Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақ елдері арасындағы дипломатиялық, мемлекетаралық қарым-қатынастар мен тенденциялары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Ноября 2011 в 18:33, реферат

Краткое описание

Еуропада соңғы 50 жылда интеграциялық процестер жедел дамуда, және бұл процеске соңғы жылдары қатысуға ынталарын білдіріп жатқан елдер көп. Еуропа бірігу үстінде, сондықтан әлемнің басқа аймақтарындағы мемлекеттер өздерінің біріккен еуропаға қатысты саясатын анықтауда. Қазіргі уақытта бізге белгілі Еуропалық одақ 27 мемлекетті біріктіруде, кейінгі уақытта олардың саны 35-ке жетуі мүмкін, осымен еуропалық интеграция процесі аяқталады. Не себепті еуропаға басқа мемлекеттер қызығушылық білдіруде? Себебі, Еуропа – доғары дамыған техника мен технологиялар; еуропа – бұл капитал экспорты мен көптеген мемлекеттер экономикасы үшін инвестиция; еуропа – бұл дамы,ан білім мен денсаулық сақтау жүйесі.

Содержание работы

Кіріспе
Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақ елдері арасындағы дипломатиялық, мемлекетаралық қарым-қатынастар мен тенденциялары
Қазақстан Республикасының экономикасының дамуына Еуропалық Одақпен ынтымақтастықтың ықпалы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Содержимое работы - 1 файл

ХҚ ұйымдар СРС.docx

— 42.06 Кб (Скачать файл)

     Бағдарлама барысында келесі шаралар орындалуы тиіс:

1.   Қазақстанда  қазіргі технологияларды қолдана  отырып, қара және түрлі  түсті  металдарды өндіру.

2.  Біріге  отырып, металлургия өнеркәсібін  құру.

3.  Металлургия   өнеркәсібі   экономиканың   басқа   да   салаларымен   біріге отырып, еуропалық тәжірибиелерді  қолдану.

        Қазақстан Республикасында транспорты дамыту бағдарламасына тоқталып өтсек: Қазақстан  Республикасының Еуропалық  Одаққа    мүше  мемлекеттерімен транспорт  сферасында   болашақта   ортақ   транспорт  нарыгын  құру- бағдарламаның негізгі мақсаты болып отыр.

     Бағдарлама  арнайы транспорттың даму жолындағы  ұсыныстарды қабылдауы тиіс:

  1. Қазақстандағы транспорттық инфрақұрылым:

біріге   отырып   республика   территориясында   халықаралык   теміржол   және автомобиль магистральдарын салу; авиациялық техника паркін жаңарту; қазақстандық  әуежолдарын модернизациялау;

  1. Халыаралық транспорттық коридорлар:

Евразиялық магистральдар  Оңтүстік-шығыс Азиядан Қытай, Қазақстан  Ресей, Украина арқылы Батыс Еуропаға. Трансазиаттық магистральдар ТРАСЕКА  азиядан Кавказ арқылы Батыс Еуропаға.

     Көрсетілген бағдарламаның жүзеге асырылуы Қазақстанның транзиттік мүмкіндігінің   жоғарылауына   әсерін   тигізеді,   сонымен   қатар   Еуропалық Одақпен сауда-экономикалық байланысының ұлғаюына өте маңызды.

   Қазақстанда ауыл-шаруашылықты дамыту бағдарламасына тоқталып өтсек: Бағдарламаның негізгі мақсаты Еуропалық Одақпен ауыл шаруашылық саласында қатынасты дамыту, яғни болашақта ортақ ауыл-шаруашылық нарығын құру.

    Бағдарлама  барысында келесі шаралар орындалуы  тиіс:

    1.   Қазіргі  жаңа замаңғы технологияларды  қолдана отырып, агро   өнімдерін  өндіру.

    2.  Біріккен  өнеркәсіптерді ашу.

    3.   Тұрмыстың  барлық деңгейіндегі өнімдерді  өндіруге жүйелік бақылау жасау.

    4.  Қазақстанда  агро ғылымы мен агроөнеркәсіп  комплекстерін дамытуға Еуропалық  Банктерден кредит алу [15,с.76].

«Еуропалық инвестицияларды  диверсификациялау» бағдарламасына тоқталып өтсек: Бағдарламаның басты мақсаты Қазақстан экономикасына Еуропалық Одаққа мүше мемлекеттерінің инвестициясын тарту, оны арттыру.

     Бағдарлама  Қазақстан экономикасын дамытуда, яғни инвестициялық жағдайды жақсартуы  тиіс, ол үшін келесі шарттарды орындауы тиіс.

    1.   моратория  түрінде салық жеңілдіктерін  қарастыру;

    2.   республикада  тарифтік саясатқа және кеден  саясатының әкелінетін өнімдерге  қатаң шаралардың болуы;

    3.  республикада  инвесторлық жобаларды жүзеге  асыруда инвесторлардың құқықтары  мен мүдделерін сақтау және  еуропалық инвесторлардың істерін  заңды түрде тексеру;

    4.  объективтік  және оперативтік ақпаратпен  таныс болу; инфрақұрылымның дамуы;

    5.  тағы  басқа Қазақстанның инвестициялық  жағдайын жақсартатын шаралардың  дамуы; [16,с.110].

     Стратегия кәсіпкерлік серіктестігінде Қазақстан-Еуропа Орталығын құруда өте маңызды. Бұл  жүйенің негізгі мақсаты Қазақстан  мен Еуропа арасында экономикалық және сауда байланыстарының дамуы  үшін сәтті іс-шаралар құру. Ол үшін Орталық келесі тапсырмаларды орындауы қажет:

•    Еуропалық  кәсіпорындар мен мекемелерге Қазақстанның инвестициясы туралы, республиканың  экономикалық жағдайы, республика экономикасының даму бағыты, әсіресе салық және кеден жүйесі жайлы ақпараттардың  жеткізілуі.

•    Еуропалық  әріптестермен ынтымақтастыққа  дайын қазақстандық компаниялармен мекемелер туралы ақпараттардың  жеткізілуі. Қазақстанда қазақстандық кәсіпорындары мен мекемелері арасында сенімді серіктес іздеуде көмек  көрсету.

•    Қазақстандық кәсіпорындары мен мекемелерге  Еуропалық Одақ мемлекеттерінің  бизнесті дамыту жолындағы заңдылықтарымен  әр түрлі жобалары туралы ақпараттар беру.

•    Қазақстан  кәсіпорындары мен мекемелеріне Еуропалық Одақ елдерінің серіктестік  құруға дайын екендігін және қазақстандық кәсіпкерлікке серіктестік құруда сенімді компаниялар туралы ақпараттық көмек көрсету.

•    Ақпараттарды жеткізу және жинақтау принципі аукымды, уақытылы жэне сенімді болуы, ақпараттық қор қазақша, орысша және ағылшын  тілдерінде, сонымен қатар ақпараттар тікелей Орталықтан басқа, арнайы құрылған интернеттік сайттарға және электронды түрде жеткізілуі тиіс. Осы тақырыпқа  байланысты актуальды ақпараттарды елшіліктерге және Қазақстан Республикасының  үкіметіне, Еуропалық Одақ мемлекеттеріне, сонымен қатар бірге өткізілетін  презентациялармен көріністер үшін арнайы газет немесе журнал шығару.

•    Еуропалық  Одақ мемлекеттерінде жыл сайын  Қазақстанның инвестициялық ахуалімен, экономикалық ынтымақтастықта болашағы мен мүмкіндігін, сонымен қатар  қазақстандық кәсіпорындар мен мекемелер  туралы арнайы өткізу.

•    Орталықтың сараптама бөлімдері қазақстан-еуропа қарым-қатынасына қатысты мониторинг өткізу, тематикаға байланысты болжамдар  мен сараптама материалдарын  жинау.

  •    Экономикалық сферадағы екі жақты келісімшарттарға келіп, оны іс жүзіне асыру.

•    Қазақстан-еуропалық  экономикалық ынтымақтастықты терең  дамыту үшін еркін түрде екі жаққа  байланысты мәселелерге қаражат  бөлу.

     Білім жэне мәдениет саласында стратегия  Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасында мәдени байланысты кеңейту  керек. Бұл Бағдарламаның негізгі  мақсаты Еуропа елдерінде Қазақстанның көтеру, яғни жоғары мәдениет, салт-дәстүр, өнер бүның барлығы еуропалық  туристтердің қызығушылықтарын туғыздыру.[17,с.47]

•   Бағдарлама барысында Еуропаның бір республикалық  елшілігінде Қазақстан тарихымен, әнімен салт-дәстүрімен, өнерімен айналысатын  арнайы Қазақстан Орталығын ашу. Бұл Орталық келесі тапсырмаларды орындауы тиіс:

     Мәдени  шаралар  өткізу.  Еуропа елдерінде  фестивальдар,   концерттер,  тағы басқа    мәдени    көріністерді    жиі    ұйымдастыру    және    мәдени    шараларға жарнамалар өткізу.

Әр түрлі тақырыпқа  ақпараттарды жеткізу. Ақпараттар қызметінің спектрлік

сараптама оқулықтарынан  бастап Орталық Азиядағы шығарылымдар, сонымен қатар    Қазақстанда    оқыту    мәселесі    туралы    ақпараттар    ауқымды    және жаңартылып тұруы қажет.

     Білім саласына байланысты Қазақстандық Орталық  студенттермен мамандар үшін өте маңызды, себебі Қазақстаннан Еуропаға мамандар квалификациясын көтеру үшін оқытуға жіберу.

•    Бағдарлама барысында Еуропада Қазақстанның имиджін  белсенді түрде дамыту. Евразияның орталығында орналасқан республика қызықты туристік орталықтарымен тартатын, жоғары мәдениет, өнер, кеңбайтақ жерді  алып жатқан ландшафт, әлемде өсімдіктермен  жануарларға бай ел, ең маңыздысы  елдің қауіпсіздігі және тұрақтылығы.

     Ол  үшін Қазақстан туралы әр түрлі жарнамалар еуропалық масс-медиаға белсенді шығу үшін республикалық бюджеттен  қаржы іздеу керек. Туризм саласында республиканың потенциалын дамытатын пропагандалық компаниялар «Қазақстан - Евразияның жүрегі» деген ұранды көтеру керек.

Еуропа елдерінде  туристік потенциалдағы презентациялар Қазақстанда туризмге маңызды инфрақүрылымның  келешек дамуы үшін еуропалық  инвестицияларды қызықтыруы қажет. Экономика саласында Президенттің жолдаған жолдауында талқылайтын болсақ, ол Республика экономикасын көтеруде көптеген талаптарға тоқталды. Қазақстан Республикасы Президенті Қазақстан халқына жолдаған жолдауында бірінші және екінші басымдылықты экономикаға арнады.

     Бірінші басымдылық «Қазақстанның әлемдік экономикага табысты интеграция жасауы» деп аталды. Олардың ішінде халықаралық маңыздағы жобаларды іс жүзіне асыру, индустирияны, әлемдік нарықтың белгілі бір бөлігінде бәсекеге түсе алатын тауарлар өндірісімен қызметтің дамуы арнайы сөз болды. «Азық-түлік экспортына бағытталған өндірісті құруға жэне дамытуға ставка жасау, мүнай-газ, көлік және машина құрылысы, металлургия, химия, агроөндірістік салаларда біріккен кәсіпорындарды құру, халықаралық сахнаға шығып, биотехнологиялық орталықтарды дамыту міндеттерін қойды. Сыртқы сауда режимін реттейтін еліміздің заңдары дүниежүзілік сауда ұйымының нормаларына сәйкестендіріліп, Парламенттің қарауында тұр». Қазақстанның экономикалық дамуындағы сапалық «серпілісті» әлемдік экономикаға кірігудің қажетті шарты ретінде пайымдай отырып, келесі бағыттарға баса назар аударды.[18]

1.   Халықаралық  маңыздағы жобаларды іске асыру,  индустрияны дамыту, әлемдік рыноктың  белгілі бір тауаршаларында бәсекеге  қабілетті бола алатын тауарлармен  қызметтерді өндіру

2.   Қазақстанның  өңірлік жэне халықаралық экономикалық  бірлестіктер мен ассоцияцияларға  қатысу жолымен халықаралық экономикаға  кірігуі

  3.  Қазақстандағы   экономиканы   жаңарту   мен   халықаралық   рыноктарда бәсекеге қабілеттілігін нығайтудың қосымша құрал ретінде БСҰ-ға кіру

4.   Экспорттық- импорттық кіредиттеуді дамытуды  мемлекеттік қолдау    Екінші      басымдылық      «Қазақстанның      экономикасының      тұрақты

экономикалық  өсімінің іргетасы ретінде одан әрі  жетілуі жэне диверсификациялануы»деп  аталды. Қазақстан экономикасын тұрлаулы экономикалық өрлеудің іргетасы ретінде  одан эрі жаңарту.

     Ел  экономикасындағы өрлеудің тұрлаулы әрі  серпінді сипатын ұстап тұру үшін мемлекет қазынагерлік, кредит-ақша саясатының, өндірістің негізгі факторларын  тиімді қайта бөлуді мемлекеттік  реттеу тетіктерін пайдаланып, жоғары сапалы өнім мен қызметке деген сұранысты  көтермелеп отыруға міндетті. Қазақстан  экономикасын алдағы уақытта одан әрі  жаңарту мақсатында мына бағыттарға аса көңіл аудару қажет: [19].

•    Ақша-кредит саясаты.

•    Экономиканың отын-энергетика және өндіруші секторларының  тиімділігі мен экономикалық қайтарым деңгейін арттыру.

•   Мемлекеттік  активтерді тиімді басқару.

•    Кәсіпкерлікке  кең ауқымды мемлекеттік қолдауды іске асыру, шағын және орта бизнестің  тұғырын кеңейту мен нығайту.

•    Өңірлік  элеуметтік даму мен кәсіпкерлік  корпорацияларын кұру есебінен экономикалық өркендеудің өңірлік «локомотивтерін» жасақтау.

•    Экономиканы  теңдестіре дамыту қажеттігіне сай  келетін аумақтық даму. Отанымыздың  тағдырына сеніп, Президентіміздің тапсырған жолдауын шын

ниетпен насихаттауымыз керек деп ойлаймын.

     Міне, осы қойлған талаптар дер кезінде  іс жүзіне асатын болса, Қазақстан экономикасы  неге дамымасқа. Сондықтан біз Қазақстан  азаматтары Қазақстанның болашағын  көтеруіміз үшін ең алдымен сапалы қызмет етіп, мемлекеттің дамуына қол ұшымызды беруіміз керек. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

     Қорытынды 

     Әлемде  қандай процесс жүрмесін, Еуропа әлемдік  дамудың орталығы болды және болып  қалады. Сондықтан, Қазақстан Респубикасы  үшін Еуропамен қарым-қатынасты  одан әрі дамытып, өзара ынтықтастықты  жаңа, жоғары дәрежеге шығару, сонымен  бірге еуропалық интеграциялық  процестің барлық жағымды тәжірибе ретінде алу біздің республикамыз  үшін өте маңызды.

     Қазақстан Респубикасының халқының, Еуропалық  Одақ жайындағы білімдері таяз, әсіресе  еуропалық интеграция үрдісі жайлы  халықтың мәліметтері айтарлықтай  емес.

     Осыған  орай, егер де Орталық Азия елдерінің  басшылары Еуропа елдерінің мысалында  интеграциялық процесті жүзеге асырғысы келсе, онда олар Орталық Азия халықтарын Еуропалық Одақпен таныстыру  мақсатында осы бағытта жасалынатын  әр түрлі шараларды жүзеге асыруға  жан –жақты қолдау көрсету тиіс. Осы мақсатта  Орталық Азияда Еуропалық Одақ институты құрылуы  мүмкін, бұл институт Еуропа мен  Орталық Азияның жақындасуына ықпал  ететін еді. Бүгіде Қазақстан Республикасы толыққанды экономикасы анағұрлым дамыған мемлекетке өту үшін Еуропалық Одақпен байланысын тереңдетуге бірнеше құжаттар негізінде ынтымақтасуда.

<

Информация о работе Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақ елдері арасындағы дипломатиялық, мемлекетаралық қарым-қатынастар мен тенденциялары