Дипломатиялық келіссөздерді жүргізу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Марта 2013 в 18:54, курсовая работа

Краткое описание

Тақырыптың өзектілігі. Келіссөздер – дипломатиялық қызметтің негізгі формаларының бірі болып табылады. Халықаралық келіссөздер көптеген халықаралық мәселелерді шешудің негізгі құралы ретінде шыға алады. Халықаралық қатынастарды реттеуде дипломатиялық келіссөздердің рөлі жоғары. Дипломатия қарастырылып отырған мәселе бойынша келісімге келу, ақпарат алмасу, даулы мәселелерді шешу секілді мемлекеттер, мемлекеттің өкілдері арасындағы процесс болып табылады. Келіссөздердің дипломатияның құралы ретіндегі маңыздылығы көптеген мемлекеттік қайраткерлер мен дипломаттармен айтылған. Келіссөздер туралы ежелгі философтар, содан кейін «халықаралық құқық әкейлері» де айтқан еді. Осы салада арнайы жұмыстар XVIII (б.з.912) пайда болған

Содержание работы

КІРІСПЕ ............................................................................................................

ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ КЕЛІССӨЗДЕРДІ ЖҮРГІЗУ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Келіссөздерді жүргізу әдістері және олардың тактикалары........4
1.2 Келіссөздер жүргізудегі үшінші тараптың рөлі: «үшінші тарап» түсінігі, мәні мен мақсаттары.......................................................................7
1.3 Дипломатиялық қабылдаулар -дипломатиялық келіссөздер формасы ретінде..............................................................................................................9
ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ КЕЛІССӨЗДЕРДІҢ РӨЛІ
2.1Дипломат сұхбаты келіссөздердің қайнар көзі ретінде: этика және тактика............................................................................. ................................12
2.2 Қақтығыстарды шешудің келіссөздік жолы: batna және келіссөздер кеңістіктері.................................................……..............................................14
2.3 Қақтығыстарды реттеудің негізгі принциптері мен кезеңдері. Келісімдер түрі...............................................................................................15
2.4 Келіссөздердің қорытынды құжаттары...........................................17

ҚОРЫТЫНДЫ............................................................................................19
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ........................................20

Содержимое работы - 1 файл

дикс дипломатиялык келиссоздерди жургизу-Дикс курсовая1.doc

— 160.50 Кб (Скачать файл)

 

Жоспары

 

КІРІСПЕ ............................................................................................................

 

  1. ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ  КЕЛІССӨЗДЕРДІ  ЖҮРГІЗУ  НЕГІЗДЕРІ
  2. 1.1 Келіссөздерді жүргізу  әдістері  және олардың тактикалары........4
  3. 1.2 Келіссөздер  жүргізудегі  үшінші  тараптың  рөлі: «үшінші  тарап» түсінігі,  мәні  мен  мақсаттары.......................................................................7
  4. 1.3 Дипломатиялық  қабылдаулар  -дипломатиялық  келіссөздер  формасы  ретінде..............................................................................................................9
  5. ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ  КЕЛІССӨЗДЕРДІҢ  РӨЛІ
  6. 2.1Дипломат  сұхбаты  келіссөздердің  қайнар  көзі  ретінде: этика  және  тактика............................................................................. ................................12
  7. 2.2 Қақтығыстарды  шешудің келіссөздік жолы: batna  және  келіссөздер кеңістіктері.................................................……..............................................14
  8. 2.3 Қақтығыстарды реттеудің негізгі принциптері мен кезеңдері. Келісімдер  түрі...............................................................................................15
  9. 2.4 Келіссөздердің  қорытынды  құжаттары...........................................17
  10.  

  11. ҚОРЫТЫНДЫ............................................................................................19

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН  ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ........................................20

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                  

 

                                               

 

                                                КІРІСПЕ

 Тақырыптың өзектілігі. Келіссөздер – дипломатиялық қызметтің негізгі формаларының бірі болып табылады. Халықаралық келіссөздер көптеген халықаралық мәселелерді шешудің негізгі құралы ретінде шыға алады. Халықаралық қатынастарды реттеуде дипломатиялық келіссөздердің рөлі жоғары. Дипломатия қарастырылып отырған мәселе бойынша келісімге келу, ақпарат алмасу, даулы мәселелерді шешу секілді мемлекеттер, мемлекеттің өкілдері арасындағы процесс болып табылады. Келіссөздердің дипломатияның  құралы ретіндегі маңыздылығы көптеген мемлекеттік қайраткерлер мен дипломаттармен айтылған. Келіссөздер туралы ежелгі философтар, содан кейін «халықаралық құқық әкейлері» де айтқан еді. Осы салада арнайы жұмыстар XVIII (б.з.912) пайда болған.

Мемлекеттердің сыртқы саясатының ерекше сипаттамасына дипломатиялық  келіссөздерді жүзеге асыру маңыздылығының өскені байқалады. Көптеген дипломаттар  мен ғалымдар келіссөздердің арнайы теориясын құру қажеттілігін айтады. Дипломатиялық келіссөздердің мақсаты – халықаралық сахнада пайда болған сұрақ төңірегінде келісімге келу. Сонымен қатар, дипломатияда келіссөздерді жүргізудің сан түрлі әдістері мен жолдары бар.

Қазіргі  Қазақстан дипломатиясының   шарықтауында дипломатиялық келіссөздер мен оларды жүргізу ерекшеліктері маңызды орын алады. Дипломатиялық келіссөздерде Қазақстан дипломатиясы, әсіресе дипломатиялық келіссөздер жүргізуінің тактикасына көп көңіл бөледі.

  Зерттеудің  мақсаты. Келіссөздердің дипломатиялық қызметтегі  негізгі формаларының бірі ретінде, оның маңыздылығын, жүргізілу әдіс-тәсілдерін, түрлері мен ерекшеліктеріне тоқталу, келіссөз нәтижесіндегі негізгі дипломатиялық  құжаттардың түрлері мен дайындау ерекшеліктерін қарастыру. Халықаралық қатынастарды реттеуде дипломатиялық келіссөздердің рөлі жоғары. Сондықтан әр мемлекет келіссөздерді жүргізе білу қабілеті мен тәжірибесіне ие болуы тиіс. Сонымен келіссөздердің халықаралық мәселелер, соның ішінде қақтығыстар мен жанжалдарды шешудегі таптырмас құралдардың бірі.  Қазіргі кезде аймақтық қақтығыстарды шешуде көп таралған келіссөздердің бірі - үшінші тараптың көмегін-делдалдықты пайдалану.

  Зерттеудің   міндеті.  Курстық жұмыстың міндеттері:

  • Дипломатиялық келіссөздер, оларды   жүргізу;
  • Келіссөздердің ерекшеліктерін ашып көрсету;
  • Халықаралық қатынастарда және саясатта келіссөздердің маңыздылығын көрсету;
  • Келіссөздер нәтижесіндегі негізгі дипломатиялық құжаттар және олардың ерекшеліктеріне тоқталу.
  • Дипломатиялық келіссөздер жүргізудің ерекшеліктерін сараптау.
  • Қазақстан Республикасының дипломатиялық тәжірибесіндегі келіссөздер рөлін ашып көрсету.

   Зерттеудің   деректік негізі.   Курстық жұмысты жазу  барысында көптеген  дерек көздері   қолданылды, олардың қатарына – дипломатиялық келіссөздерді жүргізу ерекшеліктеріне арналған теоретикалық зерттеулер және ҚР Сыртқы істер министрлігінің құжаттары кіреді.

  Тақырыптың  зерттелу  деңгейі. Курстық жұмысты жазу барысында Захарова Л.М., Коновалова А.А. өзінің  «Основы дипломатической и консульской службы» еңбегінде  дипломатиялық  және  консулдық  қызметтің  негізгі  қағидалары,  айырмашылығын  айтса, Фишер Р., Юри У. - « Путь к согласию или переговоры без поражения» - кітабында  дипломатиялық  келіссөздерге  бару  жолдарын  ашық  нақтылай  көрсеткен. Загорский А.В., Лебедева М.М. «Теория и методология анализа международных переговоров» кітабында  болса  халықаралық  келіссөздерді   методологиясы  мен  теориясына  талдау  жасаған. “Дипломатический словарь” деген кітапта көбіне  дипломатиялық  келісөздегі  қолданылатын  сөздер,  арнайы дипломатиялық  тұрақты  тіркестерге тоқталған.

   Зерттеудің  методологиялық ңегізі. Бұл курстық жұмыста когнетивті анализ, яғни  саяси тұлғаның  саяси мәселелері   бойынша айтқан  мақалалары   қолданылды. Екіншіден - контентті анализді қолданылды.. Бұл Эксплатативтік  әдістің  түрі. Ол  бойынша –жазбаша  мазмұны  бар  тексттерді  жүйеге  келтіріп  зерттеу.  Үшіншіден –Эксплатативті  әдістің  инвент  тәсілі  бойынша – нақты  бір  сюжетті  алып, қандай  жағдай,  қай  жерде,  қашан  болғандығы  жайлы  талап  жазылды. Одан  басқа тарихи,  жүйелеу,  талдау,  салыстыру,  қорытындылау  әдістері  қолданылған.

   Курстық жұмыстың құрылымы кіріспеден, екі тараудан,  қорытындыдан және әдебиеттер тізімінен тұрады.      

 

 

 

1. Дипломатиялық келіссөздерді жүргізу негіздері

 

1.1  Келіссөздерді   жүргізу әдістері және олардың  тактикалары

 

Халықаралық келіссөздері үш тактикалық түрге  бөлінеді:

  1. бастапқы  позиция келіссөз  басында болады, сосын  өзгерістер  енгізіледі;
  2. келіссөздер барысында бастапқы позиция  өзгеріссіз қалады, алайда соңғы моментте компромиске деген  дайындығы  байқалады;
  3. бастапқы позиция  өзгермейді және  келісімді басқа мүшелер қабылдайды.

Бірінші позицияда, бастапқы позиция асырмалы болуы мүмкін, ал ол мемлекет-мүшесіне жеңілдікке баруға мүмкіндік береді.  Алайда, ондай  тактика  әрқашанда нәтижелі бола  бермейді, өйткені басқа  мүшелер, олардың  біреуі жеңілдікке барса, онда олар өз талаптарын қаталдау қылуы мүмкін. Нәтижеге қол    жеткізу екінші нұсқада ғана мүмкін бола алады, яғни делегацияның барлық мүшелерінің позициялары мен мүдделері жан-жақты ескерілгенде. Егер бірінші және екінші нұсқалар  компромисстерді, жеңілдіктерді қарастырса, онда  үшінші нұсқада ондай мүмкіндікті қарастырмайды. [1,  с, 24].

Америка   зерттеушілері   Р.Фишер мен У. Юри     келіссөздердің  тағы да үш  нұсқалуарын назарымызға  ұсынады:қатаң, жұмсақ және принципиалды.[2, с, 48].

Қатаң кезде келіссөзшілер  қарсыласушылар ретінде  қарастырылады, ал келіссөз  қорытындысы – жеңіс.  Тараптардың әрқайсысы жеңілдікті  талап етеді, өз позицияларына берік болады, сонда ғана қарсыласы сөзсіз  оның ұсынысын қабылдауға мәжбүр болады.

Жұмсақ әдіс қатаң әдіске қарама-қайшы  болады. Ондай нұсқада  келіссөзшілер  келісімге жету үшін өзара жеңілдіктерге бара алады. Ондай келіссөздердің мақсаты – достық  қатынасты сақтау.

Екі жүріс тиімді және конструктивті  емес немесе қабылданған шешімдер компромисс сияқты болады, ал ол шын  мәнінде  тараптар мүдделерін атқармайды.

Ең нәтижелі әдіс- принципиалды жүріс болып табылады, онда саудаласу  болмайды, позицияларға емес тек мүдделерге  назар  аударылатын келіссөз болады. Ондай келіссөздің мақсаты – партнерлердің мүдделерін ескере  отырып  проблеманы ортақ шешу.

  Енді келіссөздер нұсқауларына назар аударсақ:

 

Қатаң әдіс

Жұмсақ әдіс

Принципиалды әдіс

 

Тараптар-қарсыласушылар

 

Тараптар-достар

Проблемаларды партнерлердің ортақ шешуі

 

Мақсаты-жеңіс

 

Мақсаты-келісім                     

Мақсаты әділетті критерилерге негізделген рационалды шешім қабылдау

Проблемаларды шешуде партнерлерге қатысты қатаң бағыт

Проблемаларды шешуде партнерлерге қатысты жұмсақ бағыт

Адамдардың проблемалардан бөлінуі, адамдарға қатысты жұмсақ, ал проблема-ға қатысты қатаң бағыт  ұстау

 

Партнерлерге сенбеу

 

Партнерлерге сену

Сенім деңгейіне қарамастан келіссөздер жүргізу

Келіссөз процесінің барысында позицияларды сақтау

Келіссөз процесінің барысында позицияларды өзгерту

Альтернативті нұсқаларды қарастыру

Қорқыту, ультиматумдар

Ұсыныстар

Объективті критерилер қолдану

Жеңілдіктерді талап ету

Жеңілдіктерге баруға деген  дайындық

Мүшелердің дәлелдерін назарға алу

Сіз баратын шешімдерді іздеу және қысым қолдану

Партнерлер баратын  шешімдер іздеу

Қысымға емес дәлелдерге жол беру


  Келіссөздер қалай табысты  бола алады?

Біріншіден, мүшелер тек өзінің ғана  емес, сондай-ақ әріптестің мүдделерін ескеру керек және  де өзінің көзқарастарын идеалды көзқарас деп  қарамау керек.  Әрине олар өз  позицияларынан бас тарту керек дегенді білдірмейді.

Екіншіден, принципиалды әдіс адамдардың проблемалардан бөлек болуын, адамдарға деген қатынастары өте жұмсақ, проблемаға деген қатынастары қатал, принципиалды болуы керектігін қарастырады.

Дауысы ырғағы сабырлы, берік аргументация, эмоцияның болмауы  келіссөздерде  қолайлы психологиялық  климат тудырады.

Үшіншіден, өзара тиімді шешімге жету үшін көптеген альтернативті нұсқалар болуы керек. Егер келіссөздер қандай-да бір  тарапқа  тиімсіз болса, олар кез келген сәтте үзілуі мүмкін, сондықтан альтернативалар қоры болуы керек. Ал, нұсқалар қоры дайындық кезінде құрылуы керек. Әрбір жұмыс белгілі бір тактикаларды талап етеді. [2, с,105].

Келіссөздерді қатаң  жүргізгенде адал емес әдістер де  қолданылады, мәселен алғашқы талаптарды  арттыру, бірақ олардың  жартысын кейінірек шегінудіруге болады. Ондай  кезде өз позициясында да өтірікті  қолданады. Ол дегеніміз, салями әдісі партнерді өз позициясын бірінші  болып аштыруын қарастырады, ал өз  мақсаттары туралы ақпаратты, өте  кішкентай үлеспен білдіруді қарастырады (колбасаны өте жұқа кескендей «салями» принципі).

Кейде келіссөздерді созу мақсатында немесе созу көмегін пайдаланбай ештеңені шешкісі келмесе, өз ұсыныстарынан  бас тарту әдісін қолданады, серітес оларды енді қабылдауға  кіріскенде.

Екінші реттік талқылау әдісі  соңғы стадияда қолданылады, серіктес байқамаған екі ой   құжатта болады. Ары қарай уағдаластық бұзылмайтын сияқты көрінгенмен, алайда бір тарапқа  тиімсіз болады. Мұндай жағдай мүшелер ортақ  пікірге келе алмағанда, келісімді дереу бекіту керек болған кезде орын алады. Осындай әдісті  Г. Киссинджер конструктивті екі ойлылық әдіс деп атаған.

Қорқыту,  ультиматумдар, шантаж -  өткен  уақыттардағы кең  қолданылған әдістер, алайда  бүгінгі  күні де қолданылады (мықтысы әлсіз серіктесті қорқытады, ал бұл жиі-жиі нәтижелер әкеледі).

Мықты тарап дайындықты қажет етпейді, өз мүдделерін асыра   бағалайды. Сонау XVII ғ венгер  қолбасшысы, дипломат, ақын және публицист Миклош Зриньи: «егер  қарсыласушы піл сияқты күшті болса, оған қарсы шық, ал егер  бүрге сияқты әлсіз болса онымен  кездесуге мұқият дайындалып бар». Сондай-ақ, қорқыту серіктесті төмендетеді, балағаттайды. Ал төмендету – құдіретті күш.

Қорқытқанда реакция  да әрі болады: талаптарды  орындау, қорқытуды елемеу, қарсыласушыны  да қорқыту. Мұндай әдістер жақсы  нәтиже бермейді.

Жұмсақ әдіс партнердің әрбір  ұсынысын қабылдаттырады, жеңілдіктерге баруды, өз позициясын ашық  көрсетуді қарастырады.

Егер бір тарап жеңілдік  үстіне жеңілдік жасаса, онда басқа тараптарда серіктес келіссөзге дайын емес, немесе келіссөз оған қызықты емес, не болмаса оған келісім өте керек,  сондықтан әрбір  талапты орындауға дайын, я болмаса келісім өзі үшін де және тарап үшін де ұтыс деген ой қалыптасуы мүмкін.

Информация о работе Дипломатиялық келіссөздерді жүргізу