Баскетбол

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Февраля 2012 в 22:48, автореферат

Краткое описание

Зерттеу міндеттері:
1. Технологиялық тәсілдердің жүзеге асырылуының басты бағыттарын баскетбол бойынша ойын техникасын қалыптастыруда қолдану.
2. Динамикалық ойын жағдайларының мазмұнын оқушыларды техникалық дайындаудың бастапқы кезеңінде қолдану негіздемесін беру.
3. Баскетбол ойынының техникасын қалыптастыру технологиясын жасаудың және динамикалық ойын жағдайларын дене шынықтыру сабақтарында қолданудың эксперименталді негіздемесін беру.
4. Оқушыларды дене шынықтыру сабақтарында баскетбол ойынының негіздеріне үйретудің тимділігін арттыру бойынша ғылыми-педагогикалық ұсыныстар түзу.

Содержимое работы - 1 файл

Автореферат Ескалиева.doc

— 377.50 Кб (Скачать файл)

    - баскетбол ойынының негізгі тәсілдерін  кезеңдер бойында қалыптастырудың  педагогикалық технологиясы оқушылардың базалық қозғалыс және техникалық-тактикалық әрекеттерін меңгеру тиімділігін арттыруға ықпал етеді;

    - динамикалық ойын жағдайлары  түріндегі арнайы жаттығулар  мен қозғалмалы ойындардың дербестендірілу түрлері жалпы білім беретін мектеп оқушыларына баскетболды үйрету үдерісін педагогикалық басқару тәсілдерін оңтайландыру үшін негіз болып қызмет етеді;

    - баскетбол бойынша оқу үдерісіне  деген технологиялық  көзқарасты  іске асыру әдістемесі оқушылардың  ойын әрекетінде қосымша мүмкіндіктер  қалыптастыруға жағдай жасайды;

    - баскетболды дене шынықтыру сабақтарында  пайдалану олардың дене және  тактикалық даярлығы деңгейін  арттыруға мүмкіндік береді.

    Диссертанттың жеке үлесі келесіден  тұрады:

    - баскетбол ойыны техникасын қалыптастыруға  деген технологиялық көзқарастарды  іске асырудың негізгі бағыттарын үйренуден;

    - баскетболшы оқушылардың техникалық  даярлығының бастапқы кезеңінде   оқушыларға арналған динамикалық  ойын жағдайларының мазмұнын  негіздеуден;

    - дене шынықтыру сабақтарында  динамикалық ойын жағдайларын пайдалану арқылы  баскетбол ойыны техникасын қалыптастыру үшін жасалған технологиялық көзқарастарды эксперименттік тұрғыдан негіздеуден.

    - дене шынықтыру сабақтарында  оқушыларды баскетбол негіздеріне  үйрету үдерісінің тиімділігін  арттыру бойынша  ғылыми-тәжірибелік нұсқаулар қалыптастырудан.

    Зерттеу базасы. Осындай база ретінде 5-6 сынып оқушыларына дене шынықтыру сабақтарында  баскетбол ойыны техникасының негіздерін үйрету үдерісінің тиімділігін арттыруды ғылыми түрде негіздеген оқу үдерісі қызмет етті. Бұл үдеріс Алматы қаласындағы №39 орта мектептің оқушылары арқылы ұйымдастырылды.

    Зерттеу нәтижелерін ендіру. Зерттеу нәтижелері оқу үдерісіне ендірілген: Алматы қаласындағы №39 орта мектеп, спорт ойындары бойынша №8 БЖСМ, Қазақтың спорт және туризм академиясы, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі дене шынықтыру және спорт Ұлттық ғылыми-практикалық Орталығы.

    Зерттеу нәтижелері бойынша Алматы, Санкт-Петербург қалаларындағы ғылыми-практикалық конференцияларында (2007-2010 жылдары) 3 хабарламалар жасалынды, 3 ғылыми мақала Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті ұсынған басылымдарда жарияланған.

    Диссертация құрылымы мен көлемі. Жұмыс кіріспеден, төрт тараудан, қорытындылар мен пайдаланылған түпнұсқалар тізімінен және қосымшалардан тұрады. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі - 230, оның 6 шет ел тілінде. Жұмыс мазмұны 8 кестемен безендірілген. 

    НЕГІЗГІ БӨЛІМ  

    1 Баскетбол сабақтарының  мәні туралы ғылыми-педагогикалық  көзқарастар мен  оның жалпы білім беретін мектептерде жобалануы 

    Ғылыми  зерттеулердің теориялық материалдарын, практикалық тәжірибесін жинақтау негізінде жазылған осы тарауда  дене шынықтыру сабақтарында жас  баскетболшылардың спорттық-техникалық даярлығының бастапқы кезеңін ұйымдастыру мәселелеріне  психологиялық-педагогикалық талдау жасалған.

    Осы мәселенің педагогикалық теория мен практикада  ұйымдастырылуындағы  түрлі салалары мен жасалу дәрежесі ұсынылған. Дене шынықтыру сабақтары  жағдайларында баскетбол ойынының негізгі тәсілдерін, техникасын қалыптастыру арқылы  технологиялық-педагогикалық басқарудың шарттары мен мәнді кездері анықталған. Осы проблеманы шешуге арналған қазіргі көзқарастардың  қағидалары мен идеяларын психофизиологиялық тұрғыдан негіздеу көрініс тапқан.

  «Жалпы білім беретін мектептерде оқу үдерісін басқарудың ғылыми-педагогикалық салалары» деп аталатын 1.1 бөлімшесінде мектептегі оқу жұмысының негізіне бұқаралық жастар спорты мен жоғары спорттық жетістіктердің нәтижелерін дамытуға бағытталған көп жылдық даярлықтың ғылыми негізделген жүйесі жатады. Оқу үдерісі бастауыш, орта және жоғары сыныптардың оқу үдерісінде іске асырылады.

    Сыныптағы оқушылар саны, аптадағы сабақтар саны және олардың ұзақтығы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бағдарламалық–нормативті құжаттары арқылы белгіленеді. Мектептегі негізгі жұмыс түрлері топтық сабақтар, сұхбаттар, үй тапсырмалары, спорттық жарыстарға қатысуы, сонымен қатар жалпы білім беретін мектептерге спорттық сабақтар мен жарыстар ұйымдастыруда көмек көрсету болып табылады [Н.А. Ачкурин, 2003; В.К. Бальсевич, Л.И. Лубышева, 2003].

    Оқушыларға  дене шынықтыру сабақтарын өткізу  оқыту мен тәрбиелеудің жалпы  заңдылықтарына бағынған. Сондықтан  оны іске асыру барысында дене тәрбиесінің жас және жыныстық ерекшеліктерін ескере отырып, осы заңдылықтарды көрсететін жалпы педагогикалық ұстанымдарды басшылыққа алу қажет. Ол ұстанымдарға жататындар: жан-жақтылық, саналылық пен белсенділік, бірте-бірте жасалатын әрекет, қайталамалық, көрнекілік, жеке даралық. Оқу үдерісінің үздіксіздігі негізгі үш қағидаларда көрініс тапқан:

    а) оқу-тәрбие үдерісі көп жылғы және жыл бойындағы сипатқа ие болуы тиіс;

    ә) сабақ барысында әрбір келесі сабақтың әсері алдыңғы сабақтың ізінше қатпарлы әсер қалдыруы тиіс, себебі жас оқушының ағзасында алдыңғы сабақтардың әсерінен пайда болған жағымды өзгерістер беки түсуі және жетіле түсуі қажет;

    б) демалыс жұмыс қабілетін қалпына келтірудің арта түсуі үшін жеткілікті болуы тиіс.

    Дене  жүктемелерін бірте-бірте және жоғары деңгейге арттыру ұстанымы олардың  көлемі мен қарқындылығының, оқушыны дайындауға қойылатын талаптардың бірте-бірте күрделенуінің үздіксіз арта түсуімен байланысты болып келеді.

    Сабақтарды  бір-бірте күрделендіру оқушыны  даярлаудың мүмкіндіктері мен деңгейлеріне сәйкес келіп, олардың спорттық жетістіктерінің үздіксіз арта түсуін қамтамасыз етуі тиіс.

    Дене  жүктемелерінің толқынды түрде өзгеру ұстанымы олардың динамикасының  толқынды сипатын көрсетеді, себебі ол салыстырмалы алғанда оқу –тәрбие  үдерісінің кіші-гірім үзіндісіне, немесе сабақтардың кезеңдері мен тұтас бір дәуіріне де тән болуы мүмкін.

    Спорттық  техника мен оны жетілдіруге  үйрету әдістерінің кез-келген  түрінің  жағымды жақтары бар, бірақ ол  жеке қалпында шапшаң әрі тиімді үйретуді толық қамтамасыз ете алмайды, сондықтан  спорттық техниканы меңгеру барысында барлық әдістер бірін-бірі толықтыратын түрде қолданылады. Олар жиірек бір уақытта пайдаланылады.

          Талдау, жалпы білім  беру мектептерінде оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру мен басқаруға білім беру мен спорттық мекемелерге  тән  компоненттер- мақсат, жалпы және арнайы (арнайылық) міндеттер, әдістер мен қағидалар, оқу кеңістігінде жүзеге асатын, нақты бағыттылығы бар, оқу материалының теориялық және тәжірибелік мазмұны кіретінін көрсетті. Оқушы-спортшының осы білім беру кеңістігіндегі таңдаған жолының басы, мектептегі оқу мерзіміндегі бастапқы кезеңнің де нақты құрылымы немесе мазмұны болады.

      «Оқушылардың баскетбол сабақтарының  оқу-тәрбие үдерісіндегі бастапқы  кезеңі» 1.2 бөлімшесінде баскетбол қозғалыс әрекетінің көптігімен, алуан түрімен сипатталады. Оған жүгіру, жүріс, секіру, лақтыру, қағып алу мен лақтыру, күш және қозғалысты үйлестірудің түрлі жаттығулары кіреді. Бұл жаттығулар ойыншылардың өз командасымен және бәсекелес командамен өзара әрекеттесу жағдайында орындалады. Оқушының ойын барысындағы әрекетінің тиімділігі ойын жағдайына тез баға беріп, ойыншылардың әрекеттерін шапшаң бағалауына, техникалық тәсілдерді жетілдіруіне, дене жағынан дамуына байланысты болмақ [А.А. Аруцев, 2003].

    Арнайылық бағдарлауға қабілетті дамыту мектептердегі сабақ өткізу жүйесінде маңызды орында болуы тиіс, ол кешенді көрсеткіш болып табылады және  оқушының жеке-дара қабілетімен анықталады.  Аталған бағдарлауды дамытудың сыртқы әсері 9-12 жаста байқала бастайтыны анықталған. Осыған байланысты оқытудың бастапқы кезеңінде оқу үдерісін қозғалыс дағдысын және ептілікті  игеруді,  балалардың бойында қозғалыс міндеттерін нақты жағдайды талдау негізінде, өздігінен шеше алатындай етіп тәрбиелеумен бірігетіндей етіп құруға кеңес беріледі.  Бұл үшін аңғарғыштықты,  көру алаңының көлемін, күрделі әрекет ету шапшаңдығын, бір қимылдан екіншісіне тез арада өтуді дамытуға бағытталған дайындық және арнайы жаттығуларды кеңінен қолдану қажет. Ұдайы өзгеріп тұратын жағдайдағы жаттығуларды қолдану да және оларды орындауды өзгертіп тұрудың да маңызы зор.

    Жоғарыда  аталған ерекшеліктер  оқудың кез-келген түрін ұйымдастыру кезінде немесе оның қандай да бір стандартты формасында  автоматты түрде жүзеге аса қоймайды. Мұның өзі спорттық ойындар техникасының күрделігін және олардың орындалу маңыздылығын көрсетеді.

      «Қозғалыс қимылдарына үйретудің технологиялық тұжырымдамалары және оларды баскетбол сабақтарында  ойын техникасын игеру үдерісінде қолдану» деп аталатын 1.3 бөлімшеде үйрету барысында оқушыларды қарапайым ойын кезінде тәсілдерді қолдануға жетелейтіндей етіп, жағдайды күрделендіру қажеттігі қарастырылып отыр.

    Жасөспірімнің бойында қозғалыс дағдысы мен  икемділігін қалыптастыру ұтымды қимылдарды әрі қарай жетілдірудің   негізін  салады. Жасөспірім жекелеген бөліктерді емес, сабақтың басынан бастап тұтас жаттығулардың техникасының негізін меңгеруіне ұмтылу керек. Жасөспірімдермен сабақ өткізгенде баскетбол техникасының негіздері әдетте, жеңілдетілген жағдайда оқытылады. Арнайы дайындықты және дене шынықтыруға жақындатылған және арнайы дайындайтын жаттығулар кешені кеңінен қолданылады.

    Баскетболда  спорттық-техникалық дайындыққа салыстырмалы түрдегі көп уақыт бөлу қажет, өйткені, оқушылар дағдының көптеген техникасын игерулері тиіс.

    Қимыл-қозғалыстарды белгілі реттілікте игеру. Атап айтқанда: дайындалып жүрген оқушылардың оқуға деген жағымды ынтасын қалыптастыру; қозғалыс қимылының мәні туралы білімді қалыптастыру; әрбір НТН бойынша үйренетін қозғалыстар туралы толық түсінікті қалыптастыру; үйренетін қозғалыс қимылын тұтастай игеру. Сөйтіп, қимылға үйрету дегеніміз- бұл  білім алу, қозғалыс икемділігін қалыптастыру және тиісті дене жағынан қалыптасудың қасиеттерін тәрбиелеу. 

      2 Зерттеудің міндеттері  мен әдістері және  ұйымдастырылуы 

      Диссертацияның  осы бөлімінде ғылыми-зерттеу  жұмысының алдына қойылған міндеттері, оларды орындау мақсатымен қолданылған әдістер мен зерттеуді ұйымдастыру кезеңдері жөнінде мәліметтер келтірілген. Олар авторефераттың кіріспе бөлімінде баяндалған. 

    3 Мектептердің  4-ші сынып оқушыларына баскетбол ойыны техникасының негізгі тәсілдерін қалыптастырудағы технологиялық көзқарас 

    Бұл тарауда, І-тараудың қисынын жалғастыра отырып, баскетболды жылдан жылға техникалық-тактикалық шеберлігін шыңдаған, дене жағынан дайындығын арттырған оқушы тәжірибесінің байытылуына сәйкес нақтылап,  оқытудың нәтижелерін талқылаймыз. Сондай жолмен алынған жалпылауды оқушыларды оқытудың бастапқы кезеңіндегі, осы үдеріс үшін міндетті қағидаларымен, оқыту тәжірибесінің жағдайлары мен жаңа қадамын қолдана отырып,  техникалық дайындығын жетілдірудің алғышарты ретінде пайдаланамыз.

      «Баскетбол ойыны бойынша дене шынықтыру сабақтарында оқу үдерісін жаңғырту» 3.1 бөлімшесінде оқушылардың ойын әлуетінің қалыптасу процесіне тигізер объективті факторлардың сипаты туралы нақты түсінік алу үшін  сабақтардың жүйелілігін, олардың баскетбол бойынша бағдарламасына сәйкестігіне мақсатты бағыттылығын талдау мәселесі қарастырылады. 1 кестеде мектептегі оқу- тәрбие үдерісін ұйымдастырудың типтік жағдайларын: негізгі міндеттерін, дайындық түрлерін және соларға бөлінген уақытты сипаттайтын материалдар берілген.

    1 кестеден көретініміздей, дайындықтың барлық түрі бойынша оқытудың 3 жылының әр жылында сағаттар саны бірдей бөлінген,  жекелеген азайтуларды (мысалы, ЖДД, СДД, техникалық дайындық) оқушылардың жоспарланған дайындық деңгейіне қол жеткізгендігімен және ойын мен жарыс тәжірибесінің күш салуымен түсіндіруге болады.

Информация о работе Баскетбол