Дипломатиялық келіссөздерді жүргізу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Марта 2013 в 18:54, курсовая работа

Краткое описание

Тақырыптың өзектілігі. Келіссөздер – дипломатиялық қызметтің негізгі формаларының бірі болып табылады. Халықаралық келіссөздер көптеген халықаралық мәселелерді шешудің негізгі құралы ретінде шыға алады. Халықаралық қатынастарды реттеуде дипломатиялық келіссөздердің рөлі жоғары. Дипломатия қарастырылып отырған мәселе бойынша келісімге келу, ақпарат алмасу, даулы мәселелерді шешу секілді мемлекеттер, мемлекеттің өкілдері арасындағы процесс болып табылады. Келіссөздердің дипломатияның құралы ретіндегі маңыздылығы көптеген мемлекеттік қайраткерлер мен дипломаттармен айтылған. Келіссөздер туралы ежелгі философтар, содан кейін «халықаралық құқық әкейлері» де айтқан еді. Осы салада арнайы жұмыстар XVIII (б.з.912) пайда болған

Содержание работы

КІРІСПЕ ............................................................................................................

ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ КЕЛІССӨЗДЕРДІ ЖҮРГІЗУ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Келіссөздерді жүргізу әдістері және олардың тактикалары........4
1.2 Келіссөздер жүргізудегі үшінші тараптың рөлі: «үшінші тарап» түсінігі, мәні мен мақсаттары.......................................................................7
1.3 Дипломатиялық қабылдаулар -дипломатиялық келіссөздер формасы ретінде..............................................................................................................9
ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ КЕЛІССӨЗДЕРДІҢ РӨЛІ
2.1Дипломат сұхбаты келіссөздердің қайнар көзі ретінде: этика және тактика............................................................................. ................................12
2.2 Қақтығыстарды шешудің келіссөздік жолы: batna және келіссөздер кеңістіктері.................................................……..............................................14
2.3 Қақтығыстарды реттеудің негізгі принциптері мен кезеңдері. Келісімдер түрі...............................................................................................15
2.4 Келіссөздердің қорытынды құжаттары...........................................17

ҚОРЫТЫНДЫ............................................................................................19
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ........................................20

Содержимое работы - 1 файл

дикс дипломатиялык келиссоздерди жургизу-Дикс курсовая1.doc

— 160.50 Кб (Скачать файл)

Ал принципиалды келіссөзде тараптардың позицияларды мен мүдделері  ортақ болып келеді.

Мәселелердің шешілуіне  де мынадай  тактикалық әдістер де  септігін тигізе алады:

  • ортақ зона шешімдерін іздеу (бастапқыда ортақ формула, сосын детальдар  келісіледі);
  • компромисстерді қолдану;
  • партнерлердің өзара мүдделерін ескертетін ұсыныстарды енгізу;
  • проблемаларды фрагменттерге бөлу.

Ең басында жеке элементтерді шешу мүмкіндігі қарастырылады.

Олардың біреуін шешу мүмкін болмаса, талқылау мен шешімді  кейінге  қалдырған жөн. Осындай  жағдайда уағдаластық толық сипатта  болмайды. Алайда, егер осы уағдаластық  тараптарды  біраз қанағаттындырса, уағдаластықты өзара қатынастарда алғашқы қадам деп санауға болады. Көпжақты келіссөздерде бәрін қанағаттыра алатын шешім табу өте қиын. Сондықтан олар  блоктық тактикаға жүгіреді (ортақ мүдделері бар партнерлер ортақ блок болып шығады). [3, с, 38].

Қабылданатын шешімдер блоктың  ішінде  келісіледі, сосын блок арасында.

Егер серіктес өзін адал  ұстамағандығы білініп қалса, «кір әдістерді ұстайды»,  оған солай жауап бермеу керек.

Ондай кезде:

  • партнердің осындай тәртібінің себебін талқылау керек (кейде партнерлерді ауыстырады);
  • келіссөздерде  іскерлік атмосфера құру керек;
  • кідіріс ұсыну керек, сол кезде сарапшылармен кеңес жүргізу керек.

Келіссөздер тактикасы дайындық кезеңінде де қарастырылуы керек, алайда көптеген  зерттеулер, дипломаттар айтқандай, ол тоқтап қалмауы керек, әйтпесе уағдаластыққа жету процесі үзіліп қалуы мүмкін. [4, с, 95].

Қорытындылай келсек,келіссөздерді  жүргізудің бірнеше тактикалары  бар.Себебі,қақтығыстар оңай түрде  шешіле салмайды.Оған нақты ойластырылған  іс-әрекеттер жиынтығы қажет.

 

 1.2 Келіссөздер жүргізудегі үшінші тараптың рөлі: «үшінші        тарап» түсінігі, мәні мен мақсаттары

 

    «Үшінші тарап» түсінігі  өте кең және өзіне  мынадай  терминдерді қосады: «делдал», «келіссөз процесінің жүрісін бақылау», «арбитр».

Үшінші тарап қақтығысқа не дербес, не қақтығысушы тарапының өтініші  бойынша  шыға алады. Үшінші тараптың бірінші міндеті - тараптарды және қақтығыс проблемасын анықтау. [5, с,23].

Үшінші тараптың екінші міндеті  – сол тараптардың өздерін  шақыру, және  олардың қарама – қайшы мүдделерін  талқыға салу. Үшінші тарап қақтығысқа  қатысушылардың  біреуіне көмек көрсету үшін  араласпайды,  керісінше оған бейбіт реттеу  мақсатында  араласады.

Үшінші тараптың ықпалы әртүрлі  болады. Ықпал ету  құралдарының ішінде екі топ болады:

Бірінші топ -бейбіт шешімді табуға  көмектесетін, көндіретін топ;

Екінші топ - мәжбүрлеу, қысым көрсету  тобы болып табылады.

Бірінші топта  қақтығысты реттеудің бейбіт құралдары бар: ізгі қызмет (добрые услуги); делдалдылық; тергеу және  келісімді комиссия.

Ізгі қызмет және  делдалдық орта ғасырлардан бастап  кең таралған, және 1907 жылы Гаага конвенциясында да  көрініс тапқан. Ізгі  қызмет пен   делдалдық көрсетуде үшінші  тарап  бастамашы болып, өзінің  дауды шешудегі  тиімді шарттарын ұсынады, қысымды бәсеңдетеді, бірақ оның  дауды  нақты  шешуі,  тараптар үшін міндетті болып табылмайды.

Бақылаушы да тараптар арасындағы қысымды  бәсендетіп, бұрын қабылданған келісімдердің  орындалуын қадағалап отырады.

Қақтығысты  бейбіт реттеу құралдарының тағы біреуі – комиссияның құрылуы.

Тараптармен  паритетті түрде  халықаралық тергеу комиссиясы  құрылады, ал кейде  үшінші мемлекеттің  өкілі басшылығымен. Тараптар комиссия қорытындыларын өз қараулары бойынша  қолдана алады.

Халықаралық келісімді комиссия тараптарға ұсыныстар  бере алады, ал ол ұсыныстар тараптар  үшін міндетті болып табылмайды.

Бейбіт реттеудің тағы бір дәстүрлі  құралы – халықаралық арбитраж  болып тыбылады, тәжірибеде оның  табысы өте аз. Халықаралық арбитраж - дауды бейбіт реттеу мақсатында тараптармен еркін құрылған топ, оның  шешімі  тараптар үшін  міндетті болып келеді. [5,с, 25].

Үшінші тарап ретінде  жеке арбитр шыға алады, ол үшініші мемлекеттен  құрылған  арбитр тобы,  қақтығысушы  тараптардан  паритетті негіздегі  арбитр тобы және  нейтралды  төраға жанындағы - суперарбитр болады.

Сот талқылауы (разбирательство) негізінен  третей сияқты, тек олардың  айырмашылығы  құрамындағы адамның санына байланысты.

Алғашқы  тұрақты  халықаралық  сот - Халықаралық сот тұрақты   Палатасы болып табылады, оның статуты  Ұлттар  Лигасында қабылданған 1920 жылы, 1921 жылы ол өз күшіне  енді. Палата өз  тіршілігін 1946 жылы ресми түрде  тоқтатып, сол уақытта  30 мемлекеттің мүддесіне  байланысты 65 жұмыс  атқарыпты. Екінші дүние жүзілік соғыстан  кейін, БҰҰ-ның  Халықаралық Соты  кұрылады.

Үшінші тарап  сондай-ақ  әртүрлі  шектеулер мен  мәжбүрлеу  колдана  алады, мысалы  экономикалық көмек  көрсетуден бас тарту,  санкцияларды қолдану; тараптар үшін бітімгершілік  күштерді енгізу.

Осы  шаралар кейде  уағдаластыққа  қол жеткізгеннен кейін де,   келісімнің орындалуын қамтамасыз ету үшін тараптарға қолданылады  .

Бейбітшілікті қолдау операцияларының  жұмысы:  бітімгершілік  күштерін жіберу болып табылады.

Бітімгершілік күштері  қақтығыс  қарулы күреске айналғанда,  жіберіледі. Мәселен, 1948 жылы (ООНВУП) БҰҰ-ның бітім  шарттарын  орындау бойынша  бақылау Органы. 1992 жылы БҰҰ  ЕҚЫК-ке бейбітшілік операцияларынын  жүргізуге өкілдік берді.

Санкциялар  енгізу: оларды халықаралық  ұйымдар  шешімдері бойынша немесе  мемлекеттердің бастамалары бойынша енгізіледі. Санкция: сауда, қаржы, саяси санкциялар болып бөлінеді. Санкциялар негативті салдарларға әкеліп соқтыруы мүмкін

 Біріншіден, санкциялардың конфликтті  саяси реттеу проблемаларын өздері  шеше алмайды.

Екіншіден,  санкциялар конфликттің жалғасуын қолдайтын ұлттық лидердің күшеюіне әкелуі мүмкін.

Үшіншіден, санкциялар сол елдің  экономикасына ғана емес, сонымен  қатар оларды енгізіп отырған  елдің де экономикасына кесірін  тигізеді.

       Қорытындылай келсек, конфликтті реттеу дегеніміз - элиталар арасында бейбітшілікті орнату.

       Келіссөздер мен делдалдық  әр тараптың ең жоғарғы деңгейінде(элиталар деңгейінде) жүзеге асырылуы қажет.

 

 

1.3 Дипломатиялық қабылдаулар  – дипломатиялық келіссөздер  формасы  ретінде

 

 

     Дипломатиялық қабылдаулар – үкіметтік, сыртқы істер ведомстволарының, дипломатиялық өкілдіктердің және дипломаттардың сыртқы саяси қызметтерінің жалпы қабылданған және кеңтаралған формаларының бірі.

Қабылдаулар елшіліктің қабылдаушы мемлекетпен байланысты әрі қарай дамытуына септігін тигізеді. Қабылдаулар маңызды оқиғалар (ұлттық мерекелер, юбилейлер, келісімдердің жылдығы, елге делегациялар немесе аса құрметті қонақ келгенде) кезінде өткізіледі. Қабылдауларда шетел дипломаттары өз елдерінің саясатымен таныстырады, қабылдаушы мемлекет туралы ақпараттар жинап, маңызды халықаралық проблемалар бойынша пікірлермен алмасады. [6, с, 12].

Біздің халықаралық  хаттамада, барлық елдерде қабылдаулар күндізгі, кешкі, жайғастыру (рассадка), жайғастырмау қабылдаулары болып бөлінеді. Шампан бокалы ереже бойынша сағат 12 де басталып, бір сағат көлемінде болады. Бұл қабылдауға себеп ұлттық  мерекенің жылдығы, елшінің кетуі, елге делегацияның келуі, көрменің ашылуы болуы мумкін.

Қабылдау кезінде қонақтарға шампаннан басқа тағы да басқа сусындар (шарап, шырында, минерал су) ұсынылуы мүмкін. Сусындар мен дәмтатымдарды даяшылар таратады. Бұл қабылдау өте  қарапайым болғандықтан, үлкен дайындықты қажет етпейді.

 Таңғы ас – дипломатиялық  қабылдаудың ең кең таратылған  түрі.

Танғы ас сағат 12-15 аралығында ұйымдастырылады. Таңғы ас менюі ұлттық дәстүр бойынша жасалынады. Меню екі-үш суық дәмтатымнан, бір балық немесе ет және десерттен турады.

Таңғы ас алдында қонақтарға  шырындар ұсынылады. Таңғы ас барысында  құрғақ жүзім шараптары, ал соңында шампан, кофе, шәй беріледі. Таңғы ас  әдетте біржарым сағат жалғасады, бір сағат үстел басында, ал 30 минут кофе, шәйға арналады (кофе, шәй қонақ бөлмесінде де беріледі). Қонақтар ереже бойынша күнделікті киімдерінде келеді, егер киім формасы шақыруда ескерілмесе.

Кешкі қабылдаулардың бірнеше  түрі болды.

«Коктейль» сағат 15-18 екі сағат көлемінде болады. Қабылдау кезінде, даяшылар сусындар мен суық дәмтатымдар таратады, ыстық тамақтар да берілуі мүмкін.

Кейде буфет ұйымдылады, онда даяшылар сусындар ұсынады. «а ля фуршет» қабылдауы «коктейль» сияқты сол уақыттарда өткізіледі.  Алайда фуршетті қабылдауда ыстық тамақтары бар үстелдер жасалынады. Қонақтар үстелдерге өздері келіп, дәмтатымдар алып болған соң, басқалар алу үшін,  ары қарай  жүріп кете  береді.

«Коктейль» және «а ля фуршет» қабылдаулары түрегеліп ұйымдастырылады. Соңында  қабылдаудың салтанатын ерекше қылу үшін шампан, балмұздақ, кофе ұсынылады. Егер қабылдау ұлттық мереке болғанда немесе құрметті қонақ үшін жасалса, қабылдаудың соңында кішігірім  концерт ұйымдастырылады немесе фильм көрсетіледі. Онда шақыру билеттерінде киім формасы ескеріледі. Түскі ас құрметті қабылдау түріне жатады. Әдетте ол сағат 20 немесе 20.30 басталады Түскі ас менюі ұлтық дәстүрлерге байланысты екі-үш суық дәмтатымдар, бірінші ыстық балық, бірінші ыстық тамақ және дсерттен тұрады.

Сусындар таңғы астағы сияқты беріледі. Түскі ас әдетте екі-үш сағат жалғасады. Үстелден кейін, қонақтар әнгімелесуге қонақ бөлмеге барады, онда кофе, шәй беріледі. Түскі аста қонақтар арнайы киім киеді (ерлер – смокинг және  фрак, әйелдер – көйлек).

Кешкі ас сағат 21:00 де басталады. Обед – буфет кешігірім үстелге 4-6 адам жайғасады. Онда да дәмтатымдар, сусындар беріледі. Қонақтар дәмтатымдар  алып өз қараулары бойынша үстелге  жайғасады.

Мұндай қабылдау концерт, фильмнен кейін ұйымдастырылады. Кешкі  қабылдауларға, сондай-ақ «шәй» 16-18 сағат аралығында ұйымдастырылады, ереже бойынша әйелдер үшін, Сырт Істер министрінің жұбайы елшілер жұбайларын «шәйға» шақырады. Қабылдаудың бұл формасы дипломатиялық өкілдіктердер  басшыларының жұбайлары сыртқы істер министріне қоштасу сапарын жасағанда қолданылады. Шақырылулар санына сәйкес «Шәй» үшін бір немесе бірнеше үстелдер ұйымдастырылады. Онда конфеттер, печеньелер, жемістер, сусындар беріледі.

Халықаралық практикада  «жур фикс» қабылдауы да кездеседі. Елшінің немесе сыртқы істер министрінің жұбайы бір мезгілге әрбір апта сайын қонақтарды күтеді.

Күзгі-қысқы мезгілге бір  шақырылу бланкасы таратылады.

Дипломатиялық қабылдаулардың басқа  да түрлері бар: музыкалық, әдебиетті, би кеші, дипломаттардың спорт жарыстарындағы кездесулері бар. Әрбір қабылдауға мұқият дайындалу керек. Қайда өткізілетінін, қонақтардың тізімі, алдын ала шакыруларды тарату, меню жасау, үстелге отырғызу жоспары, осының бәріне жақсы дайындық керек. Егер қабылдау елшінің резиденциясында ұйымдастырылса немесе елшілікте, онда  елшінің жұбайы ғимаратты дайындауға, сервировкаға, даяшылар инструктажына көңіл аудару керек.

Егер  қабылдау резиденцияда болмаса  мейрамханада ұйымдастырылады. Елшілік  арендаға алған ғимаратта қабылдаушы мемлекет пен өз елінің ұлтттық туы ілініп тұрады. Қабылдаушы мемлекеттің дәстүрі ескеріледі. Қонақ тарапынан жауапты мероприятие болмайды.

Қабылдау мереке күні, жұмыс емес күндері, ал мұсылман елдерінде  «рамазан» діни мерекесінде ұйымдастырмайды, сондай-ақ ұлттық траурда.

Қонақтар тізімін жасау - дайындық жұмысының ең маңызды  элементтерінің бірі. Қабылдауға  құрметті қонақ құрметіне ретінде ресми сапармен жүрген шетел делегацияның құрметіне, қонақ  елінің елшісі және  елшіліктің үлкен дипломатиялық қызметкерлері шақырылады. Ал қабылдаушы тарапынан қабылдауда мемлекет жетекшілері, министрлер, басқа да ресми тұлғалар қатысады. Қонақтардың жалпы саны анықталып, ғимараттың көлемі қонақтардың санына сәйкес болады. Елшілік ұйымдастыратын қабылдауға елдің жетекшілері, ведомстволарының  ресми тұлғалары, мәдени және ғылыми топтың өкілдері шақырылады.

Егер қабылдау юбилей күніне арналса, екі жақты қарым -қатынаста, онда  дипломатикалық корпус шақырылмайды.

Қабылдаулар өте қарапайым  болу керек, спиртті сусындардан  аулақ болуы керек.

Қабылдауда қонақтардың  ұлттық, діни дәстүрлері ескерілуі  керек.

Қонақтың елінде құс  аулауға тыйым салынса, қабылдауда құс берілмейді.

Менюде ұлттық тамақтар болу шарт.

Барлық тамақтар өте  дәмді болуы керек, әдемі берілулері керек.

Ыдыс - аяқтар   хрусталь, фарфор, күмістен болуы керек. Үстелде  гүлдер болу керек.

Мемлекет басшысының құрметіне қаблдыаушы ел мен өз елінің әнұрандары орындалуы тиіс. Қабылдау соңында басты қонақ бірінші болып шығып кетеді. Оркестр салтанатты марш орындайды. Ғимарат алдында караул болады.

Шақыру бланктері типографиялық  әдіспен жасалып, қонақтың фамилиясы, оның лауазымы қолмен жазылуы керек  және сағаты, күні, өтетін орны көрсетілуі керек.

Информация о работе Дипломатиялық келіссөздерді жүргізу