Рекреациялық географияның мәні мен мазмұны

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Октября 2011 в 08:14, реферат

Краткое описание

Туризмді дамытудың ұзақ мерзімдік жобаларын жүзеге асыру үшін тарихи-мәдени мұра және табиғи-рекреациялық ресурстарды пайдалану, халықаралық, мемлекеттік және жергілікті маңызы бар туристік маршруттардағы әлеуметтік мәдени қызмет көрсету нысандарын салу мен туристік орталықтарды кеңістікті түрде орналастыруды ұйымдастыру, туристік іс-әрекеттің ұйымдару құқықтық қамтамасыз етілуінің заңдылық негізін жасау, сондай-ақ туризм сферасында мемлекеттік және мемлекеттік емес субъектілердің горизонталды және вертикалды өзара байланыстардың басқару құрылымын құру бойынша оңтайлы шешімдерді талап етеді.

Содержание работы

Кіріспе.....................................................................................................................3
Негізгі бөлім
1.Демалыс, рекреация, туризм ұғымдарының ара қатынасы....................4
2.Рекреацияның негізгі функциялары.............................................................7
3.Туризмдегі рекреациялық жобалау...............................................................8
4.Территориялық рекреациялық жүйе .........................................................14
Қорытынды.........................................................................................................15
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі...................................................................16

Содержимое работы - 1 файл

рекреациялық гео-ң мәні мен мазмұны.реф.doc

— 93.50 Кб (Скачать файл)

          Авторлар жай рекреациялық шара (ЖРШ); рекреациялық іс-әрекет түрлері (РӘТ); рекреациялық іс-әрекет циклдары (РӘЦ) сияқты түсініктерді пайдалануды ұсынады.

          Соңғы уақыттарда көбінесе рекреациялық  іс-әрекеттің негізгі үш түрі  туралы айтылады. Оларға емдеу,  спорттық-сауықтыру және танымдық жатады. Рекреациялық-сауықтыру және рекреациялық-спорт шаралары әр түрлі рекреациялық шаралар тобына кіргінімен де, өзінің функциялық бағытымен бір-біріне өте жақын. Өйткені екеуі де негізінен адамның күш-қуатының сауықтырылып дамуына әсерін тигізеді.

          Рекреациялық шаралардың әр түрлілігі,  араластығы және ауысып тұруы  рекреациялық территориялардың  қасиеттерімен және оны ұйымдастырумен  тығыз байланысты. Шаралардың әр  түрлілігі табиғи жағынан немесе  әлеуметтік-экономикалық жағынан рекреациялық ресурстардың әр түрлілігіне сәйкес келуі керек. Рекреациялық ресурстардың әр түрлілігі шаралардың аралысып және ауысып тұруына мүмкіндік береді.

          Саяхат мақсаты, ұйымның түрі, құқықтық статутсы, саяхаттың ұзақтығы, кезеңі, рекреанттың қозғалу түрі, оның жасы, шаралардың жиілігі және тағы басқалары – бұлардың барлығы рекреациялық іс-әрекеттің құрылымы.

          Емдеу рекреациясы негізгі емдік  табиғи факторларына қарай бөленіді: климат, минералды су көздері,  емдік батпақтар және тағы басқалар. Осындай ресурстарға байланысты ол үш негізгі топқа бөлінеді: климатпен емдеу, бальнеологиялық емдеу және батпақпен емдеу. Олардың үйлесіп келуіәне қарай бальнео-батпақпен емдеу, бальнео-климатпен емдеу, климат-бальнео-батпақпен емдеу топтары болып та бөліне алады.

          Спорттық-сауықтыру рекреациясы  да алуан түрлі. Әлем бойынша  өте кең тарағаны – суға  түсіп, жағажайда демалу. Суда  немесе су жағасында демалу  әр түрлі рекреациялық шараларды  қамтиды: суға түсу, күн ваннасы,  жағалау бойымен серуендеу, жағалауда доп ойнау, су шаңғысы және т.б.

          Серуендеу және кәсіби-серуен  демалысына кіретіндер: ашық-таза  ауада демалу, көрікті-көз тартатын  жерлерді көру, саңырауқұлақтар  мен жидек, теңіз моллюскаларын  теру және басқа да табиғаттың  сыйлықтары.

          Танымдық рекреациясы. Танымдық  аспектісі рекреациялық шаралардың  едәуір бөлігіне тән. Бірақ  тереңірек тануды қажет ететін  рекреациялық шаралар да болады, яғни мәдени-тарихи ескерткіштерді, сәулетті ансамбльдерді көру, сонымен  қатар жаңа аудандармен, елдермен, этнографиямен, фольклормен, табиғи құбылыстармен және шаруашылық объектілермен танысу. 

           Территориялық рекреациялық жүйе

          Қазіргі шақта рекреациялық іс-әрекет  әлеуметтік-экономикалық факторлардың  маңызды біреуіне айналып отыр. Рекреациялық іс-әрекетті ұйымдастыру кешенді түрде жүргізілу керек, өйткені рекреациялық жүйе қандай түрде болмасын, өзара әсерде болады: демалушылар тобы, табиғи кешендер, техникалық инфрақұрылым, қызмет көрсету сферасы, өндіріс сферасы, еңбек ресурстары, орналастыру жүйелері және басқалары. Жердің географиялық ортасының сипаттарына байланысты ғылыми зерттеулерді дамыту кезінде, рекреацияның мәселелері пайда болады. Рекреациялық мәселелерді қазіргі өмір талабында зерттеу, ғылыми жетістіктердің сөз жүзінен іске асырылуы – міне, осырардың барлығының жинағы қоғамдық географияның жаңа саласы болатын рекреациялық географияны туғызды.

           Кеңестік рекреациялық географияның  аяғына тұру жолындағы ең алғашқы  ірі қадам болғаны – В.С.  Преображенский көтерген халық шаруашылығының жаңа саласы – рекреациялық жүйе туралы ұсынысы. Зерттеулер тәжірибесінде жиналған мәліметтер геожүйенің ерекше концепциясы – территориялық рекреациялық жүйесін (ТРЖ) жасады, ол рекреациялық географиның жаңа оқу пәні болмақ.

         «Территориялық рекреациялық жүйе» - бұл әлеуметтік география жүйесі, жер мен оның функциясын бүтін түрде бейнелеп көрсетеді, оның ішінде ең бастысы – адамның (рекреанттың) денсаулыңы мен еңбек қабілетін, физикалық және психо-эмоциялық күш-қуатын қалпына келтіріп және кеңейте түсіру.  
 
 
 

Қорытынды

     Нақ осы сәтте Қазақстанның туризм саласында және, рекреациялық туризмді алға жылжу байқалғанымен туризм дамуының айтарлықтай жақсарғанын көре алмай тұрмыз, жыл сайын шетел туристерін тарту үшін әртүрлі іс-шаралар мен жәрмеңкелер ұйымдастырылып тұрса да, бұл тек теңіздегі тамшыдай ғана. Осы мәселеге жан-жақты және кешенді түрде қарауымыз қажет. Туризм дамуына байланысты сұрақтарды мемлекет дәрежесінде шешіп, оның әрі қарай дамуына барлық жағдай жасалуы тиіс.

     Қазақстан аумағында туризмнің барлық түрін дамытуға мүмкіншіліктер бар. Бастауын біздің дәуірімізге дейінгі үшінші мың жылдықтан алатын Ұлы Жібек жолының пайда болуы мен дамуы тарихи негіз болып табылады. Табиғи климаттық жағдайларына байланысты, Қазақстан рекреациялық ресурстарға, ерекше әсем табиғи ескерткіштерге бай және қазақ даласында ата-бабамыздан келе жатқан баға жетпес құнды мәдени мұралар да шексіз. Айтарлықтай туристік-ресурстық потенциалы, түрлі табиғи ортасы және жануарлар әлемі бай елдің рекреациялық туризмді дамытуға үлкен мүмкіншілігі бар. Рекреациялық туризмнің дамуы республикадағы барлық табиғи-шаруашылық кешенінің дамуына, сонымен қатар, елдің әлеуметтік-экономикалық басты мақсаты тұрғындарды салауатты өмір сүру үшін қоршаған ортаның жақсы жағдайда болуын қамтамасыз етеді.

     Сонымен, мемлекеттің сауатты саясаты, туризм дамуының жаңа стратегиясы еліміздің экономикалық өсуі мен өркендеуінің кепілі болып табылады. 
 
 
 
 
 
 
 

      Қолданылған әдебиеттер тізімі

  1. www.referat-obmen.kz
  2. Мазбаев О.Б. «Туризм және өлкетану негіздері» 2006ж

Информация о работе Рекреациялық географияның мәні мен мазмұны