Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақ елдері арасындағы дипломатиялық, мемлекетаралық қарым-қатынастар мен тенденциялары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Ноября 2011 в 18:33, реферат

Краткое описание

Еуропада соңғы 50 жылда интеграциялық процестер жедел дамуда, және бұл процеске соңғы жылдары қатысуға ынталарын білдіріп жатқан елдер көп. Еуропа бірігу үстінде, сондықтан әлемнің басқа аймақтарындағы мемлекеттер өздерінің біріккен еуропаға қатысты саясатын анықтауда. Қазіргі уақытта бізге белгілі Еуропалық одақ 27 мемлекетті біріктіруде, кейінгі уақытта олардың саны 35-ке жетуі мүмкін, осымен еуропалық интеграция процесі аяқталады. Не себепті еуропаға басқа мемлекеттер қызығушылық білдіруде? Себебі, Еуропа – доғары дамыған техника мен технологиялар; еуропа – бұл капитал экспорты мен көптеген мемлекеттер экономикасы үшін инвестиция; еуропа – бұл дамы,ан білім мен денсаулық сақтау жүйесі.

Содержание работы

Кіріспе
Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақ елдері арасындағы дипломатиялық, мемлекетаралық қарым-қатынастар мен тенденциялары
Қазақстан Республикасының экономикасының дамуына Еуропалық Одақпен ынтымақтастықтың ықпалы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Содержимое работы - 1 файл

ХҚ ұйымдар СРС.docx

— 42.06 Кб (Скачать файл)

                                             Жоспар 

    Кіріспе

  1. Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақ елдері арасындағы дипломатиялық, мемлекетаралық қарым-қатынастар мен тенденциялары
  2. Қазақстан Республикасының экономикасының дамуына Еуропалық Одақпен ынтымақтастықтың ықпалы

    Қорытынды

    Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     

                                              Кіріспе 

     Еуропалық Одақ (ЕО) әлемдік саясаттың негізгі  бір тарапы болып

табылады. Қазіргі  уақытта ЕО-ға қарағанда басқа  анағұрлым дамыған сауда –  экономикалық әрі саяси интеграцияланған бірлестік жоқ.

 Қазақстанның сыртқы саясатының еуропалық бағыты туралы сөз айтқанда,  әрдайым бұл саясаттың екі бағыты туралы ой туады, біріншіден Қазақстан мен Еуропалық одақ арасындағы және екіншіден оның еуропалық мемлекеттермен екі жақты қарым-қатынасы ойға алынады.

      Еуропада  соңғы 50 жылда интеграциялық процестер  жедел дамуда, және бұл процеске соңғы жылдары қатысуға ынталарын  білдіріп жатқан елдер көп. Еуропа бірігу үстінде, сондықтан әлемнің басқа аймақтарындағы мемлекеттер өздерінің біріккен еуропаға қатысты саясатын анықтауда. Қазіргі уақытта бізге белгілі Еуропалық одақ 27 мемлекетті біріктіруде, кейінгі уақытта олардың саны 35-ке жетуі мүмкін, осымен еуропалық интеграция процесі аяқталады. Не себепті еуропаға басқа мемлекеттер қызығушылық білдіруде?  Себебі,  Еуропа – доғары дамыған техника мен технологиялар; еуропа – бұл капитал экспорты мен көптеген мемлекеттер экономикасы үшін инвестиция; еуропа – бұл дамы,ан білім мен денсаулық сақтау жүйесі.

      Қазақстан Республикасы еуропалықтарды және Еуропалық  Одақты өзінің геополитикалық орналасуымен, яғни Еуропа мен Азияны байланыстыратын  көпір ретінде, өзінің табиғи пайдалы  қазбаларының байлығымен қызықтырады. Сонымен бірге, Орталық Азия, оған кіретін Қазақстан, Еуропа үшін және Еуропалық Одаққа әлі де беймәлім аймақтар.  Қазіргі уақытта Еуропалық Одақ экономикалық және валюталық одақ құруымен жаңа сатыға өткен, интеграцияны тереңдету саясатында жүргізуде, осы ретте Қазақстан мен Орталық Азия мемлекеттері үшін әрине бұл өте актуальді сұрақ болып табылады. Біздің көзімізше Еуропалық Одақтың халықаралық аренада беделі жоғары мен ролі жоғарлауда, оның шығысқа қарай ұлғаю саясаты жүзеге асырылуда. Әлемдік экономика мен саясатта алдыңғы топта тұрған Еуропалық Одақиен тиімді және жан-жақты қарым-қатынас орнатуға Қазақстан  тарапынан ерекше көңіл бөлінуде. Халықаралық қатынастар жүйесіндегі бұл кезеңдегі байқалған тенденция мемлекеттердің жалпы әлем қауымдастығының дамуына үндесе, бірлесе дамуды, қалыптасуды көздеген аймақтық және халықаралық бірігуді  ниет еткен мемлекеттер баршылық. Қазақстан Республикасы үшін де болашақ интеграциялық бірлеске бірігу халақаралық деңгейде маңызды қадам болуы мүмкін. Бұл ретте қазіргі таңда өзінің бейбіт және экономикалық, саяси мәдени дәйекті саясаты мен жоғары дамыған мемлекеттерді біріктіріп, басын қосып отырған Еуропалық Одақтың беделі күн сайын артуда. Одақтың саяси тұрақтылығы, экономикалық күші, жүргізіп отырған нәтижелі саясаты барлық мемлекеттердің наразын аудырып, мүшелікке ену деген ұмтылысын тудырып отыр. Мұндай мақсат, өзінің дамуына, кейінгі жылдары үлкен өзгерістер жасап, алдыңғы Азиядағы дамыған мемлекеттердің біріне айналған Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының ең басты векторының бірі.

      Қазақстан мемлекетінің дамуының барлық сферасын қамтыған бұл одақ  елдің экономикалық саяси даму келбеті өзгеріп, халықтың әл-ауқаты жақсарып, мемлекеттің халықаралық  беделі нығайып, Еуропа елдерімен деңгейлес  Орталық Азия континентіндегі беделді  мемлекеттердің біріне айналды.

      Бұл тақырыпты таңдауымның бір себебі – Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақ арасындағы қарым - қатынас аспектілерін толығымен сараптама жасай отырып, Қазақстанның болашақ экономиалық даму жоспарлары мен әлем сахнасынан көрудегі мүмкіндіктерді талқылау болды. Қазақстанның сыртқы саясатындағы Еуропалық Одақпен қарым – қатынас серіктестігі маңызды орын алады.  Қазақстан үшін Еуропалық Одақ өте маңызды саяси, сонымен бірге сауда серіктесі. Еуразиялық континентте Қазақстанның географиялық тиімді орналасуы біздің елімізбен Еуропалық  Одақ арасында экономикалық және басқа салалардағы қарым-қатынасының жедел дамуына әсер етті.  Соның нәтижесінде  Қазақста Республикасымен Еуропалық Одақ арасындадағы әріптестік пен серіктестік Келісімшартына 1999 жылы қол қойылды. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Қазақстан Республикасы мен  Еуропалық Одақ елдері арасындағы дипломатиялық, мемлекетаралық қарым-қатынастар мен тенденциялары

      Еуропалық Одақ әлемдік саясаттың негізгі  бір тарапы болып табылпды. Қазіргі  уақытта Еуропалық Одаққа қарағанда  басқа анағұрлым дамыған сауда-экономикалық әрі саяси  интеграцияланған бірлесті жоқ. 56456млн. адамы бар біртұтас   ішкі рынок жағдайында  Еуропалық  Одақтың ішкі жалпы өнімі АҚШ-қа тең. Еуропалық Одақта тауарлардың  әлемдік саудасының 40% және қызмет көрсету  саудасының 30% шоғырланған, ғылыми-техникалық және қаржылық әлеулеті АҚШ-тан кейін екінші орын алады [9,с.187].

      Аймақтық  ынтымақтастықты дамыту, жанжалдарды  реттеу, еуропалық құрлықта бітімгершілік  операцияларын жүргізу мәселелеріндегі, шығыс блогының елдері есебінен одақты кеңейту процесіндегі Еуропалық  Одақтың өсе түсіп отырған  рөлі Еуропалық Одаққа қатысты біздің сыртқы саясатымыздың белсенді болуын айқындайды, ондағы мақсат өзара іс-қимыл  тереңдету әрі оны стратегиялық әріптестік деңгейіне көтеру. Қазақстан  Республикасымен Еуропалық Одақ арасындағы ресми дипломатиялық  қатынастар 1994 жылы 2 ақпанда орнатылды.[1,с.149] 1993 жылы желтоқсанда Брюсельдегі Еуропалық Одақ жанынан Қазақстан Республикасының Өкілділігі ашылды. 

      Еуропалық Одаққа қатысты Қазақстанның саясаты  оның әлемдегі экономикадағы рөлімен  және Еуропаның 25 дамыған елері кіретін  осы бірлестіктің жемісті интеграциялық  саясатымен айқындалады. Еуропалық  Одақ біздің еліміздің ең ірі сауда-экономикалық әріптесі болып табылады. Біздің еліміздің  экономикасына Еуропалық Одақтың  тікелей инвестицияларының үлесі  шамамен 30%, бұл Қазақстан экономикасына  салынған инвестициялардың жалпы көлемімен салыстырып  алынып отыр [10,с.139]. Қазақстан Батыс Еуропа елдерімен егемендікті және аумақтық тұтастықты құрмет тұту, бір-біріне шабуыл жасамау және ішкі істеріне араласпау, күш қолдану қаупін болдырмау, теңдік әрі өзара тиімділік принциптерін баяндайтын саяси шарттарын жасасты. Еуропалық Одақ  елдерімен сыртқы экономикалық байланыстардың шарттық-құқықтық базасы екі жақты сауда-экономикалық қатынастардың өсіміне ықпал еті. Біздің еліміздің экономикасы құрылымдық қайта құруға және оның өнеркәсіптік  әлеуетін дамытуға белсенді түрдеқатысып жүрген елдермен қол қойылған құжаттар айрықша маңызды. Мәселен, Қазақстанға қаржылық көмек көрсету жөнінде келісімдерге қол қойылды және олар жемісті түрде жүзеге асты. Еуропалық елдердің ішінде Ұлыбританиямен, Германиямен, Франциямен, Нидерландпен, Швейцариямен ынтымақтастық анағұрлым жемісті дамып келеді.

      Біздің  еліміз Инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы, сондай-ақ Қосарланған салық салуды болдырмау  туралы халықаралық келісімдер жасасу жолымен өз экономикасына шетелдік капиталды тарту үшін дәйекті  түрде құқықтық режим құруда. Мұндай келісімдер Еуропалық Одақтың көптеген елдерімен жасалды.

      Ынтымақтастық туралы Келісімшарт Қазақстанның бүкіл  батыс еуропа әлемімен және Еуропалық  Одаққа мүше мемлекеттерімен байланысын кеңейте отырып, Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақ арасындағы саяси  тұрақтылыққа әкелді. 1992 жылдың аяғында  Қазақстанмен Еуропалық Одақ арасындағы серіктестіктің потенциалды дамуы  үшін саяси экономикалық және дипломатиялық  шаралардың барлық түрі қарастырылды.

      1995 жылы 23 қаңтарда Еуропалық Одақтың  комиссия мүшесі Ж. Сантер Қазақстан  Республикасымен Еуропалық Одақтың  арасындағы серіктестік пен ынтымақтастық  туралы Келісімшартына қол қойды.[2,161б.]

      Өз  кезегінде, Қазақстан Президенті Еуропалық  Одақпен Қазақстан Республикасы арасындағы қатынастың дамуына бар  үлес қосатынын және ТМД мемлекеттерінің  Еуропалық Одақтың тәжірибесіне сүйене отырып, экономикасын дамыту керектігін атап айтты. Еуропалық Одақтың төрт еркіндікте даму мүмкіндіктері бар: тауардың еркін қозғалысы, жұмысшы  күш, капитал еркін қызмет атқару.  
       Ынтымақтастық туралы Келісімшарт 1997 жылы 13 мамырда Еуропалық Одақ Парламентімен расталса, 1997 жылы мамырда Қазақтан Республикасымен Парламентімен расталды және 1999 жылы 1 шілде де өз күшіне енді [11,с.467].

Келісімшарттың  құрылымы:

      - Преамбула және 100 бап 9 бөлім;

      - Кеден мәселесін шешетін әкімшілік  органдр арасындағы қарым-қатынас  Протоколы;

      Ынтымақтастық Келісімшарт не үшін керек деген  сұрақ туса, оған былай деп жауп беруге болады: ынтымақтастық Келісімшарты Қазақстан Республикасы мен Еуропалық  Одақ арасындағы саяси және экономиканың барлық секторларын қамтамасыз ететін Келісімшарт, ол Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақ арасынағы  азаматтық сферасында серіктестіктің барлық түрлеріне жауап беру негіз  құрады. Келісімшарттың басты мақсаты  – Қазақстанның Еуропалық Одаққа мүше мемлекеттерімен байланысын жақсарту мен нарық экономикасына көшу кезінде Қазақстанға көмек көрсету. Келісімшарт Еуропаның нормативті құқығына сай Қазақстанда норативі құқықтық,  сауда, инвестиция негіздерін енгізуді қарастырады.

      Ынтымақтастық Келісімшарты саяси серіктестік, сауда, бизнес және инвестицияның дамуы, шекара, интеллектуалды, өнеркәсіп және коммерсиялық құқықтарын қорғау, заң шығару облысындағы  серіктестік, мәдени серіктестік, әлеуметтік және экономика сферасындағы серіктестік,  институтционалды және т.б. мәселелер  туралы шараларды талқылайды.[3,с.42]                                                                      

Еуропалық Одақ Келісімшарт брысында аймақтағы  интеграциалаумен экономикалық, саяси  және әлемдік тұрақтылықты сақтауда, құқықтық нормалармен демократиялық принцип негіздерінде Қазақстанды нарық экономикаға өту кезінде қолдау көрсету.

      Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақтың  арасындағы ынтымақтастық Келісімшарттың негізгі мақсаттары:

  • Саяси мәселелерді диалог жүргізу жолымен тығыз саяси қарым-қатынасты дамыту;
  • Экономикалық, инвестициалық, сауда қарым-қатынасын реттеу;
  • Мәдени, технологиялық, ғылыми, азаматтық, финанс және әлеуметтік, экономикалық серіктестікке негіз құру;
 

       Бірінші бөлімде 2-4 бап Келісімшарт  екі жақты қарым-қатынастың негізгі  принциптеріне арналған. БҰҰ-ның  Хартиясы, Қорытынды актісі және  Жаңа Еуропа үшін Париж хартисы  сияқты маңызды құжаттарды қарастырады. 

       Екінші бөлімде 4-7 бап Келісімшарт  екі жақтың саяси диалогтың  интенсивтілігін, сипатын және  формасын анықтайды. Саяси диалогтың  мақсаты ҚР мен ЕО арасындағы  саяси байланыстарын күшейту.  Саяси диалог ҚР мен ЕО және  оған мүше мемлекеттері арасында  байлнысты нығайтуға, ұлттық мүдде  құқықтарын, адам құқығын құрметтеу  және демократия принциптерін  сақтай отырып, Еуропада тұрақтылықпен  қауіпсіздікті сақтауда екі жақ  серіктестіктерін ұлғайту, Қазақстанда  болып жатқан экономикалық және саяси өзгерістерді қолдау сияқты проблемаларды шешуде екі жақтың позициясын біріктіру. Саяси диалог Сыртқы Істер Министрлігімен үкімет мүшелері деңгейінде өткізіліп тұрады.

     Үшінші  бөлім 8-18 бап екі жақты сауда  келісімшартына арналған. Сауда саясатында бір-біріне жақсы жағдайлар жасау. Бүгінгі күні ЕО Қазақсанның Ресейден кейінгі сауд серіктестігі болса, Қазақстан  ЕО үшін Орталық Азиядағы сауда әріптесі болып табылады. Келісімшарт бойынша  Қазақстан Еуропа нарығына шығуға мүмкіндік  алса, ЕО-та Қазақстан нарығында  өз тауарларын шығаруға толық мүмкіндік алады [5,с.289].

     Келісімшартта екі жақ тауарды импорт және экспорт  салықтарынан өткізу мәселелерін қарастырады. Ішкі нарыққа тауарды импорттауға  қатысты ішкі заңдармен жинақтарға баланысты екі жақ бір-біріне ұлттық режим ұсынды. Сондықтан Қазақстан  тауарлары Еуропалық нарыққа  қымбат салық төлеу арқылы  шығарылып  отыр. Екі жақ бір-біріне жаңа квоталар енгізгені туралы хабарлап отыру  тиіс.

     Одан  басқа ядролық материалдарды  сату сауда саясаты Еуропалық  атом қоғамдастығымен Қазақстан  Републикасы арасында бөлек келісімшарт  болуы тиіс.

     Төртінші  бөлім 19-42 бап инвестицияға байланысты мәселелерді қамтиды. Қазақтанға Еуропалық  Одақтың инвестициасын тартуға  тұрақты іс шараларын құру. Сонымен  катар бизнесті іске асыру, бірақ  мұнда шектеулі жақтар да орын алады, бұл көбінесе шетел компаниялары арасындағы қойылған шарттармен тығыз  байланысты.

     Келісімшарттың  бесінші бөлімі заң шығару сферасында өте маңызды болып табылады. Келісімшарт  заң шығарушы екі жақтың келесі заң  шығару салаларын қарастырады: кеден, банк, компаниялар қызметі үшін енгізілген заңдар, салық, интеллектуалды жеке мүлік  заңдар, еңбек қорғау, финанс қызметі, сауда, мемлекеттік сатып алу, адамдардың өсімдіктердің және жануарлардың өмірі  мен денсаулықтарын қорғау, қоршаған ортаны қорғау, тұтынушы құқығын қорғау, техникалық нормалармен стандарттар, ядро сферасындағы құқықты және нормативті актілер, транспорт.

     Алтыншы бөлімде 44-77 бап сауда және экономика  жағынан жақсы серіктестік үшін өте маңызды болады, яғни экономикалық реформалар жүргізуде экономикалық байланыстарды дамыту [5,с.290]. Экономикалық шараларға байланысты 27 сферада нақты ортақ бағыттар енгізді. Олар: индустриалды серіктестік, инвестиция тарту,  мемлекеттік қамтамасыз ету, стандарттармен бағалау, тау және шикізат істері, ғылым және технология, білім және оқыту, ауылшаруашылық, энергетика, қоршаған орта, транспорт, космос, телекоммуникация, аймақтық даму, әлеуметтік серіктестік, туризм, орта және шағын кәсіпорын, информация және телекоммуникация, кеден, экономика, нашақорлықпен күрес, мәденит саласындағы серіктестік болып табылады.

Информация о работе Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақ елдері арасындағы дипломатиялық, мемлекетаралық қарым-қатынастар мен тенденциялары