Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Февраля 2012 в 22:48, автореферат
Зерттеу міндеттері:
1. Технологиялық тәсілдердің жүзеге асырылуының басты бағыттарын баскетбол бойынша ойын техникасын қалыптастыруда қолдану.
2. Динамикалық ойын жағдайларының мазмұнын оқушыларды техникалық дайындаудың бастапқы кезеңінде қолдану негіздемесін беру.
3. Баскетбол ойынының техникасын қалыптастыру технологиясын жасаудың және динамикалық ойын жағдайларын дене шынықтыру сабақтарында қолданудың эксперименталді негіздемесін беру.
4. Оқушыларды дене шынықтыру сабақтарында баскетбол ойынының негіздеріне үйретудің тимділігін арттыру бойынша ғылыми-педагогикалық ұсыныстар түзу.
ӘОЖ 373.5. 016. 026: 796.323.2.011.3 (574) Қолжазба құқығында
ЕСҚАЛИЕВ
МҰХТАР ЗАЙНОЛДАҰЛЫ
Дене
шынықтыру сабақтарында 10-11
жастағы оқушыларды
баскетбол ойыны техникасына
үйретуді оңтайландыру
13.00.04 –
Дене тәрбиесі, спорттық жаттығулар,
сауықтыру және бейімдеу дене
тәрбиесі теориясы мен
Педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін
алу үшін
дайындалған диссертацияның
АВТОРЕФЕРАТЫ
Қазақстан Республикасы
Алматы, 2010
Жұмыс
Қазақтың спорт және туризм академиясында
орындалған
Ғылыми жетекшісі
Х.Ф. Анарқұлов
Ресми оппоненттері
Жетекші ұйым Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық
Қорғау
2010 жылы «27» желтоқсан, сағат 14.00
Қазақтың спорт және туризм академиясының
жанындағы Д 14.41.03 диссертациялық кеңесінде
өтеді. Мекен-жайы: 050022, Алматы қаласы,
Абай даңғылы, 83/85, Факс: 87272926805, телефон
8-727-2923007
Диссертациямен
Қазақтың спорт және туризм академиясының
кітапханасында танысуға болады
Автореферат
2010 жылы «____» қарашада таратылды
Диссертациялық кеңесінің
ғалым хатшысы,
педагогика ғылымдарының
докторы
КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі. Жан-жақты дамыған, ізгілікті тұрғыдан таза және рухани бай адам қалыптастыру мемлекеттің бірінші кезектегі міндеті болып табылады. Оқушы жастардың дене бітімі жағдайына, дене даярлығына республикамыздың саяси, экономикалық және идеологиялық болашағы тәуелді болып келеді.Сондықтан да, жастардың дене бітімінің дамуы, дене даярлығы және салауатты өмір салтын қалыптастырудың маңызды мәселелері мемлекетіміздің Президенті Н.Ә. Назарбаевтың, Үкіметіміз бен қоғам өкілдерінің тұрақты қамқорлығы аясынан табылады.
Жоғарыда аталған мәселелер бойынша соңғы жылдары аса маңызды құжаттар қабылданған: «Білім туралы», «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстанның Республикасының Заңдары, Қазақстан Республикасында Дене шынықтыру және спортты дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған Тұжырымдамасы мен бағдарламасы және басқа да құжаттарда дене бітімінің дамуы, дене дайындығы және салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері мемлекеттік маңыздылыққа ие мәселелер екені атап көрсетілген.
Көптеген әдіс-тәсілдердің ішінде баскетбол алдыңғы орындардың бірінде болғандықтан, оқушылардың қозғалыс белсенділігін арттырудың анағұрлым тиімді құралы ретінде жалпы білім беретін мектептің бағдарламасына 3 сыныптан бастап енгізілген.
Тәуелсіздік алғалы бері республикамызда өзіндік дене шынықтыру жүйесі қалыптасқандықтан, дене тәрбиесі мәселелерін жақсарту мәселелері шешімін тауып, халықаралық деңгейде үлкен жетістіктерге жетіп келеміз. Қазақстандық жүйенің тиімділігі көптеген факторлар арқылы анықталады, олардың арасында спортшы тұлғасының іргетасы қаланатын жалпы білім беретін мектептердегі оқу-тәрбие процесін құру және оның мазмұнын жақсарту маңызды рөл атқарады.
Спорттық
ғылыми-әдістемелік
Мәселені оңтайлы нәтижелер арқылы шешу үшін бірсыпыра себептерге бола өз шешімін таба қоймаған мәселелерді атап көрсеткен жөн деп білеміз:
-
сабақтарда баскетбол бойынша
оқушылардың техникалық және
тактикалық қимылдарын
- ойын тәсілдерін меңгерудің орындалған детерминанттары жеткілікті дәрежеде атқарылмай қалғандықтан, динамикалық ойын жағдайларын және үйретудің құрылымды-қисынды кестесін жобалауды едәуір қиындатады;
- дене шынықтыру пәні мұғалімі мен оқушы арасындағы ақпараттар ағымын тиімді басқару тәсілдері елестетудің әртүрлі түрлеріндегі мәліметтер мен хабарламалар түрінде нақтылана қоймағандықтан, үйрету қарқынын, дене бітімі статусы мен спорттық нәтижелерін едәуір төмендетеді.
Баяндалған мәліметтер бойынша тұтас педагогикалық үрдісте оқушыларды үйретудің бастапқы кезеңіндегі жоғары маңыздылығы мен осы кезеңдегі спорттық-педагогикалық технологияларды жобалау (жоспарлау) жағдайлары мен тәсілдерінің жеткілікті түрде жасалғандығы арасындағы объективті қарама-қайшылық баскетболшы оқушыны қалыптастырудағы көкейтесті мәселе болып табылады.
Зерттеудің түпнұсқасы. Зерттеу жұмысының тақырыбына сәйкес келетін философиялық, педагогикалық, психологиялық, медициналық-биологиялық сипаттағы жұмыстардың түпнұсқаларынан құралады.
Жетекші идеясы. Жалпы білім беретін мектеп оқушыларының дене шынықтыру сабақтарында баскетболмен шұғылдану тиімділігінің шынайы жақсаруы.
Зерттеудің негізделуі. Зерттеу жалпы білім беретін мектеп оқушыларының дене шынықтыру сабақтарының тиімділігін жетілдірудің басымды бағыттарын ескеру арқылы жүргізілген.
Зерттеу нысаны - жалпы білім беретін мектептегі дене шынықтыру сабағы.
Зерттеу пәні - дене шынықтыру сабағында баскетбол ойыны техникасының негіздерін қалыптастыру әдістемесі.
Зерттеу мақсаты - дене шынықтыру сабақтарында баскетбол ойыны техникасының негіздеріне оқушыларды үйрету үдерісінің тиімділігін арттыру.
Зерттеу болжамы. Болжамның ғылыми негізін адамның қоғамдық болмысының жинақталған түрі ретінде болмыс құбылысын өміршең деректерге айналдыруды анықтайтын нәтиже болатындай теориялық ережелер құрайды [В.А. Сластенин, 2000; С.П. Баранов, 2002; Н.А. Алексеев, 1997 және т.б.].
Дене шынықтыру сабақтарында баскетбол ойыны техникасына үйретудің бастапқы кезеңін сабақтар жүйесінде келесі әдістемелік көзқарастарды іске асыру есебінен едәуір жақсарту мүмкіндігі қарастырылды:
-
кезеңдер бойында ойын
- динамикалық ойын жағдайлары (модульдері) негізінде оқу материалы мен оқу сабақтарын құру мазмұнын іріктеу.
Зерттеу міндеттері:
1. Технологиялық тәсілдердің жүзеге асырылуының басты бағыттарын баскетбол бойынша ойын техникасын қалыптастыруда қолдану.
2.
Динамикалық ойын
3. Баскетбол ойынының техникасын қалыптастыру технологиясын жасаудың және динамикалық ойын жағдайларын дене шынықтыру сабақтарында қолданудың эксперименталді негіздемесін беру.
4.
Оқушыларды дене шынықтыру
Зерттеу әдістері: зерттеу тақырыбы бойынша ғылыми және әдістемелік әдебиеттерді теориялық зерттеу, мамандардың тәжірибесін жинақтау, сауалнама жүргізу, баскетболшының дене дайындығы мен арнайы сапаларын тестен өткізу, антропометрлік (дене салмағы, бойы, ӨТС және т.б.), педагогикалық эксперимент, математика-статистикалық өңдеу әдістері.
Зерттеу мәселесі - баскетбол ойыны техникасының негіздерін қалыптастыру үшін спорттық-педагогикалық технологияларды жобалау шарттары мен тәсілдерін жасау.
Зерттеудің әдіснамалық негізін адам туралы қоғамдық және жеке дара дамудың жоғарыдан берілген мәліметі деп білетін философиялық ілім құрайды: жеке дара тұлғаның қалыптасуындағы іс-әрекетінің қоғамдық-тарихи және әлеуметтік-мәдени алғышартының жетекші рөлі туралы. Әдіснама ретінде адамды үйрету мен тәрбиелеуге деген әрекеттестік көзқарасы пайдаланылған.
Зерттеу жұмысының теориялық негізін құрайды:
-
жеке тұлғаның дамудың сыртқы
факторлары мен ішкі
-
оның субъектілерінің
- жұмыс әлеуметтік қайта өзгерту ойларын жасау барысында оларды жобалау мен іске асыруды жүйелеу идеясына негізделген [В.П. Кузьмин, 1986 және т.б.];
- оқыту теориясынан [В.Г. Афанасьев, 1981 және т.б.];
- дене шынықтыру теориясы мен әдістемесі [В.К. Бальсевич, 1992; М.Я. Виленский және т.б.].
Зерттеудің ғылыми жаңалығы:
- дене шынықтыру сабақтарында баскетбол бойынша оқу үдерісінің бастапқы кезеңіне деген технологиялық көзқарастың құрылымы мен функциясы белгіленген;
- динамикалық ойын жағдайларын (модульдерді) пайдалану арқылы баскетболдың негізгі техникалық тәсілдерін кезеңдер бойынша қалыптастырудың педагогикалық технологиясы жасалынған.
Зерттеудің теориялық маңыздылығы. Зерттеу нәтижелері жалпы білім беретін мектеп оқушыларының дене шынықтыру сабақтарындағы дене бітімінің жай-күйін педагогикалық басқару саласындағы білімдерін кеңейтеді және тереңдетеді.
Зерттеудің тәжірибелік маңыздылығы тұрады:
-
баскетболшы оқушылардың
-
баскетбол тәсілдеріне үйрету
тиімділігін едәуір арттыруға
мүмкіндік беретін арнайы
Зерттеу нәтижелерінің шынайылығы қамтамасыз етіледі:
-
теориялық, әдіснамалық,
-
тәжірибеге қатысушыларды
-
жүргізілген зерттеулердің
-
зерттеу әдістерінің
-
диссертация авторының ғылыми-
Қорғауға ұсынылған қағидалар: