Балалардың жас мөлшері мен дербес ерекшеліктерін оқу – тәрбие

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Апреля 2012 в 20:23, курсовая работа

Краткое описание

Жасөспірімдік кезеңді балалардың қиын кезеңі деп те айтады. Олай дейтін себебі жасөспірімдерде менмендік асқындай береді. Материалдық, рухани жағынан отбасына, мектепке тәуелді болғанымен, бұл жастағы балалар жаман қылықтарға әуес болады, көп мәселені өз бетінше шешкенді дұрыс көріп, тәуелсіздігі асқындайды.

Содержимое работы - 1 файл

Балалардың жас мөлшері мен дербес ерекшеліктерін оқу – тәрбие.doc

— 184.00 Кб (Скачать файл)

Жасөспірімдер қоғамдық - өндірістік еңбекке қатысады. Ол тек еңбек арқылы ғана қоғамдық өмірде өз орнын таба алады, өзін бекітеді. Білім жасөспірім үшін еңбектің бастысы болып табылады. Өкінішке орай, кейбір жасөспірімдердің оқу пәндеріне деген ықыласының төмендеуінің әсерінен сабақ үлгерімі нашарлайды. Ғылым мен мәдениеттің әртүрлі саласымен қызыға айналысу негізінен жасөспірімдерге тән.

  Жасөспірім өзіне дос болатын адамды өз ұжымындағы жолдастарының арасынан табады. Жасөспірімнің досы - ол тек бірге ойнайтын, жанжалдасып қалатын, татуласатын, бірге сапарға шығатын жолдас қана емес, ол -жасөспірімнің екінші өзі, ол оның ойын білетін, қызығушылықтары мен сезімдерінің куәгері және жақсы ниеттегі сыншысы. Ал жасөспірімдік шақтың орта тұсында қыз балалардың бойында ер балалар арасынан, ер балалардың бойындағы қыз балалар арасынан дос табуға деген қажеттілік оянады. Осылайша, ақылға салынған мақсатты қарым - қатынастағы достық қалыптасады, осыдан келіп жастық шақтық махаббаты да оянуы мүмкін.

Жасөспірімдермен жұмыстағы негізгі педагогикалық идея: іс - әрекет түрлеріндегі жетістікке жағдай жасау, бұл сынып ұжымы алдында өзін-өзі ұстауына мүмкіндік береді; құндылықтарын қалыптастыру; мінез - құлқы мен рухани дамуына қарым - қатынастарын ұлғайтады.

Жасөспірімдер тәрбиесі, бірінші кезекте, олардың физиологиялық дамуына байланысты белгілі бір қиындықтар туғызады, бұл олардың танымдық процесіне және тәрбиесіне ықпал етеді. Жасөспірімдердің физиологиялық даму ерекшеліктерін және бұл ерекшеліктердің баланың жетілуінде көрініс табуын, жақсы ортаның, мектеп ұжымындағы достар мен жолдастарының болуын ескере отырып дұрыс ұйымдастырылған тәрбие арқылы және отбасындағы жағдайы арқылы жасөспірімнің жеке тұлғасын қалыптастыруға педагогикалық басшылықтың шамасы жетеді.

Демек, осы жастағы оқушылармен жүргізілетін жұмыстың маңызды міндеті тәрбиешілердің мектептегі және мектептен тыс кездегі балалардың әрқайсысымен жеке жұмыс жүргізіп, қажетті әдептілікті сақтай отырып, педагогикалық ұстамдылық пен шыдамдылыққа негізделген қызметтерін дұрыс ұйымдастыру болып табылады. Жасөспірімдер өмірінде, әсіресе, тоғызыншы сыныпта, яғни, толық орта білім алу жолына таңдау жасайтын кезде, олардың бойында әртүрлі мамандықтарға, мектеп пәндерінің ішіндегі белгілі бір пәнге деген қызығушылығы пайда болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.1  Жоғары сынып жасындағы балаларға сипаттама

Жасөспірім шақтың біраз бөлігі орта мектептің жоғары сыныбына сәйкес келеді және жеке тұлғаның қалыптасу процесінде айтарлықтай маңызды рөл атқарады. Бұл жаста /15-17 жаста/ адамның тұлғалық жағынан пісіп - жетілу кезеңі аяқталады, оның өмірге көзқарасының негізгі сипаттары қалыптасады, үлкен өмір алдындағы ең алғашқы рет өз бетімен шешім қабылдап, болашақ кәсібін таңдау міндеті жүзеге асырылады. Қоғамда балалық шақтан жастық шаққа өту кезеңі тек қана оның тұлғалық жағынан пісіп - жетілуінің ғана белгісі емес, сонымен бірге мәдениетке ұмтылу, белгілі бір деңгейіндегі білім, нормалары мен дағды жүйесін игеру, сол арқылы жеке тұлға еңбек етіп, қоғамдық қызметтер атқара алады және әлеуметтік жауапкершілікті сезінеді.

Жасөспірім шақ пен жастық шақтың арасында ап-айқын крініп тұрған аралық шек жоқ, ол шартты түрде ғана алынады, тіпті көп жағдайда бірімен -бірі үйлесімді болып келеді. 14-15 жас пен 16-17 жас аралықтар кей жағдайларда ерте жастық шақ болып есептеледі, ал кейбір жағдайларда жасөспірімдік шақтың соңы деп аталады. Жас шамасы бойынша кезеңге бөлу схемасында жасөспірімдік шақ бозбалалар үшін 13-16 жас, ал қыз балалар үшін 12-14 жас болса, жастық шақ жігіттер үшін 17-21 жас, қыздар үшін 16-20жас болып анықталады.

Балалықтан есейген шаққа өту сол қоғамның бала мен үлкенге қоятын нормалар арасындағы айырмашылытың болуына байланысты.Әлеуметтік және таптық жағдайы жеке тұлғаның өмірлік жолының тұлғалық жағынан қалыпиасу кезеңінен бастап, білім алу деңгейі мен дүниеге көзқарасы қалыптасуында зор мәнге ие болады.

Әдістемелік мәселенің ең күрделі жағы жас мөлшеріне байланысты өзіндік-жеке тұлғалық сипатының тұрақтылық және өзгермелілік деңгейі. Генетикалық немесе дамудың бастапқы кезінде пайда болған физиологиялық даму адамның жас мөлшеріне, жынысына байланысты. Мәдени шарттылықтарға байланысты сипаттамалар өзгермелі болып келеді, оның үстіне жас мөлшеріне қарай ілгерілеушіліктер, шын мәнісінде, басқа сипатқа ие. Биомәдениеттік сипаттамалар биологиялық та, әлеуметтік - мәдени де шарттарға байланысты түрленеді. Сондықтан өзіндік-жеке тұлғалық сипаттамалар ерекшелік емес, олар жастық шақ аяқталған соң, енді өзгерістер болмайды екен деген ұғымды бідірмейді.

Он жастағы бала салмақты, әрі өмірдің өзі үшін жаңа тұстарын жеңіл қабылдайды, сенгіш, ата - ананың айтқанынан шықпайды, сыртқы сипатына да көп мән бере қоймайды. Ал он бес жастың мән-мағынасын бір қалыпқа салып айтып беру мүмкін емес, себебі бұл кезде баланың өзіндік ерекшеліктері тез айқындалып келе жатады. Бұл он бес жастағы жаңа өзгерістер, яғни, отбасындағы да, мектептегі де қарым - қатынастарында қиыншылық туғызатын тәуелсіз болуға ұмтылу рухының айқындалуы, өзін сырттай бақылап отырғандардан бостандыққа шығуға дегн құштарлығы өзін-өзі алып жүре алатындай өзін - өзі тәбиелей алудың бастауы.

  Осының барлығы жасөспірімнің жан дүниесінің тез жараланып қалғыштығына және сыртқы зиянды әсерлерге тез бой алдырғыш болуына себеп болады. Ал он алты жасқа келгенде мінездегі тепе - теңдік тағы да орнығады: келіспеушілік күйдің үнемі жоғары болуымен алмасады, өзіне-өзі ие бола алмау қабілеті де артады, әсерленгіштігінің де қалыпқа түскені, көпшілдігі деген зор сенімі аңғарылады.

  Бозбалалық шақ деген ұғым әрқашан да өтпелі кезең, жыныстық жағынан жетілу болып табылатын физиологиялық процесс деген ұғыммен тығыз байланысты.

Физиологиялық бұл процесс шартты түрде үш фазаға бөлінеді:

a)     пубертаттық кезеңнің алдындағы немесе дайындық кезеңі;

б) өзіндік пубертаттық кезең, бұл кезеңде жыныстық жетілудің негізгі процестері жүзеге асырылады;

в) пубертаттық кезеңнен кейінгі кезең, бұл кезде адам ағзасы толық физио - биологиялық жетілу деңгейіне жетеді.

Егер осы бөлінулерді әдеттегі жас мөлшері бойынша біріктіріп қарайтын болсақ, пубертаттық кезеңнің алдындағы кезең жасөспірімдік шаққа дейінгі кезеңге сәйкес келеді, ал пубертаттық - жасөспірімдік кезеңге, пубертаттық кезеңнен кейінгі кезең - жастық шаққа сәйкес келеді.

Жастық шақ ақыл - ой қабілеттілігі артуының маңызды кезеңі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

II.       Балалардың жас мөлшері мен дербес ерекшеліктерін

                      оқу – тәрбие процесінде ескерілуі

 

2.2   Жоғары сынып оқушыларға психо – педагогикалық

                           сипаттама

 

Жоғары сынып оқушылары «Неге?» деген сұраққа үнемі және табанды түрде жауап іздейді және берілген жауаптың жеткілігіне әрі негізделгеніне өз күдігін білдіріп отырады. Олардың ойлау қызметі әлдеқайда белсенді және еркін. Олар мұғалімдерге сын көзбен қарайды. Пәннің қызықтылығы туралы жастардың түсінігі жасөспірімдерге қарағанда басқаша: егер алтыншы сыныпта пәннің сыртқы мәнін бағаласа, тоғызыншы сыныпта өзінше ойланудың талап ететін пәндер қызықтырады. Олар бір нәрсені қорыта айтуға, жеке деректердің негізінде жатқан жалпы қағидалар мен заңдылықтарды іздеуге құштар.

Жастық шақтық маңызды психологиялық процесс - өзіндік ақыл - ойдың және өзіндік «Меннің» бейнесінің қалыптасуы болып табылады. Жастықтың психологиялық құндылығына ие болу деген сөз - өзінің ішкі әлемін ашу деген сөз. Өзінің ішкі әлемін ашу - бұл аса маңызды да, қуанышты, жан толқытарлық жағдай, бірақ ол сонымен қатар көңілді алаңдататын және қақтығысқа толы шақтарды да бастан кешіру деген сөз. Сананың толығымен бірге өзінің ғайыптылығымен, қайталанбастығымен, басқа сезімдерден өзгешелігімен ерекшеленіп жалғыздық сезімі пайда болады. Жастық шақтағы «мен» әлі толық анықталмаған,  бұлыңғыр сезім, ол көп жағдайда ішкі дүниесі бос қалғандай әсерде болып, оны толықтыруды қажетсінетіндей сезімге келеді. Осыдан келіп басқалармен араласуға деген құштарлық, сонымен бірге кіммен қарым-қатынаста болудың да таңдалуы пайда болып, оңаша болуды қалайды.

Үлкендермен қарым - қатынаста жатық шақтың ең маңызды мәселесі болып табылады, оның әлеуметтік және психологиялық та жағы бар. Ал оны дұрыс жолға қою үшін, жас айырмашылығын және қарым қатынаста болатын, бірақ әрқайсысы өмір жолының әр кезеңінде келе жатқан адамдармен өз арасындағы айырмашылықты шектеуді қажетсінеді. Мұндай айырмашылықтар әр түрлі және өзіндік қасиеттер мен қарым - қатынастарды қамтиды. Он алты жастағы жігіт өзінің мүмкіндіктері жағынан да, өз қызығушылықтарымен де, қоғамдық жағдайымен де отыз алты жастағы ер адамнан қашанда, қай жерде болса да ерекшеленіп тұрады.

Өмірлік қағида жеке тұлғаның дүние танымынан бөлек тұрмайды. Дүниетаным дегеніміз - бұл әлемге тұтас көзқарас, болмыстың жалпы қағидалары мен негіздері туралы түсінік жүйесі, адамның өмірлік философиясы, оның барлық білімнің жиынтығы және қорытындысы.

Тәрбиеде әр балаға жеке қарау - бұл оқушыны басқалардан айырып тұрған жеке бас ерекшелігін есепке алу ғана емес. Бұл, бәрінен де бұрын, оқушыға әр уақытта және барлық қарым - қатынастарда жеке тұлға ретінде, іс - әрекеттің жауапты да өзін - өзі тани алатын субъектісі ретінде қарау. Жастық шақ-жеке тұлғаның қалыптасқан кезеңі. Бірақ жоғары сыныптағылардың бірден көзге түсетін ерекше жеке тұлға екендігін ұмытпауымыз керек.

Жоғары сынып оқушыларымен жүргізілетін жұмыстағы жетекші педагогикалық идея: жеке тұлғаның өзіне тән құштарлықтарына сәйкес оның негізгі мүмкіндіктерін іске қосу үшін, жүзеге асыру үшін жағдай жасау, өз болашағының әлеуметтік - мәнділік жағынан анықтап алуы үшін көмектесу.

Бұл кезеңде тәрбиенің маңызды қызметі оқушының өз мамандығын таңдауына көмектесу, өзінің отбасын құруына дайындау және азаматтық көзқарасы тұрғысынан әлеуметтік, Отанға деген белсенділігін қалыптастыру болмақ.

Оқушылардың өз өмірінің келешегі мен жоспарлары, дүниетанымының негізгі қалыптасады, өмірге деген өзіндік көзқарасы, өмірдегі өзінің орны айқындалады. Тәрбиешілер жүргізетін бұл кезеңдегі мақсатты тәрбие өзінің айқындаушылық қызметін атқаратын болса да, дәл осы кезде жеке тұлғаның өз белсенділігі, оның әртүрлі құбылыстарға баға беруі, әлеуметтік келеңсіздіктерге қарсы ықпал ете білуі айқын көрініс береді, тіршілік талап ететін және өзінің әлеуметтік байланыстары кеңеюіне орай міндетті түрде пайда болатын күрделі жағдайлардан шығудың дұрыс жолын таба біледі.

Әрбір оқушының танымдық іс - әрекетінің, әсерленушілігінің, ерік-жігерінің, мінезінің, жүріс - тұрысының тек өзіне ғана тән сапалық ерекшеліктері болады. Демек, жеке ерекшелік-бұл, адамның өз басындағы қасиеттерінің бір - бірімен сәйкістікпен түйісуі, оның басқа адамдардан өзгешелігі осы қасиеттері арқылы көрініс табады. Әркім өзінің жеке даму жолын бастан кешіреді, ал оның бойына табиғат берген қасиеттерге және тіршілігінің жағдайына байланысты болады. Мектеп оқушыларын олардың қабілеттеріне қарай топтарға біріктіруге болады, яғни, типология жүгізуге болады. Балалар типологиясында екі ерекше бағытты атауға болады:

- қыз балалар мен ер балалардың даму ерекшеліктері,

- дарынды балалар мен педагогикалық жағынан қараусыз қалған балалар.

Дарындылық - адамның интеллектуалдық мүмкіндігімен байланысты болатын қабілеттіліктердің бірлігі, оның іс-қимылының деңгейі мен өзіндік ерекшелігі. Қабілеттілік - бұл бірдей күшпен бірдей уақыт аралығында, бір адамның басқа адамдарға қарағанда жоғары көрсеткіштерге ие болуын қамтамасыз ететін мүмкіншілік.

Психологиялық жағынан қараусыз қалған деген сөз ортаның келеңсіз ықпалынан және педагогикалық процестің жеткіліксіздігінен  рухани көзқарастың дұрыс қалыптаспағандығы, сезімнің дәрменсіздігі, қоғамның мінез-құлық дағдысының жоқтығы айқын әрі үнемі байқалып тұруын айтады. Мұндай балаларды девианттар деп атайды.

 

 

2.3   Жеке тұлғаның өзіндік ерекшеліктері және оның

                           педагогикалық процесте ескерілуі

 

Мектеп оқушысының жеке ерекшелігі дегеніміз - оның жас мөлшеріне, жыныстық және дамуына, жан-жақты тұтас жетілген жеке тұлғалық қасиетінің қалыптасуына органикалық жағынан байланысты өзіне тән ерекшелігі. Осыған орай олармен жеке жұмыс жүргізу педагогикалық процестің маңызды бөлігі болып табылады. Жеке жұмыс - бұл әрбір жеке тұлғаның қызығушылығын, бейімділігін, сапасын, қасиетін, талабын және мүмкіншілігін ескере отырып, өскелең ұрпақтың әлеуметтік қалыптасу процесінде сәтсіздіктер мен қателіктерді барынша кеміте отырып тәрбиелеуде педагогикалық құралдардың,әдістемелердің және түрлердің барлығын пайдалану. Мектеп оқушыларынң жеке ерекшеліктерін есепке алуда нерв жүйесінің қызметі, адамның темпераменті көп жағдайда ескеріле бермейді. Темперамент – бұл адамның психикалық қызметі мен мінез - құлқының қуатын анықтайтын жеке ерекшелігі.

Жеке ерекшеліктерді есепке алу маңызды жағдай. Мұғалім бұл мәселеде шектен шығып кетпеуі керек, яғни, баланың мүмкіншілігін артық бағалау да, ескермеуі де баланың жеке дамуына зиянын тигізеді.

Міне, осылайша тәрбие беру де, оқыту да әр балаға жеке қарым – қатынас жасау маңызды, себебі әр балада оның рухани қажеттілігінің, өзіндік қызығушылығының көрінісі ретіндегі жеке ерекшелігі айқын көрініс береді, ал ол әр адамның жан – жақты дамуы үшін қоғамның талабы негізінде туындайды. Жеке қарым – қатынас әр баланың бейімділіктері мен қабілеттерінің ашыла түсуіне жақсы жағдай жасау үшін аса маңызды, сондай – ақ ол оқу бағдарламасының талаптарын орындаудағы қиыншылықтарды жеңуде де зор рөл атқарады. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                       Қорытынды

      Сонымен, баланың психофизиологиялық дамуы оның биологиялық тұрғыдан қалыптасуын көрсетеді. Баланың түрі іс - әрекетке араласуы, жолдас - жораларымен қарым-қатынасымен, жеке психологиялық қасиеті, әләуметінің қатынасы, құрбы - құрдастарының ортасындағы орны.

      Психологиялық - педагогикалық дамуының басымдылығына баланың іс-әрекетіндегі жетекші рөл атқаратын қажеттіліктен туындайтын, іс-әрекетке итермелейтін мотив, соның арасындағы қайшылықтар жатады.

Информация о работе Балалардың жас мөлшері мен дербес ерекшеліктерін оқу – тәрбие