Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақ елдері арасындағы дипломатиялық, мемлекетаралық қарым-қатынастар мен тенденциялары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Ноября 2011 в 18:33, реферат

Краткое описание

Еуропада соңғы 50 жылда интеграциялық процестер жедел дамуда, және бұл процеске соңғы жылдары қатысуға ынталарын білдіріп жатқан елдер көп. Еуропа бірігу үстінде, сондықтан әлемнің басқа аймақтарындағы мемлекеттер өздерінің біріккен еуропаға қатысты саясатын анықтауда. Қазіргі уақытта бізге белгілі Еуропалық одақ 27 мемлекетті біріктіруде, кейінгі уақытта олардың саны 35-ке жетуі мүмкін, осымен еуропалық интеграция процесі аяқталады. Не себепті еуропаға басқа мемлекеттер қызығушылық білдіруде? Себебі, Еуропа – доғары дамыған техника мен технологиялар; еуропа – бұл капитал экспорты мен көптеген мемлекеттер экономикасы үшін инвестиция; еуропа – бұл дамы,ан білім мен денсаулық сақтау жүйесі.

Содержание работы

Кіріспе
Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақ елдері арасындағы дипломатиялық, мемлекетаралық қарым-қатынастар мен тенденциялары
Қазақстан Республикасының экономикасының дамуына Еуропалық Одақпен ынтымақтастықтың ықпалы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Содержимое работы - 1 файл

ХҚ ұйымдар СРС.docx

— 42.06 Кб (Скачать файл)

     Жетінші бөлім 71 бап мәденит серіктестігіне арналған. Келісімшарт  бойынша екі  жақ  мәденит серіктестігінің  дамуына бір-біріне көмек көрсету.

     Сегізінші бөлім 72-75 финанс серіктестігін қамтамасыз етеді. Еуропалық Одақтың экономикалық серіктестікті қаржыландырудағы негізгі  құралы –ТАСИС бағдарламасы болып табылады [12,с.95].

     Тоғызыншы соңғы бөлім 76-100 бап Келісімшарттың институционалды, ортақ және қорытынды  актілеріне арналған. Келісімшарт бойынша  Ынтымақтастық Келісімшарты жүзіге асыру мен орындау үшін үш жұмысшы  органы құралды- серіктестік Кеңесі, серіктестік Комитеті және парламентік  серіктестік Комитеті.

     Ынтымақтастық Келісімшарты екі данадан тұрады, қазақ, орыс, ағылшын, неміс, италян, испан, грек, француз  тілдерінде енгізілген.

     Келісімшарт үш нұсқаудан және Протоколдан тұрады.

     I  нұсқауда – Қазақстан Республикасының  жеке мүліктерін реттейтін индикативті  бағдарлама:

     II  нұсқауда – 23 бапқа байланысты  Қауымдастықтың мәселелері қарастырылған:

     III нұсқау интеллектуалды, өнеркәсіп  және коммерциялық құқықтарды қорғаудағы Конвенциадан тұрады [3,с.48].

     Протокол 15 баптан тұратын кеден мәселелерін  шешуге әкімшілік органдар арасындағы қарым-қатынасты қамтамасыз етеді.

     Қазақстан  Республикасы  мен Еуропалық Одақ арасындағы  негізгі құжат Қорытынды  актісі бес Қазақстан-Еуропалық  декларациядан тұрады.

       Қазақстан  Республикасы  мен  Еуропалық   Одақ арасындағы  серіктестік пен ынтымақтастықты  Келісімшарттарының негізгі аспектілеріне  осы айтылғандар жатады.

     Сондықтан Қазақстан  Республикасы  мен  Еуропалық   Одақ арасындағы ынтымақтастықты  Келісімшарты адам құқығын қорғау мен  демократиялық принциптерін негізіндегі  серіктестік сфераларының мақсатын анықтауда және ҚР мен ЕО арасындағы негізгі бағыттағы қатынасын  қарастырып отыратын, ауқымды құжат  болып табылады.

     Құжатқа қол қою, еуропалық экономиалық  кеңістікте Қазақстанның интеграция жолындағы  сәтті де маңызды қадамы болды.

       Қазақстан  Республикасы  мен  Еуропалық   Одақ арасындағы  қатынасты дамытуда арнайы негізілген  құқықтарды жүзеге асыра отырып, саяси диалогты жандандыру және  экономикалық ынтымақтастықты нығайту  арқылы Қазақстандағы өзінің  ықпалын кеңейтуге жөнінде Еуропалық  Одақтың күш-жігерін еселеуі заңды  болып табылады.

     Энергетиалық  ресурстардың ірі тұтынушы ретінде  Еуропалық   Одақтың Қазақстандағы  мүдделілігі үлкен. Болашақта энергоресурстрды тұтынудың болжамданатын өсімін ескере отырып, Еуропалық  Одақ энергия  көздерін өндіруге , мұнай және газ  құбырлары желілерін құруға байланысты инвестициялық жобаларға қатысуға зор көңіл бөлуде.

       Қазақстан  Республикасы  мен  Еуропалық   Одақ арасындағы  техникалық ынтымақтастық сондай-ақ  басқа да бірқатар бағдарламалардың  шеңберінде жүзеге асуда, ИНТАС[4], КОПЕРНИКУС[5], Европартенариат және  т.б., [6,с.102]

       Орталық Азия және Закавказья  елдерінің сауда-сатық және коммуникациялық  мүмкіндіктерін дамытуға қызмет  ететін ТРАСЕКА (Еуропа – Кавках- Азия көлік дәлісі) жобасы. Осы  жобамен талшылық- оптикалық кабель  төсеу жоспарын да байланысты  қамтамасыз етеді. ТРАСЕКА біздің  еліміздің транзиттік    әлеуетін  іске асыру жөнінде қолға алынып  жатқан күш- жігер тұрғысында, сөз жоқ, Қазақстанның мүдделілігін  туғызады.

       1995 жылы басталған мұнай мен газды  тасымалдайтын  ИНОГЕЙТ мемлекетаралық  бағдарламсы Энергетик саласында  инфрақұрылымды қалыптастыруға  көмек көрсетуге бағытталған.  Бағдарлама энергоресурстарды Каспий  және Қара теңіз  арқылы  Еуропаға тиімді түрде шығаруға  қамтамасыз етуі тиіс. Бұл бағдарламаны  іске асыру –аймақ елдерінің  тәуелсіздігін нығайтуға және  энергоресурстарды тасымалдауға  арналған экспорттық жолдарды  дамытуға мүмкіндік береді.  Көп  жақты ынтымақтастық негізінде  энергия көздерін тасымалдаудың  проблемасын Қазақстанның шешуінің  маңыздылығын ескертетін болсақ, бұл жобаның тиімділігі еселеп  өсе түседі.

       1995 жылғы 23 қаңтарда Президент Назарбаев  Брюсельде Қазақстан  Республикасы  мен Еуропалық Одақ арасындағы  әріптестікпен ынтымақтастық туралы  келісімге қол қойды. Ол 1999 жылғы  1 шілдеде күшіне енді. Бұл өзара  қатынастың дәрежесімен сипатын  анықтайтын, оларды ұзақ мерзімді  және тұрақты әріптестік деңгейіне  көтеретін ауқымды халықаралық  – құқықтық құжат болып табылады.

         Жоғарыда аталған Келісімге сәйкес  Ынтымақтастық кеңесі, Ынтымақтастық  комитеті, Парламенттік ынтымақтастық  комитеті сияқты органдар құрылды.[13,с.230]  Келісім күшіне енгенге дейін Қазақстан Республикасы  мен Еуропалық   Одақ арасындағы ынтымақтастық одан әрі дамыту мәселелерімен «Қазақстан  Республикасы-  Еуропалық   Одақ» Бірлескен комитеті тікелей айналысты, комитет өзінің үш отырысын өткізді 1996 жылы маусымда ( Брюсель), 1997 жылы мамырда (Алматы) және 1998 жылы мамырда (Брюсель).

       Тараптар  экспорттық және импорттық тауарларға салық салуға қатысты өзара негізінде  қолайлылық режимін қолдануды қамтамасыз етуге міндеттенді.  Келісім Еуропалық   Одақ елдерінен Қазақстанға инвестициалар  Тарту үшін және қазақсандық шаруашылық жүргізуші субъектілердің инвестициалық  қызметі үшін  тұрлаулы жағдайлар  жасайды. Оның ережелері шетелдік компанияларды  құру режимін және олардың қызметін реттейді: оларды құру үшін мейлінше колайлылық режимі көзделген.

      Сауда-экономикалық мүдделерінің бүкіл спекторы бойынша  өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға бағытталған демократия және Адам құқығы сияқты әмбебап құндылықтарды тануға негізделген қазақстандық-еуропалық  әріптестік біздің    еліміздің    тұрлаулы    дамуының    маңызды     факторы. Қазақстан  Республикасы Еуропаның Орталық  Азиядағы ірі сауда-экономикалық әріптесіне айналды, мұның өзі айтарлықтай деңгейде біздің ішкі саяси тұрақтылығымызға байланысты мүмкін болды.

     Қазақстандық  өнімдер үшін еуропалық рыноктарды кеңейтуге және Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақ сауда-инвестициялық  ынтымақтастығын тереңдетуге байланысты айтатын болсақ, бұл жерде Еуропалық  Одақ Кеңесі қабылданған Еуропалық  Одақтың Антидемпингтік ережесіне  түзету енгізу туралы шешімнің бірінші  кезектегі маңызы бар. Бүл Еуропа Одақтың біздің елімізге «нарықтық  экономикасы бар мемлекет» мәртебесін беруін білдіреді.[8,с.40]

     Еуропалық Одақпен ынтымақтастықтың ерекше маңызы Еуропалық Одақтың Еуропадағы түрлі  қүрылымдармен және бірлестіктермен  интеграцияның жоғары деңгейіне  байланысты, «қауіпсіздік, қоршаған ортаны қорғау, ғарыш және басқа да салаларда».

     Бірлескен жер серігін жасау және ұшыру, Байқоңыр ғарыш айлағынан басқа  да жер серіктігін ұшыруды қамтамасыз ету мақсатында Еуропалық ғарыштық агенттіктің кәсіпорындарымен байланысты дамыту- Еуропалық Одақпен өзара  тиімді ынтымақтастықтың жаңа бағыты болуы мүмкін. Осы бағытта алғашқы  қадам деп Байқоңыр ғарыш айлағынан  ресейлік зымыран-ұшырғыштың көмегімен  КА «Кластер-2» макетін сәтімен  ұшыруды айтуға болады [9,с.138].  
 
 
 
 

  Қазақстан Республикасының  экономикасының дамуына  Еуропалық

Одақпен ынтымақтастықтың ықпалы 

     Қазақстан бүгінгі таңда әлеуметтік экономикалық жаңарту мен саяси демократияландырудың жаңа кезеңіне қадам басқалы тұр.

Өркенді де өршіл  дамып келе жатқан қоғамның іргетасы тек қана осы заманғы, бәсекеге қабілетті  және бір ғана шикізат секторының шеңберімен шектеліп қалмайтын ашық нарық экономикасы болып қала алады. Бұл — жеке меншік институтымен келісім-шарттық қатынастарды құрметтеу  мен қорғауға, қоғамның борлық мүшелерінің  бастамашылығымен іскерлігіне негізделген  экономика. Біз аға ұрпақты, ана  мен баланы, жастарды камкорлыққа  бөлейтін әлеуметтік бағдарланған қоғам, ел халқының барлық топтары тұрмысының жоғары сапасы мен алдыңғы қатарлы  әлеуметтік стандарттарын қамтамасыз ететін қоғам құрудамыз.

     Қазақстанның  әлемдік экономикаға ойдағыдай  кіруі елдің экономикалық дамуының сапалық серпілінің негізіне арналған.

     Қазақстанның  жаһандық экономикалық үрдістерге сәйкес дамып келе жатқан ел болуын, әлемдегі жасалған жаңа мен озық атаулыны бойына сіңірген, дүние жүзілік шаруашылықтан  шағында болса өзіне лайық  «орнын» иемденген, әрі жаңа экономикалық жағдайларға жылдам бейімделуге  қабілетті ел болуын қалаймыз. Қатаң  бәсекеге әзір түрып, оны өз мүддемізге пайдалана білуіміз керек. Қазақстан  көп тарапты халықаралық экономикалық жобаларға белсене қатыса алады  және қатысуға тиіс, өйткені олар біздің жаһандық экономикаға кірігуімізге көмектеседі әрі сол арқылы біздің қолайлы экономикалық географиялық жағдайымызға және қолымыздағы ресурстарымызға  сүйенеді.

     Қазақстанмен  Еуропалық Одақ арасындағы карым-қатынасты  болашақта ұлғайту үшін еліміздеғі экономикалық жаңартудың «» болуға қабілетті  дамыған өңірлік орталықтардың  экономикалық қызметін жандандыруға, сондай-ақ өңірлердің ұтымды экономикалық мамандануын қалыптастыруға бағытталған  осы заманғы жаңа аумақтық даму стратегиясы  қажет.

     Стратегияда Қазақстанмен Еуропалық Одақ арасындағы қарым-қатынасты дамытуда саяси, экономикалық, әлеуметтік, білім және мәдени сферада  негізгі бағыттардың анықталуы  тиіс.

     Стратегияны жасауда келесі шараларды ұғыну қажет:

•    Стратегия  Қазақстан Республикасы мен Еуропалық  Одақ арасындағы ұзақ мерзімді қарым-қатынастың дамуын анықтайтын концептуалды құжат.

•    Стратегия  екі жақтың мүддесінен шығу керек, яғни әр түрлі сферада барлық даму потенциалын қолдану.

     Қауіпсіздік сферасында, Стратегияға екі жақтың ортақ қауіпсіздік проблемасын  шешетін    әскери-техникалық    серіктестік    бағдарламасы    енгізілуі    қажет, «лаңкестік, экстремизм, есіртке трафигі, заңсыз миграция». Бұл құжат келесі тапсырмаларды қарастыруы қажет:

- қауіпсіздікке  қарсы екі жақты координациялармен  күштерді біріктіру;

- тәжірибие құрылымдарымен алмасу;

- елдің    ішкі    қауіпсіздік    жүйесіндегі    кадрлардың    квалификациясымен дайындығын жоғарылату;

- материалды-техникалық      құрылымды      модернизациялау      облысында байланысты кеңейту; [14,с.56].

- Ішкі Істер  Министрлігімен ақпараттық жүйе  құру, яғни Қазақстанмен Еуропалық Одақ арасында ақпарат алмасу;

     Стратегия экономикалық сферада келесі шарттарды  қабылдауы тиіс: Еуропалық    Одақтың     Орталық    Азия     мемлекеттерімен    энергетика сферасында серіктестікті дамытуда арнайы бағдарлама жасау.

      Қазақстан Орталық Азия мемлекеттерінің ішінде энергетика нарығының маңызды бір бөлігі, сонымен қатар Еуропамен Достастық елдері территориясы арқылы энергоресурстарын тасымалдайтын аймақтағы ең ірі транзиттік орталық болып табылады. Еуропалық Одақ энергетика саласында Қазақстаннан басқа Орталық Азия мемлекеттерімен серіктестікті дамытуы тиіс. Бүл қойылған факторлардың барлығы бағдарламамен сәйкес келуі тиіс, негізгі мақсаты Еуропалық Одақтың Орталық Азия елдерімен біріге отырып, болашақта ортақ энергетика ресурстарының нарығын қүру.

     Бағдарламада  бойынша, келесі жобаларды қарастыру  қажет:

      1.  Орталық     Азия     аймақтарының     территориясында     энергия      көзін тасымалдайтын ірі жүйелік  бағыт күру.

      2. Қазақстанда,  Өзбекстанда, Тәжікстанда мүнайгаз  экспорттайтын құбыр салу.

     3.   Атырау-Самара арасындағы мұнай  құбырын ұзарту.

     4.   «Дружба» - «Ардия» мұнай құбырларын интеграциялау.

     5.   Каспий құбырлары жобасын салу.

     6.   Балкан құбырлары жобасын салу.

     7.  Біріге отырып, энергия жабдықтарын  өндіретін өнеркәсіп құру. [14,с.62].

Бұл Бағдарламаның жүзеге асырылуы Еуропалық Одақпен Орталық Азия елдерінің энергетика нарығында тығыз қарым-қатынасына байланысты, яғни болашақта Евразия ауқымында ортақ энергетикалық кеңістік құру. Қазақстанда металлургия нарығын құру бағдарламасы  Бұл бағдарламаның негізі Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы қарым-қатынасты дамытуда металлургия саласында болашақта ортақ қара және түрлі түсті металл нарығын құру.

Информация о работе Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақ елдері арасындағы дипломатиялық, мемлекетаралық қарым-қатынастар мен тенденциялары