Орталық Азиядағы араб және түркі халықтары мәдениетінің өзара ықпалдастығы (VIII-XII ғ)

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2012 в 21:43, дипломная работа

Краткое описание

Ислам діні барша түріктердің біртұтас дініне айналды, олардың біртұтас ұлт болып қалыптасуына ұйытқы болды, өзара қырғын соғыстарды тоқтатты, тілдің біркелкілігін сақтады. Түркілер исламның жауынгері және жаршысы сипатында тарихта аса маңызды орынға ие болды.

Содержание работы

Кіріспе..........................................................................................................................3-9
1 8 –12 ғасырлардағы Орта Азияға арабтардың келуі және қала мен дала мәдениеті
1.1 Ерте орта ғасырлардағы Арабтар мен түркілердің орта Азиядағы саяси тарихы.........................................................................................................................10-20
1.2 Арабтардың түркілер арасында ислам дінінің орнығуы үшін күресі...........................................................................................................................21-32
2 Араб және түркі мәдениеттерінің өзара ықпалдастығы
2.1 Араб мәдениетінің Орта Азиядағы сәулет - құрылыс, қала құрылымына тигізген әсері...............................................................................................................33-41
2.2 Мұсылман ренессансына өзіндік үлесін қосқан түркі оқымыстылары.........................................................................................................42-52
2.3 Түркілік дүниетаным мен ислам діні ортақтықтары......................................53-60
Қорытынды.............................................................................................................
Пайдаланылған деректер мен әдебиеттер тізімі.................................................

Содержимое работы - 1 файл

диплом.doc

— 501.00 Кб (Скачать файл)

    Екінші бөлім – Араб және түркі мәдениеттерінің өзара ықпалдастығы. Ұзақ жылдар бойы ұмыт бола жаздаған ұлттық болмысымызды, тілімізді, дінімізді, тарихымызды білуге еліміз егемендік алғаннан кейін ғана жол ашылды. Соңғы жылдары қазақ халқының тарихы, дүниетанымы мен діни нанымдары, еліміздін тарихы мен діни сенімдері туралы жаңаша көзқарастағы ғылыми зерттеулер жарыққа шыға бастады. Сол себепті, түркілердің қай заманда, қай жағдайда ислам дінін қабылдап, оның бірте-бірте жалпы ойлаудың бір желісіне айналып, дін мен руханиятгың қалыптасуына игі әсер етуі мәселесі маңызды орын алуда. Исламият алып елдердің, мәселен Әмәуи, Аббаси, Селжұқ, Қарахан патшалықтары секілді әлемдік мемлекеттердің ресми діні болған дәуірде, азат етілген немесе олжаланған өңірлердің тұрғындарын жаппай дінге енгізу яки мұсылман болуға зорлау оқиғалары байкалмайды. Әуелі, мұсылман еместерді мұсылмандандыру туралы қажеттілік және мемлекеттік саясат болмаған секілді. Бодандар мен вассалдыққа алынған елдерге толық еркіндік берілген. Ислам билігіндегі иудей, несториан, православ, католик, будда діндерінің өкілдері еркін өмір сүрген. Олардың өз дінін, тілін, әліппесін және ежелгі салт дәстүрін емін-еркін сақтап келгені айқын.  Бұл елдерде Ислам дінінің жайылуы ғасырларға созылған табиғи процестерден кейін, яғни қабылдаушы адамдардың өз ықпалымен  болғаны байқалады[4.83.].

  Іргелі сәулет өнері ортағасырлардағы сәулет өнерінің дәстүрлерінің өнері негізінде дамыды. Қоғамдық және діни үйлердің сәулеті ислам ережелеріне және «мұсылман Шығысы» елдері сәулет өнерінің жалпы бағытына сәйкес дамиды. Діни кешендер ерекше дамыды. Олардың сәулеттік ұйытқысы жинақы немесе алаңдардың шетіне орналасқан іргелі кұрылыстардан тұрған. Орта ғасырлардағы іргелі құрылыстар туралы сәулеттік археология қосымша мәліметтер береді. Қазақстанның оңтүстігі мен Жетісудағы қазба жұмыстары барысында мешіттер мен моншалар ашылды [48.22.]. Таразда екі монша қазылды. Шығыс қалаларында моншаның қоғамдық құрылыстар қатарында көрнекті орын алғаны мәлім. Қала тұрғындары өмірінде ол бірінші кезектегі рөлдердің бірін атқарды.

Сәндік-қолданбалы өнер орта ғасырлар кезінде көбінесе ыдысты өрнектеу ісінде, металда, әсіресе, кұрылыста көрінді. Үйлердің сәулетін безендіру құрылыс материалдарымен және оның құрылымымен етене байланысты болған. Жетісудың аса ірі қалаларының бірі - Баласағұндағы мешіт құрылысы 10 – 11 ғасырларға жатады. Мешіттің жұлынтұтасы сақталмағанымен, оның мұнарасы осы күнге дейін қала жұрты үйінділерінен сорайып шығып  тұр [37.41.].

Өзара қарым-қатынас жасасу нәтижесінде отырықшы қалашықтар мен көшпенді тайпалар адамзаттың ежелгі мәдениеті алқасында маржандай-жарқыраған таңғаларлық мәдениет жасай  алды [11.3.].

 

 

 

 

 

 

 

1  VIII –XII ғасырлардағы Орта Азияға арабтардың келуі және қала мен дала мәдениеті

 

1.1   Ерте орта  ғасырлардағы Арабтар мен түркілердің орта Азиядағы  саяси тарихы

 

Араб түбегіндегі әлеуметтік-экономикалық, саяси және этникалық үрдістердің барысында араб халқы қалыптасты және VII ғасырдың бас кезінде жаңа діни жүйе - исламның негізінде мемлекет құрылды.  Мұнда феодалдық қатынастар калыптасып, нығайды, алайда рулық-тайпалық ұйым, әсіресе көшпелілер арасында әлі күшті еді.

Мұхаммед өлгеннен (632 ж.) кейін Араб түбегінің әр жерінде билік үшін күрес өріс алды, халық қозғалысы басталды. Араб шонжарлары ішкі қайшылықтарды әлсіретіп, дін басылары билейтін мемлекетті нығайту мақсатында. соғыс олжасына кенелу үшін жаңа жерлерді жаулап алу жолына түсті.

633 жылы арабтардың «дін үшін соғыс» деген ұранмен жаулап алушылык жорықтары басталды. Аз уақыттың ішінде олар Иран, Сирия, Палестина, Египет, Ирак жерлерін басып алып, Орта Азияның оңтүстік облыстарына жақындады.

Арабтардың жаулап алуы басталған қарсаңда Орта Азия мен Қазақстан аумағының көп бөлігі Батыс түрік қағанатының билігінде болған еді. Орта Азияның көп иеліктерін түрік немесе аралас текті әулеттер басқарды. Иран тілдес халық пен түрік тілдес халық арасында тығыз жақындасушылық бәсең алды. Шаруашылық қарым-қатынастар ұлғайып, экономикалық байланыстар өсті. Бұл факторлар араб жаулап алушыларына бірлесіп тойтарыс беруді ұйымдастыруда маңызды  рөл атқарды.

Түркештер шеп тайпасының көсемі Сұлуды жалпы түркеш елінің қағаны деп жариялады. Түркеш қағаны Сұлу мемлекет басына келісімен аса күрделі геосаясат жүргізуге мәжбүр болды. Жас қағандық шығыс-солтүстікте күн сайын күшейіп келе жатқан Шығыс Түрік қағанатымен, шығыста Тань империясымен, оңтүстікте Тань империясының өзіне қауіп төндіріп тұрған қуатты тибеттіктермен, батыс-оңтүстікте Мәуреннахрға ішкерілей кіріп келе жатқан араб халифатымен, сондай-ақ осынау мазасыз көршілері арасында біресе оған, біресе бұған бағыныштылығын білдіріп, жалтақтап отыратын, сенімсіз соғдылармен де байланыста болуға, икемді дипломатия жүргізуге тура келді. Сұлу қайырымды ел басқаруда ақыл айласы мол адам еді. Әр жолғы соғыста түскен олжаны қолбасшыларымен әділ бөлісіп отырды. Сұлу қаған кезінде Түркеш билеушілерінің Тань патшалығы мен барыс-келіс қарым-қатынасының едәуір жиі болғандығы жайында Қытай жылнамаларында деректер біраз баршылық  [13.74].

Арабтар 705 жылы шапқыншылықтар тактикасынан Әмударияның шығыс жағындағы аймақ - Мауренахрды жаулап алуға көшті. Хорасан билеушісі Кутейба ибн Муслим Балхты басып алып, 706 жылы Бұхараға қарай беттеді.  Түркештер соғдылықтарға көмекке келді. Түріктер мен соғдылардың біріккен қолы араб әскерлеріне қатты соққы беріп, оларды қоршап алды. Хорасан билеушісі Кутейбаның алдап-арбауының арқасында ғана одақтастарды біріне-бірін айдап салып, қоршаудан шығып кетуге мүмкіндік туды. 708 жылы Кутейба Рамитанды (Бұхара облысындағы қала) ұрыссыз алды, бірақ жеңісін  баянды ете алмады. 709 жылы Кутейба Мауреннахрға тағы да аттанып, Бұхараның маңына таяп келді. Түрік-соғды тобы араб әскеріне елеулі соққы берді. Кутейба тағы да алдап-арбау тактикасын қолданып, соғды патшасы Тархұнды түріктердің көмегінен бас тартуға мәжбүр етті, ал араб әскері Бұхараны басып алды [15.65.].

Түркештер өз елінің тәуелсіздігі мен бостандығын сақтап қалу жолында Таң империясымен уақытша одақтасып, басқа көршілеріне қыр көрсету бағытын ұстанамын деп 711 жылға келгенде Шығыс Түрік қағанатының тегеурінді соққысына ұшырап, қағанынан да, елдігінен де айрылды да, 715 жылға дейін бұлғақ кезеңді басынан өткізуге мәжбүр болды.

712 жылы Кутейба хорезмшах пен бұхархудат әскерлерімен бірге Самарқандқа бет алды. Соғдылықтар Шаш патшасынан, түрік қағанынан және Ферғана ихшидынан көмек сұрады. Одақтастарды түрік қағанының кіші баласы Инел-қаған басқарды [1.1]. Соғды патшасы Гуракқа көмекке келе жатқан қолдың жолын жансыздар арқылы біліп алған арабтар торуыл жасап, ақсүйек жауынгерлерден құрылған тандаулы түрік отрядын талқандады. Самарқанд бір ай бойы корғанғанымен, ақырында Гурак Самарқанд үшін өте ауыр шартқа қол қоюға мәжбүр болды. Қалада көтеріліс болуынан қауіптеніп, Кутейба осында өзінің отрядын қалдырды.

712 жылы Орта Азияға түргештерді талқандаған Шығыс түріктерінің қағаны Мочжоның әскері келді. Мочжо әскері «соғды халқын жайғастыру» үшін Сырдариядан жүзіп өтті. Бұл кезде самарқандықтар араб билеушісіне қарсы көтерілген болатын, тап осы кезде оған түрік қағаны келіп шабуыл жасады. Бірақ бұған Кутейба келіп үлгеріп, араб гарнизонын толық талқандалудан сақтап қалды. 712-713 жылдары түріктердің, соғдылардың, шаштықтардың және ферғаналықтардың біріккен қолы арабтарға қарсы шықты. Бұған жауап ретінде Кутейба калың қол жинап, отрядтарын Ферғана мен Шашқа жіберді. Шаш қоныстарының көпшілігі өртеп жіберілді [12.27].

714 жылы Кутейба Шашты басып алып, Испиджабқа жорық жасады. Ол Мауреннахрдағы араб үстемдігіне Түркеш қағанаты мен Орта Азия мемлекеттері одағының қандай қауіп төндіретінін түсінген еді [3.141.].

Сұлу аз уақыттың ішінде шаңырағы шайқала бастаған Түркеш қағандығын қалпына келтірумен бірге екі майданда бірдей соғысты. Оның бірі - батыстағы мықты жауы арабтар еді. Арабтардың жеңілу көрмеген әскеріне 714-715 жылдары Сұлу әскері Сырдариядан бірнеше рет өте шабуылдап, бірнеше рет шегініп қайтты. Ақыры арабтарға қарсы күрескен жергілікті халықтың көмегіне сүйеніп, оларды Мауреннахрдан қуып шықты. Ал екінші майдан Қытай тарапынан шықты. Олар Батыс Түркі қағанындағы ру бектерін желіктіріп, Сұлуға қарсы күш ретінде пайдалануды көздеді.

Сұлу қаған дипломатиялық көрегендік танытып, 717 жылы Тань империясының астанасы Чананьға аттанды. Оның артынша өзіне қауіпті деген патшалармен құдалас болып, Ашин руының Батыс Түркі қағанының тұқымынан шыққан қызға үйленді. Қапағанның орнында Шығыс Түркі қағандығының тағында отырған Білге қағанның қызын екінші әйелдікке алды. Сұлу үшінші жолы Тибет патшасының қызымен некелесті. Өз баласын - Білге  кағанның қызына үйлендіреді. Бұдан кейін оның өз көршілерімен достық қарым-қатынасы бұзылмады. Түркістанда Сұлудың егеменділігін жоюға бағытталған Қытай басшыларының әрекеттері қарсылыққа тап болып, тоқтап қалды  [39.51.].

723 жылы Ферғана қарлұқтары түріктермен және шаштықтармен бірігіп, арабтарды мықтап жеңді де, оларды Ходженттен Самарқандқа дейін қуды. Күресте екі жақ кезек жеңіп отырды. 724 жылы араб әскері Ферғанаға кіріп, оның астанасы Қасанды қоршап алды. Ферғаналықтарға Сұлу бастаған түркештер көмекке келді. Арабтар асығыс кейін шегіне бастады, бірақ Шаш пен Ферғана әскерлері оларды Сырдариядан күтіп алып, қирата соққы берді, бұл арабтарды ұзақ қорғанысқа көшуге мәжбүр етті.

728-729 жылдар арасындағы Самарқан мен Бұхара тұрғындарының қатысуымен біраз уақыт Соғды арабтардан арылып, тек Самарқан басшыларының билігінде қалады. 730 жылы арабтар біраз жеңістерге қол жеткізгенмен, 731 немесе 732 жылы Күше мен Самарқан аралығындағы тауларда, кейін Кермин түбінде түркештерден жеңіліс табады. Тек 732 жылдың аяғында ғана араб қолбасшысы Джунейд Абдаллах түркештерді жеңіп, Бұхараға кіреді [6.101.].

Түркештер өздерінің дәуірлеп тұрған кезеңінде Мауреннахрға билік жүргізуде арабтармен таласатын құдіретті күшке айналды. Түркештер әскер күшімен қолдаған халық көтерілістері нәтижесіңде арабтар Мауреннахрдан түгел дерлік куылды. Түркештердің қағаны арабтарға қарсы батыл қимыл жасады, мұнысы үшін арабтар оған «Әбу Музахим» (Сүзеген) деген ат қойды. 737 жылы ол арабтарға қарсы аттанып, Тоқарстанға дейін жетті, мұнда қарлұқтардың жабғуымен бірікті. Алайда Сұлу қағанға соғдылықтар батыл қолдау көрсетпей, түркілер жағы ауыз бірліксіз жағдайда болып, Сұлу тас-талқан болып жеңілді. Жетісуға кайтып келген (737 ж.) ол өз армиясының қолбасшысы Кули-Чордың қолынан қаза табады [7.26.].

Араб шабуылынан қашқан соғды шаруалары, қолөнершілері және саудагерлері Түркеш қағандығының аумағына келіп кіреді.

Араб шапқыншылығы Орта Азия халқының, сонымен бірге Түркеш қағандығының саяси, шаруашылық өмірін қиындата түсті. Түркеш билеушілерінің өз ішінде үкімет билігіне таласқан қырқыс өрістей берді.

Сұлу қағанды өлтірген соң, Кули-Чор Суяб қаласына келіп, қаған тағына отырады. Тань әскерлері Түркеш қағандығының астанасы Суяб және Талас қалаларына шабуыл жасап, басып алады. Хорасанның жаңа араб басшысы Кули-Чорды қамауға алып, өлім жазасына кеседі.

Түркеш қағанатының әлсіреуін пайдаланып, Хорасандағы араб билеушісі Насыр ибн Сейяр 737-748 жылдары Орта Азияның бірқатар аймақтары мен Қазақстанның оңтүстігіне бірнеше рет жаулап алушылық жорықтар жасады. Арабтарға қарсы күрес жалғастырыла берді, жер-жерде арабтарға қарсы бой көрсетулер болды, бірақ бұлар қарудың күшімен жаншылып басылды. 737-739 жылдары Насыр ибн Сейяр Самарқандтағы, Шаштағы, Фарабтағы көтерілістерді тұншықтырды.

Тань патшалығы 742 жылы Ашина тайпасының бір адамын түркештерге "он оқ караны" деп тағайындайды. Одан кейін Түргеш қағандығына Елеңміш Құтлық білге қаған (747-753 ж.), Тәңірі Ілміш қаған (753-756 ж.), Ата Бойша қаған (756-766 ж.) билік жүргізді [37.165.].

Қытай Шығыс Түркістаңды, одан соң 748 жылы түркештердің астанасы Суяб қаласын басып алды, ал келесі 749 жылы Қытай армиясы жалпы саны 70 мың әскермен Шашты жаулап, Шаш патшасын өлтірді. Сол жылы қытай армиясы Тараздағы араб армиясын қоршауға түсірді. Араб қолбасшысы Абу Мүслим қоршауда қалғандарды құтқару үшін бір отряд аттандырды және Түркеш мемлекетіне елші жіберіп, қоршаудағы араб әскерін қытайлықтардан құтқаруға көмектессе, араб әскерлерін Самарқан мен Бұқараға алып кететіні туралы уәде береді.

751 жылы шілдеде Талас өзенінің бойында қарсылас екі армия кездесіп, бірнеше күн бойы соғыс бастауға батпайды. Бесінші күні, яғни 30 маусымда қытайлықтардың тылына кенеттен түркештер мен қарлұқтар шабуыл жасайды 751 жылы Таразға жақын жердегі Атлах қаласының түбінде араб қолбасшысы Зияд ибн Салих пен қытай қолбасшысы Гао Сянь Чжидің арасында орасан зор шайқас болды. Дәл сол 30 маусымда қарсы майдандағы шабуылды арабтар бастайды. Қатыгез соғыс 30 маусымнан 29 шілдеге дейін созылады Шешуші кезде қытай тылында қарлұқтар көтеріліс жасап, арабтар жағына шықты. Қытай әскері түгелдей талқандалады. Араб тарихшысының айтуынша, 45 мың қытайлық соғыс даласында өліп, 25 мыңы тұтқынға алынады [44. 123.].

Қытай армиясының қолбасшысы Гао Сянь Чжи тұтқынға түсті және өлтірілді, ал қытай деректері бойынша, Гао Сянь Чжидің Талас шайқасына қатысқан барлық әскер саны отыз мың адам деп көрсетілген.

Түргештер мен қарлұқтар, арабтар орасан мол олжаға батты, ал тұтқындар арасындағы қытай қолөнершілері, Самарқанд пен Бағдадқа жеткізіліп, қағаз шығарумен және жібек иіріп, тоқумен айналысатын шеберханалар ашуға пайдаланылды [7.56.].

8 ғасырдың ортасына дейін Орта Азияның біраз бөлігін жаулап алған араб әскерлері Түркеш қағандығының жеріне төніп келе жатты. Түркеш қағандығы соңғы кезде сары түркеш және қара түркеш болып екіге бөлінген. Сары түркештер негізінен Іле бойының байырғы тұрғындары еді, ал қара түркештер бұл өңірге кейінірек келгендер болатын. Бірақ оларды дәуір қыспағы біріктіріп жіберген. Сары түркештердің ордасы Шу өзені жағасындағы Суяб (Сояб) қаласында, Қара түркеш ордасы Талас өзені бойында еді. Сары түркештер мен қара түркештер арасындағы таққа талас 20 жылға созылды.

Ұйғырлар қарлұқтармен соғысты. Соғыста ойсырап жеңілген соң, Батысқа жөңкіле көшіп барды да, Түркеш қағанатының біржола күйреуіне себепші болды. Бұл 766 жыл болатын. Тань әскерлерін талқандауда елеулі рөл атқарған қарлұқтар Жетісуда өз жағдайын нығайта түсті. Алайда түркештердің орнын басу жолындағы күресте оғыздар қарлұқтарға батыл қарсылық көрсетті. Осы күрестің нәтижесінде оғыздар Жетісуды тастап, Сырдарияға кетуге мәжбүр болды. Жетісуда саяси үстемдігін орнату жолындағы жиырма жылға созылған күрес қарлұқтардың жеңісімен аяқталып, 766 жылы Түркеш қағанатының Суяб пен Тараздағы ордалары алынды. Бұл оқиғалар туралы әл-Марвазу былайша еске алады: «Қарлұқтар бұрын Тулис тауын (Алтайдағы) жайлады және тоғыз-оғыздардың құлдары болды. Кейін олар мырзаларына қарсы бас көтеріп, түркештер елін жаулап алды да, исламдыққа бет бұрды». Қарлұқтардың бір бөлігі Қашқарды басып алды, ал қалғандары (8ғ. соңына қарай) Ферғанада өз билігін орнатты. X ғасырға келгенде қарлұқ тайпалары Алакөл қазан шұңқыры мен Сырдарияның орта ағысы арасындағы территорияға өзінің саяси  үстемдігін орнатты [22.84.].

Информация о работе Орталық Азиядағы араб және түркі халықтары мәдениетінің өзара ықпалдастығы (VIII-XII ғ)