Буаз саулыктарды азыктандыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Ноября 2012 в 14:36, реферат

Краткое описание

Қой шаруашылығы - ата-бабамыз ежелден айналысқан ата кәсіп, елімізде ежелден дамыған мал шаруашылығының саласы. Ғасырлар бойы қой өсіріп, қоймен тіршілік еткендіктен, бұл саладан халқымыздың тұрмысына қажетті көптеген өнім өндіріледі. Қой еті мен сүті тағамға, жүні мен терісі киім-кешекке, қиы отқа, түяқ пен мүйізі түрлі түйме сияқты бұйымдарға, құйрық майы емге, елтірісі жағаға, асығы мен тобығы ойынға пайдаланылады.

Содержание работы

І. КІРІСПЕ БӨЛІМ...............................................................................................3
1.1. Әдебиетке шолу...........................................................................................6
ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1. Қозыны азықтандыру................................................................................13
2.2. Қой азықтандыру мөлшерлері мен мерзімдік азық рациондары..........15
2.3. Саулықты азықтандыру ерекшеліктері...................................................18
2.4. Буаз саулықты азықтандыру нормасы....................................................22
2.5.Қозылы қойларды азықтандыру...............................................................26
ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ..............................................................................30
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі...................................................................33

Содержимое работы - 1 файл

Балнур Буаз саулык азыктандыру.doc

— 329.00 Кб (Скачать файл)

      Салмағы 55-60 кг тартатын буаз меринос қойының азық рационында шамамен 1400-1700 г құрғақ зат болуы қажет. Ол жақсы желінетін әр түрлі азықтан құралуға тиіс. Мұндай рационның құнарлығы арта түседі, әрі жақсы қорытылады. Мысалы бордақыдағы қозылардың рационы астық тұқымдас шөп пен жүгері дәнінен тұрғанда, олар тәулігіне орта есеппен 86 грамнан, ал бұршақ тұқымдастар мен жүгері дәні берілген басқа топ -145 грамнан салмақ қосқан. Қойлар 1 кг тірілей салмағына азық өлшемінің төмендегідей мөлшерін жұмсайды: сақа қойлар -10-12, алты айға дейінгі қозылар -4-5, бір жасқа дейінгілер -7-9,1 кг жүн алу үшін орта есеппен 60, ал бір қаракөл елтірісін алу үшін -132 азық өлшемі жұмсалады.

      Н.Омарқожаұлының (2001)  зерттеулерінде, ең алдымен рационды малдың сүйсініп жейтін, үйреншікті жем – шөбінен құрастырады. Олар шаруашылықта өндірілетін арзан азық көзі болуы керек. Өйткені азық шығынының мал шаруашылығы өнімінің өзіндік құнын құрастырудағы үлесі басым азықтары жақсы қорытылып, мол өнім беруге бағытталуы керек. Мәселен, жем – шөп қорытылуы үшін шырынды азықтардың белгілі көлеміне ірі азықтар берілуі шарт. Өйткені шырынды азықтар басым болса, клетчатка көзі болып табылатын ірі азықтың аздығымен ас жолдарының қызметі бұзылып, клетчатка жетіспеушілігінен туатын зиянды құбылыстар орын алады. Керісінше тым мол берілген ірі азық рационындағы клетчатка деңгейін көтеріп, оның өзінің және де басқа қоректік заттың қорытылуын нашарлатады 

     М.Абдулаевтың (2008) айтуынша, қойды жайып – семірту Қазақстан жағдайында қойдың еті мен жүні басқа да өнімдерін арттырудың және олардың сапасын жақсартудың ең арзан әрі тиімді тәсілі. Мұның өзі табиғи мол жайылымдарды неғұрлым толық және тиімді пайдалануға, тәулігіне орта есеппен қосымша салмақты көп алуға, малдың тірілей салмағы мен қоңын арттыруға мүмкіндік береді.

     Б.Құлатаевтың (1998) зерттеуінде, көп жылдық тәжірибеге сүйенсек, ірі қой күніне 6 – 8 кг қозылары бар саулық (қоса есептегенде) 12 – 15 кг шамасында шөп жейді. Егер жайылымдық қойға қосымша жем берілсе, бұл нормалар тиісінше 15 – 30% кемітіледі. Қой жаю үшін жайылым көлемін анықтағанда осының барлығы ескерілуі тиіс. Мысалы, 700 бас қой отарына, жазғы мезгілінде, қой басы 7 кг көк шөп жейтін болса, сонда барлық отарға күніне 49ц шөп керек, ал жайылым маусымы 4 айға 5880ц шөп керек болып шығады. Көк шөптің түсімі гектарынан 10ц деп есептегенде, 700 бас қойға маусымына 588га жайылым керк болған болар еді. Бірақ, жайылым шөбін қой тегіс, жей алмайды, тек 60 – 70% жейді. Сондықтан керекті жайылым көлемі 30 – 40% артық болуы тиіс. Атап айтқанда, ірі қой басына шөл, шөлейіт жерлерде жайылым 0,8 – 1 га – дан кем болмау керек, ал таулы ойпатты жерлерде 0,5 – 0,7 га қажет болады. Оның үстіне күнде жайылымды ауыстырып тұрған дұрыс. «Айында көшкеннің аты семіз, күнде көшкеннің қойы семіз» деген халық мақалы осыны дәлелдейді.      

     Б.Әкімбековтың (2007) мәлімдеуінше, қойды азықтандыруда мүйізді ірі қара малды азықтандыруға кететін барлық жем – шөп түрлерін қолдануға болады. Оның үстіне, қойдың биологиялық және ас қорыту ерекшеліктеріне байланысты қорегіне өсімдік түрін анағұрлым көп пайдаланатындықтан, көптеген жем – шөп түрін жеп, жайылым оты мен басқа да азықтарды басқа малдан жоғары игереді. Сондықтан да олардың осындай жайылым оты мен ең арзан азықтарды ұтымды түрде молынан пайдаланса, өндірісімен өнімінің өзіндік құны арзан болмақ. Мұның шаруашылық экономикасына тигізер пайдасы көп.     

    Көктемдік эфемерлік ерте көктеген күнгей жоталарының өсімдіктерін жол – жөнекей қоректеніп, жаз аптабынан жайлауға айдалған қой отарлары таулы альпілік және субальпілік жайылымдардың алуан түрлі санды жайылымдарға жайылады. Қыстың шуақты күндері күнгей беттердегі ашық қыстық жайылымдарына жайып, боранды, қарлы күндері дайындаған пішен, жаздық дақыл сабаны, ал мүмкіншілік болған жағдайда пішендеме, сүрлеммен азықтандырып, мал қоңдылығына қарай есептелінген жем жегізеді.    

       Н.Омарқожаұлының (2007) әдебиеттерінде, қойлар тұмсығы мен ауыз қуысының анатомиялық ерекшеліктеріне байланысты табиғи жайылым отын, аумақты көк және ірі азықтарды мейлінше жете пайдаланып, жақсы қорыта алады. Сондықтан қойды оған дейін жылқы немесе мүйізді ірі қара мал жайылған жерлерге, астығы орылған алқаптарға жаюға болады.  

    Б.Медеубековтың (1996) зерттеулерінде, сапалы сүрлем қойдың асқазан қызметін, организмде зат алмасуын жақсартады, дені таза төл алуына, витаминдердің көбейтіп, сүт құрамының жақсаруына септігін тигізеді. Сүрлем азықтың дәмін кіргізеді, қысқы азық рационын түрлендіреді, ондағы қоректік заттың жақсы қорытылуына әсер етеді. Дұрыс салынған сүрлем көп азықтың бағасы қасиетін өзінде сақтайды. Көк азықтың сүрленуі сүт қышқылы бактерияларының өсімдіктерді тез ашуы әсерінен болады. Олар сүрленетін шырындағы қантты пайдаланады және сүт қышқылын бөліп шығарады, бұл қышқыл азықты қышқылдандырады да шіріткіш бактериялардың дамуына және әрекеттеріне кедергі жасайды. Сүрлеу процесі кезінде азықта сүт қышқылының біраз мөлшері жиналады, ол сүрлемге жақсы иіс пен дәм береді, мұның өзі қойдың сүрленген азықты сүйсініп жеуіне себеп болады.      

     Сарбасовтың (1984) мәліметтерінде, ет өнімділігінің саны мен сапасына әсер етіт негізгі факторлардың бірі малды дұрыс толық құнды рационмен азықтандыру болып табылады. Азық рационын құрғанда, ең алдымен ондағы азық өлшемі мен қорытылатын протеиннің мөлшеріне көңіл аудару қажет. Рационда азық өлшемі нормаға сәйкес мол болады, сондықтан бордақылаудағы қойдың азықтандыру деңгейі жоғарылаған сайын, бір өнім мөлшеріне жұмсалатын азық аз жұмсалады.

   Азықтандыру жағдайы бордақылау процесінің экономикалық көрсеткішіне ғана әсер етіп қоймайды, сонымен қатар еттің сапасына да ықпалына тигізеді. Мысалы, көп уақыт бойы суыққа жарымаған арық малды бордақылауға қойса, онда оның салмағының басым бөлігі май болып кетеді де ет, яғни белокты ет, аз болады.

    Ұшаның төмен сапалы болып келуі қойды бордақылаудың бастапқы кезінде жақсы азықтандырып каеліп соңынан азықтандыру деңгейін төмендетіп жіберуден де болады. Сондықтан да биологиялық жағынан бағалы ет алу үшін қойды әр уақытта да жақсы азықтандырып, дұрыс күтіп – бағу қажет. Бордақылаудағы сақа қойдың протеинге деген қажеттілігі аса жоғары болмайды. Ал өсіп келе жатқан қозылар үшін протеин мөлшерінің ерекше маңызы бар.                                                                                                                                                 Андрюс пен Орсовтың (1978) мәліметтері бойынша, салмағы 20, 25, 30 және 35 кг қозылар үшін протеиннің оптималдық концентрациясы рационның құрғақ затына шағып есептегенде, тиісінше 17,5; 15; 12,5 және 12,5% болу керек. Малдың қоңдылығы артқан сайын оның протеинге деген қажеттілігі төмендей түседі. Тоқтыларды бордақылағанда олардың рационындағы жасұнықтың мөлшеріне көңіл аудару керек. Жасұнықтың тым көп болуы қоректі заттың қорытылуын төмендетеді, өнім үшін жұмсалған мөлшерін жоғарылытып жібереді. Сондықтан да рационда ірі азықтың (пішен, сабан т.б.) мөлшері 25% аспағаны жөн. Бордақылауға алынған тоқтылардың рационындағы майдың да мөлшерін бақылап отыру қажет. Рационға қосымша май қосу тоқтының салмақ көрсеткішіне, азықты өтеуіне және бордақылаудың экономикалық тиімділігіне игі әсерін тигізгендігі байқалады. Бордақылау қойларына берілетін минералды заттардың да жеткілікті болуы қажет. Азық рационында кальций, натрий, фосфор және басқа да элементтердің жетіспеуінен малдың салмақ қосуы төмендейді.  

Тоқтыларды жеделдете  бордақылаудың нәтижесін арттыра  түсу үшін оларды витаминдермен, керекті  мөлшерде каротинмен толық қанағаттандырған жөн. Жем – шөпте каротин жетіспеген жағдайда А витаминін қолдануға  болады. Тоқтылардың А витаминіне деген қажетсінуі 2,9 мың халықаралық өлшемге тең Рационды жан – жақты теңестіріп малды құнарлы азықтандыру – бордақылаудың негізі болып саналады. Бордақылаудың барысында малдың жасына, салмағына, қоңдылығына қарай олардың қоректік заттарға деген қажеттілігі өзгеріп отырады. Тоқтылардың өсу қарықыны бәсеңдеген сайын бір өнім өлшеміне жұмсалатын азық шығыны жоғарылай түседі. Тоқтыдан бір килограмм салмақ алу үшін 6 айлығына дейін 4 – 5 азық өлшемі, бір жасына дейін – 7 – 9 азық өлшемі, ересек қойларға – 10 – 12 азық өлшемі қажет. Сондықтан қозыларды жедел бордақылап 6 – 8 айлығында етке өткізу, ет өндірудің тиімдігін арттырып, сапасын жақсарта түседі.Тоқтыларды бордақылаған кезеңде, рациондағы қоректік заттың мөлшерін әлсін – әлсін тексеріп, жеткіліксіз болған жағдайда толықтырып, теңестіріп отыру қажет. Ол үшін рацион белгілегенде облыстық және аудандық агрохимлабораториялары анықтаған жем – шөптің химиялық құрамы мен құндылығын басшылыққа алған жөн. Тоқтыларды жайып семірткен кезде оларды мүмкіндігінше ұзақ өрістету және көп айдай бермеу ұсынылады, мұнымен бірге малға үнемі су беріп отыру және минералдық азықпен, әсіресе тұзбен қосымша азықтандыру қажет. Күзде тоқтыларды жайып семірту тәртібі мынадай – отарды өргізу және жеммен азықтандыру – 7 сағат – 7 сағат 30 минутқа дейін, өрістетіп жаю – 7 сағат 30 минуттан 13 сағатқа дейін, суару және иіру 13 – 15 сағат аралығында, жеммен азықтандыру – 15 – 15 сағат 30 минут, 15 сағат 30 минуттан жаю және жайлауда суару 20 сағатқа дейін, тынықтыру – 20 сағаттан келесі күнгі таңаретеңгі 7 сағатқа дейін. Қажетті жағдайлар жасалған шаруашылықтарда (қора, мал азығы шопандардың маманданған кадрлары) қойды қыста және жазғытұрым төлдеткен жөн, бұл кезде қозылар шырыны мол өрісте жақсы жайылып семіреді.

   М.Абдулаевтың (2008) айтуынша, қойды жайып – семірту Қазақстан жағдайында қойдың еті мен жүні басқа да өнімдерін арттырудың және олардың сапасын жақсартудың ең арзан әрі тиімді тәсілі. Мұның өзі табиғи мол жайылымдарды неғұрлым толық және тиімді пайдалануға, тәулігіне орта есеппен қосымша салмақты көп алуға, малдың тірілей салмағы мен қоңын арттыруға мүмкіндік береді.

 

ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ

2.1. Қозыны азықтандыру

Әдетте қозы енесін ажыратылмай  төрт ай емеді. Осы мерзімдегі олардың  қоректенуін үш кезеңге бөлуге болады. Жаңа туған қозыны енесінің уызына жарытып, алғашқы екі аптада, негізінен, ене сүтімен азықтандырады. 6—7-күндігінен бастап қозыны біртіндеп көк шөп пен пішен, жем қоспасы мен жайылым шөбін жеуге үйретеді. Ол үшін қозы тұмсығы жететін жерге майда жапырақты астық тұқымдастар пішенін іліп қойып, сақпанға қосып жайылым отына жаяды. 3—4-ші аптада қозылар оған қосымша өсімдік жемшөп жеуге үйренеді де, 5—8-ші апталарда оларды көптеп жейді. 9-шы аптадан бастап қозыны болашақ өнімі мен пайдаланылуына (тұқымға қалдыру, бордақылап етке сою, т. б.) сәйкестендіре азықтандырады. Дұрыс өсіп жетілуі үшін оларды енесін емізумен қатар жеңіл қорытылатын, диеталық жемшөппен қосымша азықтандырып отырады.

Сүтке жарымаған қозыларға  арнайы ене сүтін алмастыратын құрама жемге қоса құрамы 26% жүгері, 14% арпа, 12,7% бидай жармасы, 10% майсыз құрғақ сүт, 10% күнбағыс күнжарасы, 1% ас тұзы, 1,2% фторсыздалған фосфат, 8% азықтық ашытқы, 1,7% беде ұны, 0,1% биовит-80 препаратынан тұратын қой сүтін алмастыратын арнайы жем қоспасын, әр 1 т-на 15г күкірт қышқыдды мыс, 1г хлорлы кобальт, 1г йодты калий қосып дайындайды.

Қозыны қосымша азықтандыруды  қабығынан тазартылып, ұнтақталған  сұлы дәнінен (овсянка) бастайды да, біртіндеп  оған бидай кебегі мен зығыр күнжарасымен араластырып береді. Жеммен қоса қозыны ұсақ (жұмсақ) та майда түрлі шөп не бұршақ-астық тұқымдастар пішеніне үйретеді. 1-ші айда пішенді жегенінше беріп, 2-ші айда әр басқа тәулігіне жегізілетін көлемін - 100-200 г, 3-ші айда - 200-250 г, 4-ші айда 350-400 г-ға жеткізеді. 2-ші айынан бастап қозыға 100—300 г-нан бастап 600— 800 г сапалы сүрлем, 50-100-г-нан бастап 300-600 г тазартылып туралған тамыржемістілер береді. Көктемде сақпан құрып сызы кепкен жердің жайылымына жаяды.

Ене сүтіне жарып, қосымша  азықтануға бейімделген қозылар  тәулігіне 200-300г дейін салмақ қосып, тез өсіп, жүні тығыз да ұзын болып жетіледі. Жетілген қозыларды — 3—4 айлығында, ал сауылатын саулықтардан 2,5-3 айлығында енесінен айырады. 4 айлық қозы басына беріле бастаған 100 г пішен, 50 г жем мөлшерін 16 айлық кепе басына 350-400 г пішен, 350 г жем мөлшеріне жеткізеді. Қозы өсімін қажетті аминқышқылдарымен қамтамасыз ету үшін жемнің бір бөлігін протеинді бұршақ тұқымдастар дәнімен алмастырады. Төулігіне қозы денесінің өсуіне сіңірілетін 1,8-2,1г кальций мен 1-1,2г фосфорды 5-10г азықтық преципитат, фторсыздалған фосфатпен жеткізеді.

Жетілген қозыларды  — 3—4 айлығында, ал саулықтарды сүтке  сауатын отарларда 2,5—3 айлығында  енесінен айырады да, жынысына қарай  бөледі.

 

1-кесте

Қойлар қозысына күніне берілетін азық мөлшері

Көрсеткіштері

Етті  –  майлы тұқым

Алғашқы 6-8 апталық сүт  емізетін кезенінде

Емізудін екінші жартысында

Салмағы, кг

50

50

Азық өлшемі

1,9

1,6

Алмасу энергиясы,мДж

20

17,5

Құрғақ зат,кг

2,2

2

Сіңірімді белокты зат,г

170

135

Ас тұзы,г

14

12

Кальций,г

10,3

7,7

Фосфор,г

6,5

4,9

Магний,г

1,9

1,4

Күкірт,г

5,1

4,4

Темір,мг

110

110

Мыс,мг

18

18

Мырыш,мг

110

110

Кобальт,мг

1,08

1,08

Марганец,мг

110

110

Йод,мг

0,85

0,85

Каротин,мг

16

14

Витамин Д,мың х.ө

800

650


 

 

2.2. Қой азықтандыру мөлшерлері  мен

мерзімдік азық рациондары

Қойдың тұмсығы ілгері қарай бағытталған сүйір, күрек  тістері өткір, еріндері жұқа, икемді, епті келіп, азу тістері қатты  азықты ұсатуға бейімделген. Ол биіктігі 3-5 сантиметр, тіпті одан да төмен  қылтиып шыққан шөпті тістеп жей  алады, ал мұндай аласа шөпті басқа мал жей алмайды. Қой жердегі масақты, тіпті түсіп қалған дәнді де, сондай-ақ сояулы шөптер мен бұталар бұтақтарының жапырақтарын да жеп, басқа мал түлігінің ашығатын жайылымында өзіне қажетті азығын тауып, қорек ете береді.

Информация о работе Буаз саулыктарды азыктандыру