Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Октября 2011 в 19:05, курсовая работа
Стратегиялық жоспарлау — кәсіпорынның мақсат таңдау прцессі мен оған жету жолдарын қарастыратын басқару функцияларының бірі болып табылады. Стратегиялық жоспарлау барлық басқарушылық шешімдердің, ұцымдастыру қызметінің, стратегиялық жоспарлар құруға сүйенген мотивация мен контрольді қамтамасыз етеді. Стратегиялық жоспарлаудың динамикалық процессі қол шатырының астында барлық басқарушылық функциялар біріктірілген, стратегиялық жоспарлау артықтықшылыұтарын қолданбасақ, ұйымдар мен жеке адамдар мақсаттарда бағалау мен кәсіпорынның корпоративтік бағытын бағалау мүмкіншілігінсіз қалады.
Кіріспе 3
1 Стратегиялық жоспарлау теориясының негізгі аспектілері 5
1.1 Стратегиялық жоспарлау мазмұны мен мәні 5
1.2 Стратегиялық жоспарлау құрылымы мен жүйесі 7
1.3 Банктің кәсіпкерлік ортасын талдау 13
2
Банк секторындағы кәсіпорынның стратегиялық жоспарлау жүйесі 16
2.1 Каспий Банкі қызметін талдау 16
2.2 Банктің қызмет ету саласын талдау 24
3
Банк секторындағы стратегиялық жоспарлау жүйесі 31
3.1 Бенчмаркинг пен SWOT-талдау 31
3.2 Каспий Банкінің қызметіне стратегия құру және оны тұжырымдау 34
Қорытынды 37
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Сыртқы әсер ету факторлары — ұйым өзгерте алмайтын жағдайлар, алайда оларға әр уақытта зор мән беріу қажет, оларға: профсоюздар, үкімет, экономикалық жағдайлар. Егер сыртқы әсер ету факторлары туралы айтар болсақ үкімет түрлі жарлықтар арқылы ұйымға қысым көрсете алады, профсоюз бен келісімшартқа қайта қол қоюға тура келеді, түрлі әсер ету топтары қыруа бәсекелестер мен технологиялық өзгерістердің жеделдетілуі ұйымды қыспаққа алады.
Менеджментте қабылданған тікелей және жанама әсер ету классификациясына сүйенсек, олар:
- Нарықтық қатынастардың жағдайы мен мазмұны
- Шаруашылық факторлар
- Кәсіпкерлік іс-әрекеттерді реттеу
- Жалпы экономикалық
- Жалпы саяси
Алғашқы екі категория тікелей әсер ету факторларына жатады, қалған үшеуі жанамалай әсер ету факторларына жатады.
Сыртқы орта микроорта мен макроортаға бөлінеді.
Микроорта — ұйымға тікелей қатынаста болады, яғни жабдықтаушылар, мемлекеттік органдары, қаржы-несиелік құрылымдар, сақтандыру компаниялары.
Жабдықтаушылар.Жүйелік тәсіл бойынша ұйым кіру мен шығу нүктесінің өзгеруі болып табылады. Кірулердің негізгі түрлері шикізаттар, энергия, құрал-жабдықтар, капитал мен жұмыс күші. Жабдықтаушылар осы ресурстардың кіруін қатамасыз етеді. Басқа елдерден шикізатты алу баға, сапа, сан жағынан тиімді болып табылады, сонымен қатар орта өзгерісі, айырбас курстары өзгерістері мен саяси тұрақсыздық сияқты факторлар қаупі артады.
Заңдар
мен мемлекеттік органдар.
Үкімет рынок жағдайында ұйымға үлкен тікелей және жанамалай әсер етеді. Жанамалай әсерлерге ең алдымен салық жүйесімен, мемлекеттік меншік пен бюджет арқылы әсер етеді. Тікелей де заңнаалық актілер арқылы әсер етеді. Мысалға, ҚР Ұлттық Банкінің №73 қаулысымен бухгалтерлік есептің халық аралық стандарттарға өткізу қаулысыбанктердің мемлекеттік қаржы нарығында белсенді қызметіне алып келді, банктер дамудың жаңа сатысына өтті.
Тұтынушылар. Атақты басқару маманы Питер Ф. Друкер, ұйым мақсаты туралы айтқанда, бизнес ең негізгі мақсаты — тұтынушы тобын құру. Мұның астарында: ұйымның өзіндік ерекшелігін белгілеу және ұйымның жұмыс істеуіне құқын негіздеуі оның өз тұтынушыларын таба білуіне байланысты. Бизнес үшін тұтынушылар маңыздылығы көрнекі. Сыртқы факторлардың бәрі тұтынушыға әсер етеді және ол арқылы ұйымға, мақсаттары мен стратегиясына әсер етеді. Тұтынушы сұранысын қанағаттандыру қажеттігі ұйымның жабдықтаушыларымен қатынасын көрсетеді. Көптеген ұйымдар тұтынушылардың ірі топтарына бағыт ұстанады. Қазіргі кездегі түрлі тұтыну ассоциациялары мен бірлестіктері үлкен маңызға ие болуда.
Бәсекелестер факторының ұйымға әсері сөзсіз. Басшылық тұтыну қажеттілігін қанағаттандыру деңгейі бәсекелестермен саалыстырғанда бірдей не жоғары болуы керектігін жақсы біледі. Бәсекелестердің мүмкіндіктерін дұрыс бағаламауы, ірі компанияларды дағдарысқа және үлкен шығынға ұшыратуы мүмкін. Тұтынушылар ұйымның бәсекелестіктің жалғыз объектісі емес екендігін түсіну қажет. Бәсекелестік реакциясы жұмыс жағдайы, еңбек ақы және басшылар мен жұмыскерлер қарым-қатынасы мінез құлығы сияқты ішкі факторларға әсерін тигізеді. Сонымен қатар, ұйымдар арасындағы бәсекелестік оларды бірігуге итермелейді. Бизнесте бәсекелестікті талдаудың классикалық түрі Гарвардтық бизнес мектебінің профессоры Майкл Портердің жұмысы болып табылады. (Сурет 3.)
Бәсекелестіктің бес күші бизнестің пайдалылығын көрсетуінің себебі олардың бағаға әсерімен белгіленеді, бағалар болса ұйым шығындарына әсер етеді [8].
2
- сурет - Еңбек ресурстары
Ұйымға әсер ету факторларының бірі персоналдың білім деңгейі, мамандандырылу мен әдептілік (этика), жеке адами қасиеттер. Персоналды басқару негізгі мақсаты өндірісті жоғарылату, шығармашылық қайтарым мен жұмыскерлер белсенділігін арттыру; өндірістік және бәсекелестік жұмыстарсанын төмендетуге бағытталады; персоналды таңдау саясаты мен персоналды міндеттеге бөлуді іске асыру; оқыту мен мамандық деңгейін жоғарылатуға байланысты мәселелерді шешу.
Макроорта, ұйымға және оның микроортасына әсер етеді. Ол табиғи, демографиялық, ғылыми-техникалық, экономикалық, экологиялық, саяси және халықаралық ортаны қамтиды.
Технология.Технология — аспаптар, процедуралар, операциялар жиынтығы, яғни бұлар көмегімен кіруші өрдірістік элементтері шығушыға өзгереді. Технология ішкі және сыртқы факторлардың екеуіне де жатады. Сыртқы фактор ретінде ұйымға әсер етуші ғылыми-техникалық даму, мысалға автоматизация мен информатизация бөлімдері және т.б. технологиялық енгізілген жаңалықтар тиімділікке әсер етеді, ол арқылы өнім дайындау мен сату, өнімнің ескіру жылдамдығы, ақпарат жинау, сақтау және бөлу мүмкіндігі, сонымен қатар тұтынушының ұйымнан күтетін жаңа өнім және қызмет түрі. Бәсекеге қабілеттікті сақтау үшін, әрбір ұйым тиімділігіне қатысы бар жетістіктерді қолдану.
Экономикалық жағдайы.Экономикалық жағдайы барлық бір-бірімен байланысты ресурстар мен тұтынушылардың белгілі тауар және қызмет сатып алу қабілеттілігіне әсер етеді. Басшылық экономикалық өзгерістердің ұйымға әсерін дұрыс бағалай білуі керек. Дүние жүзі экономикалық жағдайлардың барлық импортталған ресурстар құнына әсер етеді және тұтынушылар тауарлар мен қызметтер сатып алу қабілеттілігіне әсер етеді. Экономикалық нақты өзгерістер әсері әр түрлі болып келеді, бір ұйымға оңтайлы әсер етсе тағы біріне кері әсер етеді.Экономикалық жағдай көрсеткіштеріне: инфляция, дефляция, баға саясаты, несие-ақшалай саясаты және т.б.
Әлеуметтік мәдени факторы. Әлеуметтік мәдени факторы ұйымға әсер ету өмірлік құндылықтар, дәстүрлер, т.б. Қандай да бір ұйым кем дегенде бір мәдени ортада іс-әрекет етеді. Сондықтан өмірлік құндылықтар мен дәстүрлер әлеуметтік мәдени факторлары ұйымға әсер етеді. Әлеуметтік мәдени факторлар халық сұранысына, еңбек қатынасына және еңбек жағдайына, халықтық демографиялық жағдайына әсер етеді.
Саяси факторлар. Кейбір саяси жағдайлар аспектілері ұйым басшылығы үшін ерекше маңызы бар. Олардың бірі — администрация, заңнамалық органдары, соттардың бизнес турасындағы көңіл күйі. Әлеуметтік мәдени тенденциялармен тығыз байланыстағы демократиялық қоғамдастықта бұл көңіл күйлер үкіметтің табысқа салық салу, салық льготалары немесе льготалы кеден бажы, тұтынушыларды қорғау заңнамасына, бағалар мен еңбек ақыны бақылауға, басқарушылар мен жұмыскерлер күштерін теңдестіруге әсер ете алады. Басқа елдерде жұмыс істейтін компанияларға сол елдің саяси тұрақтылығы өте маңызды [8].
Саяси жағдай тұрақтылық не тұрақсыздықпен көрсетіледі. Ұйымның сыртқы ортаға әсер ете алмайды, сондықтан тиімді жұмыс істеуі үшін сыртқы ортаға бейімделуі тиіс, оның өзгерістерін қадағалауы тиіс, жоспарлап және болжалдап уақытылы әрекет етуі тиіс [9].
Жоғарыда айтылып кеткендерден ұйымның қызмет салалары бір-бірімен шиеленісіп байланысқан. Сондықтан ұйымды басқару 2 фактормен белгіленеді:
- Өндірістік процесс ерекшелігімен
- Сыртқы орта мінездемесімен
Күні бүгінгі тенденция екінші фактордың маңыздылығы артып келе жатқанын көрсетуде. Егер миссияны құру мен мақсаттарды белгілеу көбінесе жалпыға ортақ методикаларға қарағанда өнерге сүйенеді, сонымен қатар стратегияны құруда жақсы құрылған инструментарийді қолданады. [9]
3
- сурет - Кәсіпорынның даму стратегиясын
құрудың методикалық көрінісі
Басшылар SWOT анализден соң стратегияны құра бастайды. Бұл этапта басшылық «Қандай іспен айналысып жүрміз?» деген сұраққа жауап іздеуде. Қзіргі тұрған жерімізден қандай жерге бағытталудамыз. Ұйым алдында жалпы 4 түрлі стратегиялық альтернатива тұрады. Бұлардың әр бірінің көптеген варианттары бар.
Шектелген өсу. Бұл стратегия альтернативаны көптеген ұйымдар ұстануда. Шектелген өсу стратегиясына инфляция есебінен түзетілген жетістіктерге сүйене отырып мақсаттар құру. Шектелген өсу бәсекелестік жетілген салаларда қолданылады, мұнда ұйымдар өз жетістіктерімен қанағаттанады. Осы альтернативаны таңдау себебі жеңіл, ыңғайлы және тәуекелділігі аз тәсіл болып табылады. Басшылық өзгерістерді ұнатпайды. Егер ұйым өткен шақта осы альтернативамен табысты болса, шектелген өсуді болашақта да қолдануына себеп туады.
Өсу. Стратегиялық өсу жыл сайынғы қысқа және ұзақ мерзімді мақсаттар көрсеткіштерін өткен жылдарға қарағанда жоғары деңгейін таңдау болып табылады. Бұл стратегия динамикалық өсу сатысындағы рынок салаларында қолданылады. Басшылар стагнациядағы рыноктардан шығуы үшін диверсификациялауды қолданады. Тұрақсыз салаларда өсудің болмауы банкроттыққа алып соғуы мүмкін. Акционерлер көпшілігі өсуді, көбінесе қысқа мерзімді өсуді қалап, ұзақ мерзімді активтерін жоғалтуда.
Өсу ішкі және сыртқы болуы мүмкін. Ішкі өсу тауар ассортиметі көлемі өсуін білдірсе, сыртқы өсу байланысты салаларда вертикальді және горизонталды өсу формаларында болады. Өсу конгломератқа әкелуі мүмкін. Күні бүгін альянстық бірлестіктер, жұту сияқты бірігулер көптеп кездесуде.
Қысқару. Бұл альтернативаны басшылар ең соңғы мүмкіндік ретінде қарастырады. Бағытталған мақсаттар деңгейі өткен жылдарға қарағанда төмен болады. Қысқару альтернативасы бойынша бірнеше варианттар бар; олар: ликвидайия, артық жерлерін кесу, қысқару және бағытты өзгерту б.т.
Бәрінің қосындысы. Барлық альтернативалардың қосындысын бірнеше салаларда қызмет атқарушы ұйымдар қолдануда.
Басшылар қолда бар стратегиялық альтернативаларды қарастырғаннан соң, нақты стратегияны таңдауды қарастырады. Соңғы шешім бүкіл ұйымға терең әсер етеді.
Ұйым жағдайын белгілеудің оңтайлатылған методикасын БКГ тапқан, бұл методика көптеп қолданысқа енген. Инвестициялық портфельді талдауында ұйымның өнімдері рыноктағы бүкіл шаруашылық іс-әрекеттердің өсу темпімен салыстырылуы көрсетіледі.
Бостондық
Консалтинг Тобы Матрицасы
4
- сурет – Бостандық сызба
Басшының стратегиялық шешім түрлеріне түрлі факторлар әсер етеді:
- Тәуекелділік
- Өткен стратегияны білу
- Иегерлерге әсері
-
Уақыт факторы.
2 Банк секторындағы кәсіпорынның стратегиялық жоспарлау жүйесі
2.1
Каспий Банкі қызметін
талдау
Каспий Банкінің өзінің алдына қойған мақсаты қазақстан халқының мұқтаждықтарын сапалы банк өнімдерімен қанағаттандыру болып табылады. Осы міндетке қол жеткізу мақсатында банк қызметкерлері қажырлы еңбек ету арқылы қол жеткізуде. Банк философиясы үйлесімдік, әділдік, сенімділік, даму және парасаттылық қағидаларына сүйенеді.
Қазіргі қаржы нарығындағы қалыптасқан шарттарға байланысты Каспий Банкі кең көлемді тұтынушы кредиттері мен ШОБ сегменттерінің маңыздылығын арттыруға бағытталған тұрақты өсу стратегиясын қабылдай отырып, Қазақстанның банк секторының даму қарқынының деңгейінен жоғары даму қарқынына қол жеткізуді көздейді. Бұл стратегияның негізгі бағыттарына тоқталсақ.
Олар:
- Банктің республика өңірлерінде даму қарқынын жеделдету және филиалдар торабын дамыту;
- Қызмет көрсету орталықтарын кеңейту және сапасын жоғарылату арқылы ШОБ тұтынушы базасын кеңейту;
- Нақты өнімдер мен қызметтерді оптимизациялау және жаңа бәсекеге қабілетті банк өнімдерің шығару;
- Корпоративтік займдар тұтқасы арқылы бөлшектік бизнесті дамыту [10].
Банктің заңды статусы ҚР Әділет Министірлігінде және ұлттық және шетелдік валюта туралы 30 қыркүйек 2005 жылғы банктік заңнамада көрсетілген ҚР Қаржы Рыногі мен Қаржы Ұйымдарын Реттеу мен Қадағалау Агенттігінің лицензиясы бойынша мемлекеттік тіркеуден өткен. Банк мемлекет пен акционерлер міндеттемелері бойынша міндеткерлігі жоқ. Мемлекет те Банк міндеттемелері бойынша міндеткерлігі жоқ.