Дипломатиялық келіссөздерді жүргізу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Марта 2013 в 18:54, курсовая работа

Краткое описание

Тақырыптың өзектілігі. Келіссөздер – дипломатиялық қызметтің негізгі формаларының бірі болып табылады. Халықаралық келіссөздер көптеген халықаралық мәселелерді шешудің негізгі құралы ретінде шыға алады. Халықаралық қатынастарды реттеуде дипломатиялық келіссөздердің рөлі жоғары. Дипломатия қарастырылып отырған мәселе бойынша келісімге келу, ақпарат алмасу, даулы мәселелерді шешу секілді мемлекеттер, мемлекеттің өкілдері арасындағы процесс болып табылады. Келіссөздердің дипломатияның құралы ретіндегі маңыздылығы көптеген мемлекеттік қайраткерлер мен дипломаттармен айтылған. Келіссөздер туралы ежелгі философтар, содан кейін «халықаралық құқық әкейлері» де айтқан еді. Осы салада арнайы жұмыстар XVIII (б.з.912) пайда болған

Содержание работы

КІРІСПЕ ............................................................................................................

ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ КЕЛІССӨЗДЕРДІ ЖҮРГІЗУ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Келіссөздерді жүргізу әдістері және олардың тактикалары........4
1.2 Келіссөздер жүргізудегі үшінші тараптың рөлі: «үшінші тарап» түсінігі, мәні мен мақсаттары.......................................................................7
1.3 Дипломатиялық қабылдаулар -дипломатиялық келіссөздер формасы ретінде..............................................................................................................9
ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ КЕЛІССӨЗДЕРДІҢ РӨЛІ
2.1Дипломат сұхбаты келіссөздердің қайнар көзі ретінде: этика және тактика............................................................................. ................................12
2.2 Қақтығыстарды шешудің келіссөздік жолы: batna және келіссөздер кеңістіктері.................................................……..............................................14
2.3 Қақтығыстарды реттеудің негізгі принциптері мен кезеңдері. Келісімдер түрі...............................................................................................15
2.4 Келіссөздердің қорытынды құжаттары...........................................17

ҚОРЫТЫНДЫ............................................................................................19
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ........................................20

Содержимое работы - 1 файл

дикс дипломатиялык келиссоздерди жургизу-Дикс курсовая1.doc

— 160.50 Кб (Скачать файл)

Қабылдауға шақырған қонақ келе ала ма, жоқ па, алдын - ала білу керек бланктың төменгі  оң жақ бұрышында RSVP (франц.-жауап  беру өтініші) жазылады. Шақыру бланкі екі апта бұрын таратаылады. Жауапты  көп күттіру немесе жауап  қатпау - әдепсіздікке жатады. Жауап үшінші жақта жазылады, қол қойылмайды. Жауапты телефонмен де беруге болмайды.

 

 

 

 

 

 

                  2. ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ КЕЛІССӨЗДЕР РӨЛІ

 

2.1 Дипломат сұхбаты  келіссөздердің қайнар көзі ретінде:  этика және тактика

 

       Өз тәуелсіздіктеріне қол жеткізген мемлекеттер үшін, басқа мемлекеттермен олардың егемендігін дипломатиялық мойындау  сұрағының саяси мәні зор.

Қабылдаушы мемлекеттердің әртүрлі  өкілдермен, дипломатиялық корпус бойынша  әріптестермен сұхбат жүргізудің өзі өнер болып табылады. Сұхбат барысында түскен, баспасөз беттерінен оқыған ақпараттарды зерттеп талдағаннан кейін, үкіметтің ішкі және сыртқы  саясаты туралы нақты сурет қалыптасады.

Дипломатқа қабылдаушы мемлекет туралы көп білу керек. Өзіне сәйкес тұлғаға сапар жасағаннан кейін, елшіге екі мемлекет арасындағы саяси, экономикалық, мәдени және т.б. байланыстарды қабылдаушы мемлекеттің ресми өкілдері қалай бағалайтындығын білу маңызды болып табылады. Осындай бағаға ол, үкімет мүшелері мен әртүрлі ведомстволар  өкілдері,  ғылым, мәдениет қайраткерлерімен және де журналистермен сұхбат барысында қанық бола алады.

«Дипломатиялық сұхбат» түсінігінің  мәні өте кең. Ол деңгейі, мазмұны, формасы бойынша әртүрлі байланыстарды қамтиды.  Мәселен, мемлекет басшысы елге ресми сапармен келген басқа мемлекет басшысымен сұхбат жүргізеді. Сондықтан, осындай сұхбаттарға өте жауапты дайындық жұмысы жүргізіледі.

Сыртқы істер министрінің елшілермен және шетел әріптестірмен сұхбаттары дипломатиялық топтарда және қоғамда аса қызығушылық танытады. Мұндай жағдайда өте компетентті сұхбаттасушы болу керек.

Әйтпесе, күлкілі жағдайға қалып қалу жаналық емес, мәселен Францияның сыртқы істер министрі А.Брианмен (1862-1932) болғандағыдай. Бір күні ол шетел елшілерін қабылдап жатса керек. Сұхбат соңында оның көмекшісі  оған тағы да Венесуэла елшісі келіп тұр десе, министр, азиаттық істермен ертең айналысамын деп жауап қатыпты. [ 7, с, 62].

Алайда атташе де сұхбатқа өте жақсы  дайындалу керек, тек елші ғана емес. Сұхбатқа алдын-ала дайындалып, барлық болатын сұрақтарды қарастырып ойластырған жөн.

Кейде «Кездейсоқ сұхбаттар» болып жатады, бірақ елдегі болып жатқан оқиғалардың өзінен-ақ сұхбаттың қалай болатынын алдын-ала білуге болады. Тіпті дипломатиялық таңғы ас немесе түскі ас кезінде көпкісілі қабылдауларға қарағанда онда ақпараттар мен пікірлер алмасудың өзі қолайлы жағдай болып көрінеді. Бірақ әрбір байланыс сұхбатқа әкеле бермейді.

Жаңа ғана танысқан сұхбаттасушыдан  дипломаттың қандай-да бір мағлұматты біліп қалуы әдепсіздікке жатады. Сұхбат барысында әр сөзге шыдамдылық, сабырлылық таныту керек, бір тақырыптан екінші тақырыпқа кетіп қалу әдепсіздікке жатады. Сұхбаттасушының сол тақырыпта әнгімелескісі келетіндігін дипломат сезу керек. Егер сұхбаттасушы нақты бір талқылаудан жалтарса, онда әңгімені басқа күнге қалдырған жөн немесе басқа сұхбаттасушыны табу керек.

Дипломаттың қабылдаушы мемлекет өкілімен немесе шетел елшілігінің қызметкерімен сұхбаты барысында ешқандай қызықты нәрсе айтыла қоймаса да, ондай байланыстың өзі де жақсы қарым-қатынасқа айналып кетуі де әбден мүмкін. Сұхбат өте мұқият дайындықты талап етеді.  Сондықтан қоятын сұрақтарды бір күн бұрын қарастыру керек. Сосын елшілікте немесе СІМ – де ресми құжаттарды біліп, танысып,тараптардың пікірлерін салыстыру керек, сосын барып жаңадан дәлелдемелер дайындау керек.

Дипломат өзінің позициясын бірден көрсетпеуі керек және сұхбаттасушы егер де, конструктивті сұхбатқа дайын болмаса, сұхбаттты басқа күнге қалдырған жөн.

Уақытты қолдана білу де маңызды  болып табылады. Кайта-қайта сағатқа қарай беру әдіпсіздікке жатады, ол әнгіменің біткендігін білдіретін белгі болып қарастырылады. Уақытты дұрыс пайдалана білу бірнеше сұрақтарды талқылауға мұмкіндік береді. Сұхбат кезінде ең маңызды дереу сұрақтардан бастаған жөн. [8, с, 16].

Сұхбаттасушының өмірбаянын, жеке мүдделерін, сүйікті ісін білу де артық болмас. Амандасып, қысқаша жылы ілтипат білдіргеннен кейін, сұхбатты бастай отырып, жергілікті баспасөз беттеріне әлі түсе қоймаған өз елінде енді болып жатқан жағдайды айту пайдалы. Мысалға,мынадай мәлімдемені алып қарасақ: «Сізге қазір Қазақстанда сіздің еліңіздің делегациясымен болған келіссөздер табысты аяқталғандығын айту мен  үшін үлкен қуаныш. Мәдени-ғылыми ынтымақтастықты келешекте жалғастыру екі ел арасында өзара тиімді, пайдалы болатындағына сенімдімін». Міне, осындай әнгіменің осылай басталуы сұхбаттасушыға қолайлы ынтық тудыру мүмкін. [9, с,22].

Сұхбатқа жақсылап дайындалып айтар  әнгімесін тыңдарманға жақсы  әсер қалдыратындай жеткізудің өзі  өнер.Әрбір сөз орынды айтылуы  тиіс, абайсызда айтылып қалған сөз екі мемлекеттің арасындағы қарым-қатынастардың нашарлауына әкеліп соқтырады. Нағыз дипломаттың ойы әрқашанда жинақы, тыңдарманға ойын жақсы жеткізе алатын, мұқият тындай алатын, дауыс ырғағы не жоғары, не өте төмен емес, тиянақты, сабырлы, ақылды, ұқыпты, шыдамды, мінезі бірқалыпты адам болу керек. [9, с, 94].

Бірінші сәтсіз өткен сұхбаттан  өзінің серіктесін және оның позициясын жаман бағалау үлкен қателікке  жатады. Өйткені, тұйық мінезді, аз сөйлескіш  сұхбаттасушының өзі бір қарағанда жаңа айтып кеткендей, осал көрінгенмен, соңында ол керісінші  ақылды, білгір болып шығуы мумкін. Ал оның бастапкы позициясы тек сақтықпен түсіндіріледі.

Тәжірибелі дипломаттардың пікірін  де білу пайдалы іс. Этикет сұхбаттасушы жағымсыз нәрселер айтса да сөзді ең аяғына дейін тыңдауды талап етеді. Сұхбат кезінде басты сұраққа нақты жауап беру керек, сондықтан жауап бермес бұрын, жақсылап ойланып алу қажет.

Әрбір «ұсақ» нәрселер  де үлкен  абайламаушылыққа әкелуі мүмкін. Күмәнді фактілерден абай болған жөн, сондықтан ресми фактілерге сүйену керек.

Сұхбат соңында күнделік жазылады. Онда сұхбаттасушының тегі, лауазымы, дипломаттық дәрежесі, сағаты, күні, сұхбат қанша уақыт жалғасқандығы туралы, сұхбаттың қай жерде болғанын, кімнің бастамасы бойынша басталғандығын, бетпе-бет өтті ме, я болмаса аудармашының көмегімен өтті ме, осылардың бәрін күнделікте жазу керек. Күнделікте дипломаттың да жауаптары жазылады. Сұхбат барысында көтерілген манызды дереу сұрақтар, тез арада өз еліне шифрлік жеделхат арқылы жіберіледі.

Едәуір толыққанды акпарат, сондай-ақ күнделік дипломатиялық пошта арқылы жіберіледі. Жас дипломаттардың жиі жасайтын қателіктері- олар күнделікті дұрыс рәсімдей алмайды.

Сонымен, дипломат сұхбаты дипломатиялық  қызметтің маңызды құралы болып  табылады. Өйткені дипломатияның мақсаты-шиеленістерді  шешу, компромистерді табу, мемлекеттер арасында достық қарым-қатынастарды дамыту, халықаралық проблемаларды бейбіт жолмен шешу.

     

2.2 Конфликттерді шешудің  келіссөздік жолы: batna және келіссөздер  кеңістігінің түсініктері.

 

        Қазіргі қақтығыстарды реттеудің кең таралған әдістері - келіссөздер, тараптарды келісімге шақыратын делдалдар. Осы әдістер XX ғғ дейін кең таралған.

Қақтығыстарды бейбіт түрде шешу регламентациясы, І Бейбіт Гаага конференциясы 1889 жылы қабылданған халықаралық қақтығыстарды бейбіт шешу туралы Конвенцияда көрініс тапқан. ІІ Бейбіт Гаага конференциясы оны 1904 жылы бекітті. Алайда, келіссөздер бейбіт реттеу құралдары ретінде 1907 жылы Гаага конвенциясында және де  қайшылықтарды бейбіт шешуге байланысты басқа да халықаралық келісімшарттарды да ескереді. Қақтығыс кемеліне жеткенде, тараптар үшінші жақтың көмегіне сүйену керектігін түсінеді.

Американ авторлары Р.Фишер және У.Юри қақтығыс тараптары арасындағы келіссөздерің басталуы себебі жақсы нәтижеге ұмтылу деп жазған. Ол қандай нәтижелер? Авторлар арнайы BATNA терминін енгізді (ағылш. «Best Alternative to a Negotiated Agreemеnts»). BAТNA стандарты қақтығыс тараптарының тиімсіз шешім қабылдауларын тойтаратын стандарт. Барлық мүшелер келіссөзден  артық альтернатива таба алмайтындарына көз жеткізген кезде, ортақ шешімді  іздеуге  бағытталған келіссөздердер  басталады. Келіссөздерге түсе отырып , қақтығысты реттеу бойынша мүшелер әртүрлі альтернативалар карастырады [2, с, 53].

Оқиға өрбіген сайын, мүшелер барлық нұсқаларды қарастыра отырып, келіссөздің  қандайда да бір альтернативасы  ең жақсы альтернативаға яғни BATNA-ға айналуы мүмкін.

Ресей авторлары Загорский А.В, М.М. Лебедева осындай жағдайлар  бұрынғы  Югославия, Нагорный Карабахтағы  қақтығыстарда болған дейді.  Қақтығыс мүшелері келіссөзге келмей тұрып, қай жерде дискуссия өте алатын, қай жерде келісімге қол жеткізу мүмкін болатын облысты анықтап алады. Бұл облыс келіссөз кеңістігі деп аталады. Қақтығыс реттеу бойынша ортақ әрекетттедр туралы шешім қабылдамас бұрын, оның мүшелері келіссөз кеңістігі мен BATNA –ны салыстырады. Тараптар арасындағы уағдаластық тек сол кеңістік ішінде ғана бола алады.

BATNA  сияқты келіссөз кеңістігі  тараптардың өзара әрекеттері негізінде өзгере алады,  тіпті жоғалып  кетуі де  мүмкін егер тараптар қарсылыстыққа қайтадан келуге  мәжбүр болса. Алайда, кейбір жағдайларда қақтығыс тараптары  проблеманы шешудің мүмкін еместігіне көз  жеткізсе, онда олар келіссөз кеңістігінсіз-ақ келіссөздер бастай береді.

Қорытындыласақ,осы тарауда келіссөз кеңістігі деген ұғым жиі кездеседі.Келіссөз кеңістігі деп отырғанымыз-келіссөз өткізілетін аумақ  деп саналады. BATNA стандарты бойынша мемлекеттер шиеленіскен жағдайда жақсы нәтижеге ұмтылуы әбден ықтимал.Яғни,ол бойынша тараптар келісе отырып екі жаққа да тиімді шешім қабылдауға тырысады.

   

2.3 Конфликттерді реттеудің  негізгі принциптері мен кезеңдері.  келісімдер   түрі

 

     «Біртіндеу» (постепенность) принципі қақтығысты реттеу процесіндегі маңызды шарт болып табылады. Біртіндеу принципі тараптарды дайындауға рұқсат етеді: көзқарастарды білу, шешімнің әртүрлі нұсқаларын қарастыру, сосын барып, түпкілікті шешімге келуді қарастырады. Одан басқа да біртіндеу принципі тараптардың бір-біріне деген сенімін арттырады. Бір келісімге  келгеннен кейін, олар  екішісіне  көшеді: Загорский А.В., Лебедева М.М. жазғандай, «біртіндеу»  принципі әрқашанда   қолданыла бермейді, егер де оқиғалар тез қарқынмен дамып кетсе, қақтығысты  біртіндеп реттеу жолдары орынсыз болып қалады береді. Осы принциптің негізінде 1962жылы американ зерттеушісі Ч. Осгуд ұсынған әдіс құрылады, оның аты «Қысымды бәсендету бойынша біртіндеу және өзара инициативалар. Ол кейіннен «Қысымдарды біртіндеп бәсеңдету» деп аталды. Қысымдарды біртіндеп бәсеңдету қақтығысушы тараптар  арасындағы қысым мен үрейді тойтару шараларын қарастырады, тараптардың бірі ынтымақтастыққа бағытталған әрекеттерді  жариялайды, екінші тарапты да жауап беруге шақырады.  Егер екінші тарап оң жауап берсе, онда бірінші тарап келесі қадам жасай алады. Ал екінші  тараптың жауабы теріс болса, бірінші тарап екінші, тіпті үшінші қадамға дейін бара алады.

Бұл жеңілдіктер (уступка) өзара сенім  құруға бағытталған және ынтымақтастық  еткісі келетіндіктерін білдіреді. Алайда қысымды бәсеңдетуге  бағытталған жауап бастамашы  ойлағандай болмауы мүмкін. Мәселен, АҚШ атмосферада жарылыстарға тыйым салғанда, КСРО тарапынан аналогиялық әрекет жасалмай, керісінше жаңа  бомбаларды  өндіруді тоқтатылды. Загорский А.В., М.М. Лебедева жазғандай біртіндеу принциптері бірнеше фазадан тұрады:

 

    • жаугершілік әрекеттерді тоқтату;
    • диалогты бастау, келіссөздерге дайындық  жүргізу;
    • келіссөз процесін бастау;
    • келісімдерді орындау.

Бірінші екі фаза  қақтығысты реттеу бойынша тараптардың ортақ әрекеттерін  қарастырмайды. Бірінші «тұрақтандыру фазасының» негізгі міндеті – қарсыластықтың деңгейін төмендету,  қақтығыстың әрі қарай дамуына жол бермеу, қатынастарды реттеуге көше алатындай жағдайды тұрақтандыру.

 «Коммуникациялық фазада, негізгі  міндет -  қарулы қақтығыс  мүшелерінің  арасындағы проблемаларды талқылауды стимулдау. Сондықтан, тараптар біржақты шешімдерден ортақ шешім қабылдауға көшу керек, ол әрине тараптар арасында  коммуникация  каналы қалыптасқанда ғана болады. [10, с, 70].

 Сондай-ақ тікелей коммуникациялық  (қақтығысушы  тараптар  арасында  тікелей ақпараттармен алмасу) және тікелей емес  коммуникациялық каналдар деген бар. Өз  кезегінде, тікелей және тікелей емес коммуникациялар деңгейге байланысты ресми және бейресми болып бөлінеді.

Коммуникациялық фазада бір мезгілде келіссөз кеңістігі іздестіріледі. Үшінші фаза  «келіссөз» деп аталады, ал соңғы  фаза  келісімдерді жүзеге асыру (имплементация) деп аталады, сондықтан ол имплементациялық фаза  деп аталуы мүмкін.

Қақтығыста кем дегенде екі қатысушы болады,  сондықтан біртіндеу принципі Загорский А.В., М.М. Лебедеваның айтқанындай,синхронды принцип  болып табылады . Ол дегеніміз, тараптар бір мезгілде бір фазада болулары тиіс, егер олардың біреуі алдыңғы фазаларына қайтып келсе, нәтижесінде екінші тарап та соны істейді. Сөйтіп басталған  келіссөздер тез арада тоқтатылады. [10, с, 77].

Жалпы  жоспарда бейбіт келісімдерді  бекіту  үш кезеңге бөлінеді.

Бірінші кезең - әрбір тарапты келіссөз үстеліне қалай тартуға  болады деген  сұраққа қатысты. Әдетте қарастыруға  тура келетін проблемалар мыналар: келіссөздерді жүргізетін тұлғаларды қайтару, айдаудан, абақтыдан босату; олардың физикалық қол сұқпаушылығына кепілдік беру; келіссөздерді жүргізу сәтінде әскери қимылдарды шектеу. Осы мәселелерді шешуде мынадай шаралар қабылдануы мүмкін: келіссөздер қатысушыларының амнистиясы; өртті тоқтату туралы келісім. Осындай келісімдер келіссөздердің күн тәртібін құрайды.

Информация о работе Дипломатиялық келіссөздерді жүргізу