- Медико-биологиялық
функциясы санаторлық-курорттық ем мен
сауықтырудын тұрады. Туризм арқылы сауықтыру
– адамның өндірістегі немесе өндірістен
тыс уақыттағы психологиялық шаршауын
басудың бірден-бір жолы болып отыр.
- Мәдени-әлеуметтік
функциясы – бұл рекреацияның ең басты
жетекші функциясы. Мәдени талғам – бұл
қоршаған ортаны, дүниені біліп-түсіну.
Туризм еліміздегі ғана емес, бүкіл әлемдегі
табиғаттың тарихи-мәдени және әлеуметтік
байлықтарымен адамның рухани түрде танысуына
үлкен мүмкіндіктер туғызады.
- Рекреацияның
экономикалық функциясының ішіндегі бастысы
– жұмысшы күшін қалпына келтіру. Рекреацияның
арқасында адамның еңбекке деген құштарлығы
және ұзақ жұмыс істеу қабілеті артады.
Тауар-ақша қатынасында рекреация
басқа да экономикалық функциялар
атқарады. Мысалы: 1) елдің белгілі
бір бөлігінің шаруашылық құрылымын
жедел дамыту; 2) еңбек сферасын
ұлғайту, яғни рекреациялық қызмет көрсету
арқылы халықты жұмыспен қамтамасыө ету;
3) рекреациялық аудандардың пайдасын
көздеп, халықтың ақша кірісі мен шығын
балансының құрылымына үлкен әсерін тигізеді;
4) шетелдік валютаны алудың көзі болатын
шетелдік туризмді көтеру.
- Туризм халықаралық
байланысты күшейтеді, адамдарды бір-бірімен
жақындатады.
- Туризмнің
экологиялық функциясы халықтың денсаулығын
сақтау мен жақсартуға байланысты. Демалыс
пен туризм халықтың денсаулығы мен сапасына
әсерін тигізетін қоршаған табиғи ортаны
қорғау және оны қалпына келтіру үшін
өте қажет. Рекреациялық сұраныстың арқасында
курорттар, демалыс зоналары және туризм
желілері ұйымдастырылып, туризм жүйесі
реттелінеді.
Басқа жағынан қарасақ, туризмнің
жылдам дамуы, курорттық-туристік
аудандарда туритердің тым көп шоғырлануы
рекреациялық табиғатты оңтайлы пайдалануды
және табиғи кешендерге түсетін салмақты
реттеуді керек етеді. Туристердің табиғатты
пайдалануы табиғатты қолданудың түрлерін
дамытады.
Бүтін бір адамның қажеттілігі
сияқты, рекреациялық қажеттілік
– бір тарихи туынды және
ол өзгертіп тұрады. Оларды қанағаттандыру
– өндіру, айырбастау және тарату
жағдайына тәуелді.
Рекреациялық қажеттілік адамның
өмір сүру іс-әрекеті кезіндегі
жоғалтатын физикалық және рухани күшін,
денсаулығын және еңбекке жарамдылығын
қалпына келтіру үшін қажет. Рекреациялық
қажеттілік – қоғамдық, топтық және жеке-дара
болады .
Рекреациялық география облысында,
көптеген зерттеушілердің айтуынша,
территориялық іс-әрекеттің ұйымдастырылуын
қоғамдық, топтық және жеке рекреациялық
сұраныстарды анықтайды дейді.
Қоғамдық барлық мүшелерінің
денсаулығын және еңбекке жарамдылығын,
физикалық және рухани күшін
қалпына келтіруін анықтайтын
қажеттілік. Бұл бастысы және жетекшісі.
Олар рекреациялық шаруашылығына, территориялық
ұйымдастырудың түрлеріне әсер етеді.
Топтық рекреациялық қажеттілік
– белгілі бір топтың әлеуметтік-демографиялық,
кәсіптік немесе белгілі бір жастағы топтың
қажеттілігін, мінңн анықтайды. Рекреациялық
қызметтердің бір тұтынушы тобы – жанұя
болады. Олар ем, сауықтыру және тануды,
қызмет көрсетуді кең түрде қажет етеді.
Жеке-дара рекреациялық қажеттілік –
ол әр түрлі адамдар мүддесіне арналған
рекреациялық қызмет. Қоғамдық, топтық
және жеке-дара рекреациялық қажеттілік
диалектикалық өзара байланыста болады.
Рекреациялық қажеттіліктің қалыптасуына
факторлар кешені әсер етеді /1/:
- Әлеуметтік-экономикалық
факторлар: өндіріс күшінің даму деңгейі;
тұтынушылық игіліктің өндіру деңгйі
(оның ішінде – қызмет атқару); туризм
мен демалыс сферасының даму деңгейі;
халықтың нақты ақша кірісі; қызмет пен
заттардың жеке бағалары (оның ішінде
– рекреациялық); жол көліктері мен көлік
инфрақұрылымының даму деңгейі; ұзақ мерзімді
демалыс; рекреациялық аудандар мен сапар
желісі туралы жарнама және мәлімет орнату;
халықтың әлеуметтік және кәсіптік құрамы;
мәдени өмір деңгейі; халықтың көшіп-қонуы;
ұлттық дәстүр.
- Демографиялық
факторлар: қала мен ауыл халқының қатынасы
(өсу дәрежесі); халықтың жыныстық құрылымы;
отбасының құрамы мен мөлшері; орналасуының
ерекшеліктері.
- Әлеуметтік-психологиялық
факторлар: іскерлік және мәдени байланыстар
тығыздығы, мәдени өмірдің түрі; сәннің
әсері; жеке тұлғаның бағалық бағыты.
- Медико-биологиялық
факторлар: халықтың денсаулық жағдайы.
- Табиғи факторлар:
адамдар тұратын табиғи зона; тау мен теңіз
жағдайына қарай географиялық ерекшелік.
Экономикалық жағынан рекреациялық қажеттілікке
баға бергенде, қоғамның мүмкіншілігін,
рекреациялық қажеттілікті өтеуге жіберетін
қаржысын ескереді.
Рекреациялық тұтынушылық – бұл
күнделікті өмірдегі қажеттіліктер.
Оны қанағаттандыру керек. Сонымен
қатар, олар рекреациялық тауарлар
мен қызметті өндірудің қажеттілігіне
байланысты. Қажеттілік пен мүмкіндік
біртұтас, өйткені ол осы елдегі немесе
басқа елдердегі тұтынушылықты қалыптастырады.
Рекреациялық тұтынудың медико-биологиялық
аспектісі санаторлық-курорттық емдеудің
құрылымы мен көлемін анықтауды оқып-білумен
қорытындыланады. Аймақтық медициналық
статистиканың негізіне қарай курортологтар
тұтынушылардың санаторлық-курорттық
емделудегі жиынтық байланыстарын жасайды
және оларды қанағаттандыру мүмкіндіктерін
анықтайды.
Рекреациялық тұтынушылықтың әлеуметтік
және әлеуметтік-психологиялық зерттеулері
әлеуметтік топтар мен жеке
тұлғалардың рекреациялық тұтынуының
қоршаған ортамен диалектикалық
өзара байланысына бағытталған.
Рекреациялық іс-әрекеттер процесінде
әлеуметтік және әр түрлі жастағы адамдар
тобы арнайы талаптар қоя бастайды. Әрине,
олардың барлық талаптарын ескеру мүмкін
емес.
Әлеуметтік жағынан рекреациялық
қажеттілікті зерттеуді кешенді
түрде жүргізеді. Оларда мынадай
кезеңдер болады:
- Демалыстың
қазіргі заманғы тенденциясын статистикалық
деректердің негізінде зерттеу;
- Рекреацияның
мәні мен болашақ дамуы туралы алдын ала
болжамдар жасау;
- Халық арасында
анкеталық жауап алуды жүргізу;
- Рекреацияның
даму болашағына ғылыми болжам жасау;
- Репрезентативтік
деректерді тексеру негізінде теориялық
бөлімін құрастыру.
Рекреациялық қажеттілікті оқып-білу
территориялық рекреациялық жүйенің
қалыптасып, дамуының жолындағы
бірнші ғана қадам. Әлеуметтік
зерттеулердің нәтижелері медицина
жұмысшылары, экономист, эколог, курортолог
және тағы да басқа мамандардың кепілділіктерімен
толықтырылуы керек.
Рекреациялық қажеттілік рекреациялық
іс-әрекеттің белгілі бір түрлерінде
ғана іске асырылады, ондай
іс-әрекеттер тек бос уақытта
ғана жүзеге асып, ол адамның физикалық,
психологиялық және рухани күшін қалпына
келтіруге және дамытуға бағытталады.
«Рекреациялық шаралар» деп рекреациялық
іс-әрекеттің түрлерін іске асырудың
тәсілдерін атайды. Шаралар жинағының
ішінен мынадай рекреациялық шараларды
бөліп қарауға болады: суға шомылу, жаяу
қыдыру, саңырауқұлақтар мен жеміс-жидектер
жинау, ескерткіштер мен мұражайларды
аралап көру және т.с.с. Рекреациялық шараларды
екі топқа бөлуге болады, олар негізгі
төрт шараның басын қосады.
Рекреациялық-емдеу шаралары –
бұл арнайы шаралар жүйесі, санаторлық-курорттық
емдеу әдістерімен қатаң анықталады:
климатпен емдеу, бальнеологиялық
емдеу, батпақпен емдеу және
т.б. Рекреациялық-сауықтыру шараларының
түрі әр түрлі болып келеді.
Бұған кіретіндер: қыдыру, суға шомылу,
күн және ауа ванналарын алу, ойындар,
жай демалыс, саңырауқұлақтарды жинау
және т.б.
Рекреациялық спорт шаралары
негізінен, адамның күш-қуатын
дамыту бағытталған. Бұған кіретіндер
спорттық ойындар, желкенді және
моторлы су спорты, шаңғы спорты, ұзақ
жаяу асулардан өту, тау шыңдарына көтерілу
және т.б. Рекреациялық-танымды шаралар
адамды рухани дамытуға арналған. Бұған
жататындар: мәдени ескерткіштерді көру,
табиғаттың құбылыстарымен танысу және
т.б.
Жоғарыда айтылған рекреациялық шараларды
жай рекреациялық шаралар дейді.
Жай рекреациялық шара – бұл
ішкі бүтіндей біркелкі технологиялық
компоненттерге бөлінбейтін рекреациялық
қызметтің элементтері.
Жай рекреациялық шара (ЖРШ) –
демалыс бағдарламасын құрастырудың негізі.
Социологтар 100 мың шақты ЖРШ есебін шығарып
отыр, оның саны әрбір 10 жылда екі есе өседі.
Сірә, ондай базарлармен жұмыс істеу –
ЖРШ-ды типтеуді және оларды рекреациялық
іс-әрекеттің түрлерін ірі топтарға жинастыруды
қажет етеді.
Рекреациялық іс-әрекеттің түрі
– жай рекреациялық шараларды
біртекті топтау, олардың әрқайсысы
өзара алмаса алады. Басқаша
айтсақ, рекреациялық іс-әрекеттің
бір түріне өзара алмасатын
жай рекреациялық шаралар жата
береді. Туроперейтингтің практикасында
бұндай жағдайлардың маңызы зор, өйткені
қандай болмасын жай рекреациялық шараны
өткізуге мүмкіндік болмай қалғанда, оның
орнын толтыру үшін туристке жай рекреациялық
шараның басқасын ұсынады. Мысалы, саңырауқұлақтар
болмай қалғанда, туристерге жемістер
және басқаны жинауды ұсынады.
Барлық ЖРШ-ның классификациясында
оның әр түрлері 67 рекреациялық
қызмет түрі болып көрсетілген.
Күнделікті өмірде рекреациялық
шаралар алмасып отырады. Шаралар
неғұрлым аралас болса, рекреациялық
іс-әрекеттер соғұрлым әсерле болып, рекреациялық
қажеттіліктер қанағаттанарлықтай бола
түседі.
Барлық рекреациялық іс-әрекет
түрлері рекреациялық іс-әрекет
циклімен бірігіп, соның құрамына
енеді. Белгілі бір уақыттың
ішінде қайталанып тұратын рекреациялық
шаралардың комбинациясын «рекреациялық
іс-әрекеттің циклі» (РӘЦ) дейді.
РӘЦ жетекші рекреациялық іс-әрекет
түрлерінің базасынан шығатын,
өзара байланысты рекреациялық
іс-әрекет түрлерінің үйлесімі
болып табылады.
Тәулік циклі белгілі бір ұзақ уақыттың
ішінде бірнеше рет қайталанып тұрады.
Циклдерді төмендегідей бөліп қарауға
болады: ұзақ демалыс, өмір циклі, белгілі
жастьар циклі (балалық шақ, жастық шақ,
жетілген шақ). Ұзақ демалыс циклі тәуліктік
циклдерінен құлылады. Рекреациялық іс-әрекеттің
өмір циклдері рекреацияның түрлерінің
ауысып тұруынан, географиялық аудандардан
құрылады.
РӘЦ-ді келешек туристік бағдарламаның
негізі ретінде ұсынады, ыңғайлы
мүмкіндіктердің арқасында нақты
рекреациялық мақсаттарды, мотивтерді
іске асыру үшін және рекреациялық іс-әрекетткрдің
түрлерін үйлестіру арқылы рекреациялық
іс-әрекеттің эталоны ретінде туристерді
тартуға болады. Өзінің жеке түсінігі
бойынша, жағымдылық және рекреациялық
іс-әрекет тартымдығы туралы, РӘТ жоқ кезді
әдет, сән, баға, ақша табыстары және басқа
да факторлар бойынша әр адам өзінше РӘЦ-ін
құрастырады. Осылайша өзінше ұйымдастырылған
іс-әрекет рекреациялық қажеттілігін
нашар өтейді. РӘЦ екі фундаментті талапты
қанағаттандыруы керек: рекреациялық
жағымдылығы мен өзінің жеке тартымдылығын.
Турист үшін рекреациялық іс-әрекеттің
қалыптасқан процедурасын ұсынуға болады
немесе оған жай рекреациялық шаралардың
үйлесімін жасап ұсынған жөн.
Ресейдің кейбір зерттеушілері
рекреациялық іс-әрекеттерді қарап
жобалағанда, В.С. Преображенскийдің рекреациялық
жобалар негізінде жасалынған концепциясын
ұсынады.
Рекреациялық жобалау
дегеніміз-рекреацияның талаптарын ескере
отырып, демалыс бағдарламасы мен оған
қызмет көрсететін жүйені модульдеу. Турды
жобалау кезеңінде рекреациялық жобалау
туроператорлардың функциясы ретінде
қалады. Турға нақтылы рекреациялық бағдарлама
жасау міндеті туропетатор үшін жауапкершілікті
қажет етеді. Рекреациялық жобаның модульдерін
пайдалана отарап, бағдарламаны жылдамдатып
іске асыруға болады. Модельдеудің негізіне
рекреациялық іс-әрекеттің иерархиялық
принципі жатқызылған (И.В. Зорин, В.А. Квартальнов,
1994), сонымен қатар В.Ц. Преображенскийдің
рекреациялық жобалауының ландшафтық
принципі де жатады.