Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Апреля 2013 в 21:54, курсовая работа
Курстық жұмыстың зерттеу нысаны. Бұл ғылыми бағыт экскурсия ісі тарихының дамуын, экскурсия дайындау мен өткізудің әдісін, экскурсияның педогогикалық және психологиялық негізін, экскурсия жұмысын ұйымдастырылуын оқытады. Табиғи экскурсия тақырыптық экскурсияға жатып, табиғатты жақсы көретіндер арасында өте талап етілетін әрі кең мәнге ие. Солардың арасында ең танымалы қиын рельефті аймақтарда, әсіресе экскурсиялық объект болып табылатын назар аударарлық тау қарғалары, сарқырамалар бар тау аймақтарында.Сонымен қатар саны азайып бара жатқан, мемлекеттің қорғауындағы жануарлар мен өсімдіктері бар табиғи парктер мен қорықтар арасындағы экскурсиялар да біршама сұранысқа ие. Мемлекеттік табиғи қорық қоры- қоршаған ортаның табиғи эталондар, реликтілері, ғылыми зерттеулерге, ағарту білім беру ісіне, туризмге және рекреацияға арналған объектілері ретінде экологиялық, ғылыми және мәдени жағынан ерекше құнды, мемлекеттік қорғауға алынған аумақтарының жиынтығы.