Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Октября 2011 в 08:14, реферат
Туризмді дамытудың ұзақ мерзімдік жобаларын жүзеге асыру үшін тарихи-мәдени мұра және табиғи-рекреациялық ресурстарды пайдалану, халықаралық, мемлекеттік және жергілікті маңызы бар туристік маршруттардағы әлеуметтік мәдени қызмет көрсету нысандарын салу мен туристік орталықтарды кеңістікті түрде орналастыруды ұйымдастыру, туристік іс-әрекеттің ұйымдару құқықтық қамтамасыз етілуінің заңдылық негізін жасау, сондай-ақ туризм сферасында мемлекеттік және мемлекеттік емес субъектілердің горизонталды және вертикалды өзара байланыстардың басқару құрылымын құру бойынша оңтайлы шешімдерді талап етеді.
Кіріспе.....................................................................................................................3
Негізгі бөлім
1.Демалыс, рекреация, туризм ұғымдарының ара қатынасы....................4
2.Рекреацияның негізгі функциялары.............................................................7
3.Туризмдегі рекреациялық жобалау...............................................................8
4.Территориялық рекреациялық жүйе .........................................................14
Қорытынды.........................................................................................................15
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі...................................................................16
ҚР Білім және ғылым министірлігі
Л.Н.Гумилев атындағы
Еуразия Ұлттық университеті
Экономикалық факультет
Туризм кафедрасы
Туризмология
пәнінен
РЕФЕРАТ
Тақырыбы:Рекреациялық
географияның мәні мен мазмұны
Орындаған:
..............................
Тексерген:
..............................
Мазмұны
Кіріспе.......................
Негізгі бөлім
1.Демалыс, рекреация, туризм ұғымдарының ара қатынасы....................4
2.Рекреацияның
негізгі функциялары...................
3.Туризмдегі
рекреациялық жобалау.......................
4.Территориялық
рекреациялық жүйе ..............................
Қорытынды.....................
Пайдаланылған
әдебиеттер тізімі........................
Кіріспе
Туризмді дамытудың ұзақ мерзімдік жобаларын жүзеге асыру үшін тарихи-мәдени мұра және табиғи-рекреациялық ресурстарды пайдалану, халықаралық, мемлекеттік және жергілікті маңызы бар туристік маршруттардағы әлеуметтік мәдени қызмет көрсету нысандарын салу мен туристік орталықтарды кеңістікті түрде орналастыруды ұйымдастыру, туристік іс-әрекеттің ұйымдару құқықтық қамтамасыз етілуінің заңдылық негізін жасау, сондай-ақ туризм сферасында мемлекеттік және мемлекеттік емес субъектілердің горизонталды және вертикалды өзара байланыстардың басқару құрылымын құру бойынша оңтайлы шешімдерді талап етеді.
Қалыптасқан
рекреациялық географияның дәстүрі бойынша
мемлекеттердің туристік-рекреациялық
шаруашылығын, ресурстарын тиімдірек
пайдалануға мүмкіндік беретін ірі туристік-рекреациялық
аймақтар туристік- рекреациялық аймақтарды
құрайды.
Демалыс, рекреация, туризм ұғымдарының ара қатынасы.
Рекреациялық географияның негізгі ұғымдары болып бос уақыт, демалыс, рекреация және туризм саналады. «Бос уақыт» - рекреациялық процестің дамуының керекті шарты. Бос уақыт жұмыстан тыс уақытпен шатастырмау керек. Жұмыстан тыс уақыт бір-бірінен өзінің мәні жағынан ерекшеленетін төрт топтан тұрады: 1) үйден жұмыс орнына дейін бару және қайтуға арналған уақыт; 2) күнделікті қажеттілікті өтеуге арналған уақыт (ұйқы, тамақтану, жеке тазалық); 3) үй шаруашылығына және тұрмыстық қажеттілікті өтеуге арналған уақыт; 4) бос уақыт – демалуға, физикалық жне ақыл-ойды дамытуға арналған уақыт.
Сонымен, жұмыстан тыс уақыт екіге бөлінеді: міндетті түрде және басқа іс-әрекеттерден бос уақытқа. Бос уақыт адамның физикалық және рухани күш-қуатын қалпына келтіріп, дамытуға жұмсалады. Бос уақыт, басқаша атқанда, белсенді іс-әрекетке кетеді. Осылай десек те, бос уақыт демалуға арналған деп айтамыз. «Белсенді іс-әрекет» пен «демалыс» ұғымдары, бір-біріне сәйкес келмейтін секілді көрінуі мүмкін. Бірақ физиологтардың зерттеулері бойынша, жақсы демалыс – адамның іс-әрекетінің түрінің алмасып тұруы екендігін көрсетеді.
Бос уақыттың негізгі екі
Пайдалану сипатына қарай бос уақыт күнделікті, апталық және жыл сайынғы болып бөлінеді. Күнделікті бос уақытты пайдалану күнделікті үй жұмысы және қала тұрмысымен байланысты. Апталық рекреация демалыс күндерінде, қала сыртындағы зонада жүзеге асады (жергілікті рекреация). Жыл сайынғы рекреация демалыс немесе каникул кездерінде болады.
Демалыс адамның жұмыс істеу қабілетін толықтырады, жүйке жүйесіне және психологиясына тиетін қысымды бсеңдетеді, ал ауыр жұмыспен айналысатындар үшін физикалық қысым азаяды. Н.С. Мироненко мен И.Т. Твердохлебовтың айтуынша (1981), демалыс – бұл күнделікті қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталмаған қандай да бір болмасын адамның іс-әрекеті. Демалыс кезіндегі адамның іс-әрекеттерінің мынадай классификацияға бөлуге болады:
Демалыс деген түсінікпен қатар, география, социология мен қала құрылысының ғылыми жұмыстарында рекреация, рекреациялық іс-әрекет, рекреациялық процестер деген түсініктер де жиі қолданылады. Ол тегін емес. Еңбектің сипаты, бос уақытты пайдаланудың түрі мен құрылымы мүлдем өзгерген шақта, жақсы демалыс – тынығып жату болудан қалып, физиологтар көрсеткендей, ол – адамның іс-әрекет түрінің ауысып тұруы болып өзгерді. Шынында да, ол көбінесе бос уақытта сауықтыруға, түсініп білуге, спорттық және мәдени көңіл көтеруге пайдаланып тұру үшін қолданылады. Мысалы, санаторияда, демалыс үйлерінде, пенсионаттар мен демалыс базарларында болған кезде жиі қала сыртына қыдырып, жорыққа, экскурсия мен саяхаттарға шығып тұру жөн.
Рекреация арқылы ғана адамның бос уақытындағы іс-әрекетінің мәнін түсінуге болады. Рекреация дегеніміз этиологиялық мәндердің жинағы: recreation (латынша) – қайта қалпына келу, recreation (французша) – демалыс, көңіл көтеру, іс-әрекеттің өзгеруі.
«Рекреация – бұл халықтың тұрақты жерінен тыс жердегі арнайы мамандандырылған территориядағы тәуліктік, апталық және жылдық өмір циклдеріндегі, адамның бос уақытының пайдалану кезіндегі іске асатын сауықтыру, танымдық, спорттық және мәдени-көңіл көтеру үшін қатынастар мен құбылыстар жиынтығы» (Н.С. Мироненко, И.Т. Твердохлебов, 1981) .
Ұзақтығы жағынан рекреация
Туризм – (француз сөзі tourism – серуендеу, саяхат мағынасына келеді) – бос уақытты тұрақты жерінен тыс жерлерде өткізудің бір түрі. Рекреацияға немесе демалысқа қарағанда, туризм деген өте қысқа түсінік. Қазіргі ғылыми әдебиеттер бойынша «туризм» - бұл адамдардың тұрғылықты жерінен тыс жерге саяхаттау және тұрақтау барысында пайда болатын қатынастар мен құбылыстар жиынтығы. Әрине, егер де бұл тұрақтау ұзақ уақыттық қоныстану немесе ақша табу мақсатымен уақытша қоныстануға айналып кетпесе. Сонымен, туризм деген түсінік, ол тұрақты жерінен тыс жерде 24 сағат немесе онан артық уақыт ішінде болатын рекреацияның барлық түрі.
Жоғарыда айтылғаннан мынадай қорытынды жасауға болады: «демалушы» және «рекреант» деген өте кең түсінік, ал «турист» соның бір бөлігі – қысқа түсінік. Бос уақыттарында үйінде демалып жатқандар демалушыларға жатса, ал рекреанттарға бос уақытын тұрақты жерден тыс жерлерде өткізушілер жатады. Соңғы айтылғанға түнеуге қалмайтын келушілер де жатады. Ондай рекреанттарды «экскурсанттар» деп атайды. Ал «экскурсия» өз кезегінде – (латынша) – жол жүру, серуендеу, көрікті көз тартарлық объектілерді аралап көру деген сөз (мәдени ескерткіштер, мұражайлар, мекемелер және т.б.). Н.С. Мироненко мен И.Т. Твердохлебовтың айтуынша, «экскурсия – бұл танымдық ағартушылық, ғылыми, спорттық немесе ойын-сауықтық мақсатты көздейтін, 24 сағаттан аспайтын және түнеуге тоқтамай саяхаттау немесе серуендеу». «Туризм» және «экскурсия» деген түсініктер өзара өте тығыз байланысты. Экскурсия барлық маршруттарда туристерге көрсетілетін қызмет. Автобус, поезд немесе кемемен саяхат жасағанда, әрбір аялдамасында туристерді экскурсоводтар күтіп тұрады. Олар туристерге қызықты жерлер туралы толық мәлімет береді, олай болмаған жағдайда саяхат өзінің мәнін жоғалтар еді. Экскурсиялардың тақырыптары қызықты, мазмұнды және әр түрлі болып келеді.
Егер де, жоғарыда айтылғандардың барлығына қорытынды жасасақ, мынаны аңғаруға болады: адамның бос уақытындағы іс-әрекеттердің барлығы да «демалыс» деген кең түсінікке жатады, ал қалғандарының барлығы соған кіреді. Демалысқа адамның үйде де, тыста да айналысатын барлық рекреациялық іс-әрекеттер кіреді. Төменгі сатыға «рекреация» немесе үйден тыс жердегі демалысты қосуға болады. Оған «туризм» де, «экскурсия» да кіреді. Рекреация туризмнен кеңірек түсінік, өйткені оған экскурсия, сая бақтағы демалыс және басқа да рекреация түрлері енеді. Ал туризм дегеніміз, демалыс пн рекреацияға қарағанда, өте қысқа түсінік.
Рекреацияның негізгі функциялары
Саяхатшылар жолға шыққан
Танымдық функциясы
Табиғи-климаттық көрікті орындармен жағдайларға қолайлы климаттық жағдай, желсіз ашық күндер, орман, тау, теңіз, көл, өзендер және тағы басқалар жатады.
Мәдени-тарихи орындар –
Туризм арқылы сауықтыру –
адамның өндірісте, физикалық
және психологиялық шаршауын
басудың бірден-бір жолы болып
саналады. Туризмнің бұл функциясының
әлеуметтік-экономикалық түпкі
Туристік жорықтарда адамда
Қазір рекреация іс-әрекеттің таңдаулы түріне жатады, ол адамның күнделікті дұрыс өмір сүру жағдайына айналып отыр. Қоғамдық көзқарас жағынан оның негізгі мақсаты – қоғамның әрбір мүшесінің физикалық мүшесінің физикалық және психологиялық күш-қуатын қалпына келтіру, оның рухани дүниесін жан-жақты дамыту. Рекреация дегеніміз дамыған қоғамның айырылмас бөлігі, қазіргі өмір салтының элементтері.
Рекреацияның функциясы бес негізгі топқа бөлінеді : 1) Медико-биологиялық; 2) мәдени-әлеуметтік; 3) экономикалық; 4) саяси; 5) экологиялық
Информация о работе Рекреациялық географияның мәні мен мазмұны