Өндіріс шығындарының есебі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Октября 2011 в 14:21, курсовая работа

Краткое описание

Бұл курстық жұмыстың тақырыбы: өндіріс шығындарының есебі. Бұл курстық жұмыста шығын ұғымы мен басқару есебінде және өнімнің өзіндік құнын анықтау үшін шығындардың жіктелуі, сонымен қатар өндіріс шығындар есебі туралы жазылған. 1 - бөлімінде жалпы шығын ұғымы мен оның жіктелуі жайында түсінік, шығын мен шығыс түсініктерінің бір-бірінен айырмашылығы сипатталып берілген. Ал 2-бөлімінде өндіріс шығындар есебі, калькуляция баптары бойынша есебі және құрылымдары, аяқталмаған және көмекші өндірістердің есебі туралы.

Содержимое работы - 1 файл

Курсовой Баскару есеби.doc

— 315.50 Кб (Скачать файл)

    Басқару есебінде шығындарды жіктеу сан түрлі  және қандай басқару міндетін шешу қажеттігіне байланысты. Басқару  есебінің негізгі міндеттеріне мыналар  жатады:

    •   өндірілген өнімнің өзіндік құнын  есептеу, қорлар мен алынған пайданың кұнын бағалау;

    •    басқару шешімін қабылдау мен  жоспарлау;

    •    жауапкершілік орталығының өндірістік қызметін бақылау мен реттеу.

    Аталған міндеттерді шешуге осы тараудың келесі бөлімдерінде толық қарастырылған шығындарды жіктеу сәйкес келеді. 

    1.3 Өнімнің және алынған пайданың өзіндік құнын анықтау үшін шығындарды жіктеу 

    Кез келген шығындарды жіктеу-басшыға дұрыс, тиімді негізделген шешімдерді қабылдауға көмектесу: кез келген деңгейдегі басшы муұның қандай шығын мен пайда әкелетінін білуге міндетті.  Сондықтан шығындарды жіктеу процесінің мәні де басшы ықпал ете алатын шығындар бөлігін бөліп көрсетуде.

    Өзіндік құнды және алынған пайданы анықтау  үшін шығындар былайша жіктеледі:

    - кіретін (входящие) және өтіп кеткен (истекшие);

    -  тікелей және жанама;

    -  негізгілер мен қосымшалар;

    -  өнімнің өзіндік  құнына кіретін  және  өндірістен тыс (кезең шығыстары);

    -  бірэлементті және кешенді.

    Кіретін (входящие) шығындар - алынған және бар ресурстар, күткендегідей, болашақта табыс әкелуге тиіс. Олар баланста өндірістік қорлар, аяқталмаған өндіріс, дайын өнім, тауар түрінде актив ретінде көрсетіледі.

    Өтіп  кеткен (истекшие) шығындар - осы шақта кіріс алу үшін жұмсалған және болашақта кіріс әкелу мүмкіндігін жоғалтқан ресурстар. Оларға өткізілген өнім өндірісіне шыққан шығын құрамында көрсетілді, яғни кірген шығындар өткен шығындарға айналды. Шығындарды кіретін және өтіп кеткен деп дұрыс бөлу өндірілген өнімнің өзіндік құнын анықтау үшін, пайдамен шығынды (зиянды) есептегенде, кәсіпорын активтерін бағалағанда маңызды мәнге ие болады.

    Мысалы, алып-сату үшін тауар өндірісіне жұмсалған  шығындар, егер бұл тауарлар өткізілмесе  және қоймаларда сақталса, баланста кіретін (входящий) шығындар болып тіркеледі. Егер бұл тауарлар сатылса, онда бұл кіретін шығындар өткен шығындарға жатқызылуы тиіс, ол тауарларды өткізу нәтижесінде болған шығындар сметасында көрсетіледі. Өтіп кеткен және кіретін шығындар арасындағы айырма 4*-суретте керсетілген. 
 

      
 
 
 
 
 
 
 

    Сонымен, кіретін шығындар "шығындар" терминінің синонимі болып табылады, ал өтіп кеткен шығындар - "шығыстар" ұғымына ұқсайды. Шығыңдар - тауарды өткізу нәтижесінде шыққан қаражат, ал шығыстар - кірістер алуға байланысты кәсіпорын шеккен шығындардың бөлігі.

    Өнімнің жеке түрлерінің өзіндік құнына жатқызу әдістеріне байланысты шығындар тікелей және жанама болып бөлінеді.

    Өнімнің нақты түрін өндірумен нақты  жұмысты (қызмет көрсету) орындауға  байланысты және тікелей олардың  құнына кіре алатын (материалдық шығындар мен еңбекті өтеуге тікелей шығындар) шығындар тікелей деп аталады.

    Өнімнің бірнеше түрін өндіру үшін жалпы  сипат атқаратын және жасаған  кезде нақты өнімге (жұмысқа, көрсетілген  қызметке) жатқызу мүмкін болмайтын  шығындар жанамаға жатады. Мұндай шығындар өнімнің жекелеген түрлері арасында жанама жолмен кәсіпорынның бөлу негізін тандауына байланысты бөлінеді. Жанама шығындарға жалпы өндірістік шығыстарды, жабдықты ұстау мен пайдалануға жұмсалған шығыстар, басқару шығыстарын және т.б. жатқызуға болады. Жанама шығындардың ерекшелігі - ауқымды негіз (база) шегінде өзгермеуі (шығындар тұрақты болып қалатын, өндіріс көлемінің белгілі бір аралығы). Өнім бірлігіне шаққандағы тікелей шығындар мөлшері іс жүзінде өндіріс көлеміне байланысты емес және оны өндіріс тиімділігін еңбек өнімділігін арттыру, жаңа ресурс және энергия сақтайтын технологияларды енгізу жолымен төмендетуге болады.

    Шығындар  белгіленуіне байланысты негізгі және қосымша болып бөлінеді.

    Өнім  өндіруге тікелей байланысты шығындар негізгі болып табылады (шикізат, негізгі материалдар, сатып алынатын жартылай өнімдер түріндегі еңбек керек-жарақтары; өндірістік мақсаттағы негізгі құрал-жабдықтардың амортизациясы қосып есептеулерімен және т.б.) кез келген кәсіпорында олар шығындардың маңызды бөлігін құрайды.

    Қосымша (жанама) шығыстар өндірісті ұйымдастыру, қызмет ету және оны басқаруға байланысты пайда болады.

    Қосымша шығыстар екі топқа бөлінеді:

    -    Қосымша (өндірістік)  шығыстар.  Бухгалтерлік есепте олар жайлы  ақпарат "Шығынтар" атты 7 тарауында  жинақталады және одан әрі таңдалған қайсыбір бөлу базасына сайма-сай (пропорциональды) бөліну үшін 7470 «Басқадай шығынтар» шотында шоғырланады;

    -    Қосымша (өндірістік емес) шығыстар - кезең шығыстары. Бұл шығыстар  7110 «Өнімдерді және көрсетілген қызметті сату» бойынша шығыстар, 7310 "Сыйақы жөніндегі шығынтар" және 7210 "Әкімшілік шығыстар" шоттарында ескерілген.

    Қосымша өндірістік шығыстарға (жабдықты ұстау  мен пайдалануға) майлайтын, ысқылайтын және жабдықты ағымдағы күту мен жөндеуге арналған материал түрлеріне, шығыстар жабдық пен транспортгық құралдардың (заводішілік транспорт); амортизациясына жабдыққа қызмет ететін жұмысшылардың әлеуметтік салықтың аударымдары бар еңбекақы шығыстары; коммуналдық (цехтык) шығыстар (электр энергиясына, суға және т.б.); қосалқы өндіріс көрсететін қызметтер, құрал-аспаптар мен керек-жарақтардың қалпына келтіру бойынша шығыстар мен тозу; жабдық жұмысына байланысты тағы басқа шығыстар жатады және олар 93 "Қосымша шығыстар" бөлікшесінің шоттарында ескеріледі.

    Өндірісті басқаруға шыққан шығыстар (кезең шығыстары) еңбекақыны және өндірістік-диспетчерлік ақпараттың және завод басқармасының әкімшілік-басқару аппаратының еңбегін өтеу қорынан әлеуметтік салық аударымдарын, өндірісті дайындау мен ұйымдастыру амортизация, өндірістік қажеттілік пен өзі өндіретін жартылай өнімдерді сақтау үшін қолданылатын мүлікті, ғимаратты, үйді ұстау мен жөндеу шығындарын; жақсы жұмыс жағдайларын қамтамасыз етуге, кәсіби бағдарға және кадр дайындауға жұмсалған шығындар; мүліктің тозуы мен өндірістік бөлімшелерді басқаруға кететін басқа да шығыстар біріктіріледі. Бұл шығыстар кәсіпорын аумағында пайда болады,

    Қолданыстағы  баптар номенклатурасы өндірісті дайындау міндетін атқаруға, ұйымдастырушылық және басқарманың тікелей міндетгі іс-қызметтерін жүзеге асыруды топтастырады. Экономикалық мәні жағынан әр түрлі шығындарды бұлайша біріктіру шығыстарды мөлшерлеуді, жоспарлауды, бақылауды және талдауды қиындатады. Пайданы бақылау мен есептеу жүйесін құру, өндірістік емес шығындарға әсер ететін факторларды ашу үшін оларды міндетті іс-қызмет аясын белгілеу бойынша, ал іште-шығын элементтер бойынша топтастыру мақсатқа сәйкес болар еді.

    Шығындарды  жіктеудің таңдалған бағыты шығыстарды пайда болған жерлерінде жайылдырма, бір шектен шығармауға (локализовать), кәсіпорын қызметі бойынша шығындардың мазмұнын ашуға мүмкіндік береді және оларды өнім түрлеріне де, өндірістік шығыстарға да, жұмыс күшін ұстауға да және т.б. бөлу мен қайта бөлу мүмкіндіктерін жасайды. Мысалы, техникалық басқару шығыстарына техникалық қызмет еңбеккерлерін ұстау, олардың еңбекақысын және әлеуметтік салық аударымдары, амортизация техникалық қызмет орналасқан үй мен ғимаратты ұстау мен жөндеу шығындары; жалпы заводтық лабораторияларды ұстау; мүліктің тозуы мен оларды қалпына келтіру шығыстары; өнертапқыштыққа техникалық жетілдіруге және т.б. шыққан шығыстар жатқызылады. Бұл шығыстардың жарым-жартылайын өнім түрлеріне - өнертапқыштық, бұйым конструкциясын техникалық жетілдіруге, бөлуге болады; басқа бөлігінің жеке өндірістік бөлімшелерге қатысы бар және өндірістік қосымша шығыстармен бірге бөлінеді.

    Кәсіпорынның  басқа шығындары сияқты қосымша  шығыстар басқару есебінде басқару  мақсаттарына байланысты қарастырылады.

    Біртекті  өнім шығаратын кейбір кәсіпорындарда, мысалы, өнеркәсіптің энергетикалық, көмір, мұнай өндіру салаларындағы, барлық шығыстар тікелей болады. Өндеуші кәсіпорындарда (машина жасау, жеңіл, тамақ өнеркәсібінде және т.б.) жанама шығыстар өте елеулі. Осылайша, шығындарды тікелей және жанама деп бөлу өндірістің технологиялық ерекшеліктеріне байланысты.

    Өндірістік  және өндірістен тыс (мерзімдік шығындарды немесе кезең шығындары).

    Мұндай  жіктеу бухгалтерлік есептің халықаралық  стандарттарына жауап береді, соған  сәйкес өндірілген өнім қорларын бағалау  үшін тек қана өндірістік шығындар қосылуы тиіс.

    Сондықтан шығындар басқару есебінде мыналарға жіктеледі:

    •   өңдірістік (өнімнің өзіндік құнына кіретін);

    • өндірістен тыс (есепті кезең шығындары  немесе жиі-жиі болатын шығындар).

    Өнімнін өзіндік құнына кіретін шығындарға тек қана өндірістік шығындар жатқызылады, яғни өткізілген сәтке дейінгі дайын өнім өндірісіне және бітпеген (аяқталмаған) өндіріске байланысты: тікелей материалдық шығындар, әлеуметгік салық аударымдарымен бірге есептелетін еңбекті өтеуге шығатын тікелей шығындар; қосымша шығыстар.

    Өндірістік қорлар материал қорларында, бітпеген өндіріс көлемінде кәсіпорын қоймасындағы дайын өнім (тауар) қалдықтарында заттандырылған.

    Кезең шығыстары қорларды бағалағанда  есептелмейді, жасалған есепті кезендерінде есептен шығарылады. Өткізілмеген өнім мен бітпеген өндіріс калдықтарында келесі кезеңге көшпейді. Бұл шығындар ұйымның баға саясатында негізгі шешімдер қабылдауда өте маңызды. Бұларға өндірістік емес сипаттағы шығындар: коммерциялық (өнімді өткізуге байланысты), сыйақы түріндегі шығыстар мен жалпы және әкімшілік шығыстары жатқызылады.

    Сонымен қатар шығындар бір элементті және кешенді болып бөлінеді.

    Өндіріске жұмсалатын біртекті шығындар бірэлементті деп аталады. Бұл белгі бойынша  өнімнін (жұмыстың, көрсетілген қызметтің), өзіндік құнын құрайтын шығындар мынадай элементтер бойынша топтастырылды: материалдык шығындар; еңбекті өтеу шығындары; аударымдар (әлеуметтік салық), қосымша (өндірістік) шығыстар;

    Соған орай, бұл кәсіпорында қосылғыштарға  бөліп орналастыруға келмейтін  шығындар бірэлементгі деп аталады.

    Кешенді шығындар бірнеше экономикалық элементтерден тұрады. Іс жүзінде барлык элементер кіретін цехтық (қосымша) шығыстар үлгі болады. Мысалы, жоғары дәрежелі автоматтандырылған кәсіпорындарда еңбекақы аударымдарымен бірге өзіндік құн құрылымында 5% құрайды. Әдетте, мұндай кәсіпорындарда тікелей енбекақы бөлінбейді, оны «қосылған шығындар» деп аталатын жеке бапта өндірісті баскару мен қызмет ету бойынша шығыстармен біріктіреді.   
 

    2 Өндірістік шығын есебі

    2.1 Өндіріс есебінің шоттар жүйесі, аналитикалық есепті ұйымдастыру 

    Өндірістік  есепті ұйымдастыру шығын есебінің объектісі болып не саналатынына байланысты кәсіпорынның белгілі бір топтасуын қарастырады. Мүндайда: шығындарды түрі, пайда болған жерлері, жауапкершілік орталықтары мен шығынды көтерушілер бойынша есептеу болуы мүмкін. Түрлер бойынша шығын есебі. Бұл шығынды қорытынды бақылау үшін қажетті шарт, ол кәсіпорынға өндірістік өнімнің өзіндік құн құрылымын - өзіндік құнның кейбір элементтерінің өндіріс шығындарының жалпы құнына проценттік ара қатынасын есептеуге, өзіндік құнды төмендету бойынша қолда бар резервтерді айқындауға мүмкіндік береді.

    Шығындардың пайда болатын жері – кәсіпорынның құрылымдық бөлімшесі, жұмыс орындары, участкелері, бригадалар, цехтар кәсіпорын бөлімдері мен т.б. Мұндай әрбір учаскеге кәсіпорынның шығын пайда болған орын номенклатурасында белгіленетін өз тіркеу номері беріледі.

    Өндіріс шыгындарының есебі үшін, әр түрлі бағыттағы 8110 «Негізгі өндіріс» шоты қолданылады.

    «Негізгі  өндіріс»  активті шоты өндірістегі  барлық шығындарды жинақтап, қорытуға арналған. 8111 «Материалдар», 8112 «Өндіріс жұмысшыларының еңбекақысы». 8113 «Еңбекақыдан бөлінетін аударымдар», 8114 «Үстеме шығындар» шоттарында жннақтадады да. сонан сон әрбір есепті кезеңнің соңында 8110 «Негізгі өндіріс» шотына жинақтап, қорытылады.

    Шығындарды  және өнімнің шығарылуын есепке алу  мен бақылау жасауды қамтамасыз ету үшін мынадай есеп регистрлері  пайдаланылады:

    «Цехтар бойынша шығындар» ведомосы, онда 8110, 8210 және 8310 бөлімшелер шоттары бойынша шығындар есепке алынады. 8110, 8210 және 8310 шоттарының есебі компьютерлендірілген кезде олар бойынша тиісті машинограмма қолданылады.

Информация о работе Өндіріс шығындарының есебі