Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Марта 2013 в 15:02, курсовая работа
Ел Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстан – 2030». «Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі,қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы».Жолдауында былай делінген: «біздің еліміздің мұраты ұлттық біртұтастық, әлеуметтік әділеттілік тән әрі күллі халқының экономикалық әл-ауқаты артқаг тәуелсіз, гүлденген және саяси тұрақты Қазақстанды сыйлау деп санймын.
Қабылданып алынған объект актив ретінде мойындалады , егер
- одан кәсіпорын келешекте экономикалық пайда ала алса;
- егер активтің өзіндік құнының бағалануы кәсіпорынға сенімді болса.
Негізгі құралдар активтердің ең көп көлем мөлшерін құрайды, сондықтан кәсіпорынның қаржылық жағдайын көрсетеді.
Негізгі құралдарды мойындауы үш бағытқа негізделген, олар материалдық формасы болуы, кәсіпорын шаруашылығына қажеттілігі (сатуға арналмағандығы), ұзақ мерзімді пайдалануы. Негізгі құралдарды мойындауы –ол аталып өткендей осы активтен келешекте экономикалық пайда табуды көздеу және өзіндік құнның бағалануының кепілдігі. Егер актив кәсіпорынға табыс әкеле алмаса бұған жасалған шығындар кәсіпорынның есептік кезең шығындарына апарылады. Сондықтан активті мойындау барысында (кіріске алу) анықтап алу қажет: кіріске алардағы немесе айырбас барысындағы шығындарды немесе активті өз күшімен жасалғандағы шығындар сомасын (бағалануын).
2. Кәсіпорын мүлкінің тозуы және амортизация
2.1. Негізгі құралдардың бағалануы
Негізгі құралдардың есебін ұйымдастыруда оларды бағалаудың маңызы зор болып табылады. Негізгі құралдар бастапқы құнымен, баланстық құнымен, ағымдағы құнымен, қалдық (жойылу) құнымен және келісілген құнымен бағаланады.
Негізгі құралдардың бастапқы құны — ол активті салуға, сатып алуға, әкеліп жеткізуге, орнатуға кеткен (шыққан) шығындардан, сондай-ақ сатып алу барысында төленген салық сомаларынан, құрылысты салу кезінде алынған несие үшін төленетін пайыз (процент) сомалары мен бұл құралды белгілі мақсатқа пайдалану үшін жұмыс жағдайына келтірумен тікелей байланысты кез келген шығындардың жиынтығынан тұрады (құралады). Негізгі құралдарды тасымалдау кезінде болған ақауларды жөндеуге кеткен және басқа да қажет болып саналатын шығындар активтің бастапқы құнына кіргізілмей, ол ағымдағы кезеңнің шығыны ретінде есепке алынады. Негізгі құралдың әр түрі бойынша оның бастапқы құнына мынадай шығындар кіргізіледі:
а) жер учаскесінің бастапқы құнына:
Жерді сатып алу бағасы, қозғалмайтын мүлік жөніндегі агенттікке төленген комиссиялық сыйақылар, сатып алу-сату жөнінде келісім шартты ресімдеу үшін заңгердің қызметіне төленетін төлем және ол үшін төленетін салықтар мен алымдар, жерді тиісті мақсатқа пайдалануға әзірлеуге кеткен шығындар (үйді бұзғаннан алынған материалдарды сатудан түскен түсімді (табысты) алып тастағанда қалған ескі үйді бұзуға байланысты шығындар, жерді тазалау, тегістеу, тағы басқа) енгізіледі (кіргізіледі).
ә) құрал-жабдықтардың бастапқы құнына:
Құрал-жабдықты сатып алу бағасы, оны тасымалдауға, әкелуге, тиеп-түсіруге кеткен шығындар оның ішінде тасымалдау кезінде сақтандыру, монтаждау, құрал-жабдықтардың пайдалануға жарамдылығын тексеру мақсатында кеткен шығындар тағы да басқалар енгізіледі (кіргізіледі). Алайда құрал-жабдықтарды монтаждау, тасымалдау кезінде болған бүліну нәтижесін жөндеу үшін кеткен сомалар ағымдағы шығындарға жатқызылады. Егер негізгі құралдар несиеге алынған болса, ол үшін төленген пайыз сомасы да ағымдағы шығын қатарына жатады және негізгі құралдың бастапқы құнына қосылмайды.
Кәсіпорынның өзі салған үйлер мен ғимараттардың бастапқы құнына осы құрылысты салу үшін кеткен шығындар: материалдар, жұмысшылар мен қызметкерлерге төленген еңбекақы сомалары, еңбекақы бойынша бюджетке жасалған аударым, алынған несиелер үшін есептелген пайыздар сомасы (проценттері), зангерлерге, архитекторларға төленген төлемдер, құрылысты салу үшін рұқсат алу барысында жұмсалған сомалар мен басқа да кеткен шығындар енгізіледі.
Кәсіпорындар мен ұйымдар жерді жэне сол жерге салынған үйлер мен ғимараттарды біртұтас ретінде пайдалануға сатып алса, онда осы объектілердің бастапқы құнын бухгалтерлік есепте әрбір объект бойынша бөліп керсету керек. Себебі үйлер мен ғимараттардың пайдалану мерзімі шектеулі және олар тозады, ал жердің пайдалану мерзімінде шек жоқ, яғни ол амортизацияланбайтын материалдық актив болып табылады. Егер бұл жағдайда жер учаскесі ғана пайдалануға алынып, ал үйлер мен ғимараттар бұзылатын болып келісілген болса, онда олардың құндары әрбір объект бойынша жекеленіп бөлінбейді. Бұл жағдайда тек қана жер сатылып алынған болып есептелінеді. Және де оның бастапқы құны бұл ретте сатып алу бағасымен үйлер мен ғимараттарды бұзуға кеткен барлық объектілердің (жердің және ол жердегі объектілерді қоса) шығынының қосындысынан, бұзғаннан алынған матетериалдың бағасын шегеру арқылы анықталады.
Негізгі цұралдардың агымдагы құны — бұл кәсіпорынның белгілі бір уақыттағы (мерзімдегі), яғни бүгінгі күнгі негізгі құралының нарықтың бағасы болып табылады.
Негізгі құралдардың баланстық құны — бұл кәсіпорынның бухгалтерлік есебінде немесе қаржылық есеп беру ақпараттарында көрсетілген негізгі құралдардың бастапқы құнынан жинақталған тозу сомасын алып тастағандағы құны болып табылады.
Негізгі құралдардың қалдық' (жойылу) құны — негізгі құралдың пайдалану мерзімі аяқталғаннан кейін оны бұзу, жоюдан алынған іске жарамды белшектерінің (материал, металл сынығы, отын тағы да басқа пайдалануға болатындарының) құнынан объектіні есептен шығаруға байланысты жұмсалатын келешектегі (алдағы уақыттағы) шығындарды алып тастау арқылы анықталады.
Негізгі құралдардың келісілген құны — бұл кез келген- екі жақтың, яғни негізгі құралдарды сатушы мен алушының арайлңдағы келісілген құн болып табылады.
Бухгалтерлік шоттарда есептелген негізгі құралдардың бастапқы құндары тек мына жағдайларда ғана өзгертіледі:
а) негізгі құралдардың пайдалы қызмет атқаратын мерзімін ұзартатындай немссе қысқартатындай оның жалпы жағдайына әсер ететіндей қосымша күрделі қаржы жұмсалғанда (кеңейткенде, жаңартқанда тағы да басқа) немесе ішінара бұзғанда, жойғанда және бөлшектегенде;
ә) Қазақстан Республикасы Үкіметтің шешімдері бойынша негізгі құралдарды қайта бағалағанда.
Негізгі құралдардың есебі әрбір бөлек объект бойынша бүтін сомада жүргізіледі. Негізгі құралдарды пайдалануға берген кезде оның бастапқы құнымен қалпына келтіру құны тең болады, себебі оны пайдалануға берген уақытымен оны қайта бағалау уақытының арасында айырмашылық жоқ. Уақыт өткен сайын негізгі құралдарды өндіруге, салуға жұмсалатын материалдың бағасы және ол үшін қолданылатын техниканың шығыны, жұмысшылардың еңбекақысы жалпы негізгі құралды өндіру, салу жағдайы белгілі бір себептермен өзгеріп отырады.
Негізгі құралдарды қайтадан бағалау (индексациялау) кезінде оның осы кездегі, яғни бүгінгі күні өндіріп шығаруға кететін құны анықталады. Бұл негізгі құралдардың қалпына келтіру құны деп аталады. Кәсіпорындар мен ұйымдарда негізгі құралдарды тиісті түрде қайта бағаланғаннан (индексациялағаннан) бастап оларды баланста қалпына келтіру құнымен есептейді.
2.2 Мұнай - газ өндірісіндегі негізгі құралдардың тозуы және оларға
амортизациялық аударым мөлшерін есептеу
Негізгі құралдар өндіріс үдерісінде бірте-бірте тоза бастайды, яғни өзінің бастапқы сапасын жоғалтады. Олар белгілі бір уақыт өткеннен кейін пайдалануға жарамай қалады да, бұл құралдардың орнына жаңа негізгі құралдар сатып алуға тура келеді.
Негізгі құралдардың тозуын "табиғи" және "сапалық" тозу деп екіге бөледі. Негізгі құралдардың табиғи тозуы олардың материалдық жағынан тозуы болып табылады, яғни жұмыс істеу үдерісінде машиналар мен құралдардың жеке бөлшектерінің қажалып мүжілуі, үйлер мен ғимараттардың тозығы жетіп құлайтындай дәрежеге жетуі. Негізгі құралдардың табиғи тозуы олардың көп уақыт бойы пайдаланылғандығына ғана байланысты емес, оған сонымен қатар басқа да табиғи жағдайлар әсер еткендігіне байланысты. Яғни негізгі құралдардың табиғи тозуы (физикалық тозуы) олардың ұзақ уақыт пайдаланылуы және оларға басқа да факторлардың әсер етуі нәтижесінен болып табылады.
Негізгі құралдардың сапалық тозуы олардың толық табиғи тозуы жетпей-ақ құнсызданып, өндірістің даму үдерісінен кейін қалуы, яғни активтердің ғылым мен техниканың дамуының бүгінгі күнгі талаптарына сөйкес келмейтін жағдайда болуынан пайда болады (туындайды).
Осы жоғарыда айтылғандарды
қорыта келе, негізгі құралдың тозуы
дегеніміз, олардың табиғи және сапалық
сипаттарын жоғалтуы деп те
айтуға болады.
Негізгі құралдардың сапалық тозуының бірінші себебі — өндіріс салаларында ғылыми-техникалық прогреске байланысты еңбек өнімділігінің өсуі болып табылады. Еңбек өнімділігі өскен сайын белгілі бір дайын бойымды, құрал-жабдықты, тағы да басқаларды өндіруге кететін қажетті уақыт азаяды да, оның құны соғұрлым төмендейді (арзандайды). Осыған сәйкес еңбек өнімділігінің өсуіне байланысты жаңа құрал-жабдықтардың. машиналардың, яғни негізгі құралдардың бағасы бұрын сатып алынған осындай негізгі құралдардың бағасына қарағанда арзан болады. Мұндай жағдай ұйымдарға қымбат және тозыңқыраған (пайдаланған) машиналар мен көліктерінің, құрал-саймандарының тағы да басқа негізгі құралдардың орңына жаңа әрі саласы жоғары негізгі құралдарды сатып алуды тиімді етеді.
Негізгі құралдардың сапалық тозуының екінші себебі ғылыми-техниканың өркендеуіне байланысты жаңадан толық жетілген, өнімділігі жоғары негізгі құралдардың пайда болуына байланысты. Кәсіпорындарда өнімділігі төмен негізгі құралдардың орнына, техникалық жағынан жетілдірілген тиімділігі жоғары негізгі құралдарды пайдалану әр уақытта тиімді болып табылады. Сондықтан да өнімділігі жоғары машиналар мең құралдардың пайда болуы және олардың бағасының арзандалуы бұрынғы пайдаланылып келген негізгі құралдардың сапалық (моральдық) тозуына әкеліп соқтырады. Барлық ұйымдар қандай меншікте болса да (мемлекеттік, жеке меншік, акционерлік, тағы басқалары) өздерінің негізгі құралдарының тозу дәрежесін анықтап және оны есептеп отырады. Ескертетін жағдай негізгі құралдардың ішінде мына төменде аталған активтерге тозу дәрежесі анықталмайды және де оларға амортизация есептелмейді:
Сонымен қатар амортизациялық аударым мынадай жағдайларда есептелмейді:
Қайта құру, жаңарту (реконструкция) және техникалық қайта қорландыру жұмыстары жүргізіліп жатқан уақытта;
- негізгі құралды уақытша тоқтатып қойған мерзімде.
Негізгі құралдар (үйлер мен ғимараттар, машиналар, көліктер, тағы басқалары) өндіріс үдерісінде пайдаланылған кезде өздерінің бірте-бірте тозуына байланысты құндарын өздерінің көмегімен өндіріліп шығарылатын, жаңадан жасалған өнімдерге біртіндеп ауыстырып отырады. Бұл үдеріс "амортизация" деп аталады. Амортизация сөзі латын тілінен аударғанда "өтеу" деген мағынаны білдіреді. Амортизация белгіленген бір мөлшерде өнімнің өзіндік құнына қосылып отырады. Ал мұны амортизациялық аударым деп атайды. Амортизациялық аударым әрбір өнімнің өзіндік құнына кіріп, ал өнім сатылған кезде қайтарып отырады, яғни негізгі құралдардың тозуына байланысты құнының кемуі амортизациялық аударым жасау арқылы қайтарылады.
Амортизациялық аударым мөлшері дегеніміз - негізгі құралдардың бастапқы құнынан белгіленген пайызбен (процентпен) есептеліп шығарылған бір жылдық амортизациялық аударым сомасы.
Ұйымдарда негізгі құралдағы ай бойы есептелген амортизациялық аударым сомасы ай сайын өндірілген өнімнің, атқарылған жұмыстар мен көрсетілген қызметтердің өзіндік құнына қосылып отырады. Кәсіпорындарға жаңадан келіп түскен, кіріске алынған негізгі құралдарға амортизациялық аударым келесі айдың басынын (бірінен) бастап есептеледі. Ал ұйымның балансынан есептен шығарылған негізгі құралдарға келесі айдың басынан (бірінен) бастап амортизациялық аударым есептеу тоқтатылады.
Негізгі құралдарға амортизациялық аударым есептеу мына өндістер бойынша жүргізіледі:
1. Құнды бірқалыпты (тура жолды) есептен шығару әдісі.
4. қалдық құнының кему (қалдықты азайту) әдісі;
5. сандардың жиынтығы бойынша құнын есептен шығару (куммулятивтік әдіс) әдісі.
Амортизациялық аударым есептеудің таңдап алынған әдісі кәсіпорынның есеп саясатында көрсетіліп, бір есеп беру кезеңінен екінші есеп беру кезеңіне дейін дәйектілі түрде қолданады. Егер негізгі құралдарға амортизациялық аударым есептеудің әдісі өзгертілген жағдайда осы өзгерістің қандай себептерден болғаны айтылып көрсетілуі тиіс.
Құнды бірқшыпты (тура жолды) есептен шыгару әдісі
Құнды бірқалыпты (тура жолды) есептен шығару әдісі бойынша объектінің амортизацияланатын құны негізгі құралдардың жұмыс істейтін мерзімінің ішінде шаруашылық субъектісінің шығындарына бір қалыпты қосылып отырады. Бұл әдіс бойынша амортизациялық аударым мөлшері тек қана объектінің жұмыс істеу мер" зімінің ұзақтығына байланысты деген болжамға негізделген. Бұл әдіс бойынша әр есепті жылда негізгі құралдарға есептелетін амортизациялық аударым сомасы осы негізгі құралдарының барлық пайдалану мерзімінде амортизацияланатын сомасын, яғни бастапқы құн мен қалдық құнының айырмасын объектінің пайдалану кезеңіндегі есеп беретін жылдардың санына бөлу арқылы ессптеліп шығарылады. Бұл әдіс бойынша, яғни құнды бірқалыпты есептен шығару әдісі қолданылғанда негізгі құралдарға есептелетін амортизациялық аударым сомалары жыл сайын тұрақты мөлшерде жүргізіледі.