Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Мая 2012 в 09:50, курсовая работа
Дарынды балаға тән қасиеттер де болады. Көп жағдайда олар көрсеқызарлық, алған әсері бойынша жаңа ақпарат іздеуі, мақсатына жетуі, ойын айта білуі және т.б. Алайда, кейбір дарынды бала көлеңкеде байқалмай қалып та шығармашылық жұмыспен айналысады, ол оқытушы назарынан тыс қалмауы керек. Қабілетті балаларды оқыту топта немесе жеке жұмыс беру арқылы жүзеге асырылады.
Кіріспе.......................................................................................................................3
І. Дарынды оқушыларды анықтау және дамыту ерекшеліктері
1.1. Мектеп жасындағы дарынды балалар психологиясы...................................5
1.2. Дарынды балалармен жұмыс істеудің жолдары............................................9
ІІ. Дарынды оқушылардың қабілетін анықтау және олардың психологиялық ерекшеліктері
2.1. Дарынды балалардың қабілетін анықтау.....................................................12
2.2. Дарынды оқушылардың психологиялық
ерекшеліктері, және олардың көріну сипаты......................................................16
2.3. Дамыта оқыту жағдайында оқушылардың ойлау қабілетін арттыру........23
Қорытынды ...........................................................................................................26
Пайдаланған әдебиеттер тізімі.............................................................................28
Шығармашылық дарындылық ақыл-ой және мотивациялық факторлар ықпалдастығында осы құбылыстың түсінігін тұтастай ашып көрсететін жаңа бағдар ретінде қарастырылады. Дарынды тұлғаның сапалық сипаты өзіндік жауапкершілікке, тұғырлы нәтижеге, бағытқа жеткізетін, шығармашыл іс-әрекетке қабілеттілік, креативтілік, танымдық-интеллектуалдық қызығушылығының кеңдігімен және барлық жаңалыққа ашықтықпен анықталады.
5. Ғылыми-педагогикалық әдебиеттерді талдау, мектеп тәжірибесін зерделеу-дарындылықты дамытуда шығармашыл ойлаудың дамуына септігін тигізетін функционалдық мүмкіндіктері, тұғырлы идеяларды генерациялау дағдысы, ойлаудың дәстүрлі түрінен бас тартуы, өзекті мәселерді жүйелі шешуі бастауыш сынаптағы танымдық іс-әрекет үрдісінде шығармашыл тұлға ретінде қалыптсауының факторы болып табылады.
6. Танымдық іс-әрекет үрдісінде оқушыны көркем бейнелер әлеміне тарту оқушылардың дарынды тұлғасын қалыптастырудың тиімді жолдарының бірі болып табылады.
Сонымен қазіргі кездегі білім беру жүйесінің қайта жаңартылуы баланың шығармашылық дарындылығын тануға және болжам жасауға жаңа көзқарасты талап етуде. Дарынды балаларды тану - нақтылы бір баланың дамуын талдаумен байланысты ұзақ үрдіс. Қайсыбір әдістің көмегімен зеректіліктің айқындалуы мүмкін емес. Шығармашыл оқушылардың дарындылығын анықтау кезінде кешенді көзқарас танытқан маңызды болып табылады.
2.2. Дарынды оқушылардың психологиялық
ерекшеліктері, және олардың көріну сипаты
Баланың психологиясын дамытып қалыптастыру үшін олардың өзгермелі әрекеттерін айналадағы нақты құбылыстар мен таныс объектілерді зерттеумен байланыстырудың маңызы зор.
Баланы ізденушілікке баулу, оған зерттеу дағдысы мен білігін игерту дағдысы мен білігін игерту бүгінгі күннің басты міндеті болып саналады. Егер әр оқушының жеке тұлға ретінде қалыптасуын қамтамасыз ету қажет болса, онда баланың қабілетін түрлі әрекетте көрсету үшін зерттеу жұмыстарына дайындау керек.
Тек мұғалім оқушыға жоба жаза алатынын және жақсы идеялардың барлығы да жазу кезінде болатынын түсіндіріп, оқушының жазуға деген қызығушылығын арттырса сонда бала зерттеу жұмысын жазуға талпынады.
Жобалау әдісінің негізінде оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыру, өздігінен білім алу, жобаның тақырыбын дұрыс түсініп, аша білу Бұл әдіс оқушылардың өздігінен жұмыс істей білуіне - жеке, топпен, жұппен берілген белгілі бір уақыт аралығында жүргізілетін іс-әрекетке негізделген. Оқушыны ғылыми-зерттеу жұмысына қатыстыру үшін алдымен, оны қызықтыра отырып, зерттеу талабын қалыптастыру керек. Яғни оқушы ақпаратты ала білуге, оны басқаларға хабарлай білуге талпынуы тиіс. Ең алдымен оқушыны өздігінен шешім қабылдауға, ақпараттар алуға, оны басқаларға жеткізе білуге үйрету қажет.
Расында да, тұлғаны қолдан ешкім жасай алмайды, бірақ оған дұрыс бағыт беру, даму, қалыптасу аймағына енгізу, өз белсенділіктерін туғызу, өзін-өзі тәрбиелеу іс-әрекеттерін ықпал ету-ұстаздар алдындағы да, тәрбие жетекшісі алдындағы да жауапты міндет.
Біздің мектепте дарынды баламен жұмыс жүргізуге ерекше назар аударылуда. Балаларды ғылыми-ізденіске, ғылыми жоба қорғауға баулу арқылы білімдерін тереңдету ісі жүріп жатыр. Оны- әлемдік білім кеңістігіне ену жолындағы тұлғаны дамыту аймағына кіргізу мақсатындағы бір қадам деп есептеуге болады.
Осы үрдістегі мұғалімнің ролін төмендегідей саралауға болады.
- Диагностикалық жұмыстар арқылы психологпен бірлесе отырып, ғылымға икемді, дарынды балаларды анықтау;
- Тәрбие жұмыстары арқылы оқушылардың ғылымға деген жағымды көзқарасын қалыптастыруға түрткі жасау.
- Танымдық белсенділіктерін дамыту үрдісінен іздену. Оқушылардың танымдық белсенділіктерін қалыптастыру - оларды ғылыми-ізденіс аймағына енгізудің басты жолы.Белгілі ғалым Ж.Қараев танымдық белсенділікті бір-бірімен тығыз байланыстағы үш бөлікке бөледі. «Өзінің танымдық қабілетін дамытуға ұмтылуды» танымдық белсенділіктің мотивациялық тұлғалық бөліміне жатқызады.
Балалар өздерінің дарындылықтарын іс-әрекеттің әртүрлі түрінде көрсете алады. Сонымен қатар, іс-әрекеттің бір түрінде дарындылықтың әртүрлі аспектілері көрінуі мүмкін. Дарындылыктың бірнеше түрі және формалары бар, баланың психологиялык мүмкіндігі оның дамуының әртүрлі кезендерінде өте күшті болып келеді және де, ол баланың қандай ортада өсетіндігіне байланысты болады.
Балалар ерте кезден бастап белгілі бір іс-әрекетке қабілеттілік байқатады (сурет салады, билейді, елең айтады, белгілі бір музыкалық құралда ойнайды, мүсін салады). Бірақ, бүл қабілеттілікті қалыптастырып, жүйелі дамытып отырмаса, ол қасиет жас өскен сайын бірте-бірте жойыла бастайды, жас жеткіншектің болашақ кәсіби өміріне бағыт-бағдар бере алмайды.
Қабілеттілік - адамның жеке басына төн белгілі бір іс-әрекетті орындауда жетекші рөл атқаратын ерекшелік, белгілі бір тәсілді шешудегі шапшаңдықтың тереңдіктің және тұрақтылықтың көрініс беруі. Сонымен катар, әркімнің қолынан жаңаны жасау мүмкіндігі, оның белгілі істерді үлгеруге бейімделген психикалық қасиетінің ерекшелігі.
Дарындылық – жеке тұлғаның өте күрделі, көп аспектілі қыры. Олар әр түрлі, бір-біріне ұқсамайды. Дарынды баланы байқамау мүмкін емес, көпшіліктің ортасында ол өзінің іс-әрекетімен бейімділігімен, қабілеттілігімен ерекше көзге түседі. Баланың бойындағы туа біткен қасиеттерді дамытатын - оқу мен тәрбие. Оқушыны пәнге қызықтыруда назар аударатын негізгі мәселенің бірі: баланың таным белсенділігін арттыру болып табылады. Дарынды балалармен жұмыс жүргізетін мұғалім жан-жақтылығымен бірге кәсіптік қабілеті жоғары, түпкі нәтижеге жету үшін білімі мен тәжірибесін ұштастыра білу керек. Әрбір оқушының көңіл-күйін жүрегімен сезе біліп, білімдерін жан-жақты бағалап, пәнге деген қызығушылығын оятып, дұрыс бағыт-бағдар беруі шарт. Осыған орай Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында «...Бізге экономикалық қоғамдық жаңару қажеттіліктеріне сай келетін осы заманға білім беру жүйесі қажет» делінген
Дарынды баланы анықтау үшін ен, тиімді іс-әрекет негізінде оқушының қабілетін анықтау қажет. Жас тұлғаны дамыту үшін өзіндік сана сезімін ояту қажет. Дарындылық қабілет адам бойындағы кейбір өзгерістерге, мүмкіншілігіне, даму тенденцияларына байланысты. Дарындылық қабілет оқушының жыл бойы шығармашылық, ізденіс құлшыныстарына өз әсерін тигізеді. Баланың бойындағы жеке дара қасиетін ояту мақсатында іс-әрекетке итермелеу күш жігерін дамыту қажет. Сол дарындылықты анықтау үшін мектеп психологтары лонгитюд әдісі арқылы әр оқушыны сырттан бақылап, бойындағы жеке дара қасиеттерін анықтауына себебін тигізу қажет деп ойлаймын. Айқындаудың бірден-бір белгісі: дарынды баланы күнделікті өмірінде болып жатқан түрлі іс-әрекеттің ерекшелігін педагогикалық бақылау әдісін қолдану арқылы анықталады. Дарынды бала - даналықтың, ғұламалықтың, құдіреттіліктің, адамгершіліктің кәусар тамшысы, ағымды тасқыны, дария көлі, мұхиты.
Әр адамның әрекетінің бір түріне жарамдылығын көрсететін дара ерекшелік болады. Қандай да болсын бір нәрсеге қабілеті жоқ адам болмайды. Егер адамның туысында сол қабілет танылып, ол тәрбиеленсе, оның қабілеті дамымайды. Дарындылықтың негізі - ізденіс пен белсенділік. «Ізденіс» оқушылар ғылыми қоғамның жұмысы. Оқушылардың ғылыми қоғамның секция жұмысы және оқушының ғылыми қоғамның бұқаралық жұмысы байқалады. Жалпы жиналыс конференциялар, байқаулар олимпиадалар, көрсетулер, ғалымдармен кездесулер, тақырыптық кештер ұйымдастыру, көрмелер, ғылыми және жоғары оқу орындарының лабораториясына бару, ғылым, техника апталықтарына, басқа да бұқаралық шығармашылық істерге қатысу; Түрлі байқауларды қою мен өткізу референттік жұмыстарды талдау, ғылыми-зерттеу іздеу. Өнертапқыштық жұмыстарды қорғау, сараптамалық лабораториялардың әдіс-тәсілін тереңдетіп көрсету.
Түлектермен қосымша әдебиет пен өз бетінше жұмыс жасау, орындалған жұмыспен ғылыми зерттеу жұмыстарының тақырыбымен жұмыс жасау. Дарынды оқушымен жұмыс жасағанда, оқушы жанындағы психолого-педагогикалық және әлеуметтік жағдайына назар аудару керек. Балаға әсер ететін орталар: ата-ана, мұғалім, қоршаған ортадағы жолдастары. Баланың жанын түсініп, ерік күш-жігерін оятқан кезінде ізденушілікке көңіл бөлу қажет. Оқушының дарындылығын психодиагностикалық әдістемелер жинағы арқылы анықтап, бақылау, әңгімелеу жоспарланған сұрақтар арқылы оқушының сөзді есте сақтау, өз пікірін дұрыс шешім тауып сөйлемге толық мән беріп жеткізуін байқауға болады. Дарынды оқушыны анықтап болған соң. оларды дамыту жұмыстары басталады. Яғни баланың мүмкіндігін толықтыру, жүйелеу ғылыми жоба ретінде көмек беруін мұғалім тарапынан көмек көрсетіледі. Дарынды оқушылармен жұмыс барысында мұғалім үшін қалыптасқан тұлғаны дамытуға ең тиімді жолмен кеңес серияларын ұйымдастыруға себеп туғызады. Дарынды оқушыны жүрегіне жол тапқан ұстаз педагогикалық тұрғыдан шеберліктің қайнар көзіне айналады. Дарындылық табиғаттан берілген ерекше қабілет деп түсінуге.болады. Мысалы: жоғарыда аты аталған дарындылықтың мынандай түрлері бар. Интеллектуалдық, академиялық, көркемдік, шығармашылық, лидерлік және спорттық. Мектеп психологы болғандықтан осы аталған топтың ішінен психодиагностикалық тестер мен сырттан бақылау арқылы мектепте дарынды оқушылардың қабілеті шығармашылық пен лидерлік топқа жататындығын анықтап байқадым. Ақыл-ой дарындылығы едәуір басым оқушыларды ойлауды бағалау диагностикасын жүргізу арқылы анықтауға болады. Диагностика арқылы оқушының ақыл-ой дамуы, танымдық әрекетіндегі тұлғалық ерекшеліктері туралы толық мағлұмат алуға болады. Сараптама жүзінде логикалық ойлауын жеткізуді анықтау әдістемесі алынды.
2.3. Дамыта оқыту жағдайында оқушылардың
ойлау қабілетін арттыру
Барлық жұмыстарда оқушылардың қалауы, таңдауы мен ұсыныстарын ескеру қажет. Оқушылардың танымдық ізденімпаздығы мен белсенділігін, шығармашылық бағытына негізделген жұмыс түрлерін пайдалану олардың танымдық қажеттіліктерін қанағаттандыра алады. Сондай-ақ мектептегі пәндік олимпиадалар, сайыстар, көркемөнер және техникалық көрмелер, түрлі шығармашылық көштер оқушылардың ізденіс қабілетін ұштап, дербес оң нәтижеге жетуге ықпал етеді.
В.Лембергтің пікірінше, өзіндік жұмыстарды ұйымдастыру темендегідей шарттарға байланысты:
- жұмыстың мақсатын айқын түсінуі;
- жұмыстың жемісті аяқталуы;
- жұмысты өз еркімең қалауымен орындауы.
Сонымен қатар, оқушылардың шығармашылық дербестігі мен ізденімпаздығын қалыптастыруға мұғалімнің педагогикалық шеберлігі қажет.
Шығармашылық процедуралар төмендегілер:
1. Бұрын меңгерілген білімін және білігін жаңа жағдайда дербес көшіру;
2. Таныс жағдайдағы мәселені көре білу;
3. Нысанның жаңа қызметін көре білу;
4. Шешімнің немесе оның әдістерінің баламасын көре білу.
Шығармашылыққа үйрету тұлғаның интеллектуалдық аспектісі ғана емес, оның психологиялық мінез-құлық ерекшеліктерін де көздейді. Оған жігерлік, жаңа жағдайларға бейімделуге икемділік, қажырлық пен табандылық, тәуелсіздік пен адамгершілік сезімі, ынтымақтастық, қажырлы еңбекке қабілеті, белгісіз жағдайдағы өзіне сенімділік, ақиқатты іздеудегі және қарым-қатынастағы адалдық жатады.
Оқушыларды жоспарлы жұмыс істеуге баулу өз жұмысының нәтижесін өзі тексеруге, тапсырманы орындаудың тәртібі мен әдістерін анықтай білуге, сабақта бір күнді, апта ішіндегі, ай ішіндегі өз жұмысын жоспарлай білуге ұсынылған өлшемдер негізінде өз жұмысының нәтижесін талдау мен бағалауға, соңдай-ақ мұндай өлшемдерді өздері жасауға үйретуді көздейді.
Шығармашылық бастаманы дамыту аудиторияда белгілі бір адамгершілік және эмоционалдық ахуалды қалыптастырмайынша жүзеге аспайды. Шешуші рөл мұғалімнің ұстанымы, оның шығармашылық ынтасы, мейірбандығы, еркін ойлау мүмкіндігін жасауы және өзін-өзі көрсетуі болып табылады.
Бұл мақсатқа жетудің көп тәсілдері бар:
- бастапқьыда түсінуге оңай шығармашылық тапсырмалар беру;
- белгілі нәрсені жаңаша жеткізуді сұрау;
- оқушылардың іс-әрекетіне қызығу таныту;
- жауаптарының нұсқасын мадақтау және көрсету;
- іс-әрекетке болжам жасау.
Шығармашылық мүмкіндікті қалыптастырудың міндеті - дарынды балалармен оларды табумен және мадақтаумең олардың өзін-өзі жоғары дәрежеде дамытуға жағдай жасаумен байланысты болып отыр.
Оқушылардың тапсырманы орындаудағы шығармашылық деңгейі тек айтылған тапсырманың мазмұнына тәуелді екенін тәжірибе көрсетіп берді. Егер тапсырма нашар берілсе немесе негізгі ғылымның нақты мәселесі түсініксіз болса, онда сапалы нәтижеге жетуге мүмкіндік аз. Шығармашылық мәселе білімде қазіргі уақытта ерекше өзекті болып отыр. Шығармашылық - бұл табыс қана емес, танымдылықтың өте ұзақ үрдісі, оқушылармен қарым-қатынас орнатылуы. Оқушыға барлығы оңай тие қоймайды. Оқытушы әр оқушыға ерекше жол тауып, оның шығармашылық бастамасын дамытуы керек. «Өзіңді өзің жарат» деген пікір бар, бұл ой біздің сабақтарда басты болып табылуы керек.
Оқу қызметіне қызығушылығының ең басты шарттарының бірі:
- оқытылып отырған материалдың, жұмыс ізденістерінің әртүрлілігі.
- оқушылардың қызығушылығын тіл дамыту, біліктілік, пайымдау қызығушылықтарын қалыптастыруға себеп болатын жеке тапсырмалар.
Ойлау қабілетін дамытуға келесі тапсырмалар себеп бола алады:
1. Метаграммалар.
2. Анограммалар
3. Балалардың қызыға орындайтын тапсырмалары: ребус, кроссворд, криптограммалар.
Сабақта және сабақтан тыс уақытта берілетін бұл жұмыс түрлері оқушыларға «сабақ - қызықты емес мазмұнды жаттығулар мен ережелер қосындысы» деген ой бермейді. Бүгінгі күнде сабаққа деген жоғары қызығушылықтың кезекті айналымы туралы айтуға болады. Сабақта жеке ыңғайда жұмыс істейді. Әр топ жеке тапсырмалар алады. Бұл қосымша, және анықтама әдебиетпен жұмыс жасауға әсер етеді, кейде бұл түр тұтас зерттеуге айналуы мүмкін.
Шығармашылық ойлауын дамыту жаттығулары.
Қазіргі психологияда бүл міндеттерді дивергенттік деп, ал белсенді ойлауды - дивергенттік ойлау деп атайды. Дивергенттік міндеттердің ерекшелігі: қойылған бір сұраққа бір емес, бірнеше немесе көптеген дұрыс жауап бола алуы. Әрине бұл ойлау түрі елес-қиялмен тығыз байланысты. Ойлаудың бүл дивергенттік түрі шығармашылық болып табылады.
Дивергенттік тапсырмаларды орындау барысында, балалардың келесі қасиеттері: өзіндіктігі, ойлау продуктивтілігі қоғамдастықтың жеңілдігі, мәселелерге деген жоғары сезімталдығы және басқа да шығармашылық қызметінде қажетті қасиеттері мен қабілеттері дамиды.
Қорытынды
Сонымен дарынды балаларға тән ерекшелік - ойдың айқындығы, яғни, күрделі мәселелерді айқын сөздермен, оны бір-бірінен шығатын етіп, тиісті жүйелермен көрсете білуі.
Информация о работе Кіші мектеп жасындағы дарынды балалар психологиясы