Балалардың жас мөлшері мен дербес ерекшеліктерін оқу – тәрбие

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Апреля 2012 в 20:23, курсовая работа

Краткое описание

Жасөспірімдік кезеңді балалардың қиын кезеңі деп те айтады. Олай дейтін себебі жасөспірімдерде менмендік асқындай береді. Материалдық, рухани жағынан отбасына, мектепке тәуелді болғанымен, бұл жастағы балалар жаман қылықтарға әуес болады, көп мәселені өз бетінше шешкенді дұрыс көріп, тәуелсіздігі асқындайды.

Содержимое работы - 1 файл

Балалардың жас мөлшері мен дербес ерекшеліктерін оқу – тәрбие.doc

— 184.00 Кб (Скачать файл)

Оның үстіне, қиял әсер беретін іс - әрекет ретінде көрініс табады. Бала шынайы өмірдегі қиындықтарды бастан кешіріп, өз басындағы жағдайды тығырыққа тірелгендік деп түсінген шақта, ол өз қиялындағы әлемге кетіп қала алады. Мысалы, әкесі жоқ болса, бұл баланың жанын жаралайды, ал ол қатты қиналған кезінде өз қиялында ең керемет, мейірімді де ер жүректі әкеге ие бола алады. Қиял өз мазмұны бойынша қандай да бір адам сенгісіз нәрсе сияқты болып көрінгенімен, шынайы әлеуметтік кеңістіктің нормативтеріне сүйенеді. Бала өз қиялында мейірімділікті немесе қатігездікті көруі арқылы, ол болашақтағы өз іс-әрекеттеріне мазмұн болатын жағдайларға бейімделе алады.

Қиялға берілуі үлкен адамға қарағанда баланың өмірінде үлкен рөл атқарады, қиялдың жиі көрініс беруі арқылы ол шынайы өмірде көбірек қателеседі. Қиялдың шаршауды білмейтін жұмысы баланың қоршаған ортаны тануға және игеруге мүмкіндік беретін, өзінің өмірлік тәжірибесінің шеңберінен шығып кетуге жағдай жасайтын маңызды жолы болып табылады, ол шығармашылық қабілеттің дамуының маңызды психологиялық алғы шарты және әлеуметтік кеңістіктің нормативін игерудің тәсілі. Соңғысы қиялдың жеке тұлғаның өзіндік ерекше сапасының мүмкіншілігімен тікелей жұмыс істеуге мәжбүр етеді.

Ақыл - ойдың дамуына оқу іс - әрекеті ерекшке әсер етеді. Әсіресе оқу жүйесінде сөйлеу қабілетін меңгерудің және дамытудың айқындауыштық маңызы бар. Сөйлеу қабілетін бағдарлама бойынша дамыту мақсатында баланы оқытудың және дамытудың мынадай түрлері болады; біріншіден, нормаға сәйкес әдеби тілді меңгеру, екіншіден, оқи және жаза алу. Оқи білу де, жаза білу де - тіл жүйесіне, оның фонетикасына, таңбалануына, лексикасына, грамматикасына, орфографиясына сүйенетін сөйлеу дағдылары. Үшіншіден, оқушылардың сөйлеу мәдениетінің белгілі бір талап деңгейіне сәйкес келуі, яғни, ол оқушы деген атқа ие болғандықтан да сол деңгейден төмен болмауы тиіс.

Бастауыш сынып жасындағы бала үлкендердің сөзін бірте - бірте толық және дәл қабылдау, өз бетінше оқып, радио тыңдау дәрежесіне жететін болады. Ол сөз әлеміне қиындықсыз араласып,  оның мазмұнын бағамдай алатын болады, яғни, әңгіменің не туралы болып жатқанын ұғынып, сөздің негізгі тақырыбының дамуын қадағалап, соған сәйкес сұрақтар беруге және диалог құруға шамасы жететін болады. Бала өзінің сөздік қорын ынталы түрде кеңейтуге ұмтылып, өзі үйренген сөздер мен сөз тіркестерін жиі пайдалануға, қарапайым грамматикалық түрлер мен құрылымдарды меңгеруге тырысады. Мұның бәрі баланың сөйлеу қабілетінің және ақыл-ой қабілетінің дамуындағы жетістіктер.  

Тіл меңгеруге базасында жаңа әлеуметтік қатынастар пайда болады, олар баланың ойлау жүйесін байтып және өзгертіп қана қоймайды, сонымен бірге, оны жеке тұлға ретінде қалыптастырады. Бала мектепте барған кезден бастап, оның сезімталдық дамуы оны қоршаған сырт  адамдарға және оның сырттан алған тәжірибесіне қатысты болады.

Баланың үрейленуі өзін қоршаған ортаны қабылдауының санада сәулеленуі болып табылады, ал қоршаған орта бала үшін біртіндеп кеңейе береді. Үрейдің негізгі бөлігі отбасындағы, мектептегі және өз құрбылары арасындағы жағдайлардан құралады. Өткен уақыттағы адам түсіндіріп бере алмайтын және ойдан құралған қорқыныштары бірте - бірте күнделікті тіршіліктің толып жатқан саналы мәселелерімен алмасады. Ал баланың үрейленуіне негіз болатын алда тұрған сабақ немесе укол, тіпті түрлі табиғи құбылыстар немесе жора-жолдастарының арақатынасы болуы да мүмкін.

Бұл жастағы балаларда бірте - бірте оларға тән; мектепке барғысы келмеу әдеті пайда болады, оған жаңа өзіміз айтқан үрей қосылады. Осындай жағдайға тап болған балада бас ауруы пайда болады, құсады, басы айналады. Мұның бәрі құр сылтау емес, сондықтан да оған дұрыс көңіл бөлу керек. Әдетте мұндай балалар жақсы оқиды, ал олардың қорқыныштары жаман баға алып қаламен дегендіктен емес, негізінен ата-аналары үшін, әсіресе анасы үшін алаңдағандықтан туындайды, мысалы баласы үшін олардың мұңға батып, қайғы - қасіретте қалуы оны қатты алаңдатады. Ата - аналар баланың көзінше өз алаңдаушылық-тарын, күдіктері мен толқыныстарын айтады, сол арқылы баланың бойында өз ата - анасы үшін алаңдаушылық пайда болып, әсіресе олардың мектеп алдындағы жағдайын ойлап, бала үрейлену сезіміне беріледі, сөйтіп бәріне ата - ананың өздері себеп болады. Өздеріне өздері онша сенімді емес ата - аналар баланың үнемі өз қастарында болуын қалайды. Олардың саналы түрде баладан айырылмауы баланың тәуелсіздікке, табандылыққа деген ынтасын жояды.

Сабақ алдында үрейлену әдеті пайда болған баланы тезірек мектепке қайтару керек болады. Басы ауырып тұрғанына немесе басқа да сәл нәрсені сылтау еткеніне ерекше көңіл аудару сол белгілердің күшейіп кетуіне әкеліп соқтыруы мүмкін. Кейде тіпті баланың көңіл - күйінің жоқтығы мен шағымына көңіл аудармау керек болады.

Баланы тыңдап отырғаннан да, оны мекткепке баруға достық ниетпен қалай да көндірген дұрыс.

Бастауыш сынып жасындағы балалардың ішіндегі ер балалардың 5-8 пайызының, қыз балалардың 1 пайызының ерекше белсенділігі байқалады, бірақ бұл әзірге психикалық ауытқу емес. Алайда бұл жағдай баланың эмоционалдық, ақыл - ой, интеллектуалдық дамуының кешеуілдеуімен қатар жүреді. Мұндай мінез - құлық жүйкеге күш тусуінен пайда болуы да мүмкін және ол баланың жүйкесін ерекше қоздырып жібереді. Аса белсенді балалар берілген тавпсырмаларды орындауда қатты қиыналады, себебі оларға өз назарын бір жерге аударып, тыныш отыру өте қиын. Мұндай балалар, әдетте, ата - аналар мен мұғалімдердің ерекше назарында болуы керек.

Мектеп оқушыларында болатын ереекше белсенділіктің себебі әлі күнге дейін толық анықталған жоқ, бірақ көптеген жағдайларға байланысты белгілі бір пайымдаулар айтылып жүр. Мысалы, сарапшылар мұндай жағдайды олрталық нерв жүйесінің генетикалық әсерімен түсіндіреді. Көптеген зерттеушілер оның себептерін күнделікті ішіп жүрген тағамнан, баланың өзінің ерік - жігерінен, оның өрескел қылықтарына қолдау көрсетушіліктен іздейді. Бүгінгі таңда мұндай келеңсіз жайттардың алдын алу мен емдеудің түрлі әдістемелері қолданылып жүр. Кейбір дәрі - дәрмектер белсенді балаларды тыныштандырады. Сондай-ақ кең таралған әдістің бірі-тағамның құрамынан қантты, жасанды дәмдеуіштер мен тағамға қосылатын заттарды алып тастау арқылы диета қолдану. Баланың мінез-құлқына ата-ана мен мұғалімдер тарапынан үнемі және табанды бақылаудың жасалуы және сыртқы әсерді, мысалы,қоғамдық орындарда көңілді тыныштандыратын көгілдір жарықтың түсірілуі жақсы нәтиже береді.

Осы және осыған ұқсас басқа да әдістемелер баланың бойындағы ерекше белсенділікті бәсеңдетуге мүмкіндік береді, ал бұл өз кезегінде оқушының сабақ үлгерімін жақсартуына, сыныптағы, үйдегі, көшедегі мінез - құлқының жақсаруына себеп болады. Әрине, емдеудің бірыңғай тәсілі жоқ. Бұл жағдайда мамандар оны емдеудің бірнеше тәсілін бір мезгілде қолданады, бәлкім, оған жүйелі түрде қарау керек шығар.

Мектепке барған алғашқы жылдарында балалар әлі де үлкендер тарапынан қамқорлықты қажет етіп тұрса да, бірте - бірте ата - аналарынан өздерін алшақ ұстайды. Балалардың ата - аналарымен қарым - қатынасы, отбасының құрылымы және ата-аналардың өзара қарым-қатынасы балаға қатты ықпал етеді, алайда, сыртқы әлеуметтік ортамен араласының кеңеюіне байланысты енді оларға үйден тыс жердегі ықпал етуі күшейе бастайды.

Бастауыш сынып жасындағы бала үшін ең маңыздысы - педагог. Балаға қарап жылы жүзбен жымиюдың аса маңызды әсері туралы И.М.Юсупов былай дейді: «Педагогикалық қарым - қатынаста балаға қарап жымию баламен диалогтың ең қажетті құралы болып табылады. Сөйлесетін адамның неғұрлым кішкентай болса, ол өзінің іс - әрекетіне үлкендердің соғұрлым үнсіз де жылы жымиысына баға беруін қажетсінеді. Тек қана оқу процесінде емес, жай қарым - қатынастарда да бастауыш сынып жасындағы балалар мен жасөспірімдерді жылы жымиыспен ынталандырудың маңызы зор. Сондықтан да педагогтың вербальды емес қарым - қатынаста өз бет әлпетінің жылығымен әсер етуге сараңдығы бала мен педагог арасындағы онсыз да үлкен жас айырмашылығын одан сайын қашықтатпақ».

Үлкендердің баламен әр түрлі қарым - қатынасы және олардың балаға беретін бағасының сипаттамасы оның бойындағы өзіне беретін баға бере алу қасиетін дамытады. Бір жағдайда оның өзінің ақылды екендігіне сенімі артса, басқа бір жағдайларда өзінің көріксіз немесе қателігін мойындайды. Үлкендердің тікелей әсер етуімен баланың бойында пайда болатын осындай өзіне өзі баға берушілігінен оның басқа адамдарға да баға беруінің негізі қаланады.

Мектеп оқушыларының өз арасындағы қарым-қатынастары үнемі өзгеріп отырады. Баланың 3 жастан 6 жасқа дейінгі аралықтағы қарым - қатынастары негізінен ата - аналардың бақылауында болатын болса, 6 жастан 12 жасқа дейінгі аралықта мектеп оқушылары көп жағдайда ата - ана назарынан тыс қалады. Бастауыш сынып жасындағы балалардың достық қарым -қатынастары негізінен қыз бала мен қыз баланың, ер бала мен ер баланың арасындағы достыққа әкеледі. Ата - аналарымен арасындағы байланыстың бұрынғыға қарағанда босаңсығаны себепті бала енді өзінің жора-жолдастарының қолдауына көбірек сүйенетін болады. Сонымен бірге оған енді өзінің эмоционалдық қауіпсіздігін де қамтамасыз етуіне тура келеді. Демек бала ушін өз құрбы - құрдастары өзіндік бір рөл атқара бастайды, яғни, ол соларға қарай отырып, бұдан әрі қарай ата-анасы көрсеткен жолдың ішінен қайсысын алуы керек, ал қайсысынан бас тарту қажеттігін таңдай бастайды. Мектеп жасындағы балалар әдетте жынысына, өз отбасының әлеуметтік-экононмикалық мәртебесіне қарай өзіндік топтарға бірігеді. Осылайша бастауыш сынып жасы маңызды жағдаймен, яғни, баланың мектепке баруымен айқындалады. Мектептегі жаңа әлеуметтік жағдай бала өмірінің бұрынғы өзі үйренген қалыбынан гөрі тереңдеу әсер береді әрі баланың жүйкесіне салмақ түсіреді.

Бастауыш сынып жасы - бұл айналадағы өзге әлемді баланың өз бойына сіңіре бастау, білім жинақтау, осыларды басымдылықпен игеру кезеңі болып табылады. Осы бір аса маңызды өмірлік функцияны табысты орындау баланың өзіне тән бейімділігінің осы жаста қалыптасуына қолайлы жағдай жасайды, яғни, ол мынадай бейімділіктер: адамның беделіне зор сеніммен қарауы, кездесетін барлық жағдайларды тез қабылдап, оған тез әсерленгіштігі, аңғал да ойын баласының қарым - қатынасы. Бастауыш сынып жасындағы балалардың бойындағы осы аталған бейімділіктердің әрқайсысы тек жақсы жақтарымен ғана көрініс табады, ал ол осы жастағы балаларға ғана тән қайталанбас ерекшеліктер болып табылады.

Бастауыш сынып жасындағы балалардың кейбір ерекшеліктері жылдар сайын жойылып отырады, ке              йбір ерекшеліктерінің маңызы өзгереді. Мұндай жағдайдың балалардың бойында көрініс табуы олардың жас ерекшеліктеріне қарай әртүрлі деңгейде болатынын атап көрсету қажет. Міне, балалардың танымдық мүмкіндіктеріне өзіміз қарастырған осы ерекшеліктер зор ықпал етеді және ол баланың жалпы дамуының келешегінің алғы шарты болып табылады.

 

 

 

 

 

1.1  Жас өспірім кез және оның ерекшеліктері.

 

  Педагогикалық тәжірибеде баланың жан-жақты дамуы мен мінез-құлқы жағынан қалыптасуының жасөспірімдік шағы (10-15 жас) ең қиын кез болып есептеледі. Балалардың тәртібі нашарлап, сабаққа үлгерімі төмендейді, қыздар мен ұлдар арасындағы қарым-қатынас та қалыпты болмайды. Кейбір балаларда тіпті қоғамды жатсыну әдеті пайда болады.

Жасөспірімдердің мінезіндегі мұндай қылықтардың негізі осы жастағы соматикалық және психикалық дамуда жатыр. Бұл кезде баланың бойы тез өседі. Жасөспірім шақтағы бойдың өсуі бұрынғыға қарағанда бір жылда екі есе шапшаңдықпен өсетін болады. Баланың бойының шапшаң өсуіне әртүрлі жағдайлар әсер етеді, мысалы, баланың ішетін тамағы, еңбек, спорт. Алайда, әсер ететін осы жағдайлардың өзінде де белгілі бір заңдылықтар болады, мысалы, баланың аяғы кеудесіне қарағанда жылдам өседі де ерекше ұзын сияқты болып көрінеді. Бала денесінің өсуіндегі осындай әркелкілік дененің басқа мүшелері мен органдарында да көрініс береді, мысалы сүйек етке қарағанда тез өседі. Сүйектің өте тез өсуі кейде жанға батарлықтай ауыратыны байқалады, денесі құрысып, қатты мазасынданып, баланың берекесі кетеді. Соның әсерімен баланың мінезінде ашушаңдық, қызбалық пайда болады.

Жүректің көлемінің өсуі бойдың өсуін қуып жете алмайды, сондықтан да қан жүретін тамырлар әлдеқайда жіңішке болады, қан қысымы артады. Өсудегі морфологиялық тепе - теңдіктің болмауынан тамырдың соғуы да, жүректің жұмысы да қалыпты болмайды, басы ауырады, қаны аздылықтан тез шаршайтын болады.

Бала жасөспірім шаққа өткен кезде оның нерв жүйесінің құрылымы морфологиялық жағынан жетіліп болады. Оның одан әрі қарай дамуы ағзаның барлық қызметіне және екінші сигналды жүйенің жетілуіне бақылау жасауды күшейтеді. Барлық жастан өту нерв жүйесіне де оңайлыққа түспейді. Ағзаның тез өсуі әрі оның өсуінің бір қалыпты болмауы нерв жүйесінің өзара байланысы мен өзара қарым - қатынасының қайта құрылуына мәжбүр етеді.

Бастауыш сынып жасындағы бала әлемге ерекше қызығушылықпен, балалық аңғалдықпен қарайды, жасөспірім өзін қоршаған әлемге баға береді және оған деген өзінің қарым - қатынастарына еніп енді тек өзінің қажеттіліктерін қанағаттандыру бойынша ғана емес, сонымен бірге өзі теориялық жағынан игерген қағидалар бойынша қарым - қатынасқа түседі және адамдардың мінез - құлқын, қоғамдық құбылыстарды бағалауда ешкіммен ымыраға келмейтін, өз дегенім болсын дейтін әдет табады. Ол -айналадағының бәрінің сыншысы. Ол өзі жақсы көретін адамдардың кемшілігін де көргіш болады және сол үшін қиналады. Кез келген жалғандық оның ызасын тудырады және көңілін қалдырады.

  Біз өз алдына жеке қарастыратын әлеуметтендіру факторларының ішіндегі аса маңызды әрі ықпал ету күші басымы - қоғамның алғашқы ұжымы болатын - отбасы, бала оның ықпалын бәрінен бұрын, тез қабылдағыш қасиеті артып тұрған кішкентай кезінде ерекше сезінеді. Отбасы жағдайы, оның әлеуметтік деңгейі, ата - аналарының айналысатын кәсіптері, материалдық жағдайы және олардың білім деңгейі баланың өмірлік жолын айқындайды. Балаға ата-аналар беретін саналы және мақсатты тәрбиемен қатар, отбасының жағдайы да ықпал етеді бұл ықпал өскен сайын, ол тіпті баланың тұлғалық қалыптасуында көрініс табады. Жасөспірімдік өтпелі кезеңнің ең басты үрдісінің бірі - жасөспірімнің өз ата - аналарымен, мұғалімдерімен және жалпы үлкендермен, құрбыларымен, барлық жағдайы бойынша өзіне тең немесе тең еместермен қарым - қатынасында қайта бейімделу байқалады. Бұл қайта бейімделу жағдайы бірте - бірте болуы мүмкін немесе аяқ астынан мінез көрсетеді. Жасөспірім үшін үлкендер мен  өз қатарластары мәртебесінің деңгейі бірдей болмайтындығынан қайта бейімделу процесі әртүрлі көрініс береді. Өз құрбыларымен қарым-қатынаста болуға деген қажеттіліктің орнын ата-аналары толтыра алмайда, ол баланың бойында 4-5 жасында басталады да, жасы өскен сайын дамиды. Құрбы – құрдастарымен қарым - қатынастың болмауы мектеп жасына дейінгі балалардың жеке тұлғалық коммуникативті мүмкіншіліктері мен ақыл ойының дамуының кешеуілдеуіне айтарлықтай әсерін тигізеді. Жасөспірімдердің мінез-құлықтары мен іс - әрекеттері өз мәні жағынан ұжымдық - топтық болып табылады.

Жасөспірімдерді өмір ортасының қарама - қайшылықтары қызықтырады, бұл жастағылардың қажеттілігі - өздерінің айналадағы адамдарға деген қарым-қатынасын, әлемдегі өзінің орнын табу. Ал бұл қажеттілік басқа адамдармен қарым - қатынастары қанағаттандырады. Бұл қажеттілікті қанағаттандыруда әдебиет пен өнердің атқаратын рөлі ерекше. Әдебиет жасөспірімнің алдына адамзаттық қарым - қатынастардың, мінез - құлықтардың, сезімдердің аса бай да күрделі мәнін ашып береді: ол әрбір кейіпкерден өзін көретін болады, өзінің сезімдері мен құмарлық-құштарлықтарының дұрыстығына жауап іздейді. Ал музыка - адамның сезімдерінің әміршісі. Оның тілі толқу үстіндегі адамға түсінікті. Сондықтан да жасөспірімдердің тыңдайтын музыкасына қатты көңіл бөлу керек.

Информация о работе Балалардың жас мөлшері мен дербес ерекшеліктерін оқу – тәрбие