Тұтыну нарығының сипаттамасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Апреля 2012 в 16:44, контрольная работа

Краткое описание

Біздің бәріміз тұтынушымыз. Біз күнделікті тұтынатын тауарларды сатып алып жатамыз, яғни сатып алу кезінде біздің саудаласуымызға, сатып алу жөніндегі шешімге келуімізге әртүрлі жағдайлар әсер етеді. Осының барлығы қазіргі таңда маркетингте толығымен зерделеніп, қорытылады да белгілі бір тауарларды сатуға, оларды жылжытуға және де осы мәліметтерді алуан түрлі қолдануға мүмкіндік береді.

Содержание работы

Кіріспе............................................................................................................. 3

1. Тұтыну нарығының сипаттамасы..............................................................4



1.1 Тұтынушылардың сатып алушылық мінез-құлқының үлгісі................4

1.2 Сатып алушының мінез-құлқына әсер ететін факторлар.....................6



2. Қаржы қызметтерін тұтыну нарығы........................................................12

2.1 Қаржы нарығындағы тұтынушылардың сипаттамасы .......................12

2.2. Қаржы қызметтерін тұтынушылардың құқықтарын қорғау............14



3. «ҰларҮміт» ЖЗҚ мысалында қаржы нарығындағы тұтынушылардың

мінез-құлық тенденциясы.............................................................................16



Қорытынды................................................................................................23


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі..............................................................25

Содержимое работы - 1 файл

маркетинг1.doc

— 389.00 Кб (Скачать файл)

«ҰларҮміт» ЖЗҚ көптеген қаржылық көрсеткіштер бойынша зейнетақы жүйесі көшбасшыларының үштігіне кіреді.

Қордың инвестициялық саясаттағы негізгі әрекеттері қоржын құрылымының тиімділігін арттыруға, активтердің табыстылығын оңтайландыруға және әлемдік нарықта болып жатқан тұрақсыздық кезеңінде тәуекелдерді азайтуға бағытталған. Инвестициялық қоржында инфляцияның деңгейіне бағдарланған мемлекеттік бағалы қағаздардың үлесі артты. Бұл жинақтардың сақталуын қамтамасыз етуге және оларды дағдарыстың кезекті толқынынан болуы ықтимал жағымсыз жайттардан қорғауға мүмкіндік береді. Сонымен бірге, Қордың басқарушы компаниясы, қаржы нарығында инвестициялау үшін қолайлы жағдай туындағанда, белсенді сауда операцияларын жүргізуге дайын, бұл ортамерзімді келешекте кірістіліктің өсуіне мүмкіндік беретін болады.

«ҰларҮміт» ЖЗҚ, өз салымшыларына жақынырақ болу мақсатында, аймақтық желіні дамытуға баса назар аударуда. 2011 жылдың үшінші тоқсанында өндірісті қалалар - Жезқазған, Екібастұз, Теміртау және Ақсайда жаңа филиалдар ашылды. Қазіргі таңда республикамыздың бүкіл аумағында Қордың 21 филиалы және 140 астам өкілдіктері жұмыс істейді.
Сонымен қатар Қор, жұмыстың тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретін әкімшілік шығындарды оңтайландыруды және кәсіпқой кадрларды белсендіруді жалғастыруда. 

«ҰларҮміт» серіктес компаниялармен бірлесіп өз салымшыларына ерекше өнімдер – тауарларды сатып алу және қызмет көрсету кезінде жеңілдіктер алуды ұсынады. Қазақстанның бүкіл аймағында орналасқан 400-ден астам ұйым Қордың клиенттерін артықшылықтармен қамтамасыз етеді. Олар қаржы мекемелері, дүкендер, медициналық орталықтар, тіс емдеу клиникалары, дәріханалар, қызмет көрсету ұйымдары.

Зейнетақы нарығында тұтынушыларының сауаттылығы жылдан-жылға сауаттылық деңгейі өскеніне қарамастан, кейбір сұрақтар бойынша күмән туу мүмкін. Соған байланысты болашақ салымшылардың зейнетақы қорланымының сақталуын барынша қамтамасыз ету мақсатында келесі ережелер ұсынылады:
1–ші Ереже. Қордың құрылтайшыларының толық құрамын біліп алыңыз. Егер құрылтайшылар бұрыннан белгілі ірі және сенімді мекемелер болса, онда Қорға сенуге болады. Ос мекемелер мен олардың басшылары Қор сенімді болу үшін барлық күштерін салады және Қор толығымен аяқтан тұрғанша оның қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етеді. 
2–ші Ереже. Қордың филиалдары бар ма, қанша және олар қайда орналасқандығы туралы анықтама жасап алыңыз. Егер Сіз Орал, Шымкент, Қарағанды немесе одан басқа қаланың тұрғыны болсаңыз, Сізге сіздің аймағыңызда аймағыңызда тұрақты стационарлы нүктесі бар қор керек. Ол нүкте шын мәнінде жұмыс істейтінін, онда Сізге қызмет көрсететін адамның барлығын, жұмыс уақытында Сіз өзіңізге қажетті ақпаратты Қорға жеке өзіңіз барып, немесе телефон арқылы қоңырау шалып жасырын сөз бойынша жылдам ала алатыныңызды тексеріңіз.

Филиалдары бар Қордың салымшысы болған өте ыңғайлы, өйткені Сіз мекенжайыңызды өзгертуіңіз әбден мүмкін ғой. Және де бүкіл республиканың территориясында жұмыс істейтін мекеме анағұрлым тез дамып, өсе алады, ол шағын немесе ірі емес мекемеге қарағанда тез нығаяды. Сонымен қатар, стационарлы филиалдардың желісі қордың қызметі туралы ақпаратты тікелей филиалдан алуға мүмкіндік береді. 

3–ші Ереже. Қордың кадрлары құрамы туралы сұрастырып көріңіз. Кәсіпқойлық мекеменің, әсіресе, қаржылық мекеменің табысты жұмыс істеуінде және бәсекелестікке қабілеттігінде ең маңызды рөлдердің бірін атқарады. Қорда жоғары білікті, тәжірибелі мамандар қаншалықты көп болса, Қор соншалықты мықты болады.

4–ші Ереже. Қордың қазіргі уақыттың талаптарына сай жабдықтары бар ма екендігін, қор мәліметтерді беру каналдарының қайсысымен жұмыс істейтінін олар қаншалықты қауіпсіз екендігін сұрастырып біліңіз. Бұл зейнетақы жинақтарының сақтандылығы үшін де, қордың табысты жұмыс істеуі үшін де өте маңызды.

Салымшылар және олардың зейнетақы шоттары туралы ақпаратты сақтау, өңдеу үшін, ақпаратпен алмасу және оны жаңарту үшін, инвестициялық табысты дұрыс есептеу үшін жаңа компьютерлік құрал–жабдықтар, баңдарламалық қамсыздандыру, заманауи ұйымдастырушы техника, коммуникация және байланыс құралдары қажет. 
5–ші Ереже. Құнды қағаздар және олардың табыстылығы туралы мәліметтер ашылмайтын құпия еместігін естерңізден шығармаңыздар. Қор Сіздің қаражатыңызды қандай құнды қағаздарға салатынын және олардан қандай инвестициялық табыс көруге болатынын білуіңіз керек. Осы мәліметтерді басқа қорлардың мәліметтерімен салыстырыңыз.

Қордың зейнетақылық активтерінің басым бөлігі сенімді қағаздарға құйылғанын, және қордың түрлі құнды қағаздар портфелі бар екеніне көз жеткізіңіз. Мұндай жағдайда бір құнды қағаз бойынша табыстың төмендеуі немесе басқа да мәселелер барлық зейнетақы активтері бойынша шығынға әкелмейді. Инвестициялық портфельдің шмадан тыс жоғары табысты болуы зейнетақы активтерінің тәуекелі мол құнды қағаздарға салынған болуы мүмкін екендігін ескеріңіз. Мұндағы жоғары пайыз тәуекел үшін төлем болып табылады. 
6–шы Ереже. Сіз таңдаған Қордың салымшылары туралы біліп алыңыз. Егер салымшылардың арасынан мемлекеттік мекемелердің, құқыққорғаушы органдардың, ірі корпорация мен компаниялардың, бұқаралық ақпарат құралдарының жұмыскерлері табылатын болса, мұндай Қорға сенуіңізге болады. Бұл құрылымдар өзінің қызметкерлерінің зейнетақылық жинақтарын қорғау мақсатында Қордың қызметін түбегейлі кәсіби сараптамадан өткізеді. 
7–ші Ереже. Қордың қанша салымшысы бар екендігі де маңызды. Адамдар Қор туралы неғұрлым жақсы сөз айтса, таңдау жасай алмай тұрған адамдар сол Қорға қарай тартылады. Көбіне жарнама емес, жақсы сөз салымшылардың сенімін оятады.

Жақсы атақ салымшылардың келуін қамтамасыз етеді. Ал екінші жағынан, Қордың салымшылары неғұрлым көп болса, оның активтері де соншалықты көп болдмақ, ал бұл өз кезегінде қордың тұрақтылығын және табыстылығын қамтамасыз етеді. 
8–ші Ереже. Қордың аудиторлық тексерісінің нәтижелеріне назар аударыңыз. Заң бойынша Қорлар жыл сайын қызметін аудиторлық тексерістен өткізеді. Ол қордың қаржылық есебінің дәлдігін және объективтілігін, сонымен қатар оның қызметінің халықаралық және қазақстандық стандарттарға сәйкестілігін растайды немесе жоққа шығарады.

Егер қор мекемеге келіп, оның қызметкерлеріне қордың салымшысы болу туралы ұсыныс жасайтын болса, онда мекеменің қызметкерлері қордың қызметі туралы барлық құжаттарды, оның ішінде инвестициялық портфельдің құрылымы туралы мәліметтерді, тәуелсіз аудиторлар тексерісінің нәтижесін және қордың қызметі туралы есепті сұрауға құқылы болып табылады. Мұндайда аудиторлық тексеріс жасаған фирманы да біліп алған артық болмайды.

Мәселен, егер аудиторлық тексерісті ірі халықаралық аудиторлық компаниялардың біреуі өткізген болса, ол компанияның жүргізген тексерісінің нәтижесін бүкіл әлем қабылдайтын болса, онда мұндай аудиторлық тексеріс кеудеге сенім ұялатады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

Қаржы нарығындағы тұтынушы – қаржы ұйымдарының қызметтерiн пайдаланатын, сонымен қатар өз қаражаттарын қаржы құралдарына инвестициялайтын жеке немесе заңды тұлға..Өз  құқықтары мен  мiндеттерiн бiлу  өте  маңызды  болып табылады.  Өкiнiшке  орай,  бiздiң  республикамыздың  халқының  қаржылық сауаттылық деңгейi өте төмен. Осылайша қаржы қызметтерiн тұтынушылардың  құқықтарын  тиiмдi  түрде  қорғау өте маңызды  iс,  себебi азаматтардың күдiктерi енжарлық туғызады, бұл өз кезегiнде экономика дамуының қарқындарын  тежейдi,  жаңа  құралдарды  енгiзуге  жол  бермейдi  және  ғаламдық ауқымда терiс нәтижелерге алып келедi. Нарықтың барлық қатысушылары мiндеттi түрде олардың қызметiн реттейтiн заңдарға сәйкес әрекет етiп, шартта қарастырылғандай клиенттiң талап  етуi  бойынша  өз  қызметi  туралы  есеп  ұсынып,  шоттардан  үзiндiлер жолдауы тиiс. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау жүйесi барлық қаржы сфералары  үшiн  қажет.  Қаржы  нарығы  объектiлерiн  реттеу  мен  қадағалауды қамтамасыз  ету  мақсатында  қаржы  ұйымдарының  қызметiн  бақылайтын мемлекеттiк ұйымдар құрылған. Сонымен қатар, қаржы жүйесiнiң қызметiн реттейтiн  және  қаржы  нарығының  әр  түрлi  секторларын  (банктiк  және зейнетақы жүйесi, сақтандыру және бағалы қағаздар нарықтары) регламенттейтiн заңнамалық актiлер әзiрлендi. Қазақстан Республикасының қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу  мен  қадағалауды  iске  асыратын  мемлекеттiк  орган  – ҚР қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі. ҚҚА – бұл тiкелей Қазақстан Республикасы Президентiне бағынатын және  қаржы  ұйымдары  мен  қаржы  нарығының  барлық  секторларын  реттейтiн және қадағалайтын бiрегей уәкiлеттi орган (мегареттеушi). ҚҚА міндеттері:

1. қаржы ұйымдарының қызмет ету стандарттарын орнату, қаржы ұйымдарындағы корпоративтiк басқаруды жақсарту үшiн ынталандыратын жағдайлар түзу;

2. қаржы жүйесiнiң тұрақтылығын сақтау мақсатында қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарына мониторинг жүргiзу;

3. қаржылық тұрақтылықты сақтау мақсатында қадағалау ресурстарын тәуекелге бейiм келетiн салаларына шоғырландыру;

4. замануи технологияларды енгiзуге ынталандыру, тұтынушыларды  қаржы ұйымдарының  қызметi  мен  көрсетiлетiн  қаржылық қызметтер  туралы  толық  және жетiмдi  ақпаратпен  қамтамасыз ету.

ҚҚА қаржы қызметтерiн тұтынушыларын қорғаудың лайықты деңгейiн қамтамасыз ету мақсатында қаржы қызметтерiн  тұтынушылармен үздiксiз  жұмыс  жүргiзедi.  ҚҚА-ға  республика  азаматтарынан  келiп  түсетiн шағымдар  тiркеуге  алынып,  қарастырылады,  әрбiр  шағымға  толық  және дәлелдi жауап берiледi.

Қазақстан  Республикасының  қаржы  нарығы  мен  қаржылық  ұйымдарды  реттеу саласында  қаржы  ұйымдарының  қызметiн бақылайтын, қадағалайтын және реттейтiн өзге де мемлекеттiк уәкiлеттi органдар бар. Мұндай  мемлекеттiк  органдарға  Қазақстан  Республикасы  Ұлттық Банкi мен Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығының қызметiн реттеу агенттiгi жатады. АӨҚО  ҚРА Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығының жұмысын реттейдi және оны дамыту үшiн жауапты болып табылады. Агенттiк Миссиясы – Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығын бәсекеге қабiлеттi және халықаралық стандарттарға сәйкес келетiн орталық ретiнде дамыту үшiн жағдайлар жасау. Қазіргі кезде Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығының қызметiн реттеу агенттiгi және ҚҚА таратылды және осы органдардың қызметтері Ұлттық банкке берілді.

Ұлттық банк –  Қазақстан Республикасының орталық банкi болып табылады және Қазақстан Республикасының  банктiк  жүйесiнiң  жоғары  (бiрiншi)  деңгейi  болып  есептеледi. Қазақстан  Даму  Банкiнен  басқа  барлық  банктер  банктiк  жүйенiң  ерекше құқықтық статусқа ие болып саналатын төменгi (екiншi) деңгейiнiң қатарын құрайды.  Ұлттық  банк  қызметiнiң  негiзгi  мақсаты  –  мемлекеттегi  бағалар тұрақтылығын қамтамасыз ету.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

 

1)     Рахимбаев А.Б. «Маркетинг теориясы және практикасы» - Алматы, 2009.

2)     Тасмаганбетов А.Б. «Тұтынушылардың мінез-құлқы» - Ақтөбе, 2005.

3)     ҚР қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі «Қаржы қызметтерін тұтынушылардың құқықтарын қорғау» - Алматы, 2009.

4)     http://www.afn.kz/

5)     www.google.ru

6)     http://www.fingramota.kz/

7)     http://www.ularumit.kz/

1

 



Информация о работе Тұтыну нарығының сипаттамасы