Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Октября 2011 в 14:21, курсовая работа
Бұл курстық жұмыстың тақырыбы: өндіріс шығындарының есебі. Бұл курстық жұмыста шығын ұғымы мен басқару есебінде және өнімнің өзіндік құнын анықтау үшін шығындардың жіктелуі, сонымен қатар өндіріс шығындар есебі туралы жазылған. 1 - бөлімінде жалпы шығын ұғымы мен оның жіктелуі жайында түсінік, шығын мен шығыс түсініктерінің бір-бірінен айырмашылығы сипатталып берілген. Ал 2-бөлімінде өндіріс шығындар есебі, калькуляция баптары бойынша есебі және құрылымдары, аяқталмаған және көмекші өндірістердің есебі туралы.
Біркелкі өнімдер шығару бойынша көмекші өндіріс қарапайым және күрделі болып бөлінеді.
Шалафабрикаттар мен аяқталмаған өндірісі жоқ, үнемі күрделі емес біркелкі өнімдер (энергетикалық, транспорттық, шаруашылық қызмет көрсету) өндірумен айналысатын өндіріс қарапайым болып табылады.
Ал, шалафабрикаттар мен аяқталмаған өндірісі (инструменттік, жөндеу, механикалық ыдыстық) бар, әр түрлі өнімдерді шығарумен айналысатын өндіріс күрделі болады.
Шығаратын өнімнің (жұмыс, қызмет) көлеміне байланысты көмекші өндіріс ірі және ұсақ болуы мүмкін.
Көмекші өндіріс шығындарының есебі типтік шоттар жоспарының 8310 «Көмекші өндіріс» кіші бөлімінде көмекші өндірістің түрлері бойынша активті шоттарда жүргізіледі.
8310- "Көмекші өндірістер (қорытушы шот)";
8311- "Материалдар";
8312- "Қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу";
8313- "Енбекақыдаң қаржы бөлу";
8314- Үстеме шығындар
8311
«Материалдар» шотының дебеті
бойынша көмекші өндірістерде
технологиялық мақсаттарға
8312
«Еңбек ақы» шотының дебеті
бойынша көмекші өндіріс
Көмекші өндіріс шығындарының есебі калькуляциялық шығын баптары және цехтар бойынша жеке ведомостарда жүргізіледі. Қарапайым, біртекті өнімдерді өндіретін көмекші өндірістерде шығын есебі, аналитикалық бөлімшелерге бөлінбей, шығын баптары бойынша жүргізіледі.
Күрделі көмекші өндірісте де шығындар мен өнімнің өзіндік құны калькуляциялау есебі тапсырыстық тәсілімен ұйымдастырылады.
Көмекші өндірістерде өнімдерді шығару және қызмет көрсетудегі негізгі, бастапқы құжаттарға мыналар жатады: құралдарды, құрылғыларды, қосалқы бөлшектерді, ыдыстарды беру накладнойы, күрделі жөндеуден өткен, модернизацияланған және қайта құрылған объектілерді қабылдау-тапсыру актісі; автотранспорт жұмысшыларының жол қағаздары, көлікке жүк тиейтін жұмысшылардың есеп ведомостары және т.б.
Кәсіпорынның өзінде өндірілген және сырттан алынған жылудың, энергияның түрлері, суық су және басқаларды тұтынушыларға босату, өлшеу аспаптарының көрсетілуі бойынша жүргізіледі, ал олардың жоқ болуы, жабдықтардың қуаттылығы және оның жұмысының ұзақтығына байланысты есептеу жолымен анықталады.
Өлшеу аспаптарының көрсеткіштері немесе бөлімшенің бас энергетигінің (энергетиктік) есептеуі бойынша натуралды көріністе тұтынушылар бойынша энергетикалық ресурстарды бөліп-тарату ведомосы жасалады. Мұнда, сонымен бірге олардың қандай мақсаттарға жұмсалғаны көрсетіледі: технологиялық, жабдықты қозғалысқа келтіру, жалпы өндірістік және басқалар.
Ведомость бухгалтерияға тапсырылады және энергетикалық ресурстарды пайдаланудағы бастапқы құжат болып табылады.
Көмекші өндірістің калькуляция объектісіне өзіндік құн есептелетін, өнімнің, жұмыстың және қызметтің түрлері жатады.
Қарапайым
өндірістерде аяқталмаған өндірістердің
жоқтығынан және бірдей өнімдерді шығарумен
байланысты калькуляциялық бірліктің
өзіндік құны барлық шығындарды өнімдердің
(жұмыс, қызмет) санына бөлу арқылы анықталады.
2.5
Өндірістік шығындардың
жиынтық есебі
Кешенді өндірістің және жанама өнімдер шығарудың ерекше сипаттамасына байланыстыбелгілі бір кезеңге дейін, өндіріс процесінің алдында өнімдер айырмасы жоқ немесе жеке түрлері бойынша бөлінбейтін болып табылады (барлық шығындар бір өнімді өндіруге бағытталады). Мысалы,сыр сүттен, бензин мұнайдан өндіріледі.
Бірге өндірілетін және жанама өнімдердегі ерекшелік, бір өнімді өндіретін салада міндетті түрде екіншісінің өндірілуіне алып келетін бірге өндірілетін және қосымша өнімдер есебіне негізделген.
Әртүрлі өнімдерді біруақытта өндіруде, олардың әрқайсысының өзінің сату бағасы болады. Бұл өнімдер бірге өндірілгендер деп аталады.
Басқа өнімдермен біруақытта өндірілетін, бірақ сату бағасы басқаларға қарағанда төмен болатын өнімдер жанама деп аталады.
Бөлу нүктесі – өндіріс процесіндегі өнімдерді бірге өндірілетіндерге және жанамаға бөлу кезеңі.
Бірге өндірілетін өнімдердің арасында кешенді шығындарды тарату әдістері:
Натуралды
көрсеткіштерді пайдалану әдісі
– әрбір өнім бірдей табыс әкелгенде,
кешенді шығындар әрбір өнімнің
жалпы өндіріс көлеміндегі
Бөлу нүктесіндегі сату құны негізіндегі әдісінде кешенді шығындар бірге өндірілетін өнімдер бойынша сатудан алынған табытардың бағасына пропорционалды түрде таратылады. Мұнда жұмсалған жоғары шығындарға жоғары баға сәйкес келеді.
Сатудың таза құндық әдісі – өнімдер өндіруде кешенді шығындардан басқа қосымша бар өндірістерде пайдаланылады.
Жиынтық
пайдадағы тұрақты үлес әдісінде
кешенді шығындарды әрбір жеке өнім
үшін жалпы жиынтық пайдадағы
пайыздық үлесі бірдей болатындай етіп
таратылады.
Қорытынды
Басқару
бухгалтериясы шоттардың
Ол
өндіріс шығындары туралы ақпаратты
қорытып, өзіндік құнды
Өндірістік шығындар төрт элементтен тұрады:
- тікелей материалдық шығындар;
Шығарылатын өнімдердің ассортименті (түрлері) көп болмағанымен олардың шығарылатын мөлшері айтарлықтай көп болуы мүмкін, белгілі бір салаға ынғайланған жабдыктардың жоғары деңгейі және өндірістің жұмыс ырғағының жоғары болуы өндірістің осы тұрпатына тән белгілер болып табылады.
Сонымен, есеп өнімнің бір өлшемінің іс жүзіндегі өзіндік құнын есептеуді қамтамасыз етуге арналған. Бұл әрбір калькуляциялық (есептік) объектке ашылған карточкалар немесе арналған ведомосы арқылы жүзеге асады. Осы ведомостарда (карточкаларда) шығындардың баптары, ал баяндауыш ведомостарда — айдың басы мен соңындағы цехтар бойынша аяқталмаған өндіріс қалдықтары, ай ішіндегі шығындар, дайын өнімді, түпкілікті акауды, аяқталмаған өндіріс жетіспеушіліктерін, қайтымды қалдықтарды есептен шығару және басқа да есептен шығарулар көрсетіледі. Ведомостарға (карточкаларға) тиісті мәліметтерді жазу үшін қажетті кұжаттар мен талдамалық кестелер негіз болады. Ведомостар (карточкалар) бойынша жиынтық әр цех бойынша көрсетіледі, ал аякталмаған өндіріс қалдықтарының сомасы — Бас кітапта көрсетілген 8110-шот бойынша қалдықтарға тең болуға тиіс. Өндіріске жұмсалған шығындарды есепке алу ведомостарының (карточкаларының) деректері бойынша шығарылған өнімнің нақты өзіндік кұны айқындалады. Соңғысын өнімге қоса тіркелген кағаз (накладная) арқылы коймаларда кіріске алады. Өндірілген өнімнің кұнына 1320 -"Дайын өнім" шоты дебеттеледі және 8110-шот кредиттеледі. Ал көрсетілген қызметке 7010 шот дебеттеледі де, 8110 шот кредиттеледі.
Орташа
және ірі кәсіпорындарда өндіріс шығындарын
есепке алу және өнімнің өзіндік құнын
калькуляциялау үшін кәсіпорынның бухгалтериясы
құрамында, біртұтас болып келетін екі
бухгалтерия, яғни каржылық және басқару
бухгалтериясы болуы мүмкін.
Өндірісті ұйымдастыру типі (тұрпаты) тек шығындарды есепке алуға және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялауға ғана әсер етіп қоймайды, сонымен бірге бастапқы есепті ұйымдастыруға, талдамалық есепке де әсер етеді. Мәселен, ірі сериялық және жаппай өндірістерде шығарылатын өнім мен жалақы ауысым (смена) ішінде өндірілген өнім рапорттарына, ал жеке-дара және ұсақ сериялық өндірістерде - жасалған жұмыстар нарядтарымен үйлесімде көбіне маршруттық парақтарына жазылады.
Кез келген өнімді өндіру, жұмыстарды атқару және қызмет көрсету белгілі бір шығындармен байланысты, ондай есеп мынаны қамтамасыз етуі керек: жалпы өнім көлемін, әрбір өнім түрлерінің нақты өзіндік құнын есептеу (калькуляциялау), қызмет көрсету, жұмысты орындау, өндірілген өнімнің нақты шығысын толық, дер кезінде және шынайы көрсету, сондай-ақ жалпы бизнесті ұйымдастыру және басқарушылық шешімді қабылдау мен жоспарлау үшін ақпараттарды жинау және бақылауды көздейді.
Басқару
бухгалтериясы шоттардың
Пайдаланылған
әдебиеттер тізімі:
1. ҚР «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» заңы №234- Ш, 28.02.2007 ж.
2. Международные стандарты финансовой отчетности: полного официального текста МСФО принятых в ЕС по сост. На 1 января 2008 г. - М.: Аскери - АССА, 2008
3. Бухгалтерлік есеп шоттарының типтік жоспары, № 185 200/ жылдың 23 мамырындағы Қазақстан Республикасының: қаржы Министрінің бұйрығымен бекітілген.
4. Вахрушина М.А. «Бухгалтерский управленческий учет». Москва ЗАО «Финстатинформ», 2000
5. Ә.Д.Дәулетбеков, К.Т.Тайгашинова, Т.А. Тасмағанбетов.
«Басқарушы - өндірістік есеп». Оқу құралы. Алматы, Принт 2000
6. Друри К. «Управленческий и производственный учет» (перевод с англ.) М.: ЮНИТИ, 2003.
7. Друри К. «Введение в управленческий и производственный учет». М.: ЮНИТИ, 2000
8. Карпова Т.П. «Управленческий учет»: Учебник - М.:ЮГ ТИ, 2003
9. Назарова В.Л., Жапбарханова М.С., Фурсов Д.А., Фурсова С.Д. «Басқару есебі». Оқулық - Алматы, Экономика, 2005.
10. Назарова В.Л. (жалпы ред. Н.Қ.Мамыров) «Шаруашылық жүргізуші субъектілердегі бухгалтерлік есеп». Окулық. Алматы, Экономика, 2005
11. Төлегенов Э.Т. «Басқару есебі». Оқу құралы. Алматы, 2006
12. Хорнгрен .Ч.Т., Фостер Дж. «Бухгалтерский учет: управленческий аспект»: Пер.С англ./ Под ред. Я.В. Соколова. - М.: Финансы и статистика, 2000г.
13. Хорнгрен Ч.Т., Фостер Дж., Ш.Датар. «Управлёнческий учет», Питер, 2007ж.
14. Тайгашинова К.Т., Жапбарханова М.С. «Терендетілген басқарушылық есеп». Алматы, Экоиомика; 2008