Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Октября 2011 в 19:05, курсовая работа
Стратегиялық жоспарлау — кәсіпорынның мақсат таңдау прцессі мен оған жету жолдарын қарастыратын басқару функцияларының бірі болып табылады. Стратегиялық жоспарлау барлық басқарушылық шешімдердің, ұцымдастыру қызметінің, стратегиялық жоспарлар құруға сүйенген мотивация мен контрольді қамтамасыз етеді. Стратегиялық жоспарлаудың динамикалық процессі қол шатырының астында барлық басқарушылық функциялар біріктірілген, стратегиялық жоспарлау артықтықшылыұтарын қолданбасақ, ұйымдар мен жеке адамдар мақсаттарда бағалау мен кәсіпорынның корпоративтік бағытын бағалау мүмкіншілігінсіз қалады.
Кіріспе 3
1 Стратегиялық жоспарлау теориясының негізгі аспектілері 5
1.1 Стратегиялық жоспарлау мазмұны мен мәні 5
1.2 Стратегиялық жоспарлау құрылымы мен жүйесі 7
1.3 Банктің кәсіпкерлік ортасын талдау 13
2
Банк секторындағы кәсіпорынның стратегиялық жоспарлау жүйесі 16
2.1 Каспий Банкі қызметін талдау 16
2.2 Банктің қызмет ету саласын талдау 24
3
Банк секторындағы стратегиялық жоспарлау жүйесі 31
3.1 Бенчмаркинг пен SWOT-талдау 31
3.2 Каспий Банкінің қызметіне стратегия құру және оны тұжырымдау 34
Қорытынды 37
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Мазмұны | Бет. | |
Кіріспе | 3 | |
1 | Стратегиялық жоспарлау теориясының негізгі аспектілері | 5 |
1.1 | Стратегиялық жоспарлау мазмұны мен мәні | 5 |
1.2 | Стратегиялық жоспарлау құрылымы мен жүйесі | 7 |
1.3 | Банктің кәсіпкерлік ортасын талдау | 13 |
2 |
Банк секторындағы кәсіпорынның стратегиялық жоспарлау жүйесі |
16 |
2.1 | Каспий Банкі қызметін талдау | 16 |
2.2 | Банктің қызмет ету саласын талдау | 24 |
3 |
Банк секторындағы стратегиялық жоспарлау жүйесі |
31 |
3.1 | Бенчмаркинг пен SWOT-талдау | 31 |
3.2 | Каспий Банкінің қызметіне стратегия құру және оны тұжырымдау | 34 |
Қорытынды | 37 | |
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі | 38 |
Кіріспе
Дамыған нарықтық экономикасы бар мемлекеттерде стратегиялық жоспарлау кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеудің негізгі инструменті болып табылады. Қоғамның жан-жақты дамуы — адам құрған мәдениеттің негізгі жетістігі болып табылады. Оған деген қажеттілік жалпы өндірістік процестің объективті заңдылық талабымен бегіленеді. Оның көмегімен қоғамның барлық шаруашылық жүйесінің келісілген мақсатты бағытталған іс-әрекетін қамтамасыз етеді.
Банктер салымшылар мен қарыз алушылардың арасындағы делдал. Шаруашылық субъектілерінің өз қызметтерін жүзеге асыру барысында қаржы қаражаттарының жеткіліксіз болған жағдайларында пайда болған қаржыға деген жоғары сұранысты коммерциялық банктердің несиелері қанағаттандырады. Нарықтық экономикаға көшкен біздің мемлекетімізде қаржы ресурстарына деген сұраныс артуда. Сонымен қатар, банктер бағалы қағаз нарығының ірі қатысушылары бола отырып, ұлттық бағалы қағаздар нарығының дамуына үлкен атсалысуда.
Стратегиялық жоспарлау — кәсіпорынның мақсат таңдау прцессі мен оған жету жолдарын қарастыратын басқару функцияларының бірі болып табылады. Стратегиялық жоспарлау барлық басқарушылық шешімдердің, ұцымдастыру қызметінің, стратегиялық жоспарлар құруға сүйенген мотивация мен контрольді қамтамасыз етеді. Стратегиялық жоспарлаудың динамикалық процессі қол шатырының астында барлық басқарушылық функциялар біріктірілген, стратегиялық жоспарлау артықтықшылыұтарын қолданбасақ, ұйымдар мен жеке адамдар мақсаттарда бағалау мен кәсіпорынның корпоративтік бағытын бағалау мүмкіншілігінсіз қалады. Стратегиялық жоспарлау процессі ұйым мүшелерінің басқаруына негізін қаматамасыз етеді. Жоғарыда жазылған еліміздің жағдайын қорытындылай келе, стратегиялық жоспарлау Қазақстандық ұйымдардың бір-бірімен және шетел корпорацияларымен қатаң бәсекелестікке кіруіне байланысты актуалдылығының артун атап өткен жөн.
Жоспарлау түсінігіне мақсаттарды бегілеу және анықтау кіреді. Батыста кәсіпкерлік қызметті жоспарлаудың негізгі бағыттары қаржы, өндіріс, сату және сатып алу. Сонымен қатар, барлық жеке жоспарлар бір-бірімен өзара байланысты болуы керек.
Стратегиялық
жоспарлау спецефикалық стратегияларды
құрастыруға қажетті
Берілген курстық жұмыстың мақсаты, мына тақырыпқа арналады: «Банк негізінде кәсіпорындағы стратегиялық жоспарлау», ұйым деңгейіндегі (банк негізінде)стратегиялық жоспарлаудың актуалділігін көрсету.
Қойылған мақсатқа сай осы жұмыста мына мәселелер шешілуі тиіс.
Біріншіден - «Стратегиялық жоспарлаудың маңызы және мақсаты». Мұнда жалпы түрде анықталуы керек: «Стратегиялық жоспарлаудың» мәні, оның мақсатын ашу, стратегияның маңыздылығы, оны қолданысқа енгізу, жоспар құру процесі. Түрлі авторлардың басылымдарына сүйене отырып осы процесте пайда болатын мәселелер мен жағдайлар танылады және талданады.
Екіншіден - «Стратегиялық жоспарлаудың банктік жүйесі» кәсіпорынның мақссатын ашуға бағытталған, сыртқы ортаны талдау, ұйымның басқарудағы ішкі факторларын іздестіру, стратегиялық альтернативтерді білу және стратегияны таңдау.
Үшіншіден - «Каспи Банк деңгейіндегі қабылданған стратегиялық жоспарды талдау, біздің көзқарасымыз бойынша стратегиялық таңдау өзектілігін және таңдаудағы өзіндік тәсілдерін көрсетеді. Осы жерде соы процестерге сай нақты мысал келтіріледі.
Сонымен қатар, әр бір жұмыс соңында белгіленген мақсаттарға сай мәселелерді шешу көрсеткіштері бойынша қорытынды шешімдер қабылданады.
Жұмыстың тәжірибелік қажеттілігі стратегиялық жоспарлаудың тиімді басқару жүйесін құру болып табылады.
Зерттеу объектісі - банк деңгейіндегі стратегиялық жоспарлау.
Тақырып өзектілігі - оның нарықтық экономика жағдайына барынша жақындатылған жағдайында ұйым дамуын тиімді басқару қажеттілігін көрсету.
Стратегиялық жоспарлау зерттеу пәні тәжірибеде стратегиялық болжамын, бағдарламалар мен жобаларын, нарықтық экономиканың дамуын көрсететін объективті заңдарын, ұйым жұмыс істеуі үшін түрлі стратегиялық жоспарлаудың әдістер мен тәсілдерін құру және жетілдіру.
Бүгін Қазақстан Республикасының коммерциялық банктерінде жоспарлау жүйесі көп деңгейлі механизмді білдіреді. Стратегиялық жоспарлау банктік жоспарлаудың бірінші деңгейінде тұр, оған ойларды ұсыну, бастапқы мақсаттарды, шешімдерді қою және оларды шешуге негізгі тәсілдерді анықтау кіреді.
Жоспарлаудың
объектілері ретінде
Жоспарлау болашаққа бағытталған шешім қабылдау процесі ретінде үздіксіз, барлығын қамтитын механизм болып табылады.
Осылайша, стратегиялық жоспарлау ылғи өзгеріп тұратын нарықтық жағдай және мемлекеттік бақылау ережелері жағдайында банк мақсаттары мен ресурстарының арасындағы сәйкестікті қолдаудың басқару процесін білдіреді. Стратегиялық жоспарлаудың мақсаты – операция көлемінің өсуіне, табыстарды көбейтуге және акцияның нарықтық құнын өсіруге көмектесетін жаңа қызмет бағыттарын және банктік өнімдерді енгізу мен дамыту.
Стратегиялық жоспарлаудың мәні келесі моменттерді жүзеге асыруда көрінеді:
Банктің даму болжамын құру:
- банктік қызметтің жеке бағыттарын дамыту;
- ҚР Ұлттық Банк талаптарына банктік операциялардың сәйкестілігі;
- банктік қызметтердің бағыттары мен көлемінің банктің ресурстық базасының мүмкіншіліктеріне сәйкестілігі;
- ресурстық қамтамасыз етудің дамуы, ресурстарды бөлу мен қайта бөлу;
- банктің ұстанымдарын, жоспарларын жүзеге асыру;
- тұрақты бәсекелестік басымдықты және банктік қызмет бағыттарының ары қарай дамуын қамтамасыз етуге бағытталған ұзақ мерзімді жоспарлау;
- бүкіл банк масштабында инновацияны енгізу жағдайларын қамтамасыз ету.
- Жеке бизнес акцияларынан, яғни стратегиялық бизнес-бірліктерінен тұратын инвестициялық қоржын сияқты банктің жеке бөлімшелерін басқару. Банк өзінің бөлімшелеріне кәсіпорындарға сияқты қарайды және қайсысын дамыту, қолдау, қайсысын шектеу немесе жою екенін шешеді. Осы бөлімшелердің әрқайсысында түрлі потенциалды рентабельділік бар. Сондықтан оперативті басшылық бар ресурстарды осы бөлімшелердің потенциалды рентабельділігіне сәйкес, яғни нарықтық белгілері негізінде бөлу керек.
- Нарықтың өсу қарқыны мен банк жағдайының есебімен әр бөлімшенің болашақ пайдасын дәл бағалау.
- Әрбір бөлек бөлімшенің стратегиялық қызметін жоспарлау.
ҚР банктарында стратегиялық жоспарлау процесін үш иерархиялық деңгейде қарастыру керек.
Бүтіндей банктердің деңгейі. Банк деңгейінде стратегиялық болжам жасалады, ол арқылы болашақта жалпы басшылық жүзеге асырылады, банк қызметінің бағыты, оның ұйымдық құрылымы, ресурстарды тарату анықталады. Осы деңгейде шешім қабылдайтын директорлар Кеңесі және жоғары оперативті басшылық (мысалы, банк басқармасы немесе басқарма төрағасы).
Бөлімшелердің деңгейі. Бұл деңгейде көп уақыт сақталуға қабілетті бәсекелестік артықшылықты жасауға көзделген өзекті стратегиялар іске асырылады. Бұл мыналарды анықтау арқылы жетіледі:
- мақсатты топтар мен олардың қажеттіліктерін;
- осы топтардың қажеттіліктерін қанағаттандыратын операцияларды, өнім мен қызметтерді;
- географиялық қамтуды;
- табыстың маңызды факторларын;
- бизнес мақсаттарын;
- мақсаттарға жетуді өзгерту құралдары.
Функционалды – оперативті деңгей. Бұл деңгейде банктің өзара байланысқан бөлімшелеріне қойылатын функционалды талаптарын консолидтейтін стратегияларды стратегиялар жасалынады. Және де бұл деңгейде банктің өзінің ерекше артықшылықтарын дамытуға және сақтауға көмектесетін функционалды процестерді регламенттейтін әдістемелер, нұсқаулар, басқа да құжаттар жиынтығы жасалынады. Нақты шешімдер бар кадрлық ресурстарды, ақпараттық жүйелерді, технологияларды және операцияларды есепке алумен бөлімшелер жетекшілерінің деңгейінде қабылданады.