Экскурсияның дайындық әдістемесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Апреля 2013 в 21:54, курсовая работа

Краткое описание

Курстық жұмыстың зерттеу нысаны. Бұл ғылыми бағыт экскурсия ісі тарихының дамуын, экскурсия дайындау мен өткізудің әдісін, экскурсияның педогогикалық және психологиялық негізін, экскурсия жұмысын ұйымдастырылуын оқытады. Табиғи экскурсия тақырыптық экскурсияға жатып, табиғатты жақсы көретіндер арасында өте талап етілетін әрі кең мәнге ие. Солардың арасында ең танымалы қиын рельефті аймақтарда, әсіресе экскурсиялық объект болып табылатын назар аударарлық тау қарғалары, сарқырамалар бар тау аймақтарында.Сонымен қатар саны азайып бара жатқан, мемлекеттің қорғауындағы жануарлар мен өсімдіктері бар табиғи парктер мен қорықтар арасындағы экскурсиялар да біршама сұранысқа ие. Мемлекеттік табиғи қорық қоры- қоршаған ортаның табиғи эталондар, реликтілері, ғылыми зерттеулерге, ағарту білім беру ісіне, туризмге және рекреацияға арналған объектілері ретінде экологиялық, ғылыми және мәдени жағынан ерекше құнды, мемлекеттік қорғауға алынған аумақтарының жиынтығы.

Содержимое работы - 1 файл

Табиғи қорықтарда саяхат жасаудың методикалық әдісі.docx

— 67.71 Кб (Скачать файл)

III. Қорықтар не үшін қажет? 

3.1 Қорықтар туралы жалпы мәлімет

   Қорықтар – биосфера эталоны. Мұндағы орман-тоғай, жай алған жайылым мен шабындық, аң-құс, айдын шалқар көлдер, ағыны қатты өзендер мүмкіндігіне қарай сол ежелгі әсем қалпында сақталынуы тиіс.Қай заман болмасын, қорықтарды ұйымдастыру күн тәртібінен еш қашан да түскен емес. Өйткені биосфера байлықтарын қорғау, онда ғылыми-зерттеу жұмыстарын сондай-ақ, биосфера компоненттерін қорғау жөніндегі  үгіт-насихат экологиялық білім және тәрбие беру жұмыстарын жүргізуде қорықтар өте маңызды роль атқаратыны белгілі. Осыған орай қорықтар ұйымдастыру бөлініп Қазқстанның шөл-шөлейтті аймақтарында үйір-үйірімен жайылып жүретін, бірақ кейіннен мүлде азайып кеткен құландарды қорғап қалуда қорықтардың, әсіресе Бадхыз қорығының ролі орасан  зор болды. Сондай-ақ, Барса-келмес  қорығыда айтарлықтай үлес қосты. Бүгінгі Бадхыз қорығында құландар саны көбейе түсуде. Барса-келмес аралы жойылып кеткеннен кейін ондағы құландарды арнаулы ұшақтармен Алтынемел  ұлттық биосфера паркіне, Іле өзенінің жағасына әкелінді. Міне, осы жерде олар жылдан-жылға өсіп көбеюде. Қазақстанның  бірнеше табиғи-географиялық аймақтары – солтүстүгінен оңтүстүгіне қарай орманды-дала, шөлейтті, шөлді өңірлерді қамтиді. Қазақстан жерінде Д.И. Менделеев кестесіндегі химиялық элементтердің бәрі дерлік кездесетін біздің республикамыз табиғи ресурстарға аса бай өлке. Жоғары сатыдағы өсімдіктердің  5777 түрі, аңның 150, құстың 480, баурымен жорғалаушылардың 150, қос мекенділердің 12 түрі тіршілік ететін айтпай кетуге болмайды. Бұл бай өлкені шын мәннінде табиғи байлықтың қайнар көзі деп ғалымдар бекерден  -бекер айтпаған болар. Бірақ, бұл інжу-маржандар қанша мол болғанымен, ол сарқылмайтын дүние емес екені кейінгі кезде өзінен-өзі өне беретін зат емес. Сондықтан да оны пайдаланумен бірге, ұқыпты түрде қорғап, байлығын молайта беруге барлық мүмкіндікті жасау керек. Осы бағыттағы шаралардың бірі – «Жер жанатты» деп орынды аталып кеткен небір тамаша аймақтарды, өлкелерді, өңірлерді қорыққа айналдыру керек екекнін өмір көрсетіп отыр. Бұл салада Қазақстан Республикасында соңғы жылдарда қыруар ғылыми – зерттеу жұмыстарын жүргізіп келдік. 1962 ж Қазақстан ССР Жоғары Советінің биосфераны қорғау заңы шықты. Мұнда табиғи ортаны көркейтудің бірнеше нақты шаралары анық көрсетілген. Олар – қорықтар, парктер, заказниктер мен табиғат ескерткіштерді сақтау ережесі. Сонымен бірге 1972 ж Қазақ ССР мемлекеттік қорықтарының ережесі жарық көрді. Міне, бұл көрсетілген құжаттарда қорықтар мен табиғат ескерткіштерін ұйымдастырудың мақсатымен міндеттері және биосфераны қорғау тәртібі айқын көрсетілген.

1969 жылғы 9 шілдеде «Наурызым  мемлекеттік қорығының орманын  қалпына келтіру мен қорғау  шаралары туралы», 1972 ж 2 тамызда  «Қазақ ССР мемлекеттік қорықтарының қызметін жақсарту шаралары туралы», 1976 ж 12 шілдеде «Қазақ ССР-інде қорықтар жұмыстарын жақсарту туралы» қаулылар жарыққа шықты. Бұл шаралардың өлкеміздегі қорықтардың өлкеміздегі қорықтардың ғылыми-ұйымдастырушылық жұмыстарын жақсартуда зор маңызы болғанын айтпай кетуге болмайды. Қазақстан Республикасының Қорықтарында қол жеткен табыстары мен орны алып отырған емшіліктерде олардың жоюдың нақты жолдарында айқын көрсетілген. Осы кезде Қазақстан Республикасы жерінде  (1980 жылғы мәлімет бойынша) 531 мың гектар алқапты алып жатқан 6 қорық ( Ақсу-Жабагылы, Алматы, Наурызым, Барсакелмес, Қоғалжын және Марқакөл) көлемі 4288 мың гектарға жететін 50-дей аңшылық заказниктер, көлемі 3644 мың гектардай 26 зоологиялық және ботаникалық объектілер, қорғалатын заказниктер және 3 табиғат ескерткіші бар. Олар (Павлодардағы «Гусиный перелет» , шарын бойындағы көне заманнан бері қарай жойылып кетпей өсіп-өніп келе жатқан ағаштар, Іле Алатауындағы шыршалар). Қорғауға алынған учаскелерде, әсіресе, қорықтарда , бұрын осы аймақты мекендеген, бірақ соңғы жылдары саны азайып кеткен жабайы хайуанаттар мен сирек кездесетін өсімдік түрлері есепке алынған. Мұндай түрлердің, мәселен, Шығыс Қазақстанның далалық аймақтарында өсімдіктердің 1600 түрі тек осы аймаққа тән болғандығын және сирек кездесетінін айтуға болады. Ал мұғаджар далалы ауданында 15-ке сирек кездесетін эндемик өсімдіктер, Бетпақ даладағы өсімдіктің 1800 түрінің 15-і, Каспийдің оңтүстік жағалауындағы өсімдіктердің 1800 түрінің 7-і Республикамыздың басқа жерлерінде кеддеспейді. Сондай-ақ, Оңтүстік Алтайда өсімдіктердің 1740 түрі кездессе, оның 18-і, Жоңғар Алатауында 2021 түрі өссе, оның 58-і,  Қаратауда 500 түрі өссе, оның 100-і сол аймақтарға ғана тән сирек кездесетін турлер. Адамның үнемі қамқорлығы мен аялы алақаны болмаса, мұндай бағалы түрлердің биосферадан жойылып кетуі мүмкін екендігін естен шығаруға болмайды. Сондай-ақ, қорықтар өзінің табиғи сұлу көрінісі мен онда өсетін ағаш түрлерінің ерекшеліктерімен де құнды. Қорықтардың кейбіреулері ЮНЕСКО-ның жанындағы биосфераны  қорғаудың халықаралық Одағының құрамына Ақсу-Жабағалы қорығы. Оларда тек саны азайып кеткен, мүлде жойылып кету қаупі төнген хайуанаттар дүниесі мен  аса бағалы өсімдіктер әлемі ғана қамқорлыққа алынып қоймай, сонымен  бірге Қазақстан Республикасының ежелден бері әйгілі болған таңғажайып көрікті орындарының бұрынғы атақ даңқын арттыра беру мақсатында да зор көлемді ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілуде.  Қазақстан Республикасының қорықтарында алдағы уақытта табиғи ресурстарды пайдалану және олардың қайталанбас сұлулығын сақтаудың ғылыми негізін жасау жөніндегі үлкен мақсат пен міндеттер тұр. Бұл мақсат пен міндеттердің биосфера компоненттерін қорғап, оларды халық шаруашылығына рационалды түрде пайдалану үшін зор маңызы бар. Бұл мақсат пен міндеттердің Қазақстан Республикасы жағдайында да көкейтесті екендігі аян. Көлемі 2,7 миллион шаршы километр жерді алып жатқан байтақ өлке  өзінің саялы да а ялы қалың орман-тоғайы оны мекендеген сан түрлі хайуанаттары, өзендері мен көрікті өлке. Қазақстан Республикасы территориясында 34-35 миллион гектар егін егуге, бау-бақша өсіруге жарайтын құнарлы жер бар. 186-187 миллион гектар шабындықтар мен жайылымдықтар 22 миллион гектар орман (оның ішіндек 4-5 миллион гектар аса бағалы сексеуіл орманы бар). Д.И. Менделеевтің периодтық кестесінің барлық элементтерін жинақтаған түрлі қазба байлықтардың ірі кен орындары, 11000 өзен, 7000-нан астам көлдер мен су қоймалары бар. Сондай-ақ, туған өлкеміз менің Қазақстаным елім менің, алуан түрлі жан жануарларға өте бай. Осымен биосфера қазыналарын көздің қарашығындай сақтап, қорғауға Қазақстан Республикасындағы жоғарыда айтылған, Ақсу-Жабагылы, Алматы, Наурызым, Барсакелмес, Қоғалжын, Марқакөл, Баян-ауыл, Үстірт, Алтын Еміл және тағы басқа қорықтардың маңызы арасан зор. Ұлан-байтақ Қазақстан мемлекетінің территорияларында келешекте де осындай табиғи қорықтар-лабораториялық көбее берсе екен деген ойдамыз.    

Жер көлемі 2754 мың шаршы  километр ұлан-байтақ жерде алып жатқан  Қазақстан Республикасында небары 10 қорық бар дегенге сенудің өзі қиын. Республикамыздың табиғи ресурстарын қорғайтын жаңа қорықтарды ұйымдастыру үшін алдымен ол маңда арнайы түрде ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізуді қажет етеді. Қорықтарды ұйымдастыру үшін ғылыми деректер керек. Табиғи қорықтардың бірін Бетпақ дала шөлді аймағында ұйымдастырған жөн деген ғалымдар бір ауыздан шешімге келген.

   Бетпақ дала қорығы территориясында Шу өзенінің солтүстігінде жатқан ұсақ тасты шөлді аймақты енгізу жоспарланып отыр. Бетпақдаланың шөлді даласында жусан, баялыш, бұйрығын өссе, ал үстіртті жерлерде қараған, теріскен өседі. Өте көне заманның ескерткішіндей болып реликті бұта көзге шалынады. Ауа-райы өте құбылмалы жазы ыстық, қысы аязды келеді. Жауын-шашын жерге өте аз түседі. Небары  90-100 мм. Бұл қорықта сүтқоректілердің 40, құстардың 150-200-дей түрі. Бауырымен жарғалаущылардың 15-тен астам түрі тіршілік етеді.

   Екінші – далалы аймақ. Оған Жезқазған облысына қарасты Ағадыр селосының батысындағы бұталы дала жатады. Көлемі 40-50 мың гектар болуы мүмкін. Мұндағы негізгі обьектілер жұпар, камшат, орман сусары, құр, емен, шегіршін сияқты сирек кездесетін аң құс өсімдіктер.

   Үшінші – шөлейтті аймақ қорықтары. Бұл  қорықтарда ең көлемділері -  Үстірттің батыс тік жарлы қыраттары. Үстірт қорығында   кекілік, құлан болса, гепард, бұлдырықтарда көзге жиі-жиі шалына шалына береді. Шөлейтті аймақтық қорықтардың бірі  - Аңдысай қорығы. Оның көлемі 330 мың гектар жерді қамтиды. Қорғалатын обьектілері арқар, құлан, қара құйрықкиік, жалман, реликті гүлтобылғы, Регель қызғалдағы.

   Алматы облысы.  Балқаш ауданындағы күрті өзенінің Ілеге құя берісіндегі тоғайлы алқапта да шамамен алғанда 20-30мың гектар жер босқа жатыр. Ол жерге қорық ұйымдастыратыны анықталып отыр. Іле өзені Тоғайлы қорығын ұйымдастыру ғалымдардың ойында. Мұнда мекендейтін жабайы шошқа, тоғай бұғысы, шұбар бұғы, сарғыш күзен, қырғауыл және сирек кездесетін тоғай өсімдіктері қорғалуға тиіс. Қазақстан Республикасында алдағы уақытта ұйымдастырылатын қорықтардың бір тобы – тау қорықтары болуы тиіс. Бұл қорықтардың көлемдісі – Жоңғар Алатауы. Басқан өзені, Сарқанд ауданының территориясын қамтиды. Қорғалатын негізгі обьектілер – марал, ақтырнақты аю, барыс, тас сусары, қызыл қасқыр, арқар, таутеке, ұлар, сабыншы құр, май қарағай, шыршалы ормандар, алый шабындықтары, оларда өсетін сирек кездесетін өсімдік түрлері. Ал сауыр тауларында Шығыс Қазақстан облысы, қорық ұйымдастыратын көлемі 200 мың гектар жерлер кездеседі. Мұнда қорғалатын обьектілер өте көп – марал, қоңыр аю, таутеке, тұндра шілі, меңіреу құр, шұбар шіл, тырбақ қайың, жапырақты орман.

   Ал Шыңғыстау, Тарбағатай бұл өңірде қорық ұйымдастыруға келетін көлемі 50-60 мың гектар жер бар. Бұл жерде қорғалатын обьектілер – бадам, жабайы алма бағы, субальпі шабындығындағы өсімдіктердің кейбір түрлері.

   Зайсан ойпатында да қорық ұйымдастыруға болтын жерлердің бар екені дәлелденіп отыр. Өйткені бұл өңірде сирек кездесетін хайуанаттардың өкілдері бар. Олардың ішінде елік, қарақұйрықты жерсіндіруге болатыны толығымен дәлелденіп отыр. Алакөл көліндегі «Реликті шағала» қорғау үшін заказник ұйымдастыру күн тәртібінде тұр. Міне,осындай шараларды іске асырғанда ғана биосфера байлықтарын ғылыми тұрғыдан қорғауға болатыны анықталды.   

 

 

 

 

 

3.2 Құстардың өмір сүру ортасында экскурсия жүргізу

   Қазақстан — территориясының көлемі жағынан әлемнің 9-шы елі, Евразия материгінің ортасында орналасқан. Батысында Еділ өзенімен, шығысында Монғолиямен, солтүстікте Ресеймен, ал оңтүстігінде Өзбекстанмен және Қырғызстанмен шектеседі. Алып жатқан территориясы квадрат. Жерінің 60 пайызы жазық даладан, 30 пайызы жоталардан және 10 пайызы таулардан тұрады. Қазақстанның ең биік таулы аймақтары – Батыс және Солтүстік Тянь-Шань, Жоңғар жоталары мен Алтай өңірі. Еледгі көлдер саны шамамен 34500 және көп бөлігі солтүстікте. Сол көлдердің кейбіреулері тұрақсыз. Ең ірі танымал көлдерін атасақ – Каспий, Арал теңіздері, Балқаш, Зайсан, Алакөл, Теңіз, Құшмұрын көлдері. Орал, Ырғыз, Торғай, Сарысу, Нұра, Іле секілді көптеген өзендер көлдерді толастайды. Тек Ертіс, Есім, Тобыл өзендері Солтүстік Мұзды Мұхитқа құйяды. Осындай ішкі-континеттік елге сай Қазақстанда барлық ландшафт түрлері кездеседі: әртүрлі үстірт, жазық дала, құмды шөлдер, қылқан жапырақты ағаш ормандары, көлдер, өзендер, биік мұзды шыңдары бар таулар. Солтүстік облыстарда Ресейдің Батыс Сібір өлкесінің жалғасы болатын орманды жазық далалар экосистемасы орын алған. Одан оңтүстікке қарай экосистема елдің 40 пайыз территориясын құрайтын шөлді аймақтарға ауысады. Таулы жоталарда әртүрлі орман түрлері, альпілік жасыл жоталар, тундра, мәңгі жасыл шыршалар, қарлы және мұзды шыңдар орналасқан. Қазақстанның осындай географиялық орналасуына байланысты флора мен фаунада 6000 аса өсімдік түрлері және 835 аса омыртқалы жануарлар түрлері кездеседі. Елде 489 құс түрлері бар, олардың 396-сы Қазақстанда көбейеді, ал қалғандары миграция арқылы қыстауға келеді. Кебір құстар танымал, ал кейбірлері өте сирек кездесетін түрге жатады, мысалға: үлкен қоқиқаз, қызыл қаз, ақбасты үйрек, тұрымтай, ителгі, қаршыға, имперлік бүркіт, аққанатты бұлбұлдар және т. б. Сонымен қатар 178 түрлі жануарлардың арасында да сирек түрлер бар: қар леопарды, парсылық қарақұйрық, ақбөкен, бұхар елігі, таутеке сияқты. Қазақстанның көптеген аймақтары орнитологтарға /құс зертеушілер/ өте қызықты. Турлардың барлығы дерлік Алтын-Емел, Қорғалжың, Ақсу-Жабағлы, Науырзым секілді Ұлттық парктер мен қорықтарда жасалған. Науырзым қорығы Қостанай облысының оңтүстік жағындағы құрғақ дала және жасыл жайлау араласқан жерде орналасқан. Көктемде бұл жерде әр-түрлі өсімдіктер даланы әр түспен бояйды, әсіресе маусым айында адонис, қызғалдақ секілді гүлдер жасыл жайлауды құлпыртады. Ағаштарға толы осы 3 облыстың жері әртүрлі топырақтан құралған, өсімдіктері де сан-алуан. 1926 жылы ашылған Ақсу-Жабағлы Ұлттық қорығы – Орта Азиядағы ең көне қорық. Тянь-Шань тауларының солтүстік батысында, теңіз деңгейінен биіктікте орналасқан бұл қорық әлемнің бай қорықтарының қатарына кіреді. Жері биік таулар, гүлді жазықтар, жасыл алқаптар, ну ормандар, өзендер мен шатқалдарға толы. Көктемде сирек кездесетін гүлдер, жабайы қазғалдақтар, соның қатарында биік Грейг қызғалдақтары мен Кофмен қызғалдақтары өседі. Мамыр айында осы қызыл, ашық түсті қызғалдақтар жайнаған жасыл даланы толтырған кезде, саяхатшының алдында ең тамаша альпілік жазықтардан кем түспейтін әдемі көріністер ашылады. Айта кетсек әйгілі голланд қызғалдақтары осы жерден шыққан. Фаунасы 238 түрлі құстардан құралған, салыстырғанда Африкалық қорықтардың көпшілігі бұл санға жетпейді. Ең ірі құсы – бүркіт. Құстармен қатар қорықта 42 жануарлар түрі тіркелген., соның ішінде: жабайы текелер, Тянь-Шандық қоңыр аю, қар леопарды, евразиялық бүркіт тектес үкі, гималайлық құзғын-грифон және т. б. оған қоса рептилиялардың бірнеше түрлері және 5000 жәндіктер. Паркте бірнеше қызықты экскурсиялық жерлер бар. Ақсу өзенінің каньоны Азияның ең терең каньондарының бірі болып табылады. Каньонға батыс жағынан жолға ыңғайлы көлікпен келуге немесе парктің кіре берісінен жаяу серуендеп баруға болады. Турист 5 сағаттық жаяу сапарға аттану үшін денсаулығы сау адам болуы тиіс. Егер сіз бақылауға арналған екі үйге барсаңыз, сипаттауға сөз жетпейтін әдемі сарқырама ағысының көрінісіне тап боласыз, сонымен қатар бұл жерден неше түрлі құстарды бақылауға болады. Қорғалжың Ұлттық қорығы – кішкене көлдерге толы аймақ. Орналасу жері Астана қаласынан солтүстік батысқа қарай. Жер көлемі 258,9 миллион гектарға таяу. Бұл қорық Юнеско ұйымының қолдауының астында. Себебі бұл қорық Қазақстанның өзінде онша белгісіз. Адам аяқ баспаған жазықтар мен кішкене көлдерден құралатын бұл өңірде қасқыр, борсық, сайгактар мекендейді. Бірақ қорықтың ең ерекше белгісі – бұл құстар. Екі миграциялық бағыттың ортасында орналасқан көлдер бір үлкен стансаның рөлін атқарады. Мысалаға бір Теңгіз көлінің өзі 15 миллион құсты тамқтандыра алады. Қорық деп қорғалатын бұл облыста ақшыл-қызыл қоқиқаздар мекендейді, сонымен қатар бұл жерде бірқазандар мен жыртқыш құстар көп. Көктем және жаз мезгілдерінде /көкек айының ортасынан бастап қыркүйек айына дейін/ құстардың ең көп түрін бақылауға мүмкіндік туады. Қоқиқаздар барлық мезгілде кездеседі. Көктемде жазық дала қызғалдақтарға толып, гүлденеді. Ал қыс айларында мұз астындағы балықтарды аулауға болады. Теңіз-Құрал жазық дала мен шөлейт жерлердің қосылған жерінде орналасқан, Көкшетау жоталарының құмға айналған бөлігінде. Бұл территорияда өсімдіктер жоқтың қасы. Тек шөлейт жерге тән шөптер өседі. Ұлттық қорықтың территориясы екі ірі көлдің байланысынан құралған – Теңіз және Қорғалжың. Қорықта 350-ден аса өсімдік түрлері бар, олардың 90 пайызы шөптер. Фаунасы 82 құс түрінен тұрады, олардың 33-і «Қызыл кітапқа енгізілген», соның ішінде қара бұлбұл, дрофа, аққұтан т. б. Ең сәтті туристер қара құтан, казарка, аққуды көріп қалуы мүмкін, ал қамыстардың арасында қабандар да жүреді. Мезгіл сайын батыс Сібір өлкесінен орманда тіршілік ететін бұғы, марал, ілбіс сияқты жануарлар бұл жерге де келіп кетеді. Қорғалжың көлдері балыққа да бай, әсіресе улкен алтын немесе аргентиналық шабақ, шортан, табан т. б. балықтар кездеседі. Балықтың ең көп түрі Теңіз көлінде. Бұл көне көлдің аралдарында мекендейтін ақшыл-қызыл қоқиқаздар көлді өзіне теңдесі жоқ етеді.

 

Қорытынды

   Экскурсия экскурсиятанудың зерттеу пәні болып табылады. Бұл ғылыми бағыт экскурсия ісі тарихының дамуын, экскурсия дайындау мен өткізудің әдісін, экскурсияның педогогикалық және психологиялық негізін, экскурсия жұмысын ұйымдастырылуын оқытады. Табиғи экскурсия тақырыптық экскурсияға жатып,  табиғатты жақсы көретіндер арасында өте талап етілетін әрі кең мәнге ие. Солардың арасында ең танымалы қиын рельефті аймақтарда, әсіресе экскурсиялық объект болып табылатын  назар аударарлық тау қарғалары, сарқырамалар бар тау аймақтарында.Сонымен қатар саны азайып бара жатқан, мемлекеттің қорғауындағы жануарлар мен өсімдіктері бар табиғи парктер мен қорықтар арасындағы экскурсиялар да біршама сұранысқа ие. Мемлекеттік табиғи қорық қоры- қоршаған ортаның табиғи эталондар, реликтілері, ғылыми зерттеулерге, ағарту білім беру ісіне, туризмге және рекреацияға арналған объектілері ретінде экологиялық, ғылыми және мәдени жағынан ерекше құнды, мемлекеттік қорғауға алынған аумақтарының жиынтығы. Экскурсия дайындаудың мақсаты мен әдістемесінде арнайы  шығармашылық топ керек. Оның құрамында 3-7 адам болады.Тақырыптың қиындығына байланысты тәуекел өзгерістер де болып отырады. Экскурсоводтар көбіне мекемелерде жұмыс істейді. Әсіресе, мұражайдың ғылыми қызметкерлері. Әдістеме (гректің метод сөзінен тараған) «бір нәрсеге баратын жол»- бұл зерттеу және тану жолының теориясын оқу деген мағына білдіреді. Кең мағынада жұмысты орынды өткізу, қандай да бір тапсырманы шешу, алға қойған мақсатқа жету тәсілінің жиынтығы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. В.А. Квартальнов «Туризм»  Москва 2007

 2. В.Н. Вуколов «История и теория междунородного туризма»

3.  Бабақұлы Н Тәуелсiздiк, нарық, экономика.- Алматы,1999

4.О.Б. Мазбаев «Қонақ  үй шаруашылығы» Абай атындағы  ҚазҰПУ 2007

5. Сатыбалдин С. Табиғат  байлығына егеменділік және оның  құны.- Алматы, 1995

6. Экономикалық  теория  негiздерi .- Алматы,1999

7.Суханбердин Х. Жер  қойнауы-табиғи ресурстардың сарқылмас  көзі // Дүние.-2005.-№5.-12 б.

8. Шүкіров К. Жалпы экономикалық теория негіздері.-Алматы,2000

9. Мауленова С. Экономикалық  теория.-Алматы, 2004

10. Алиева Ж.Н. Экологический туризм. Алматы, "Қазақ университеті", 2002. С. 101.

11.  Главчева С.И., Леонтьева Ю.А. Экономика туризма Западной Сибири: проблемы развития // ЭКО, 1999, № 8. 117-125 бб.

12.   Низамиев А.Г. Формирование и развитие рекреационного комплекса Кыргызстана в рыночных условиях. Автореферат дисканд.-Душанбе, 1999.

13. Саидов А.Ф. Организационно-экономические основы развития и управления туризмом Республики Узбекистан. Автореферат дис. докт. Ташкент, 1995,- 38 6.

15. Қазақстан Республикасындағы 2002 жылғы туризм. Статистикалық жинак. ҚР Статистика жөнінде Редакциясын баскарған Б. Тортаев. Алматы, 2003,- 164 б.

16.   Алтынбеков Т. Международный аэропорт в Астане // Күмбез 200г., №3-4

17. Астана қаласының статистика басқармасы 2004 ж., 67-69 бет

18. Агенство РК по статистике, Туризм в РК в 2001 году, // Статистически

сборник Алматы, 2002г.

 

 


Информация о работе Экскурсияның дайындық әдістемесі