Буаз саулыктарды азыктандыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Ноября 2012 в 14:36, реферат

Краткое описание

Қой шаруашылығы - ата-бабамыз ежелден айналысқан ата кәсіп, елімізде ежелден дамыған мал шаруашылығының саласы. Ғасырлар бойы қой өсіріп, қоймен тіршілік еткендіктен, бұл саладан халқымыздың тұрмысына қажетті көптеген өнім өндіріледі. Қой еті мен сүті тағамға, жүні мен терісі киім-кешекке, қиы отқа, түяқ пен мүйізі түрлі түйме сияқты бұйымдарға, құйрық майы емге, елтірісі жағаға, асығы мен тобығы ойынға пайдаланылады.

Содержание работы

І. КІРІСПЕ БӨЛІМ...............................................................................................3
1.1. Әдебиетке шолу...........................................................................................6
ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1. Қозыны азықтандыру................................................................................13
2.2. Қой азықтандыру мөлшерлері мен мерзімдік азық рациондары..........15
2.3. Саулықты азықтандыру ерекшеліктері...................................................18
2.4. Буаз саулықты азықтандыру нормасы....................................................22
2.5.Қозылы қойларды азықтандыру...............................................................26
ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ..............................................................................30
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі...................................................................33

Содержимое работы - 1 файл

Балнур Буаз саулык азыктандыру.doc

— 329.00 Кб (Скачать файл)

Қойдың осы жоғарыда айтылған биологиялық ерекшеліктерін, оның басқа ауыл шаруашылығы жануарларға қарағанда жайылым шөбінің түрлерін бір жарым –екі есе артық жей алатындығын бір жақты түсініп, бұл қойдың азыққа көнбіс, талғампаз еместігінің белгісі деп бағалау қате. Керісінше, бұның өзі қойдың азықтың алуан түрлі болып келуіне бағытталған, яғни азықтандырудың биологиялық жағынан толық құнды болуына қойылған қатал талабының көрсеткіші екендігін, бұл талаптың қойдың бүкіл эволюциялық дамуының нәтижесінде туғандығын дәлелдейді.

Қой азықтың бір түрімен (жайылымнан басқа) ұзақ уақыт азықтандыруға  төзе алмайды. Біркелкі азық олардың  тәбетін төмендетіп, тіршілік қабілеті мен өнімін, әсіресе жүн өнімінің мөлшері мен сапасын күрт кемітіп  жібереді. Қойды жеткіліксіз, нашар  азықтандырған кезде жүні мүлде дерлік өспей қалады. Ал организмге түскен қоректік заттар ең алдымен оның тіршілігіне, өсіп-жетілуіне қажетті процестерге жұмасалады да, артылса ғана жүннің өсуіне пайдаланылады. Егер ұзақ уақыт қоректік заттар, әсіресе азот пен фосфор, кальций жетіспесе, организм тіршілік етуі үшін бұл заттардың жетіспеген мөлшерін жүннің құрамынан алып пайдаланады. Сонымен бірге бұл кезде өскен жүннің сапасы төмендеп, жүн талшықтары жіңішкеріп кетеді. Мұндай жүн тез үзіледі, төменгі сортқа жатқызылады, әрі бағасы анағұрлым төмен болады. Сайып келгенде қой шаруашылығында, әсіресе биязы жүнді немесе жүнді-етті бағыттағы қой өсіргенде, аз ғана уақыт берілген сапасыз азық жыл бойғы еңбектің нәтижесін төмендетіп жібереді.  Сиыр мен шошқа шаруашылығында мал азығының жеткіліксіз болып қалуы, олардың салмағы мен сүт өнімін тек сол мерзімде ғана төмендетеді, бірақ ол малдың жыл бойындағы өніміне оншама әсер ете қоймайды. Осының өзі, азықтың үздіксіз жеткілікті болып тұруының қой шаруашылығында айрықша маңызы бар екенін көрсетеді.

 

 

2-кесте

Салмағы 50кг бір қойдың күндік рационы

 

Көрсеткіштері

Етті майлы саулық

Қаракөл елтірі саулық қойы

Бойдақ және алғашқы 12-13 апталық буаз кезеңінде

Соңғы 7-8 апталық буаздығы кезеңінде

Бойдақ және алғашқы 12-13 апталық буаз кезеңінде

Соңғы 7-8 апталық буаздығы кезеңінде

Жайлымдағы шөп, кг

4,7

-

3,5

2

Дәнді дақылдардан, әр түрлі шөптерден  дайындалған пішен, кг

 

-

 

2,6

 

-

 

1

Аралас құрама азықтық жемдер концентрат

 

0.2

 

0.4

 

0.15

 

0.3


 

 

Нормамен азықтандырудың негіздері

Мал өнімділігін арттырып, оның шаруашылыққа пайдалы басқа  да көрсеткіштерін жақсарта түсу үшін ең алдымен төмендегі мәселелерге  назар аудару керек:

-Мал организміндегі  зат алмасу ерекшеліктеріне, жасына, жынысына және өнімділігіне байланысты, қоректік заттарға деген қажеттігі, яғни азықтандыру нормасы;

- Азықтандыру рационы;

- Азықтандыру типі (жүйесі);

Азықтандыру нормасы. Малдың қоректік заттарға деген қажеттілігі арнайы жүргізілген ғылыми-шаруашылық, физиологиялық тәжірибелерде зерттеледі. Жан-жақты жүргізілген зерттеу жұмыстарының нәтижесінде малдың біркелкі өсіп, сүт, ет, жүн сияқты өнім беруі, буаз малдың іштегі төлі дұрыс жетілуі үшін олардың организміне қажетті қоректік заттардың мөлшері, яғни азықтандыру нормасы анықталады. Азықтандыру нормасы деп малдан сапалы, әрі мол өнім алуға қажетті қоректік заттардың тәуліктік мөлшерін айтады.

Азықтандыру нормасы малдың физиологиялық  күйіне, жынысына, жасына, тірілей салмағы  мен өнімділігіне байланысты жасалып, малдың азыққа деген тәуліктік мұқтаждылығының  шамасын білдіреді. Елімізде қабылданған азықтандыру нормаларында, малдың азыққа деген мұқтаждығының жалпы дәрежесі – азық өлшемі, қорытылатын протеин, кальций, фосфор, каротин және микроэлементтер мен ас тұзының мөлшері арқылы сипатталады.

Малға жыл бойы бір норма белгілеуге болмайды. Өйткені ол малдың физиологиялық күйіне байланысты өзгеріп отырады. Мысалы, саулықты алатын болсақ, оған буаз кезінде, қозы емізетін мерзімінде, қозысынан айырғаннан кейін азықты әр түрлі нормамен белгілеуге тура келеді.

Азықтандыру нормасы тиісті бір мерзімге арналып жасалады, сол мерзімнің бір тәулігінде малдың әр басына қанша қоректік заттар керек екендігін білдіреді.

Азықтандыру рационы. Азық рационы деп малға бір күн ішінде беруге ыңғайлап, есептеліп алынған азық түрлері мен мөлшерін айтады. Азық рационы –ғылыми негізде үйлестіріліп алынған, жалпы жұғымдылығы, қорытылатын протеині, минерал заттары мен каратиннің мөлшері жағынан азық нормасына сәйкес келетін әр түрлі азықтардың қосындысы. Малды азықтандыру процесінде, рацион жеке азықтың желінуіне, малдың денсаулығы мен өнімділігіне қарайц тексеріліп, анықталады. Әдетте, азық рационын 15 күнде бір рет қайтадан жасап отырады.

Қоректілігіне қарай азықты таңдап алу, оның нормаға сәйкес мөлшерін белгілеу шеберлікті, тәжірибені керек етеді. Азық рационын жасағанда малдың қандай азықты сүйсініп жейтіндігі, оның мал өнімділігіне қандай дәрежеде әсер ететіндігі және шаруашылықта азықтың қандай түрінің барлығы, оны пайдаланудың экономикалық жағынан алғанда тиімділігі мұқият ескеріледі. Сонымен бірге шаруашылықтағы жемшөпті мал сүйсініп дейтіндей етіп турап, булап, ашытып, өндеп, малға алдын ала даярлап беру ісін ұйымдастыру керек.

Азық рационының қоректілігін сипаттайтын негізгі көрсеткіштер алынатын өнім мөлшері мен сапасы, малдың физиологиялық күйі мен ұдайы өсу қабілеті азықты жеуі және қоректік заттардың қорытылып, сіңуі. Сондықтан да малдың дұрыс азықтандырылуы үшін зоотехниялық тұрғыдан бақылау ұйымдастырып, нақтылы жұмсалған азықтың мөлшерін, мал өнімділігін, өнімнің сапасын ескеріп, үнемі бақылап отырған жөн.

 

2.3. Саулықты азықтандыру ерекшеліктері

Саулықтарды азықтандыру. Шаруашылықтағы қой басының басым  үлесі саулықтар үлесіне тисе ғана қойларды өз төлінен көбейтіп өсіруге болады. Демек, саулық азықтандыру қой басының көбеюіне және олардан алынатын өнім көлеміне тікелей ықпал етеді. Дер кезінде нәтижелі ұрықтандырылып, уақытылы егізден қоздатып, сапалы жүнді мол қырқу үшін саулықтардың жасы, өнімдік бағыты мен тұқымы, жыл мерзімі мен соған сәйкес өзгеретін физиолгиялық ахуалына байланысты өзгеретін қоректік мұқтаждығын қажетті деңгейде және жан – жақты толық қамти қамтамасыз ету керек.

     Азықтандыру  қоректілігі мен құнарлылығы жетіспеген жағдайда саулықтардың дер кезінде күйі келммей, ұрықтандыру нәтижесі төмен болуынан қоздауы да созылып, жақсы жетілмеген жалқы қозы туады. Арықтап кеткен саулық оның өзін уызы мен сүтіне жарытпайды. Содан қозы шығыны көбейіп, саулық жүнділігі төмендеп, жүн сапасы  нашарлайды. Осының бәрін ескере отырып саулық азықтандырылуына жыл бойы жете көңіл бөліп, организмінің қоректілік мұқтаждығы өсетін күйікке түсер, буаздық, қоздап қозысын емізер кезеңдерінде саулық азығының энергетикалық қуаттылығын күшейтіп, биологиялық құндылығын жоғарылатады.

     Күйекке  түсерден 1-1,5 ай бұрын саулық қоңдылығын  көтеріп, күйін келтіру үшін  азықтандыру деңгейін 1 кг қосымша  салмақ қосуына есептегенде 5 а.ө, 500 г қорытылатын протеин көлемде  жоғарылатады. Күйі келіп нәтижелі ұрықтанған саулықтың одан кейінгі буаздық кезеңінде де сапалы азықтандыруын жалғастырады.

Дер кезінде ұрықтанып, мол қоздап, сапалы жүн қырқу үшін саулықтарды дұрыс кұнарлы азықтандыру  қажет. Олай болмаған жағдайда саулықтардың күйі келмей, нәтижелі ұрықтанбай, нашар жетілген жалқы қозытуады. Оны уызға, сүтке жарытпай, өздерінің жүнділігі төмендеп, қырқылған жүн сапасыз болады. Осыны ескере отырып, саулықтардың азықтандырылуын күйекке түсерден 1—1,5 ай бұрын күшейтеді. Олардың күйін келтіру үшін 1кг қосымша салмаққа 5 азық өлшемі, 500г қорытылатын протеин келетіндей етіп азықтандыру нормасын жоғарылатады. Күйі келіп нәтижелі ұрықтанған саулықты буаздық кезеңінде де құнарлы азықтандыру қажет. Тек сонда ғана жақсы жетіліп, дамыған, кебіне егіз қозы туылады. Туылған қозы салмағының тек 10 проценттейі ғана буаздықтың бірінші жартысында, ал қалғаны — екінші жартысында калыптасатындықтан буаздықтың екінші жартысында яғни сонғы 4—5-ші айында саулық организмнің зат алмасуы 15—20 процентке жоғарылап, олардың энергетикалық мұқтаждығы 30—40 процентке, қорытылатын протеинге мұқтаждығы 40—60 % -ке өседі.

Дұрыс азықтандырылған  буаз саулықтар тірі салмағымен, қоддылығын кемітпей, дер кезінде қоздап, жақсы  дамып жетілген, ірі қозы туады. Желіндеп, қозысын уыз бен сүтке жарытады. Меринос тұқымды саулықтар қоздағаннан   кейінгі  екі   айда тәулігіне 1,0—1,3 кг,  ал 3—4-ші айларында 0,8—1,0 кг сүт береді. Қазақы қойлардың сүттілігі бұдан жоғары — тәулігіне 1,3—1,5 кг-ға жетеді. Қозысын емізетін саулықтардын, рациондарында буаз саулықтардікімен салыстырғанда клетчатка көлемі 22—24-тен 24—27%-ке дейін, женіл қорытылатын қанттар мен крахмал мөлшері де біршама жоғарылатылады (глркозаға айналдырып санағанда 16—18-ден 18—22%-ке дейін).

Қой уызы протеинге (17—23%) және майға (9—16%) бай. Уыз емген қозылар жақсы тойынып, ас қорыту қабілеті күшейіп, түрлі ауруларға шалдықпай өседі. Саулықтардын, сүттілігін козыларының күнделікті салмақ қосуынан байқайды. Қозылардың 100г қосымша салмағына 0,5кг ене сүті жұсалады.

          

3-кесте

Қойлар саулығына  күніне берілетін азық мөлшері

 

Көрсеткіштері

Етті – майлы

Бойдақ және алғашқы 12-13 апталық буаздылық кезеңінде

Соңғы 7-8 апталық    буаздылығы кезеңінде

Салмағы,кг

50

60

70

50

60

70

Азық өлшемі

7

8

9

10

11

12

Алмасу энергиясы, мДж

1,1

1,2

1,3

1,4

1,5

1,6

Құрғақ зат,г

12,5

13,5

14,5

16

16,5

17,5

Сіңірімді белоктық зат,г

1,8

1,9

2,1

1,9

2

2,1

Кальций,г

90

100

110

130

140

150

Фосфор,г

5,5

6,4

7,3

8,7

9,8

10,5

Магний,г

3,1

3,7

4,1

4

4,7

5,1

Күкірт,г

0,5

0,6

0,7

1,4

1,5

1,8

Темір,мг

2,5

3

3,3

4,5

5,3

6

Мыс,мг

58

68

78

88

78

88

Мырыш,мг

12

14

16

18

16

18

Кобальт,мг

46

54

62

70

62

70

Марганец,мг

0,55

0,65

0,75

0,85

0,75

0,85

Йод,мг

69

81

93

106

93

106

Каротин,мг

11

13

15

20

23

26

Витамин Д,

мың х.о

600

700

800

850

1000

1150


 

Желіні сыздамауы үшін қоздағаннан кейінгі 2—3 күнде саулықтарға  тек майда пішен беріп, басқа  азықтарды біртіндеп жегізеді. Жақсы  жайылым отына қосымша құнарлы  жем, кажетті мелшерде ас тұзын береді. Жемге араластырған ас тұзымен бірге  қой қораларында жалайтын тұз кесектерін қояды. Саулықтар сүттілігіне шырынды азықтар жақсы әсер етеді (сүрлемді тәулігіне бір басқа 2-4, пішендемені 1-3 , тамыржемістілерді 1-2кг беруге болады. Құнарлы жемді саулықтар сүттілігіне, емізіллетін қозы санына байланысты үдетеді (жалқы қоздағандарына 0.3-0.5, егіз қоздағандарына 0,5-0,7кг береді).

Шаруашылықтағы қой  басының басым үлесі (55-65%) саулықтар  үлесіне тисе ғана қойларды өз төлінен  көбейтіп өсіруге болады. Демек, саулық азықтандыру қой басының көбеюіне және олардан алынатын өнім көлеміне тікелей ықпал етеді. Дер кезінде нәтижелі ұрықтандырылып, уақытылы егізден қоздатып, сапалы жүнді мол қырқу үшін саулықтардың жасы, өнімдік бағыты мен тұқымы, жыл мерзімі мен соған сәйкес өзгеретін физиологиялық ахуалына байланысты өзгеретін қоректік мұқтаждығын қажетті деңгейде және жан-жақты толық қамти қамтамасыз ету керек.

Азықтандыру қоректілігі  мен құнарлылығы жетіспеген жағдайда саулықтардың дер кезінде (күйекке  түсерде) күйі келмей, ұрықтандыру (қашыру) нәтижесі төмен болуынан қоздауы да созылып, жақсы жетілмеген жалқы қозы туады. Арықтап кеткен саулық оның өзін уызы мен сүтіне жарытпайды. Содан қозы шығыны көбейіп, саулық жүнділігі төмендеп, жүн сапасы нашарлайды. Осының бәрін ескере отырып саулық азықтандырылуына жыл бойы жете көңіл бөліп, организмінің қоректілік мұқтаждығы өсетін күйекке түсер, буаздық, қоздап қозысын емізер кезеңдерінде саулық азығының энергетикалық қуаттылығын күшейтіп, биологиялық құндылығын жоғарылатады.

Күйекке түсерден 1—1,5 ай бұрын саулық қондылығын көтеріп, күйін келтіру үшін азықтандыру деңгейін 1кг қосымша салмақ қосуына есептегенде 5 а.ө., 500г қорытылатын протеин көлемінде жоғарылатады (күндік салмақ қосуы 50-100г жоспарланса, азықтандыру нормасына, тиісінше, 0,25—0,5 а.ө., 25—50 г қорытылатын протеин қосылады). Күйі келіп нәтижелі үрықтанған саулықтың одан кейінгі буаздық кезеңінде де сапалы азықтандырылуын жалғастырады.

Сүт қоректілер ұрғашылары буаздығының дамуының биологиялық  заңдылығына сәйкес эмбрионалдық даму барысында ұрықтың ұлғаюы буаздық  мерзімінің үшінші бөлігінде өрістейді. Соған сәйкес саулық жатырындағы болашақ төлдің көлемі ұлғайып, салмағы ауырлауының 10— 15% шамасында буаздықтың бірінші жартысында, ал қалған 85—90% екінші жартысында қалыптасады. Сондықтан саулық буаздығының соңғы 4—5-ші айындағы екінші жартысында организмінің зат алмасуы 15-20% жеделдеп, энергетикалық мұқтаждығы (алмасу энергиясы бойынша) 30—40%, протеиндік мұқтаждығы (қорытылатын протеин бойынша) 40—60% жоғарылайды.

Информация о работе Буаз саулыктарды азыктандыру