Кәсіпорынның мүлкі - негізгі құралдар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Марта 2013 в 15:02, курсовая работа

Краткое описание

Ел Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстан – 2030». «Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі,қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы».Жолдауында былай делінген: «біздің еліміздің мұраты ұлттық біртұтастық, әлеуметтік әділеттілік тән әрі күллі халқының экономикалық әл-ауқаты артқаг тәуелсіз, гүлденген және саяси тұрақты Қазақстанды сыйлау деп санймын.

Содержимое работы - 1 файл

негизги курал теория.doc

— 195.00 Кб (Скачать файл)

Мұнай, газ кәсіпорындар станоктың бастапқы құны бір миллион (1000000) теңге, ал қалдық құны жүз мың (100000) теңгені құрайды. Бұл станоктың  пайдалану мерзімін бес (5) жыл деп алып, осы жоғарыда айтылған әдіс бойынша бір жылдық амортизациялық аударымды есептейтін болсақ, ол жүз сексен мың (180000) теңгені құрайды. Яғни

1000000-100 000 = 900000

900000/5=180000

Бұл станоктың барлық амортизацияланатын сомасы 900000 теңге ((1000000-100000), яғни бастапқы құны мен қалдық құнының айырмасы), ал оны пайдалану мерзіміне бөлу арқылы бір жылдық амортизациялық аударым сомасы табылады. Бұл станоктың пайдалану мерзімі 5 жыл болғандықтан барлық амортизациялануға тиісті соманы 100% (пайыз) деп альга, ал бір жылдық амортизациялық аударым мөлшерін (100/5 = 20%) сол соманың 20% (пайыз) деп те табуға болады. Бұл жағдайда жоғарыдағы көрсеткішке тең сома табылады

900000x20%= 180000

Станокқа  амортизациялық   аударым   сомасының   бес   жыл   бойы есептелуін төмендегі кестеден көруге болады:

 

Станоктың бастапқы құны (теңге)

Бір жылдық амортиза-циялық аударым сомасы (теңге)

Жинақ-талған тозу сомасы (теңге)

Станоктың қалдық құны (теңге)

Сатып алынған кездегі

1000000

   

1000000

1-жылдың соңында

1000000

180000

180000

820000

2-жылдың соңында

1000000

180000

360000

640000

3-жылдың соңында

1000000

180000

540000

460000

4-жылдын, соңында

1000000

180000

720000

280000

5-жылдың соңында

1000000

180000

900000

100000


Бұл кестеден үш жағдайды көруге болады:

- негізгі құралдардың пайдадану мерзімі ішінде, яғни 5 (бес) жыл 
бойы   оған   есептелетін   амортизациялық   аударым   сомасы   өзгермейді 
(тұрақты);

  • жинақталған тозу сомасы бірқалыпты өсіп (көбейіп) отырады;
  • негізгі құралдардың қалдық құны бірқалыпты азайып отырады.

Құнды орындалган жұмыстың көлеміне тепе-тең мөлшерде есептен шыгару әдісі (өндірістік әдіс)

Бұл әдіс объектінің пайдаланылған  уақытына смес, оны пайдалану нәтижесіне негізделген. Егер жоғарыда, яғни алдыңғы әдісте қарастырылған станок өзінің 5 (бес) жыл ішінде пайдаланатын уақыты аралығында 10 (он) миллион дана өнімді жасауға негізделген болса, онда ол станокқа жыл сайын есептелетін амортизациялық аударым сомасы бұл әдіс    бойынша    станок    арқылы    өндірілетін    бір    дана    өнімге    тиісті амортизациялық аударымды   әр жылда осы   станок   арқылы   өндірілген өнім санына көбейту арқылы табылады.

Станоктың бір дана өнім өндіруге есептелетін амортизациялық аударым мөлшері бұл әдіс бойынша жоғарыда табылғандай 0.09 теңгені құрайды, яғни тоғыз (9) тиын. Егер станок бірінші жылы 3 миллион екінші жылы 3 миллион үшінші жылы 2 миллион тертінші жылы 1 миллион бесінші жылы 1 миллион өнім өндірсс, онда оған әр жылда есептелетін амортизациялық аударым мөлшері бірінші жылы 270000 тг = 3 миллион х 0.09 = 270000; екінші жылы 270000 тг - 3 миллион х 0.09 = 27000, үшінші жылы 180000 тг = 2 миллион х 0.09 = 180000; төртінші жылы 90000 тг = 1 миллион х 0.09 = 90000; бесінші жылы 90000 тг = 1 миллион х 0.09 = 90000 сомаларына тең болады.

Станокқа құнды орындалған жұмыстың көлеміне

тепе-тең мөлшерде есептен  шығару (өндірістік әдіс)

әдіс бойынша амортизациялық аударым есептеу кестесі

 

Станоктың бастапқы құны (теңге)

Өндірілген өнім көлемі (дана)

Бір жылдық амортиза-циялық аударым сомасы (теңге)

Жинақ-талган тозу сомасы       > .  (теңге)

Станоктың қалдық құны (теңге)

Сатып алынған кездегі

1000000

     

.     1000000

1 -жылдың соңында

1000000

3000000

2700000

270000

730000

2-жылдың соңында

1000000

3000000

2700000

540000

460000

3-жылдың соңында

1000000

2000000'-

1800000

720000

280000

4-жылдың соңында

1000000

1000000

90000

810000

190000

5-жылдың соңында

1000000

1000000

90000

90000

100000


Бұл әдісті (өндірістік әдісті) қолдануда әр жылғы амортизациялық аударым сомасымен орындалған жұмыс көлемінің, яғни станок арқылы өндірілген өнім санының арасында тікелей байланыс бар. Бұл әдісті қолдану барысында жинақталған тозу сомасы жыл сайын орындалған жұмыстың көлеміне, өндірілген өнімнің санына қарай өсіп, көбейіп отырады. Ал объектінің қалдық құны амортизацияланатын құнның соңына жеткенше орындалған жұмыстың көлеміне, өндірілген өнімнің санына тікелей үйлесімді түрде азайып отырады. Жалпы бұл әдісті объектінің пайдалану кезіндегі оның істейтін жұмысының көлемін ол арқылы өндірілетін өнімнің санын айтарлықтай дәлдікпен анықтауға болатын жағдайда ғана қолдануға болады.

 

 

 

2.3 Жылдамдатып  есептен шығару әдісі

Жеделдеген амортизациялық аударым әдістсрі негзгі құралдарды өздерінің мөлшерленген пайдалану мөлшерінен бұрын есептеп шығару үшін қолданылады. Бұл әдістерді| қолдану барысында негізгі құралдарды алғашқы пайдалану жылдарындағы есептелген амортизациялық аударым сомасы, оның соңғы пайдаланатын жылдарындағы есептелетін амортизациялық аударым сомасынан анағұрлым (едәуір) асып түседі. Өйткені, негізгі құралдардың алғашқы пайдалану, яғни жұмыс істеу жылдарындағы өнім өндіру қабілеттілігі соңғы жылдарга қарағанда едәуір жоғары болып табылады. Осыларды ескеретін болсақ амортизациялық аударым есептеудің жоғырыда аталған жылдамдатып есептен шығару әдісі өндірілген өнімнің, өзіндік құнына сәйкестендіріліп есептеу принципіне не-гізделген. Жеделдетілген әдістің қолданылуы, сонымен қатар техника мен технологияны мейлінше жетілдіруге, яғни жаңартуга орай жабдықтардың, яғни негізгі құралдардың өздерінің сапалық құнын тез жоғалтып алуына байланысты бұрын сатып алынған, сапалық жағынан тозған негізгі құралдарды жаңа өнімділігі жоғары басқа да жақтардың тиімді болып келетін құралдармен ауыстыруды көздейді. Жылдамдатып есептен шығару әдісін қолдануға әсер ететін тағы да бір дәлелденген жағдай негізгі құралдарды жөндеу шығындарына байланысты. Олар яғни жөндеу шығындары негізгі құралдарды пайдалану кезеңдерінің бастапқы уақытына қарағанда пайдаланудың соңғы уақытына қарай өсе бастайды. Егерде негізгі құралдарға жылдамда-тып есептен шығару деп аталатын амортизациялық аударым одан қолданған жағдайда амортизациялық аударым мен жөндеу шығындарының қосындысы негізгі ідұралдардың пайдаланылуы   барысында   бірнеше   жыл,   яғни   ұзақ   уақыт   бойы   бір қалыпты деңгейде болады. Нәтижесінде негізгі құралдардың өздерінің пайдаланылуы барысында ұйымга келтіретін пайдасы бір қалыпты тең мөлшерде яғни бірдей шамада болып қалады.

 

 

 

3. Негізгі құралдардың амортизациясы бойынша есебі

3.1 Амортизацияның әдістері

          Амортизация кәсіпорында ай басында бар негізгі құралдарға есептеледі. Кіріске алынған негізгі құралдар келесі айдың бірінен басталып есептеледі, ал шығысқа шығарылған негізгі құралдар келесі айдан бастап есептеуі тоқтатылады.

Ол бухгалтерлік есеп шоттарының жұмыс жоспарында 2420 «Негізгі құралдардың құнсыздануы мен амортизациясы» шотында жүргізіледі.  
№ 16 ХҚЕС талаптарына сәйкес амортизацияның 4 әдісі бар:

  • құнды біркелкі есептеп шығару әдісі;
  • өндірістік әдіс;
  • кумулятивтік әдіс;
  • кемімелі-қалдық әдісі.

Құнды біркелкі есептеп шығару әдісі.

Құнды біркелкі есептеп  шығару әдісі неғұрлым қарапайым  әдіс болып саналады. Осы әдіс бойынша  объектінің амортизацияланатын құны негізгі  құралдардың жұмыс істейтін мерзімінің ішінде шаруашылық субъектісінің шығындарына  бір қалыпты қосылып отырады. Бұл әдіс бойынша амортизациялық аударым мөлшері тек қана объектінің жұмыс істеу мерзімінің ұзақтығына байланысты деген болжамға негізделген. Бұл әдіс бойынша әр есепті жылда негізгі құралдарға есептелетін амортизациялық аударым сомасы осы негізгі құралдарының барлық пайдалану мерзімінде амортизацияланатын сомасын, яғни бастапқы құн мен қалдық құнының айырмасын объектінің пайдалану кезеңіндегі есеп беретін жылдардың санына бөлу арқылы есептеліп шығарылады. Бұл әдіс бойынша, яғни құнды біркелкі есептен шығару әдісі қолданылғанда негізгі құралдарға есептелетін амортизациялық аударым сомалары жыл сайын тұрақты мөлшерде жүргізіледі.  
ТОО «Каzжиһаз» станок сатып алды. Оның бастапқы құны 200 000тг., ал жою құны 20 000тг. Станокты пайдалану мерзімі 5 жыл. Осы әдіс бойынша амортизациялық аударымды есептейік: 7210 2420 30 000

Бұл станоктың барлық амортизацияланатын смасы 1 800 000 теңге (2 000 000 – 200 000), яғни бастапқы құны мен  жою құнының айырмасы, ал оны пайдалану  мерзіміне бөлу арқылы бір жылдық амортизациялық аударым сомасы табылады. Бұл станоктың пайдалану мерзімі 5 жыл болғандықтан барлық амортизациялануға тиісті соманы 100% (пайыз) деп алып, ал бір жылдық амортизациялық аударым мөлшерін (100/5 = 20%) сол соманың 20% (пайыз) деп те табуға болады. Бұл жағдайда жоғарыдағы көрсеткішке тең сома табылады:  
1 800 000 * 20% = 360 000

Станокқа амортизациялық аударым сомасының бес жыл  бойы есептелуін төмендегі кестеден көруге болады.

Кестеде көрсетілгендей есеп беретін жылы екі еселеніп алынған  амортизациялық аударым сомасының мөлшері әр уақытта өткен (алдыңғы) жылдың аяғындағы негізгі құралдардың қалдық құнының сомасына көбейтіліп табылады.

Жинақталған тозу сомасы осылайша белгіленген пайыз арқылы табылған сомаға өсіп отырып, тек соңғы  жылы ғана негізгі құралдардың қалдық құны сомасына тең болатындай, шектеліп алынады. Негізгі құралдардың құралдардың қалдық құнының мөлшері 2 000 000 теңге болғандықтан, бұл кестеде соңғы, яғни бесінші жылы амортизациялық аударым сомасы 59 200 теңгемен ғана шектелген.

Амортизациялық аударым негізгі құралдарды қайта құру мен техникалық қайта жарақтау кезігде және ол толық тоқтап тұрған жағдайда, сондай-ақ толық амортизацияланған негізгі құралға есептелмейді.

Халықаралық практикада баяу амортизациясы деп аталатын әдіс бар, мысалға, күрделі пайыздық әдіс, бірақ оны тек қана арнайы жағдайда ғана пайдаланады. Бұл әдістің мәні мына жағдайдан тұрады: онда негізгі құралды пайдалануды бірінші жылында тозу сомасы аз мөлшерде есептен шығарылып, ал келесі жылдары ол біртіндеп арта бастайды. Амортизациялық әдіс өзгертудің нәтижесі ағымдағы және болашақтағы есеп беру кезеңдерінде көрініс табады.               

Мысал: «Каzжиһаз» ЖШС 2003 жылы желтоқсан айында құны 1 608 333 теңге  тұратын сауда құрал-сайманын сатып  алған. Оның болжаған жою құны 3760 теңге тұрған, ал пайдалану мерзімі 15 жыл. Кәсіпорын амортизациясын есептеу үшін кумулятивтік әдіс пайдаланған, ал 2006 жылдан бастап бірқалыпты әдіске көшкен.  Есеп қағидасындағы өзгерістің әсерін есептеу және оны көрсету мынадай жолмен жасалынады:

Кезеңі Кумулятивтік әдісі бойынша  
амортизацияны есептеу Бірқалыпты әдісі бойынша амортизацияны есптеу  
2004 жыл (1608333-3760)x15/120=200572 теңге (1608333-3760)/15=106971теңге  
2005 жыл (1608333-3760)x14/120=187200 теңге (1608333-3760)/15=106971теңге  
2006 жылғы жинақталған амортизациясының сальдосы  
200572+187200=387772 теңге  
106971+106971=213942теңге

Амортизацияны есептеу 2004 жылдың 1-ші қантарынан басталған.  
Амортизацияны есептеу үшін кумулятивтік саны мынадай формула бойынша есептелінеді:  
15x(15+1)/2=120.

Екі әдісті пайдалану  салдарынан 173830 теңгеге айырма пайда  болған, осы пайда болған айырма таратылмаған (бөлінбеген) табысқа  жатқызылады.

Мысалы: объектінің қызмет мерзімі 5 жыл. Әшеінгі нормасы (бірінші  әдістегі) 20% (100:5), сонда кемімелі қалдық әдісі 2 коэффициентті ескергенде 40% құрайды, қалдық құнға негізі болып саналады. Бастапқы құн 10 000тг., жою құны 1000тг. Бұл жерде жылдағы амортизациясы болады:  
бастапқы құн амортизация сомасы қалдық құны  
(баланстық)  
1 жыл 10000 4000= (40% х10000) 6000= (10000 - 4000)  
2 жыл 10000 2400= (40% х 6000) 3600= (6000 - 2400)  
3 жыл 10000 1440= (40% х 3600) 2160= (3600 - 1440)  
4 жыл 10000 864= (40% х 2160) 1296= ( 2160 - 864)  
5 жыл 10000 296= (1296 - 1000) 1000= (1296 – 296 )

Тозуды есептегенде:  
7420 2420

ҚОРЫТЫНДЫ

Информация о работе Кәсіпорынның мүлкі - негізгі құралдар