Менеджмент түсінігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Марта 2012 в 22:13, реферат

Краткое описание

Менеджмент термині (ағыл. «management») басқа тілге дәл аударылмайды. Ағылшын тілді елдерде ол өте кең мағынада, әртүрлі түрде қолданылады, бірақ та әрқашан шаруашылық әрекетін басқару ұғымына жақын болады.Менеджменттің негізін ұйым қалайды. Ол оның пайда болуын ескертіп отыратын себеп болып табылады.

Содержимое работы - 1 файл

Менеджмент түсінігі.docx

— 52.33 Кб (Скачать файл)

I.Менеджмент термині (ағыл. «management») басқа тілге дәл аударылмайды. Ағылшын тілді елдерде ол өте кең мағынада, әртүрлі түрде қолданылады, бірақ та әрқашан шаруашылық әрекетін басқару ұғымына жақын болады.Менеджменттің негізін ұйым қалайды. Ол оның пайда болуын ескертіп отыратын себеп болып табылады.Сондықтан да, менеджмент ұғымын түсінбес бұрын ұйым дегеніміз не және неліктен ол басқаруды талап ететіндігі жайында білуіміз керек.Ұйым дегеніміз – көздеген ортақ мақсатқа жету жолындағы әрекеттерді үйлестіретін адамдар тобы.Топ мына талаптарға сай болуы тиіс:

-Өзін топ мүшесі санайтын топ мүшесінің саны 2 адамнан кем болмауы тиіс;

-Барлық ұйым мүшелеріне ортақ мақсаттардың болуы;

-Ортақ мақсаттарға жету жолында бірге жұмыс жасайтын топ мүшелерінің болуы.

Ұйымдар ресми және бейресми болып 2-ге бөлінеді.Ресми ұйымдар-ресми  тіркелген және заң жүзінде, орнатылған регламенттер бойынша әрекет ететін ұйымдар.Бейресми ұйымдар-адамдар бір-бірімен  тұрақты байланыс орнатқан, бірақ заңнан бөлек қызмет атқаратын ұйымдар. Ұйым өзінің көздеген мақсаттарына жету үшін олардың бөлімшелерінің міндеттері еңбекті көлденең бөлу арқылы ұйымдастырылуы керек, сондықтан да басқару ұйым үшін ең маңызды әрекет болып табылады.Сондай-ақ, ұйым басқарушы тағайындап, олардың міндеттері мен жауапкершіліктерін анықтаулары қажет.

МЕНЕДЖМЕНТТІҢ МАҚСАТЫ, МІНДЕТІ, ОНЫҢ  ҚҰРЫЛЫМЫ

Менеджмент  басқарудың мақсатына  адамдардың    еңбек  белсенділігін  ынта-ықыласы    арқылы  көтеріп,  олардың  тиімді    жұмысының негізінде   жетуді  ұйғарады.  Ғылымның  бұл түрін білу  барысында    басқарудың  мақсаттарын қою мен дәлелдеу  үшін  нақты білім және    тәжірибелік дағды алуға болады,  осы мақсаттарға жету    жолында тұлғаның   күш-қуатын  жинастыруға, ғылыми  дәлелденген шешімдерді  қабылдауға, кадрлар жұмысын жүйелеуге, кәсіпорындарды  біртұтас  жүйе  түрінде басқаруға мүмкіндік береді. [1]

Әртүрлі  ғылымдар  секілді  менеджменттің  де   теориясы  болады,  онда  осы  пәнге  тән  қасиеттер, міндеттер, категориялар, заңдылықтар, принциптер, әдістер, функциялар  және  өзінің   ізденіс  жолы  қамтылады.

Басқару  адамдардың  парасаттылық,  жүйелі  іс-қызметінің  көмегімен    қоршаған  әлемді  бағындыру  және  тәртіпке  келтіру  жұмысынан  тұратындығы    бұрыннан  белгілі. Менеджмент – басқарудың  маңызды  құрамдас  бөлігі, оның  пәні  басқару  үрдісіндегі    әлеуметтік  қатынастардан  тұрады. Сөйтіп, менеджменттің  ғылым  ретінде  айналысатын  пәні - басқару  үрдісіндегі    адамдардың  арасындағы  қалыптасатын  қатынастар.

Менеджментті  кәсіпкерлік  іс-қызметтің  түрі деп   қарастыруға да  болады.Осы  көзқарасқа  қарай  менеджментті  алдын-ала  белгіленген  экономикалық  нәтижеге  жету  үшін  адамдардың  күш-қуатын нысаналы    түрде  шоғырландыруды    ұйғаратын  іс-қызметтің    бір  түрі  деп  түсінген  дұрыс.

Әр салада  басқару    іс-қызметінің  жалпы  қағидаларымен  бірге  өзіне  тән  ерекшелігі  болады. Мысалы, туризм саласы әлемде мұнай экспорты мен көлік сатудан кейінгі 3 орында.Сондықтан да, әлем елдерінің көпшілігі туризмді басқару саласына аса мән беріп отыр.Туризм сферасын басқарудың ерекшелігі туристерден түсетін пайда болып табылады.Сонымен  қатар, бұл  туристік ұйымдардың  іс-қимылы туристік нысандардың, яғни орналастыру орындары, тамақтандыру кәсіпорындары, көлік қызметі мен ойын-сауық объектілерінің және де осы саладағы еңбек ететін қызметкерлердің іс-әрекетімен тығыз байланысты. 

Менеджмент  стратегиялық  және  тактикалық    мақсаттарға  оңтайлы  жетуде  әрбір  кәсіпорындардың  және  олардың  персоналдарын  нысаналы  және   келісімді  жұмыспен  қамтамасыз  ететін  басқару  іс-қызметінің  ерекше  түрінен тұрады. Ал, басқару  үрдісі - белгілі мақсатқа  жетуге  бағытталған, дәйекті  түрдегі  істің  жиынтығының  көрінісі.[1]

Менеджмент  макро  және  микроэкономиканың  негізгі  қағидаларына  негізделеді.  Бірақ, бұл  бірыңғай  экономикалық   пән  болып  табылмайды. Оның  ғылым  болып  құрылуында  айтарлықтай  рөлді  психология, педагогика, социология, кибернетика  және  математика  атқарады. Сонымен  қатар, менеджменттің  өзі  маркетингті, коммерциялық  іс-қызметті  және  басқару  іс жұмысын  жүргізумен байланысты басқа қолданбалы пәндерді    зерттеуге  негіз  болып табылады.

             

              МЕНЕДЖМЕНТТІҢ  НЕГІЗГІ  КАТЕГОРИЯЛАРЫ

Басқару  мен  менеджментте  бірдей  категориялар  пайдаланылады,  бұларға жататын ұғымдар мынадай – «басқарудың  объектісі  мен  субъектісі», «олардың  арасындағы  тура  және  кері  байланыс», «басқару  жүйесі», «қоршаған орта».

Менеджмент  пен  басқарудың  негізгі  категорияларын    кәсіпорындар  мен  ұйымдар  деңгейінде  қарастырғанда, олардың  іс-жұмысының  ерекшелігін  және  шаруашылық  субъектілердің    іс-қимылдарының  жалпы  міндеттерін  ескерген  жөн.

Басқару  объектісі – бұл  басқарылатындардың  барлығы, яғни  сала, кәсіпорын, бөлімшелер  және  т.б.  Менеджментте  басқару  объектісі  ретінде  әр  уақытта  белгілі  бір  мақсатқа  жету  үшін  өздерінің  іс-қызметтерін  үйлестіретін    және  бағытталатын  адамдар  тобы  қарастырылады.  Басқару  субъектісі – бұл  басқарушылардың  барлығы,  яғни  саланың, кәсіпорынның, бөлімшелердің  басқару  аппараты.

Басқарудың  объектісі  мен  субъектісінің  арасында  тура  және  кері  байланыс  болады.  Тура  байланыс – бұл  басқару  объектісіне   субъектіден түсетін   әмір (команда). Кері  байланыс – бұл  басқару  субъектісіне  объектіден әмірдің  орындалғаны  және  оның    жағдайы  туралы  түсетін  ақпарат.

Басқару  объектісі  мен  субъектісінің  жиынтығы   тура  және  кері  байланыстармен   бірге  басқару  жүйесін  құрайды.

Басқару  жүйесінде  басқару  объектісін  басқарылылатын  жүйелілік, ал  субъектісін  – басқаратын  жүйелілік  деп  жиі  айтады. Басқару жүйесін бірқатар  жалпы шарттары    сипаттайды.  Ең  алдымен басқарылатын  жүйеліліктің   басқарушы жүйеліліктің    ықпалымен өзінің  параметрін (немесе  қасиетін)  өзгертетін  қасиеті  болып табылады.Бұл  орайда  басқарудың  тиімділігі    үшін  критерийлер  мен  көрсеткіштер  қажет,  олардың  ішінде  басқару  объектісі    іс-қызметінің    маңызды параметрі   неғұрлым  толық көрсетілген(1 сурет). [1]

 

 

 

 

 



 

 


 

 

                                                Қоршаған орта


 

 

 

1 сурет –  Басқарудың  негізгі  категорияларының  өзара  байланысы

 

Басқару  субъектісі  объектіге  берілген  мақсатқа  сәйкес  ықпалын  жүргізеді. Бұл  үшін  басқарылатын  жүйе  бөлігі  басқару  объектісіне  көрсетілген  ықпалынан  кейін  оның    жағдайы  қандай  екенін  анық  білуі  керек.

Мақсатқа  анық  бет  бұру  үшін  басқару  субъектісіне  объектіге  ықпал  көрсетілгенше  және  көрсетілгеннен  кейінгі    жағдайлары  бойынша  ақпарат    түсіп  отыруы  қажет,  басқаша  айтқанда  басқару  жүйесінде    тура  және  кері  байланыс  айқын  түрде  ұйымдастырылуы  керек.  Сонымен  ақырында,  басқарудың  қайсы  бір  экономикалық    жүйесі  болса  да, онда    белгілі  материалдық,  еңбек, қаржы  және  басқа  ресурстар    болуы  керек.

Әрбір  кәсіпорын  қоршаған  ортамен    өзара  әрекетте  болады.  Қоршаған  орта – бұл  осы  кәсіпорынды   қоршағанның  барлығы: жеткізушілер  мен сатып алушылар, бәсекелестік  ұйымдар, мәдениет, саяси  ахуал  және  т.б.   Қоршаған  орта  қай  ұйым  болса  да,  оған  кадрларды,  еңбек  қаруын, шикізатты, материалдарды  және  қуат  таситындарды  бере  отырып,  белсенді  әсерін  көрсетеді. Өз  кезегінде  кәсіпорын    қоршаған  ортаға  тауарлар   мен  қызметті  өңдіргенде   және  өткізгенде   өзінің  ықпалын  тигізеді.

             БАСҚАРУДАҒЫ  ӘДІСТЕМЕЛІК  ТӘСІЛДЕР

Әдістемелік  тәсіл  менеджментке  қатысты  басқарудың мақсатына  жетуге  бағытталған  іс-қызметті  танып  білудің  белгілі  жолын  және  әдістерін  пайдаланғанды  ұйғарады.  Менеджментте неғұрлым  көп  тараған  үрдістік  тәсіл, яғни    басқару  ұйымының   мақсатына  жетуге  бағытталған   және  басқару  функциясының  үзілмес  өзара  байланысына  негізделген  іс-қызмет  ретінде  қарастырылады.Көптеген  авторлар  басқару    функциясының  әртүрлі  санын  ұсынады.Негізгі жиыны  келесі  функциялардан  тұрады: жоспарлау, ұйымдастыру, ынталандыру, бақылау.

Тұрақтандырусыз  жағдай   орын  алғанда  және  сыртқы  ортада  қатал  өзгерістер  болғанда  басқаруда  ахуалды тәсіл    іс  жүзінде қолданылады.  Ахуалды тәсілді  басқарудың   әртүрлі  әдістерін таңдағанда  жағдайға  қарай  анықтағанды  ұйғарады. Ұйымды  немесе  қоршаған  ортаны  алсақ  та, оларда  көптеген  факторлар  болғандықтан, ұйымды  басқарудың бірегей   өте жақсы әдісі болмайды.

Ахуалды  тәсіл  басқару  теориясына  үлкен  үлес  қосты, өйткені  онда  орын  алып  отырған    жағдайға  қарай  басқару  ісіне орайлас ғылыми    қағидаларды  пайдалану  туралы   нақты  ұсыныстар  бар.

Ахуалды  тәсілдің  негізін   ұйымның іс-қимылына  ықпалын  тигізетін  негізгі    ішкі  және  сыртқы  факторларды   анықтау  құрайды. 

Жүйелік тәсіл басшылардың ұйымды өзара  тәуелді адам, құрылым,  міндет және технология сияқты элементтердің жиынтығынан тұратындығы  және олардың  сыртқы ортаның өзгермелі жағдайында әртүрлі мақсатқа  жетуге  болатындығы түрінде қарастырғанды ұйғарады.

Жүйелі  тәсіл – бұл басқару объектісін  жүйе  ретінде  зерттеуге  негізделген    ғылыми  танып  білу  және   әлеуметтік  тәжірибе  әдістемелерінің  бағыты.Бұл  тәсіл  басқару  объектісінің  жағдайына  және  серпінділігіне  ықпалын  тигізетін  барлық  негізгі факторларды ескере  отырып  жүргізетін  кешенді  зерттеуге  негізделген.[2]

Басқарудағы  жүйелі  тәсілдің  маңызды  бір  белгісі  жүйелі  талдау,  ол  күрделі  басқару  шешімді   дайындауда  және  дәлелдеуде  пайдаланылатын   әдістемелік құралдардың жиынтығынан тұратындығын көрсетеді.Жүйелі  талдау  декомпозиция  жүйесіне  негізделген,  яғни  оны  құрайтын  элементтерге  бөлуді, олардың  әрқайсысын  және    өзара  байланысын  зерттеуді, осы  элементтердің  түгелдей    жүйенің  жай  жағдайына    және  іс-қимылына  көрсететін  ықпалын  анықтауды  қажет етеді. Жүйелі  тәсілді  және  талдауды  пайдаланудың  сферасын  кеңейту  бағдарламалы – мақсатты  басқаруды  таратумен  байланысты, ал  оның  мәні  мақсатты  айқын  анықтаудан,  қойылған  мақсатқа  оңтайлы   жетудің  бағдарламасын жасаудан, оны  жүзеге  асыру  үшін   қажетті  ресурстарды  бөлуден  және  бағдарламаны  орындау  жұмысына    басшылық  ететін  ұйымдарды   қалыптастырудан  тұрады.

Бағдарламалы-мақсатты  басқару    түпкілікті  мақсатты  ашып, айқын  қоюдан  басталады.Мақсат  әдеттегінше  ойдағы  тосатын  ахуалды  көрсетеді, бірақ  басқару  жүйесі  белгілі  бір   уақыт  кезеңінен  кейін алдын-ала  бекітіліп  берілген  ахуалдан  және  онымен  осы  тосатын  ахуалды  бірінен  бірі  алыстататын  бірқатар  проблемаларды  шешкеннен  кейін  оған  өтуі  керек.

Сөйтіп, жалпыланған  үлгісі(моделі)  мақсатты  қою стратегиясынан  жасала  бастайды.Ал оның  біту  кезеңі  шешімнің  балама  варианттарын   қарастырумен және шешімнің қорытынды  вариантын  таңдап  алумен  аяқталады. Осыдан  кейін  шешім  қабылданады, бағдарламаны  жасау  кезеңі  басталады.Бұл  кезеңде  стратегиялық мақсатқа жету өз алдына мақсаттың  2  түріне бөлінеді.Әрбір кезеңнің  міндеті және  оны  шешудің  басымдылықтары  бөлініп  көрсетіледі  және  оларды  ресурстармен (материалдық, еңбек, қаржы)басқару  ісі  атқарылады. Бұл  орайда  әрбір  кезеңдегі   жұмыстың  орындалуы  негізгі  нәтижемен, көлеммен  және  уақытпен  айқын  анықталады.[2]

Бағдарламаны  жасау  стратегиясында  өте  маңызды  болып  табылатын  басты  мақсат - бағытын  сақтай  отырып, аралық кезеңдердің және шешімдердің  сабақтастығын, тұрақты өнімді өткізудің түпкілікті нәтижесін тигізетін олардың ықпалын ашып көрсету және талдау арқылы істі  қамтамасыз ету.

Қабылданған  бағдарлама  орындалуға  беріледі. Бірақ  оны  жүзеге  асыру  үрдісінде, басқаруда  және  қоршаған  ортада  өзгерістер  тууы  мүмкін, бағдарламаны  қабылдаған  уақытта  бұлар  мүмкін  болмаған (немесе  есепке  алынбаған).

Бақылаудың  нәтижесі  бойынша  талдау  жасалынады, оны  жасаған  уақытта   алынған  нәтижелер  бағдарламаның  негізгі  мақсатымен салыстырылады, ауытқушылық  болған  жағдайда  оның  себебі    анықталады.

Біздің  елде  барлық  деңгейдегі  бағдарламалы-мақсатты  басқару  бойынша    мәнді  тәжірибе  жинақталған. Бірақ, бағдарламаның  кейбіреуі  толық  күйде  және өз  уақытында жүзеге  аспаған.Бағдарлама  тапсырмасының  орындалмау  себептерінің  ішінде  бақылаудың  ойдағыдай  ұйымдастырылмағанын, жауапкершіліктің  төмен  дәрежеде  болуын  және  бағдарламаны  жүзеге  асыруға   қатысатындарды  тиісті   ынталандырудың    болмауын атап  көрсетуге болады.

Жүйелі  тәсіл  мен  бағдарламалы-мақсатты  басқару менеджмент  әдістемелігінің іргелі қағидасы ретінде басқарудың заңдылығымен,  принциптерімен, функцияларымен  және  әдісімен  тығыз  өзара  байланыста  болады.

            БАСҚАРУДЫҢ  ЗАҢДЫЛЫҒЫ  МЕН ПРИНЦИПТЕРІ

Басқаратын  және  басқарарылатын  жүйелердің  басқарудың  объектісі  мен  субъектісінің  салыстырмалық  заңдылығы    басқару  сферасының  басқару  объектісінің  талабына  сәйкес  екенін  көрсетеді.

Егер  жалпы  заңдылық  басқаруға  тұтас  түрде  тән  болса,  ал  жеке  заңдылық  басқарудың  бөлек  жақтарын    және  жүйесін    сипаттайды. Жеке  заңдылыққа   басқару  функцияларының өзгеру заңдылығын, басқару  сатыларының санын оңтайлау заңдылығын, басқару функцияларын   шоғырландыру    заңдылығын  және  бақылаудың  өрістелу  заңдылығын  жатқызуға  болады.

Информация о работе Менеджмент түсінігі