елдеріндегі түркі халықтары мен қазақтардың яки ұйғырлардың тәржімәшісіз сөйлесіп, бірін-бірі ұғынысып жатқаны, әрине Исламның берекешілділігі, ұйымшылдығы. Ал, жағырапия жағынан түбімізде тұрған, бірақ басқа діндерге ауып кеткен хакас, тува, саха секілді түркі тілді халықтармен не орысша немесе аудармашы арқалы ғана сөйлесе аламыз. Демек, Ислам дініндегі түркілер ғана емес, барлық мұсылмандар жалпы ортақ дәстүрге, сезімге, түсінікке ие.

Түркілер Исяамиятты қабылдаған соң Ислам әлемінде өздеріне тән мәртебелі орынды иемденді. Алғашында арабтардың басқаруында болған олар кейінірек саяси һәм әскери салада аса маңызды күшке қол жеткізді. Жазба құжаттарда арабтардың түркілерді Исламнан бұрынырақ аз да болса білетіні туралы мәліметтер келтіріледі. Екі халықтың тығыз қарым-қатынасы халифа Әділетті Омар кезінде Иран мен Хорасан өлкелерінің мұсылман билігіне енуінен кейін басталды. Деректер халифа әл-Мансур дәуірін (754-775) түркілер Ислам әлемін терең сіңіп, үстем күш бола бастаған кезең деп белгілейді. Халифа әл-Мамүн билеген 813-833 жж. Орта Азия мен Қазақстан аймақтарынын маңыздылығы арта түседі. Оның билігі кезінде халифалықта түркілердің күш-қуаты мейлінше артады. Халифа әл-Мұгтасым (833-842) дәуірінде түркілердің халифат әскеріндегі маңызы одан әрі артып, әскердің басым көпшілігі түркілерден ғана құралатын болады. Олардың ішінен көптеген мемлекет қайраткерлері мен колбасшылар шықты. Түркілерден құралған түмендердің қаһармандығы мен соғыс өнері мұсылман елдерінде ғана емес, сонымен қатар басқа да алып мемлекеттерде аңызға айналды. Бартольдтың пікірінше мұсылмандардың Византияны (395-1453) түбегейлі жеңіліске ұшыратуы халифалықта түрік билігі орнағаннан кейін ғана мүмкін болған [3, 83-б.].

Информация о работе Орталық Азиядағы араб және түркі халықтары мәдениетінің өзара ықпалдастығы (VIII-XII ғ)