Испания

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Октября 2011 в 21:12, реферат

Краткое описание

Қазіргі уақытта туризм индустриясы «қызмет көрсету» саласында халықаралық деңгейде ең қарқынды дамып жатқан түрлерінің бірі болып табылады. Соңғы 20 жылда орташа жылдық дүниежүзінде шетелдік туристердің келу қарқыны 5,1% валюта түсімі 14% құрады. Егер 1950 жылы бүкіл әлемде туристер саны 25 млн., ал туристік индустриядағы айналым – 2,1 млрд. АҚШ долларын құраса, онда Бүкіләлемдік Туристік Ұйым мәліметтері бойынша 1995 жылы дүниежүзінде 576 млн. туристік келулер және халықаралық туризмнен түсім 372 млрд. долларға жетті.

Содержание работы

Кіріспе 3

I Испания туралы жалпы деректер

1.1 Елдің географиялық орналасу ерекшеліктері 4

1.2 Испанияның тарихи мен мәдениеті 5

1.3 Туризм индустриясы және инфрақұрлымы 7

II Испанияның туристік индустриясы

2.1 Испания еліндегі туристік объектілер 9

2.2 Испаниядағы туристік демалу аймақтары 11

Қорытынды 16

Қолданылған әдебиеттер тізімі 18

Содержимое работы - 1 файл

Испания.doc

— 157.50 Кб (Скачать файл)

     Туризм  халықаралық қатынастарда маңызды  рөлге ие. Жыл сайын 500 млн. адам шет  елдерге туристтік мақсаттармен барады. Халықаралық туризм демалудың тиімді түрі ғана емес, сондай-ақ әлемдік экономиканың қарқынды дамыған саласы болып табылады.

     Туризм, аса пайдалы және жоғары табыс  беретін сала ретінде, Испания экономикасына  үлкен ықпалын тигізеді. Туризмның  арқасында жергілікті халықтың өмір деңгейі мен көптеген шаруашылық салаларында приоритеттер өзгерді.  Сонымен қатар, туризм халықты жұмыспен қамтуға, шағын және орта бизнесті дамытуға, мемекеттің бюджеттік кірісін ұлғайтып, туристік инфрақұрылымды ұйымдастыруға көмектеседі.

     Испания Европаны Африка және Америка континенттерімен байланыстыратын маңызды теңіз  және әуе жолдарының қиылысында орналасқан. Таңқаларлық және әр түрлі рельеф Испания көріністерінің эстетикасын  анықтайды және, сөзсіз, туристерді тарту факторларының бірі болып табылады.

     Испания инфрақұрылымы жоғары дамығандығы  және әртүрлілігімен ерекшеледі. Испанияның ең әйгілі курорттық ауданы –  француз  шекарасынан португал жеріне дейін  созылған Жерорта теңізінің жағалауы. Коста-Брава, Коста-Дорада, Коста-дель-соль курорттары мыңдаған туристердің  демалатын сүйікті жерлері болып табылады. Ал қалалары болса, Испанияның  мәдени-танымдық туризм орталығы, мәдени мұрасы миллиондаған  туристерді қызықтырады. Ертедегі заманның әр түрлі стильдерінің белгілі сәулет құрылымдары, тамаша өнер ескерткіштері кез келген туристті таң қалдырады. Тек 2006 жылы 55 миллион адам Испанияға туристік сапармен келіп қайтты.

     Испания – кельт, грек, финикиялық, рим, араб, иудейлік және христиандық  мәдениеттердің таң қаларлық үйлесуі. Тамаша сақталған романдық шіркеулер мен монастырьлар, айбынды кафедралық шіркеулер мен храмдар, корольдық сарайлар мен қорғандар – мұның барлығы да өткенді қазіргі заманмен байланыстыратын символ ретінде танытады. Испан тарихында барлық әлемге танымал Эль Грек, Веласкеса, Гойи өнер шеберлерінің шығармашылығы маңызды орынға ие.

     Испан ұлттық мәдениетінің байлығы мен  көнелігі, оның әр алуандық қайнар көздері  мен әдет-ғұрыптары, салт-дәстүрлері Испанияның түпнұсқалық  сұлулығын  айқындайды және Испанияны экзотикалық  ел ретінде  туристердің таңдауында үлкен роль атқарады.

     Испания – жоғары дамыған, бәсекелестікке қабілетті  өнеркәсібі бар, экономиканың барлық негізгі  секторлары үшін жоғары технологиялық  құрал-жабдықтарды шығаратын, жаңашыл  ауылшаруашылығы мен қызмет көрсету  секторы бар мемлекет. Қарқынды дамып келе жатқан секторлардың ішінен мысал ретінде инфрақұрылым мен туризмді атауға болады. Атап айтқанда, қазір Еуропадағы ең жаңа жоғары жылдамдықты теміржол желісінің бірі Испанияда орналасқан және ол 2010 жылы үкімет жоспары бойынша Еуропадағы ең ұзын жол торабы болмақ.

     Қорытындылай  келе, Испания көшбасшы ел ретінде халықаралық туризмнің табысты жұмыс жасауына едәуір мөлшерде әсер етеді. Испания –үлкен материалдық базамен қамтамасызданған, миллиондаған адамдарды жұмыспен қамтамасыз етуші және шаруашылық салалардың барлығымен дерлік бірлесіп әрекет ететін туристік индустриясы тұрақты дамып келе жатқан алдынғы қатарлы елдердің бірі. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Қолданылған әдебиеттер тізімі 

  1. География   туризма:   история,  теория,  методы,  практика.  Ердавлетов С.Р. – Алмата, 2000г
  2. Туризмология негіздері. Ж.Н. Алиева – алматы. 2004г
  3. Испания. Мадрид Путеводитель для туристов, М. Петрософт 1999г
  4. Чирник Д.Г. «Население Испании» // Население 1996 год № 2
  5. Стахов Е. «Испания в диалоге Восток – Запад» // Международная жизнь 1988 год № 1
  6. Выезжающему за границу. Справочник. – М.: Вече, 1997.
  7. Николаев Ю. Природные ресурсы Испании » // Российские вести 1994 год 16 июня
  8. Путеводитель – Испания, М., 2002г.
  9. Каталог Испания. Лето 2002.
  10. Ландабасо А. « Горы, море и традиции » // Правда 1989 год 23 апреля.
  11. Все страны мира. Т.К.Варламова – Москва , 2008г
  12. http://espana-city.narod.ru
  13. http://www.turizm.ru/espana/
  14. http://reports.travel.ru/reports/espana/
  15. http://www.dsbv.ru
  16. http://www.espana.ru
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ  БІЛІМ және ҒЫЛЫМ

  МИНИСТРЛІГІ 

Т.РЫСҚҰЛОВ ат. ҚАЗАҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ УНИВЕТСИТЕТІ 

«ӘҚжБ» факультеті 

«Туризм» кафедрасы 
 
 
 
 

Реферат 
 
 

Тақырыбы: Испания 
 
 
 
 
 
 
 

                                                         Орындаған: ___________________

                                 

                                                         Қабылдаған:___________________ 
 
 
 
 

Алматы  2011

Информация о работе Испания