Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Марта 2012 в 11:22, курсовая работа
Кәсiпорынның қаржылық жағдайы – бұл экономикалық категория, айналым процесiндегi капитал жағдайын көрсететiн және берiлген уақытқа субьектiнiң өзi даму қабiлеттiлiгi. Кәсiпорынның қаржылық жағдайын талдау өте маңызды үрдiс болып келедi. Өйткенi кәсiпорында бар және мүмкiн болатын қаржы ресурстарын айқындау, оларды тиiмдi қолдану әдiстерiн және кәсiпорынның нақты белгiлi бiр кезеңге қаржылық потенциалын анықтау кәсiпорынның келешектегi қызметiн одан әрi жетiлдiруге немесе тоқтатуға кеңес бередi.
Кіріспе...............................................................................................................3
1 Қаржылық жағдайға талдау жасаудың теориялық негіздері....................5
1.1 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау және бағалау....................5
1.2 Қаржылық жағдайды талдау бағалау әдістері.........................................8
2 “Торғай боксит кен басқармасының” экономикалық сипаттамасы.........13
2.1 Кәсіпорынның қызметіне сипаттама........................................................13
2.2 “Торғай боксит кен басқармасы” ашық акционерлі қоғамының төлем қабілеттілігін тұрақтылығын талдау...............................................................16
3 Кәсіпорынның тұрақтылығын және төлем қабілеттілігін талдау........... 20
3.1 Кәсіпорынның өтімділігін талдау ............................................................20
3.2 Кәсіпорынның табыстылығын талдау......................................................23
3.3 Кәсіпорынның іскерлік белсенділігін талдау..........................................26
4 Кәсіпорынның төлем қабілетсіз қаржылық жағдайын талдау..................30
Қорытынды........................................................................................................32
Пайдаланған әдебиеттердің тізімі....................................................................35
Кесте 3 жалғасы
А | 1 | 2 | 3 | 4 | |
3.1
| Ұзақ мерзімді несиелер
| - | -
| - | -
|
3.2 | Ұзақ мерзімді қарыздар | - | -
| - | - |
3.3
| Қысқа мерзімді несиелер
| - | -
| - | - |
3.4 | Кредиторлық берешек | 1805553 | 2161053 | 1417969 | -387584 |
4
| Айналымнан тыс активтер
| 1288357 | 1501370 | 1137076 | -151281
|
4.1
| Негізгі құралдар
| 1198416 | 1485707 | 1106861 | -91555 |
4.2 | Аяқталмаған құрылыс | 89941 | 15663 | 30215 | -59726 |
5 | Меншікті айналым құралдар | -1244880 | -1461129 | -1102041 | 142839 |
6
| Қорлар мен шығындар
| 353291 | 424412 | 169975 | -183316 |
6.1 | Өндірістік қорлар | 323874 | 395296 | 146955 | -176919 |
6.2
| Тауарлар
| 29365 | 28813
| 22621
| -6744
|
6.3
| Аяқталмаған өндірістегі шығын-дар | 52 | 303 | 399 | 347 |
7
| Ақша қаражаттар, есеп айыры-сулар және басқа активтер
| 4538
| 7966 | 6107 | 1569 |
8 | Тәуелсіздік коэффициенті (Ка) | 0,02 | 0,02 | 0,024 | 0,004 |
9
| Қарыз және меншікті қаражат-тардың арақатыс коэффициенті (Кз/а) | 41,6 | 53,7 | 40,47 | -1,13 |
10
| Мобильді және иммобильді құралдарының арақатыс коэф-фициенті (Км/и) | 0,28 | 0,29 | 0,15 | -0,13 |
11 | Ептілік коэффициенті (Км) | -28,63 | -36,3 | -31,45 | -2,82 |
12
| Қорлар мен шығындарды мен-шікті көздерімен қамтамасыз ету коэффициенті (Ко) | -3,52 | -3,44 | -6,48 | -2,96 |
13
| Өндірістік бағыттағы мүліктің коэффициенті(Кпи) | 0,88 | 0,87 | 0,89 | 0,01 |
14 | Мүліктегі негізгі құралдар құнының коэффициенті (Кос) | 0,6
| 0,67
| 0,76 | 0,16 |
15 | Мүліктегі материалдық айналым құралдар құнының коэффициенті (Кмос) | 0,19 | 0,19 | 0,11 | -0,08 |
16
| Қорлар мен шығындардың қалыптасу көздерінің тәуелсіз коэффициенті (Каз) | -2,2 | -2,08 | -3,4 | -1,2 |
17
| Қарыз құралдарды ұзақ мерзімге тарту коэффициенті (Кд) | - | - | - | - |
Кәсiпорынның қаржылық тұрақтылығын талдау барысында қаржылық тұрақтылығының көрсеткiштерiн талдаудың маңызы өте зор, өйткенi тұрақтылық көрсеткiштерiн талдау кәсiпорынның қандай тиiмдi құралдар деңгейiнде тұрғанын анықтауға мүмкiндiк бередi. Талдамалық кестесiнен көрiнiп тұрғандай анықталған тәуелсiздiк коэффициентi 2008 жылы 0,02 құраған болса, 2010 жылы 0,024 болып, яғни 0,004-ке өстi, алайда бұл коэффициенттiң қалыпты шегi 0,5-0,6 болып табылады, яғни кәсiпорын мүлiгiнiң құрамындағы меншiктi құралдар үлесi қашлыпты шамаға тең емес. Ал қарыз және меншiктi қаражаттардың арақатынас коэффициентi қарыз құралдарын мешiктi құралдарға бөлу арқылы табылады және оның мәнiне 2002 жылы 41,6 болды, ал 2010 жылы –1,13-ке азайып 40,47 түстi. Тағы бiр коэффициентке, яғни мобильды және иммобильды құралдарының арақатынас коэффициентi ағымдағы активтердi айналымнан тыс активтерге бөлу арқылы табылса, мәнi 2008 жылы 0,28 болса, 2010 жылы ол 0,13-ке төмендеп, 0,15 құрады. Өндiрiстiк бағыттағы мүлiктiң коэффициентi қорлар мен шығындарды айналымнан тыс активтерге қосып жалпы кәсiпорын мүлiгiне бөлу арқылы анықталады. Бұл кәсiпорын мүлiгiнiң құрамындағы өндiрiстiк бағыттағы мүлiгiн анықтау. Ал оның қалыпты мәнi 0,5 жоғары болса, бiздiң мысалымызда ол 2008 жылы 0,88 болса, 2010 жылы 0,89 жеттi. Мүлiктегi негiзгi құралдар құнының коэффициентi мүлiктегi негiзгi құралдардың үлесiн сипаттайды, ал қалыпты шегi бұл коэффициенттiң 0,5 жоғары, ал 2008 жылы кәсiпорын бойынша ол мән 0,6 құраса, 2010 жылы 0,76 болды, бұл тиiмдi деңгей болып саналады. Мүлiктегi материалдық айналым құралдар коэффициентi кәсiпорынның жалпы мүлiгiндегi қорлар мен шығыдар үлесiн бiлдiредi және 2008 жылы 0,19, ал 2010 жылы 0,11 болды.
Жақсы жұмыс істейтін кәсіпорынның өтімді активтері ағымдағы міндеттемелерінен артық болады. Бұл субъектінің қаржылық жағдайының тұрақтылық деңгейін және мерзімінде міндеттемелерді өтеу қабілеттігін бағалауға мүмкіндік береді.
3 Кәсіпорынның тұрақтылығын және төлем қабілеттілігін талдау
3.1 Кәсiпорынның өтiмдiлiгiн талдау.
Баланс өтiмдiлiгін талдау өтiмдiлiгi бойынша актив қаражаттарын өтеу мерзiмi бойынша топтастырылған пассив мiндеттемелерiмен салыстыруды бiлдiредi. Актив және пассив баптарын топтастыру өтiмдiлiгi жоғарыларынан өтiмдiлiгi төмендерiне қарай, яғни өтiмдiлiктiң төмендеу тәртiбiмен және өте жеделдерiнен жеделдiгi төмендерiне қарай, яғни мерзiмдерiнiң төмендеу тәртiбiне қарай қатаң тәртiппен жүзеге асырылады.
Кесте 4
Өтімділік көрсеткіштерін талдау
№ | Баланс баптары және өтімділік коэффициенттері
| 2008 жыл мың тенге
| 2009 жыл мың теңге
| 2010жыл мың теңге
| Ауытқу (+;-) мың тенге
|
А | 1 | 2 | 3 | 4 | |
1 | Касса
| 4538 | 7146 | 6107
| 1569
|
2 | Есеп айырысу шоты | - | 820 | - | - |
3 | Ақша қаражаттары барлығы | 4538 | 7966 | 6107 | 1569 |
4 | Дебиторлық берешек
| 207329
| 267591
| 139836
| -67433
|
5 | Ақша қаражаттардың және құнды қағаздардың барлығы | 211867 | 275557 | 145943 | -65924 |
6 | Қорлар мен шығындар | 353291 | 424412 | 169975 | -183316 |
7 | Өтімді құралдардың барлығы | 565158 | 699969 | 315978 | -249180 |
8 | Кредиторлық берешек
| 1805553
| 2161053
| 1417969
| -387584
|
9 | Басқа қысқа мерзімді пассивтер
| 4485
| 45
| 50
| -4438
|
10 | Қысқа мерзімді міндеттемелердің барлығы | 1810038 | 2161098 | 1418019 | -392019 |
11 | Абсолюттік өтімділік коэффициенті (Кабл.) | 0,002 | 0,003 | 0,004 | 0,002 |
12 | Тез өтімділік коэффициенті (Кл) | 0,11 | 0,12 | 0,10 | -0,01 |
Өтiмдiлiк көрсеткiштерiн талдау кестесiнiң мәлiметтерi бойынша көрiп отырғанымыздай кәсiпорынның өтiмдiлiгiн сипаттайтын 3 негiзгi өтiмдiлiк коэффициенттерi анықталады. Бiздiң кәсiпорынымыздың абсолюттi өтiмдiлiк коэффициентi 0,002-ге 2008 жылы тең, ал қалыпты мәнi 0,2-0,5 аралығын қамтиды, алайда 2010 жылға назар аударсақ ол 0,002-ге өсiп, сәйкесiнше 0,04 құрады. Тез өтiмдiлiк коэффициентiн қарастырсақ, онда оның 2008 жылы 0,11 көлемiнде болғанын көруге болады. Ал 2010 жылы 0,01 төмендеп, 0,10 құрағанын анықтауға болады. Жалпы өтеу коэффициентi, яғни ағымдағы өтiмдiлiк коэффициентi 2008 жылы 0,3 болса, 2010 жылы 0,1-ге азайып 0,2 болғанын көре аламыз.
Кесте 5
Баланс өтімділігін талдау
Актив
| 2008 Жыл басына, мың тенге | 2010 Жыл аяғына, мың тенге |
Пассив
| 2010 Жыл басына, мың тенге | 2010 Жыл аяғына, мың тенге | Төлем артықшылығы (+) немесе жетіспеушілігі (-), мың тенге | |
Жыл басына, мың тенге | Жыл аяғына, мың тенге | ||||||
А | 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1.Өтімділігі жоғары активтер А1 |
7969
|
6107
| 1. Шұғыл міндетте-мелер П1 |
2161053
|
1417969
|
-2153084
|
-1411862
|
2.Тез өткізіле-тін активтер А2 |
267591
|
139896
| 2.Қысқа мерзімді пассивтерП2 |
45
|
50
|
267545
|
139846
|
3. Баяу өткізіле-тін активтер А3 | 424412
| 169975
| 3. Ұзақ мерзімді пассивтер П3 | -
| - | 424412 | 169975 |
4.Қиын өткізіле-тін активтер А4 | 1501370 | 1137076 | 4.Тұрақты пассивтер П4
| 40241
| 35035
| 1461129
| 324053
|
5. Баланс | 2201339 | 1453054 | Баланс | 2201339 | 1453054 | - | - |
Кәсiпорынның өтiмдiлiгiнiң талдауын жүзеге асыруда баланс өтiмдiлiгiн талдау аналитикалық кестесiнiң мәнi үлкен. Өйткенi бұл кесте активтердiң өтiмдiлiк дәрежесi бойынша, ал пассивтерi мiндеттемелердiң өтелу жылдамдығына байланысты ретiмен орналасқан. Сондықтан бұл кестеден кәсiпорынның төлем құралдары мен негiзгi мiндеттемелерi орын табады. Төлем қаражаттарының бiрiншi тобы (А1) төлем мiндеттемелерiнiң 50%-ын да жауып тұрған жоқ, ал екiншi бөлiгi керiсiнше. Актив пен пассив баптарының I тобының жиындарын салыстыру жақында келiп түскен кiрiстер мен төлемдердiң (3 айға дейiнгi) қатынасын көрсетедi.
Актив пен пассивтiң II тобын салыстыру жақын уақытта күтiлетiн төлем тәртiбiнiң (3 айдан 6 айға дейiн) жағдайының жақсаруы немесе нашарлауы туралы қорытынды жасауға мүмкiндiк бередi. Жалпы алғанда баланс активi мен пассивi баптарының I және II топтарын салыстыру ағымдағы өтiмдiлiктi анықтауға мүмкiндiк бередi. Ол қарастырылып отырған мезгiлге жақын уақыттағы уақыттағы кәсiпорынның төлем қабiлетсiздiгiн көрсетiп отыр. Баяу өткiзiлетiн активтердi ұзақ мерзiмдi мiндеттемелермен салыстыру кезегi болмаған соң, сол активтер айырмада орын табады. Баланс активi мен пассивi баптарының төртiншi тобының жиындарын салыстыру кәсiпорынның оның иеленушiлер алдындағы мiндеттемелерiн жаба алу мүмкiндiгiн көрсетедi. Бiрақ бұл кәсiпорын жабылатын кезде ғана керек болады, ал үздiксiздiк принципiн сақтау немесе жұмыс жасап жатқан кәсiпорын үшiн шаруашылық субъектiнiң өз меншiктi айналым капиталының болуы талап етiледi. Ол үшiн жоғарыда келтiрiлген теңсiздiк сақталуы тиiс: А4 ≤ П4, яғни меншiктi қаражаттардың көзi иммобильды активтерден көп болуы керек. Талданып отырған кәсiпорында бұл теңсiздiк сақталмаған.
3.2 Кәсіпорынның табыстылығын талдау
Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорынның қызмет етуінің экономикалық мақсаттылығы табыс алуымен анықталады. Табыстың өсуі кәсіпорынның өзін-өзі қаржыландыруға негіз жасайды, яғни әрбір кәсіпорын өзінің ағымдағы және күрделі шығындарды меншікті көздерінің есебінен жабуға тырысады. Табыстың есебінен кәсіпорынның банк алдындағы, бюджет және басқа кәсіпорындардың алдыңдағы міндеттемелер орындалады.
Шаруашылықтың табыстылығы абсолютті және салыстырмалы көрсеткіштерімен анықталады. Табыстылықтың абсолютті көрсеткіші – табыстың немесе пайданың сомасы.