Кіші мектеп жасындағы дарынды балалар психологиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Мая 2012 в 09:50, курсовая работа

Краткое описание

Дарынды балаға тән қасиеттер де болады. Көп жағдайда олар көрсеқызарлық, алған әсері бойынша жаңа ақпарат іздеуі, мақсатына жетуі, ойын айта білуі және т.б. Алайда, кейбір дарынды бала көлеңкеде байқалмай қалып та шығармашылық жұмыспен айналысады, ол оқытушы назарынан тыс қалмауы керек. Қабілетті балаларды оқыту топта немесе жеке жұмыс беру арқылы жүзеге асырылады.

Содержание работы

Кіріспе.......................................................................................................................3
І. Дарынды оқушыларды анықтау және дамыту ерекшеліктері
1.1. Мектеп жасындағы дарынды балалар психологиясы...................................5
1.2. Дарынды балалармен жұмыс істеудің жолдары............................................9
ІІ. Дарынды оқушылардың қабілетін анықтау және олардың психологиялық ерекшеліктері
2.1. Дарынды балалардың қабілетін анықтау.....................................................12
2.2. Дарынды оқушылардың психологиялық
ерекшеліктері, және олардың көріну сипаты......................................................16
2.3. Дамыта оқыту жағдайында оқушылардың ойлау қабілетін арттыру........23
Қорытынды ...........................................................................................................26
Пайдаланған әдебиеттер тізімі.............................................................................28

Содержимое работы - 1 файл

Дарынды балалар.Aimandoc.doc

— 138.50 Кб (Скачать файл)

Шығармашылық дарындылық баланың өз қызығушылығы, өмірлік позициясымен айқындалады. Ол көбіне тәуелсіз, өзі әрекет жасайды және ісінің нәтижесін көре алады. Нақты жағдайлардың шешімін таба біледі, көркем өнер оқулары мен ойындарға бейім келеді.

Лидерлік дарындылыққа жаңа жағдайларға жылдам қалыптасу, өзге балалардың оны таңдауы, ойындар мен шараларды басқара алуы, үлкендермен және құрбыларымен қарым-қатынасқа оңай түсуі, жауапкершілік сезімнің басымдығы тән.

Бастауыш сыныптарда дарынды оқушыны анықтау мектептегі педагог –психологтардың басшылығымен жүзеге асады. Дарындылық бірінші кезеңде байқау, бақылау, әңгімелесу, сауалнамалар арқылы анықталады. Бұл анықтау келесі кезеңде педагогикалық-психологиялық диагностика арқылы нақтылан түседі. Психологиялық зерттеу жұмыстары арқылы әр баланың даралық қасиеті ескеріліп, оның дарындылығын ашу жас ерекшелігіне сай келетін анықтаулармен жүргізілуі қажет.

Көрнекті психолог Л.С.Выготский «баланың кешегі күнгі дамуына емес, ертеңгі күнгі дамуына қарау керек деп ескертеді». Бала дамуының дербестік, шығармашылық таным әрекеті, логикалық ойлау дәрежесі сияқты негізгі белгілерін біліп, жеке дара жұмыстар жүргізу арқылы белгілі бір нәтижелерге қол жеткізуге болады. Баланың оқуы мен психикалық дамуының бастапқы негіздері бастауыш сыныптарда қалыптасатындықтан, әр тұлғаның бойындағы қабілет, дарынды ашу арқылы оның мүмкіндігін дамыту керек.

 


1.2. Дарынды балалармен жұмыс істеудің жолдары

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында мемлекеттік саясат негізінде ең алғаш рет «Әр баланың қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы жеке адамның дарындылығын таныту» сияқты өзекті мәселелер енгізіліп отырғаны белгілі. Дарынды балаларға білім беруді әр ғылымның бүгінгі дәрежесіне сәйкес жүргізу бір жағынан қоғамға талантты мамандар даярлауда тиімді болса, екінші жағынан қоғамға ерекше дарынды балалардың тек өзінің интеллектуалдық дамуын қамтамасыз етеді.

Жас жеткіншектің бойындағы табиғат берген ерекше қабілетті, дарындылықты тани білу, оның одан әрі дамуына бағыт-бағдар бере білу ерекше қиын іс.

Алайда әр баланың жеке қабілетін анықтап, оны сол бағытта жетелеу-ұстаз парызы. Баланы заманына қарай икемдеп, өз заманының озық өнегесін оның санасына сіңіре білу, оларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту-бүгінгі күннің басты талабы.

Дарындылық мәселесін зерттеушілердің еңбектері көп болғанымен, дарындылықтың мән-мағынасы жөнінде олар ортақ бір пікірге келе қоймады. Сондықтан да, біз баланың дарындылығы деп, оны өз құрдастарымен салыстырғанда бірдей жағдайда білім игеру деңгейінің шоғырлығымен аса ерекше байқалатын шығармашылық қабілетінің байқалуы деп түсінеміз.

Дарындылыққа педагогикалық энциклопедияда төмендегідей анықтама берілген: «Дарындылық-белгілі бір әрекет саласында ерекше жетістікке жеткізетін адам қабілеті дамуының жоғары деңгейі».

В.Крутецский өзінің математикалық қабілеттіліктің құрылымын зерттеген еңбегінде: «Егер қабілеттіліктер деген ұғымды жеке психикалық қасиеттер деп түсінсек, онда дарындылық дегенді адамның ерекше қабілетінің жиынтығының бірлігі деуге болады»,-деп тұжырымдады.

Дарындылық ұғымымен қатар шығармашылық, талант, данышпандық ұғымдары да бар.

Шығармашылық-өзінің жаңашылдығымен, өзгешелігімен ерекшеленетін өнім алуға мүмкіндік жасайтын, жеке тұлға бойындағы қабілеттіліктің, білім мен біліктіліктің болуы.

Талант-қабілеттіліктің ең жоғары деңгейі.

Данышпандық-қоғам өмірінде тарихи маңызы бар, шығармашылықпен сипатталатын дарындылықтың жоғары деңгейі.

Дарынды балаларды анықтау-баланың дамуын таңдаумен байланысты ұзақ процесс. Осы айтылғандарды ескере отырып, дарынды балаларды анықтаудың мынадай ұстанымдары тұжырымдалды:

1. Баланың қызығушылығы мен бейімділігіне барынша сәйкес келетін қызмет аясында баланың іс-әрекетіне талдау жүргізу.

2. Дамытушылық ықпал ете отырып, баланың психологиялық кедергілерін жоюға мүмкіндік беретін тренингтік әдістерді пайдалану.

3. Баланың дарындылық белгісін оның психикалық дамуының нақты деңгейінде ғана емес, сондай-ақ оның болашақтағы даму мүмкіндігін де есепке ала отырып бағалау.

4. Жұмыс нәтижесін талдау, бақылау, әңгімелеу, мұғалімдер мен ата-аналардың сипаттамалық бағалары.

5. Түрлі ақпарат алу көздерін пайдаланып, бала қабілеттерін кең көлемде қамтуға мүмкіндік беретін баланың мінез-құлқы мен іс-әрекетін жан-жақты бағалаудың кешенді сипаты. Білім беру жүйесінде жаңаша мазмұн беру арқылы жан-жақты дамыған шығармашыл, рухани ой-өрісі кең жеке тұлғаны тәрбиелеу міндеті тұр.

Дарынды оқушымен жұмыс істедің негізгі мақсаты-олардың шығармашылық жұмыста өзінің қабілетін іске асыруға дайындығын қалыптастыру. Ал мақсатқажету оқу бағдарламасын тереңдетіп, оқыту және оқушының танымдық белсенділігін дамыту арқылы жүзеге асады.

Дарынды оқушымен жұмыс істетін мұғалімге қойылатын педагогика-психологиялық талаптарды мынадай кезеңдерге бөлуге болады.

 


ІІ. Дарынды оқушылардың қабілетін анықтау әдістері

2.1. Дарынды балалардың қабілетін анықтау

 

Дарынды  балалардың қабілетін  анықтау - баланың  дамуын  талдаумен  байланысты  ұзақ  процесс. Дарындылықты  қандай  да  бір  әдіспен  анықтау  мүмкін  емес (мысалы  сынақтан  өткізу). Дарынды  баланы  тәрбие  беру  мен  оқыту  барысында  біртіндеп, сатылып  анықтау  қажет.

Дарынды  балалардың қабілетін анықтау үш деңгейде қарастырылады. Олар: теориялық, әдістемелік, педагогикалық - ұйымдастыру.

1. Теориялық - дарындылықты анықтау.

Әр оқушының дамуы мен келешекте оқыту аспектілерін ұйымдастыру және  оның  зерттеу жұмысының нәтижесі негіз бола алады.

2. Әдістемелік - қабылданған анықтау әдісі мен  дарынды оқушының  білімін дамыту бағдарламасының сәйкестігі.

3.Педагогикалық-ұйымдастыру - дарынды балалармен диагностикалық жұмысты таңдау түрі мен ұйымдастыру әдісінің болжамы.

«Бұлақ  көрсең  көзін  аш» деген  ұлағатты  сөзге  сүйеніп,бар  мүмкіндікті  пайдаланып, баланың  қабілетін  дарынын  ашу - мұғалім  міндеті, ендеше  мен  өзімнің  тәжірибемнен  бала  бойындағы  ерекшелікті, қабілетті  танып,  соған  бағыттап  дарынды  баланың  болашағының  ірге тасы  дұрыс  қалануына  үлкен   жауапкершілікпен  қараймын. Осылай  дарынды  оқушымен  жұмыс  жүргізгенде  мақсаты  мен  міндетін  қоямын.

Дарынды  оқушымен  жұмыс  бастамас  бұрын  мұғалімге  талап  қойылады:

1. Дарынды баланы анықтауда психологпен бірлескен жұмыс жасау;

2. Ата-анасымен педагог ретінде сөйлесе білу;

3. Дарынды  балаларға  арнайы  бағдарламалар    жасау;

4. Дарынды  балаға  шығармашылықпен  жұмыс істеу  үшін жаңа, тың тапсырмалар  беру, орындалуына талап  қою;

5. Жаңа  технология  элементтерін сабақта  пайдалану;

6. Тапсырманың  орындалу  нәтижесін  қадағалау.

Дарынды  оқушылармен  мына  жұмыстар  жүргізіледі:

1. тестпен  жұмыс;

2. қосымша  материалдармен  жұмыс;

3. мектепішілік   сайыстарға  қатыстыру;

4. аудандық , қалалық , республикалық , олимпиадаларға  қатыстыру;

5. ғылыми  жоба  қорғау.

Қазіргі таңда білім берудің әлеуметтік құрылымы маңызды элементтердің біріне айналып отыр. Дүние жүзінде білімнің рөлі  артып, әр елдің өзіндік білім беру жүйесі  тағайындалған. Бірақ, ол  әлем  халықтарының  білім  берудегі  тәжірибесімен, бағыт-бағдарымен  деңгейлес  болуы  қажет. Қазақстан  Республикасындағы  үлкен  өзгерістердің  білім  беру  саласында  қамтылуы  маңызды  іс-шара   болып  табылады. Осы  орайда  білім  беруді  дамыту  тұжырымдамасы  Қазақстан  Республикасының  білім  беру  жүйесін  дамытудағы  маңызды  құжат   екендігі  сөзсіз.

Білім  беру жүйесінің  басты  міндеті - ұлттық  және  адамзаттық  құндылықтар, ғылым  мен практика  жетістіктері  негізінде  жеке  адамды  қалыптастыруға, дамытуға  және  кәсіби  шыңдауға  бағытталған  білім  алу  үшін  қажетті  жағдайлар  жасау, оқытудың  жаңа  технологиясын  енгізу, білім  беруді  ақпараттандыру. Қазіргі  кезеңде  білім  беру  жүйелерінде  қайта  құру  жүріп  жатыр, білім  беру  жүйелерінің  жаңа  ұлттық  моделі  құрылуда.

Осы  бағытта  жүргізіліп  жатқан  жұмыстардың  негізгілерінің  бірі  жалпы  білім  беретін  орта  мектепте  математика  ғылымы  негізінен  берілетін  білімді  қайта  жаңарту  болып  табылады.

Дарындылықтың  табиғаты  шексіз. Осы  дарындылық  пен  шығармашылықты  дамытудың түрлі  жолдарының  ішінде  баланың  өзіндік  зерттеу  тәжірибесі  ең  тиімді  болып  есептеледі.

Зерттеушілік, ізденушілік - бала  табиғатына  тән  құбылыс. Білуге деген  құштарлық, бақылауға  тырысушылық  тәжірибеден  өткізуге  дайын  тұру, әлем  туралы  жаңа  мәлімет  жинауға  талпынушылық  қасиеттер  балаға  тән дәстүрлі  мінез.

Педагогикалық  үрдісте  балалардың  дарынын  ашуда  оқушы  мен  мұғалімнің  ынтымақтастығы  қажет. Зерттеу  білігі  мен  дағдысы  тек  ғылыммен  айналысатын  адамға  ғана  емес, сондай-ақ  әр  адамның  түрлі  саладағы  қызметіне  қажет.

Оқушының  өзіндік  зерттеу  әрекеті  оның  өзіндік  талабын  қанағаттандыруға  ықпал  етеді. Оқушылар  қоршаған  ортамен  таныса  отырып  өзіндік  зерттеу  әрекетінің  көмегімен  жаңа  білімді  дайын  күйде  емес, өзі  ашады.

Қазіргі  кезде  қоғамдық-әлеуметтік  өмірдің  барлық  саласында  түбірлі  өзгерістердің  болуына  байланысты  білім  жүйесінде  де, ойын  мазмұны  мен  оқыту  әдістемесінде  де  біршама  жаңарулар  болып  жатыр.

Шығармашылық - зерттеу  тәртібінің  маңызды  сипаттамасы. Адам  шығармашылық  нәтижесіне  ғана  қанағаттанып   қалмай, шығармашылықпен  зерттеу  ізденушілігінің  өзінен  де  ләззат  алуға  қабілетті.

Психологтар  «зерттеу  тәртібін»  тұлғаның  дамуы  мен  өзін-өзі  дамытуда  маңызды  деп  көрсетеді. Шынында  да  ізденушілік  белсенділігі  төмендеген  сайын  адам  қолынан  еш  нәрсе  келмейтін  сияқты  үрей  туғызатын  жағдайға  тап  болуы  мүмкін. Сөйтіп,  білімге  деген  ынтасы  басылып, нәтижесінде  өзінің  қабілетін, мүмкіндігін  әлдеқайда  төмендетіп  алуы  ғажап  емес.

Дарынды  оқушының  ізденушілік  қасиетін  қалыптастыру  оқытудың  түрлі  формалары  мен  әдістері  арқылы  жүзеге  асырылады.

Солардың  ішіндегі  ең  тиімдісі  (зерттеуге  оқыту)- оқушылардың  ғылыми  қоғамын  ұйымдастыру.

Биік  танымдық  қабілет, тұрмыс-тіршіліктің  сырын  ұғуға  талпыныс  баланың  ерте  жасынан  туындайды  екен. Сондықтан  ізденушілікке  баулу  бастауыш  сыныптан  басталуы  тиіс. Ендеше  мектепте  оқушыны  ізденушілікке  баули  отырып  ғылым  мен  техниканың  жетістігіне  сәйкес  армандарына  жетуге, өз  жолдарын  дәл  табуға, ғылымға  жетелеу  арқылы  өздерінің  қабілеттерін  ашуларына  көмектесуіміз  қажет. Оған  қол  жеткізетін  тиімді  жұмыс  түрінің  бірі- оқушылардың  ғылыми  қоғамын  ұйымдастыру.

Дарынды  бала  қойылған  проблеманы  тұтастай  көре   біліп, оған байланысты  болмыс  сырларын  көптеп   шешуге, белгісіз  нәрселерге  зер  салып, қызығады, түсініксіз  нәрсені  білуге  ынтазарлық, түрлі  сұрақтарға  жауап  іздеп, ой  әрекетімен  шұғылдануға  бейім  келеді.

Сондықтан  мектеп  оқушыларының  дарындылығын  дамыту  жұмыстарын  жүйелі  ұйымдастыру  басты  мақсат, ғылыми  проблема  болып  табылады.

Анықтаманың  мазмұны  бізге  қазіргі   мектеп оқушыларының  дарындылығын  дамытудың  моделін жасауға  мүмкіндік  берді.

Ғылыми-педагогикалық, оқу-әдістемелік  әдебиеттерді  талдау  бастауыш  сынып  оқушыларының  шығармашылық  дарындылығын  дамытудың  деңгейлерін  анықтауға  мүмкіндік  береді. Зерттеу  нәтижелері  оқушылардың  шығармашылық  дарындылығының  3  деңгейін  көрсетті: креативті  деңгей, интегративті  деңгей, когнитивті  деңгей.

Сонымен, ұсынылып  отырған  шығармашылық  дарындылықты  дамытудың құрылымдық-мазмұндық  моделі  оқушылардың  танымдық  және  тұлғалық  дамуы  мен  олардың  даралық  ерекшеліктерін, айқын қабілеттерін, креативтілігін  арттырып, шығармашыл  дарынды  тұлғаның  қалыптасуына негіз болады деп  есептейміз.

Дарындылықты  дамыту  мәселесі  бойынша  жасалған  теориялық  талдаулар  негізінде  мына  тұжырымға  келдік.

1. ХХІ ғасырдың  әлеуметтік-экономикалық  көзқарасы-шығармашылық  тұлғаны  қалыптастыру  мәселелерін  қоғамдық  басымдылыққа  айналдыру.  Шығармашылық  тұрғыда  ойланатын, интеллектуалдық  сипатта  әрекет  ететін  жас  адамдардың  тәрбиеленуі, оқуы  және  ой-өрісінің  дамуы  мемлекеттік сипат  және   әлеуметтік мән-мазмұнға  ие  болуда.

2. Шығармашыл  дарынды  тұлғаны  дамыту  бойынша  жұмысты  ұйымдастыру  оқушының  тұлғалық  бағытын  белсенді  позициясына  бағыттауға мүмкіндік  беретін  оқу  еңбегінің  шығармашыл, вариативті  құрылымын талап  етеді.

3. Дарындылық   феноменін  зерттейтін  ғылыми  ойдың  дамуына  өткенді   шолу  көзқарасы  негізінде  оны  әлеуметтік  мәселе  ретінде   оқыту  қоғам  дамуындағы  постиндустриалды фазаның басталуымен  ерекшеленетінін, бүгінгі  күні  бүкіл  әлемдік  ғылымда  осы  феноменнің  табиғаты  жөнінде  терең  білімнің  қажеттігін  көрсетеді. Дарындылықтың  мазмұнды  интерпретациясы  диагностиканың  психологиялық-педагогикалық  көптеген  тұжырымдамаларының, оқушы  әлеуетінің  танымдық-шығармашылық  дамуының  биік  тұғыры  болып  табылады.

4. Шығармашылық  дарындылық  мәселелері  жөніндегі  ғылыми  ақпарат  көздерін  зерделеу  берілген  феноменнің  анықтамасымен  салыстырғанда  бірізділіктің  жоқтығы, әртүрлі  пікірлердің  көп  екендігі  байқалады.

Информация о работе Кіші мектеп жасындағы дарынды балалар психологиясы