Турагенттің бизнес жоспары

Автор работы: s***********@bk.ru, 28 Ноября 2011 в 05:59, реферат

Краткое описание

Туристік бизнес – оңай және тез арада көп табыс әкелетін емес. Бірақ ол – алдын-ала білінеді, яғни алдын ала комиссия мөлшері белгілі, адамдардың дәстүрлі қай жаққа баруының бағыты белгілі, күні, ұшу уақыты белгілі.
Егер барлығын жақсылап есептеп, барлық мәліметтерді ескере отырып, аяқ асты жағдайларды дұрыс шешу арқылы алға қойған мақсатқа жетсек, онда ойлағандай табыс табуға болады.

Содержимое работы - 1 файл

Бизнес-жоспар турагент.docx

— 41.80 Кб (Скачать файл)

    Кіріспе 

    Туризм  – ең қарқынды дамып келе жатқан шаруашылық қызметтің бір түрі. Әлемде 1995 жылы туризмнен 372 миллиард $ (1950 – 2,1  миллиард $)  қаржы түскен, бұл көрсеткіштер туризмнің қарқынды дамып келе жатқанын көрсетеді.

    1995 жылы халықаралық туризмнен түскен  табыс бүкіләлемдік тауарлар  экспортының көлемінің және бүкіләлемдік  экспорттық қызметінің 8 %-ын құрады.

    Туризм  қалалардық инфрақұлымының дамуына, халықты  жұмыспен қамтымасыз ету, экономикалық жағынан жақсаруға үлкен үлес қосады. Бүкіләлемдік Туристік Одағының мәлңметтері бойынша 2010 жылға қарай туристердің саны 1018 миллионға өспек. Қазақстанның туризмі басқа мемлекеттерге қарағанда абжауқын көрінеді, соған қарамастар біздің мемлекеттегі көптеген өзгерістерді көруге болады. Мысалы, «Туристік қызмет туралы заң» заң қабылданған, лицензиялау мен сертификаттау енгізілген, туризм және спорт министіргілі жұмыс істеп жатыр. Алматы туризмнің орталығына айналып келе жатыр.

    Туристік  бизнес – оңай және тез арада көп табыс әкелетін емес. Бірақ ол – алдын-ала білінеді, яғни алдын ала комиссия мөлшері белгілі, адамдардың дәстүрлі қай жаққа баруының бағыты белгілі, күні, ұшу уақыты белгілі. 

    Егер  барлығын жақсылап есептеп, барлық мәліметтерді ескере отырып, аяқ асты жағдайларды  дұрыс шешу арқылы алға қойған мақсатқа жетсек, онда ойлағандай табыс табуға болады.

    Біріншіден, бұл іс-әрекеттің түрі маусымдық  мінезге ие, сондықтан турагенттіктің жұмысшылары өздерінің қозғалысты және жағдайды бағалауы қажет, яғни қысқы демалыс ұсыну немес сол сияқты фирманы қалыпты жағдайда ұстап тұратын басқа да қызмет түрлерін ұсынуы қажет.

    Екіншіден, туристік саяхат – бұл адамдардың ең бірінші қажеттілігі емес, бұл  адамдардың табысына байланысты болады. Сондықтан турларды жасаған кезде  сол мәселелерді де ескеру керек. Мысалы, қымбат емес автобус турлары  неме индивидуалды "VIP" турлар.

    Үшіншіден, бұл ешкімге де құпия жағдай емес, біздің мемлекетте негізінен шығу туризмі  қарқынды дамыған, ал ол болса мемлекетіміздің  бюджетінде кері әсерін береді, сондықтан  кіру туризмін дамыту үшін жайлы демалыс  ұсынатын шарттар жасаған дұрыс  болады.  
 

    Бірақ ол үшін ішкі инфрақұрылымды дамыту керек (мемлекет ішіндегі авиа тасымалдауды жақсарту, қонақ үйлерді жаңарту, туристік барларды жаңарту, мотелдерді жаңарту, қызмет көрсету саласын  оқыту арқылы жақсарту және т.б.). Статистикалық  мәліметтер туристердің шет елдерге  шығуының көптігін көрсетеді. Шартқа сәйкес: «Сатылатынды жасау, жасалғанды сатпау» «Арайана» туристік агенттігін жасауға бел будық. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    Негізгі бөлім 

    «Арайана» туристік агенттігінң бизнес-жоспары 

    1. Мекеменің аты

    Менімен құрастырылатын мекеменің аты  - «Арайана». 

    2. Заңды және тұлғалық мекен  жайы, банктік реквезиттері.

    Туристік  агенттік «Арайана» мына мекен жай боынша орналасады: 141800, Алматы облысы, Алматы қаласы, Желтоқсан көшесі, 32 үй, 55 пәтер. Бұл мекен жай заңды және тұлғалық болып табылады.

    Банктік реквезиттері:

    «Халық  Банк» банкі

    р/с  407856245000000008

    Бик 04330781

     

    3. Заңды мәртебесі. Жарғының қоры.

    Кәсіпорынның  құқықтықтың  талғамынын таңдау барысында біз     шектеулі  жауапкершілік серіктестік түрін қабылдадық.

    Неліктен?

    Себебі  нарықтық жағдайда бұл өте тиімді түрі болып табылады.

    Бастамас  бұрын Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің артында не жатқанын қарайық, яғни ЖШС. 

   Жауапкершілігі  шектеулі серіктестік ұғымы 

   1. Бір немесе бірнеше адам құрған, жарғылық капиталы құрылтай құжаттарымен  белгіленген мөлшерде үлестерге  бөлінген серіктестік жауапкершілігі  шектеулі серіктестік деп танылады; жауапкершілігі шектеулі серіктестікке  қатысушылар оның міндеттемелері  бойынша жауап бермейді және  серіктестіктің қызметіне байланысты  зияндарға өздерінің қосқан салымдарының  құны шегінде тәуекел етеді.  Бұл ережеден ерекше жағдайлар  Қазақстан Республикасының Азаматтық  кодексінде және осы Заңда  көзделуі мүмкін.

   Егер  серіктестіктің құрылтай құжаттарында оның белгілі бір мерзімге немесе нақты бір мақсатқа қол жеткізу  үшін құрылатыны көзделмесе, жауапкершілігі шектеулі серіктестік белгіленбеген  мерзімге құрылған болып есептеледі.

   2. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік  заңды тұлға болып табылады.

   3. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік  өзінің міндеттемелері бойынша  өзіне тиесілі барлық мүлікпен  жауап береді.

   Серіктестік өз қатысушыларының міндеттемелері бойынша жауап бермейді.

   4. Серіктестіктің жарғылық капиталға  салымдарын толық енгізбеген  қатысушылары оның міндеттемелері  бойынша әрбір қатысушының салым  енгізбеген бөлігінің құны шегінде  ортақ жауапты болады.

    Тек қана капитал салғандар ғана жауапкершілікке ие.

    Минималды капиталдың мөлшері 1.500.000 теңгені құрайды. Бұл сома біз үшін өте ыңғайлы.

    Жұмысшылыр  саны 50-ден аспауы керек.  

    ЖШС Жарғыны қорына салушылар көрсеткіші: 

Аты-жөні Салымы, теңгеде Пайыз бойынша Бөлік бойынша
1 Абдукаримова  Г.П. 750.000 50%  2
2 Қинаятова Ж.М. 375.000 25%  1
3 Қараманов Т.Н. 375.000 25%  1

     

    4. Іс-әрекеттің мақсаты және тақырыбы.

    Заңды түрде табыс табу іс-әрекеттің  мақсаты болып табылады.

    Іс-әрекеттің  тақырыбы болып келесілер табылады:

    - ҚР-да шет ел туристеріне қызмет көрсетуді ұйымдастыру, коммерциялық түрде шет ел туристеріне саяхаттарды сату, жаңа туристік маршруттарды жасау және енгізу, ҚР-ң азаматтарына шет елге саяхат сату және шет ел азаматтарына үшінші елге саяхаттарды сату;

    - гид-аудармашылардың қызметін ұйымдастыру  және ұсыну, қарсы алу-шығарып  салуды қамтымасыз ету, экскурсиялық қызмет көрсету, театрлық және басқа да көрсетілімдеріді қамтымасыз ету, туристерге транспорттық және басқа да қызметтер, кез келген транзиттік туристерді де қоса алғанда;

    - келісім шарт бойынша көлікке,  қонақ үйге, басқа да қызмет  түріне тапсырыс бере алу, ҚР-ң  аймағында боолатын және туристердің  қызмет көрсеткені үшін төленетін;

    - паспорт пен визаны рәсімдеу;

    - мемлекет ішінде және сыртында  дәнекер қызмет көрсету;

    - аз шығындала отырып бәсекелестікке сай туристік өнім жасау;

    - сувенирлерді жасау және сату;

    - көтерме және бөлшектік сауда;

    - дәнекер қызмет көрсету;

    - жылжымайтын мүлікпен байланысты  іс-әрекеттер, коммерциялық және  дәнекер қызмет көрсету, брокерлік  және диллерлік іс-әрекет;

    - коммерциялық дүкендер жұмысын  ұйымдастыру, сатып алынған және  өзіндік тауарды сату;

    - ғылыми-техникалық, агенттік, лизингтік,  жарнамалық, патентті-лицензиялық,  ақпараттық және ұсыныстық қызмет  көрсету;

    - тамақтану қоғамында жұмыс істеу ( мейрамхананы, кафені, асханаларды пайдалану);

    - ойын-сауық индустриясы (казино, парктер, аттракциондар, концерттік іс-әрекет, кафе, асхана);

    Қоғам сонымен қатар ҚР-ң заңына қайшы  келметін кез келген іс-әрекетпен  шұғылдануға болады.

    Лицензияланатын іс-әрекеттердің барлығы лицензия алғаннан кейін ғана жұмыс істей бастайды.

                       

    Туристік  агенттіктің жұмысы.

    Қандай  да бір туристік турға сұраныс  болған жағдайда туристі міндетті түрде  турдың бағасы туралы, тұру жағдайы  туралы, мемлекеттің ерекшеліктері  туралы, тоқтайтын қонақ үйі туралы толық мағлұмат және кеңес бере отырып, буклеттер мен жарнамалық қағаздарды береді.

    Турдың  бағытына қарай бұл жұмыспен сату менеджері немесе директор айналысады. Сонымен қатар туристі ұсынылатын қызметтің шарттарымен таныстырады.

    Содан кейін туристтің көзінше туроператорға  бос орын туралы мәлімет алу үшін мәлімдеме жиберіледі. Жағымды жауап  алғаннан кейін турист таңдап алынған  саяхаттың 50% құнын немесе толық құнын төлеуі қажет.

    Директор  немесе менеджер, әркім өзінің бағытына байланысты операторға брондау туралы мәлімдеме жібереді және 3 күн аралығында турды растау туралы мәлімет алады.

           Операторға турдың ақшасы турды растағаннан кейін ғана жіберіледі, прайс-қағазда жазылған баға, комиссиялық пайызды шегерткендегі.

    Мекендеу  ваучері, әуе билет (немесе темір  жол билет, таңдалған турға байланысты), медециналық сақтандыру салынған конверт  жөнелтіледі.

    Конвертті сонымен қатар туристі жөнелтер алдында алса да болады. Бұндай жағдайда туроператор өкілі нақты уақытта айтылған мекен жайға келуі тиіс. Мысалға, ұшар алдында әуежайдың алдында көрсеткіштің жанында.

    Сонымен қатар туристік агенттік пен клиент арасындағы келісім шарт жасалады да жолдама беріледі.

    Мәлімдемені негізінен алдын ала істейді. Бірақ тікелей саяхаттың алдында  инстрктаж жасалады, егер клиент одан қажетсінсе (кедендік формальдылық, физалықформалдылық), арнайы китаптарды ұсыну (мекеннің картасы, путиводитель, разговорник, аударма және т.б.). 

    5. Маркетинг және нарықты зерттеу

    1)Дислокацияны  таңдау.

    Таңдалып  отырған мекеме қай жерде орналасатынын  бұл бөлімде қарастыруымыз керек. Мекемеге перспективалық аудан қарастыру  керек.

    Бұл жұмыста біз Алматы қаласындағы  Алмалы ауданына тоқтауға бел будық. Себептері:

      Алматы қаласының туристік нарығы жақсы дамыған және басекелестік көп болады. Оған қарамастан Алмалы ауданы Алматы қаласының орталығы болып табылады. Көптеген қала сыртында тұратын тұрғындар осы жерге келіп жұмыс істейді, сонымен қатар тускі үзіліс кезінде біздің мекемеге келіп демалыс күнін ойластыруы мүмкін.     

    2) Бәсекелестікті анализдеу.

    Бұл бөлімде алмалы ауданындағы туристік фирмалардың санын, сатылған қызмет түрлерін және олардың бағасын саралап  біздің мекемемен салыстырамыз.

    Ауданда бірнеше туристік мекеме жұмыс істейді. Бірнеше туристік қызмет ұсынатын тур  фирмаларды қарастырайық:

Атауы Мекен-жайы Нарықтағы үлесі
1 Нурлы Желтоқсан 102 40%
2 Николь Травел Желтоқсан 85 32%
3 Дисковери Тур Желтоқсан 98 21%
4 Басқа мекемелер   7%               

Информация о работе Турагенттің бизнес жоспары